Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет49/121
Дата31.08.2022
өлшемі2,81 Mb.
#38343
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   121
Байланысты:
duisembiev-parallel-esep

емес қатынастың болуын біз жоғарыда талдаған болатынбыз. 5-10 % 
деңгейіндегі біртекті еместік дәрежесі аса қиын мәселелерді тудыра 
қоймайды. Бірақ, жергілікті және қашықтағы жадыға бірнеше рет 
қатынаудағы уақыт айырмашылығы, пайдаланушыдан бағдарламалауды ӛте 
мұқият жүргізуді талап етеді. Бұл жағдайда оған, таратылған жадылы 
жүйелер үшін деректерді тарату сияқты сұрақтарды шешуге тура келеді. 
Басқа себеп – жадыға қатынаудағы қақтығыстар, кӛптеген SMP-жүйелері 
үшін де тиесілі. 


88 
Әрбір 
процессордың 
ӛз 
кэш-жадысы 
болуы 
да 
қосымша 
ерекшеліктерге әкеледі. Оларың ішіндегі аса маңыздысы кэш-жады 
мазмұнының үйлесімділігін қамтамасыз ету қажеттілігінен тұрады. 
Осыдан келіп ссNUMA аббревиатурасындағы алғашқы екі әріптің пайда 
болуы шығады. Бұл мәселені шешуге аппаратура неғұрлым сирек тартылған 
сайын, бағдарламаның орындалуында соғұрлым шығындар аз болады. Осы 
себепке байланысты ортақ жадылы кӛптеген есептеу жүйелерінде 
процесстерді процессорларға таңатын параллель бағдарламаны орындау 
режимі бар.
Кезкелген соңғы жылдары шыққан процессордың архитектурасы 
күрделі болып келеді. Олар жадының бірнеше деңгейін және кӛптеген 
функционалдық құрылғыларды біріктіреді. Жеке процессордың нақты 
өнімділігінің оның шектік ӛнімділігінен айырмашылығы ондаған есені 
құрауы мүмкін. Әрбір процессордың мүмкіндігін пайдалану дәрежесі 
неғұрлым жоғары болған сайын, есептеу жүйесінің жалпы ӛнімділігі де 
соғұрлым жоғары болары анық. 
Тағы да алдыңғы параграфтағыдай оның ӛнімділігіне әсер ететін 
компьютер ерекшеліктерін одан ары жалғастыра беруге болады. Оның бәрі 
әрбір бағдарламада қандай да бір дәрежеде пайда болады. Осыдан келіп 
тӛмен ӛнімділік мәселелері, пайдаланушылар мәселелері келіп шығады. 
Әрине, бұл шешілетін мәселелер, бірақ шешудің дұрыс тәсілін таңдау үшін 
оларды анық түсіну және кӛрсете алу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет