Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет62/121
Дата31.08.2022
өлшемі2,81 Mb.
#38343
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   121
Байланысты:
duisembiev-parallel-esep

Сұрақтар мен тапсырмалар 
 
1. Граф және параметрленген граф туралы не айтасыз? 
2. Қандай тәсілмен белгіленген граф - жалпыланған параллельді түр 
деп аталады? 
3. Параллельді түрдің ярустары қалай тұрғызылады?
4. Жалпыланған параллель форманың ярустар санының минималды 
мәні алгоритм құрылымын сипаттай алады ма? 
5. Қай кезде параллельді түр сызықтық деп аталып, граф сызықты 
реттелген делінеді? 
6. Алгоритм биіктігі деп нені айтады? 
7. Қандай да бір есеп үшін, алгоритмдер ӛз шешімдерін әртүрлі 
дӛңгелектеу қателіктерімен берсін. Мұндай алгоритмдер бірдей 
параллель формаларға ие бола алады ма? 
8. Әртүрлі есептерді шешуге арналған, бірақ графтары бірдей 
болатын әртүрлі алгоритмдерге мысалдар келтіріңіздер. 
9. Қандай да бір есеп үшін, алгоритмдер, ӛз шешімдерін барлық кіріс 
деректерінде бірдей дӛңгелектеу қателіктерімен берсін. Мұндай 
алгоритмдер әртүрлі графтарға ие бола алады ма? 
10. Бинарлық және унарлық операцияларды пайдалана отырып, келесі 
алгоритмдердің графтарын тұрғызыңыздар:
Кері қою әдісі кӛмегімен үшбұрышты матрицалы сызықты 
алгебралық теңдеулер жүйесін шешу. 
Гаусс әдісі кӛмегімен шаршы матрицалы сызықты алгебралық 
теңдеулер жүйесін шешу. 
§ 2.1.3 Шексіз параллелділік концепциясы 
 
Қазіргі таңда есептеу жүйелеріндегі параллельділік, бірнеше он 
жылдықтар ӛтсе де ӛзінің ары қарай дамуын және ӛзектілігін жоғалта қойған 
жоқ. Компьютер архитектурасының және элементтік базаларының дамуында 
ауқымды прогресс жүріп жатқанымен, бүгінгі күнгі ӛте үлкен есептерді 
шешуге қажетті ӛнімділікті «қарапайым» компьютерлер бере алмауда.
Шынайы немесе гипотетикалық параллельдік есептеуіш жүйелері 
болсын олардың қалай құрылғанына байланыссыз олардың барлығы да 
қандай да бір әдістемеге негізделеді. Атап айтқанда, кезкелген осындай 
жүйеге бір-біріне тәуелсіз жұмыс жасай алатын, сонымен бірге алгоритмнің 
операцияларын 
орындайтын 
мүмкіндіктері 
бар 
функционалдық 
құрылғылардың жиыны кіреді.
Бұл дегеніміз алгоритм параллель жүйеде жұмыс істей алу үшін, ол 
операциялардың тізбекті ансамблі ретінде кӛрсете алынуы керек. Бір 
ансамблдің барлық операциялары бір-біріне тәуелсіз болуы және жүйедегі 
функционалдық құрылғылар кӛмегімен бір мезгілде орындала алатындай 


118 
мүмкіндігі болуы керек. Алдыңғы параграфтағы сӛздіктерді (терминология) 
қолдана отырып, бұл ойды басқаша түрде айтуға болады: алгоритм, ярустар 
ені орта есеппен жүйенің функционалды құрылғылар санымен ӛлшенетін 
параллельдік формаға ие болуы керек. Жалпы жағдайда, ені тәуелсіз 
құрылғылар санына тең ярустар саны кӛп болған сайын, осы алгоритмде 
параллель есептеу жүйесінің ӛнімділігі соғұрлым жоғары болады.
Параллель есептеу жүйелерін құру, параллель алгоритмдерді 
тұрғызудың математикалық концепцияларын құрастыруды талап етті, яғни 
осы сияқты жүйелерде іске асырылуға бейімделген алгоритмдерді. Бұл 
концепциялар ӛткен ғасырдың 50-ші жылдарының аяғы және 60-шы 
жылдарының басында дами бастады. Ол уақытта параллель есептеу 
жүйелерінің құрылымы және оның даму жолдары, бағыттары бойынша 
мәліметтер аз болатын (тек осындай жүйелерде кӛптеген құрылғылар бір 
мезгілде жұмыс істей алады дегені болмаса). Осыған орай элементтік 
базаның қарқындап дамуы, жақын арада бұл құрылғылардың саны тез 
ӛсетінінен хабардар етті. Бұл концепция - «шексіз параллельділік 
концепциялары» деген атқа ие болды. Бұның негізінде айқын немесе айқын 
емес болжам жатыр десе болады, яғни алгоритм ешқандай шектеу 
қоймайтын параллель есептеу жүйесінде іске асырылады. Мұнда барлығы 
әмбебап синхронды режимде жұмыс істейтін және ортақ жадылы кӛптеген 
процессорлар болуы мүмкін және ақпаратты кезкелген түрде жіберу еш 
кедергісіз және дер кезінде орындалады деп есептелді. Алдыңғы 
параграфтағы терминдермен айтатын болсақ, бұл дегеніміз шексіз 
параллелділік концепциясының негізгі мақсаты - биіктігі минимальды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет