244
- жазбаша тексеру (жақсы баға алынғанға дейін) жеке және фронтальды
қателер бойынша жұмыс;
- жеке және фронтальды зерттеу кезінде қайталауға арналған тапсырмалар
(жақсы бағаға дейін).
VI кезең. Алдын алу шаралары
Келесі алдын алу шаралары білім алушылардың қателіктерін азайтуға
ықпал етеді:
- жазбаша тапсырмалардың мәтіндері оңай оқылуы керек;
- білім,
білік, дағдыны арттыруға арналған белсенді ауызша
жаттығуларды, типтік қателіктерді жүйелі түрде талдау;
- жаңа материалды түсіндіру кезінде қатені болжап, материалды дұрыс
меңгеруге арналған тапсырмалар жүйесін таңдау;
- қызығушылық
тудыратын,
тұрақты
зейінді
қалыптастыратын
тапсырмаларды таңдау;
- өзін-өзі басқаруға жүйелі түрде дағдыландыру.
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толтыру үшін жеке жұмыс
бағытын әзірлеу ұсынылады. Яғни, «жеке жоспар парағында (ЖМП)» даму мен
оқудағы өзгерістер процесін көрсету керек. Ол әр білім алушыға жеке тәсілді
жүзеге асырып қана қоймай, оның біліміндегі олқылықтарды жою үшін
жұмысты есепке алуға, қадағалауға, түзетуге, білім беру мотивациясының
деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
Мысалы, «Шетел тілі» пәні бойынша жұмысты бақылау үшін білім
алушының «Жеке жоспар» парағы қолданылады. «Жазылым» дағдысы
бойынша білім алушының жазу қабілетінің қалыптасуын тексеру кезінде білім
деңгейінің төмендеуі мүмкін топты - сары түспен, ал жоғары ынтасы бар білім
алушылар тобын – жасыл түспен белгілейді. Білім деңгейі төмендеп кеткен
білім алушылардың білім деңгейін көтеру жұмыстарын жүргізіп, олардың
проблемалық тұсы анықталады. Мысалы, тексеру жұмыстардың бірі бейресми
хат жазу қабілетін тексеруге бағытталады. Бұл тапсырманы орындау кезінде
білім алушының лексикалық, грамматикалық және орфографиялық білімін
байқауға болады.
«Қарым-қатынас мәселесін шешу» критерийі бойынша «Жазылым»
дағдысы кезінде білім деңгейінің төмендеуі мүмкін топтағы білім алушының
қателіктерін анықтау:
Достарыңызбен бөлісу: