80
онда ол басқа буферлерден ізделінеді.
Егер талап етілген команда
буферлерден табылмаса, онда келесі блокты таңдау жүргізіледі.
Cray C90 компьютері архитектурасының негізі осындай. Кӛріп
отырғанымыздай,
параллель
ӛңдеу
идеяларының
компьютер
архитектурасының барлық құрамдас бӛліктеріне әсері бар.
Сонымен, бағдарламалардың орындалуына едәуір үдеу беретін
архитектураның негізгі ерекшеліктерінің ішінен келесілерді атауға болады:
Командаларды орындауды конвейерлеу.
Процессор орындайтын
барлық негізгі операциялар, яғни жадыға қатынау, командаларды ӛңдеу
және фнкционалдық құрылғылардың
инструкцияларды орындауы
конвейерлік болып табылады;
Функционалдық құрылғылардың тәуелсіздігі. Cray C90
компьютерінің
функционалдық құрылғылары бір-біріне тәуелсіз, сондықтан онда
бірнеше операция
бір мезгілде орындала алады;
Векторлық өңдеу. Тұтас деректер жиынын (векторды) ӛңдеу бір
команда арқылы орындалатын болғандықтан, векторлық ӛңдеу,
ӛңдеудің жылдамдығын және ӛңдеу тиімділігін арттырады. Векторлық
режимде операцияны орындау жылдамдығы скалярлық ӛңдеу
жылдамдығынан 10-15 есе жоғары болуы мүмкін;
Функционалдық құрылғылардың ілінісуі. «Макроконвейер» режимінде
бірнеше векторлық операцияларды орындай алу мүмкіндігі,
оларды
ӛңдеу жылдамдығын арттыруда қосымша ұтыс береді.
Көппроцессорлық өңдеу. Максималды конфигурацияда компьютер
құрамында тәуелсіз 16 процессорға дейін болуы және олар әртүрлі
пайдаланылуы мүмкін. Дербес жағдайда олар бір-біріне тәуелсіз
бірнеше бағдарламаларды орындай
алуы немесе барлығы бір
бағдарламаны орындауға бағытталуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: