157
немесе тэг есептеледі. Мысалы, идентификатор бойынша хабарламаны
қабылдаған процесс, оған тек бір процестен ғана келіп түскен екі
хабарламаны ажырата алады. Хабарлама идентификаторы 0-ден 32767-ге
дейінгі аралықта жататын бүтін теріс емес сан.
Хабарлама атрибуттарымен жұмыс істеу үшін, ӛрістері атрибуттар
мәндеріне қатынасты қамтамасыз ететін MPI_Status структураcы
енгізілген.
Тәжірибе жүзінде хабарлама кӛбіне қандай да бір буферде бірінен кейін
бір қатар орналасқан бір типті деректер жиыны түрінде болады. Мұндай
хабарлама мысалы, пайдаланушы сәйкес бүтін санды векторда орналастырған
бірнеше жүздеген бүтін саннан тұруы мүмкін. Алайда, бұндай ситуацияның
кемінде екі шектеуі болуы мүмкін. Біріншіден, кейбір кездерде түрлі типті
деректерден тұратын хабарлама құру қажет болады. Екіншіден, жіберілетін
деректер жадыдан әрқашан үздіксіз облыс ала бермейді. Мысалы, егер Fortran
бағдарламалау тілінде матрица бағандарының элементтері жадыда бірінен
кейін бірі орналасса, онда жолдар элементтері қандай да бір қадаммен
орналасады. Жол элементтерін жіберу үшін, біріншіден оларды жинақтап алу
керек, одан кейін жіберу, одан қайта ашу керек болады.
Достарыңызбен бөлісу: