Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


  Виртуалды машинаның ішкі кӛрінісі



Pdf көрінісі
бет8/121
Дата31.08.2022
өлшемі2,81 Mb.
#38343
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   121
Байланысты:
duisembiev-parallel-esep

 


12 
Виртуалды машинаның ішкі кӛрінісі 
Виртуалды машина жасалып, іске қосылғаннан кейін, пайдаланушыға 
ӛзінің жеке процессоры, жедел жадысы, видеожүйесі және ішіне флоппи–
дисковод, CD/DVD оқу құрылғылары кіретін «стандартты» сыртқы 
құрылғылыры жиынтығы бар автономды компьютермен жұмыс істеп 
отырғандай болып кӛрінуі мүмкін (сондай иллюзия туындауы мүмкін).
Бірақ шын мәнінде, виртуалды машина нақты компьютердің 
физикалық ресурстарына қатынай алмайды (не имеет доступа). Бұл жұмыс 
біз жоғарыда атап ӛткен ВММ–на және тағы да бір қызмет кӛрсетуші 
бағдарлама – виртуалды машиналар драйверіне жүктеледі.
Виртуалды машиналар пайдаланылатын қарапайым ықшамдалған 
түрдегі жүйе архитектурасы тӛмендегідей кӛрініске ие болады.

хосттық ОЖ және виртуалды машиналар мониторы компьютердің 
аппараттық компоненттерін басқаруды ӛзара бӛлісіп алады; бұнда хосттық 
ОЖ ресурстарды ӛз қосымшалары арасында таратумен (ВМ консолін қоса 
есептегенде) айналысады;

ВМ мониторы ресурстардың іске қосылған виртуалды машиналар 
арасында таратылуын қадағалайды, және олар үшін аппараттық деңгейге 
нақты ену иллюзиясын жасайды (бұл механизмді виртуалдану деп атайды); 

ӛзіне бӛлінген ресурстар шегінде қонақтық ОЖ «ӛзінің» 
қосымшаларының жұмысын басқарады (6 сурет).
6 сурет. Виртуалды машиналар жүйесінің архитектурасы 
Келтірілген құрылым жалпыға тән болып есептеледі. Сонымен бірге 
қазіргі таңдағы нарықта ұсынылып жатқан виртуалды машиналар 
жүйелерінің біршама ерекшеліктері де бар. Бұның басты себебі – әрбір 
жүйедегі виртуалдандыру механизмінің қандай түрін пайдалануда болып тұр.
§1.1.2 Виртуалды машиналардың тҥрлері
Виртуалды машиналар жүйесі әр түрлі платформалар базасында және 
әр түрлі технологиялар кӛмегімен жасалуы мүмкін. Виртуалдандыруды 
пайдаланатын схема аппараттық платформаға және хосттық ОЖ мен қолдау 


13 
кӛрсетілетін қонақтық ОЖ-лердің «қарым-қатынастарының» ерекшеліктеріне 
де байланысты болады. Кейбір архитектуралар виртуалдандыру мүмкіндігін 
аппараттық деңгейде қамтамасыз етеді, басқалары қосымша бағдарламалық 
кӛмектерді қолдануды қажет етеді. 
Қазіргі кезде виртуалдандырудың үш схемасы кеңінен таралған: 

қонақтың ОЖ АРІ эмуляциялау;

қонақтық ОЖ толық эмуляциялау;

қонақтық ОЖ квазиэмуляциялау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет