Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Қонақтық ОЖ толық эмуляцияланған виртуалды машиналар



Pdf көрінісі
бет10/121
Дата31.08.2022
өлшемі2,81 Mb.
#38343
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   121
Байланысты:
duisembiev-parallel-esep

 
Қонақтық ОЖ толық эмуляцияланған виртуалды машиналар 
Толық эмуляция технологиясына қолдау кӛрсететін жобалар, қонақтық 
ОЖ бұйрықтар жүйесіндегі нұсқауларды интерпретациялау қағидасы (по 
принципу интерпретации) бойынша жұмыс атқарады. Бұл жағдайда 
процессордың, сонымен бірге барлық сыртқы құрылғылардың да іс–әрекеті 
толық эмуляцияланатындықтан, Intel x86 архитектуралы компьютерлерді 
басқа архитектуралы компьютерлерде эмуляциялау мүмкіндігі туады, 
мысалы, Мас жұмыс станцияларында немесе RISC–процессорларымен Sun 
серверлерінде.
Толық эмуляциялаудың басты кемшілігі – бұл қонақтық операциялық 
жүйенің 
ӛнімділігінің 
айтарлықтай 
тӛмендеуінде 
(«қонақтық» 
қосымшалардың жұмыс жылдамдығы 100 – 1000 есеге тӛмендеуі мүмкін). 
Сондықтан да, толық эмуляцияланған ВМ соңғы кезге дейін операциялық 
жүйелерді зерттеу және белгілеуге арналған тӛменгі деңгейлі жӛндеушілер 
есебінде пайдаланылды. Бірақ, бүгінгі күні есептеу машиналарының есептеу 
қуатының жылдам кӛбеюінің арқасында, толық эмуляцияланған ВМ бәсекеге 
қабілетті бола бастады. Осындай ВМ ең бір жарқын мысалы Connectix 
фирмасының Virtual РС ӛнімі (қазіргі кезде оны Microsoft сатып алған). 
Толық эмуляциялау технологиясы бойынша жасалған басқа 
жобалардың мысалы ретінде тӛмендегілерді келтіруге болады: 

Linux негізінде жасалған Intel x86, Windows, BeOS, Mac OS сияқты 
түрлі операциялық жүйелерді іске қосуға мүмкіндік беретін ашық 
кодты Bochs жобасы

Windows және басқа да операциялық жүйелер басқаруындағы түрлі 
Intel x86 операциялық жүйелерді іске қосуға мүмкіндік беретін 
Virtutech компаниясының Simics ӛнімі; 

Qemu жобасы – РС әртүрлі архитектуралар эмуляторы. 
 
Қонақтық ОЖ квазиэмуляцияланған виртуалды машиналар 


15 
Қонақтық ОЖ квазиэмуляциялау технологиясы, қонақтық ОЖ 
нұсқауларының барлығы бірдей хосттық операциялық жүйе құралдары 
арқылы эмуляциялауды талап етпейтіндігіне негізделген. «Қонақтық» 
қосымшалардың дұрыс жұмыс істеуіне қажетті нұсқаулардың кӛпшілігі, 
хосттық ОЖ тікелей нақты адрестелген болуы мүмкін. Олардың ішінен 
басқаруға арналған келесі құралдарды шығарып тастауға болады: видеокарта, 
ІDE-бақылаушы (контроллер) таймер және тағы басқалар. 
Сонымен, квазиэмуляцияланған ВМ жұмыс істеу процесінде қонақтық 
ОЖ нұсқауларын таңдап эмуляциялау іске асады. Сондықтан да, осындай 
ВМ ӛнімділігі толық эмуляцияланған ВМ қарағанда анағұрлым артық 
болатыны анық. Соған қарамастан, жоғарыда айтылғандай, дербес 
компьютерлердің деңгейінің ӛсу барысында бұл айырмашылық онша кӛп 
болмайды.
Квазиэмуляциялау технологиясы бойынша жасалған жобалардың 
мысалдары:

Virtual Platform технологиясы, оның негізінде VMware компаниясы 
тӛрт түрлі ӛнімді ұсынады: Windows NT/2000/XP үшін VMware 
Workstation, Linux үшін VMware Workstation, VMware GSX Server 
(group server) және VMware ESX Server (enterprise server);

Германиялық NetSys CmbH компаниясының тапсырысы бойынша 
Ресейдің Параллели (Parallels) компаниясы құрастырған Serenity 
Virtual Station (SVISTA, бұрынғы twoOStwo) виртуалды машинасы;

Linux басқаруындағы әртүрлі Intel x86 операциялық жүйелерді іске 
қосуға мүмкіндік беретін ашық кодты Plex86 жобасы;

Микроядроны пайдаланатын ашық кодты L4Ka жобасы;

Белгілі бір шарттарды сақтаған кезде ӛнімділікті де арттыра алатын 
Linux, FreeBSD, NetBSD басқаруындағы жетілдірілген Linux ОЖ, 
FreeBSD, NetBSD, WindowsXP операциялық жүйелерін іске қосуға 
мүмкіндік беретін ашық кодты Хеn жобасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет