Сынып Тапсырмалар әзірлеу үшін ұсынылған тақырыптар 10-сынып, Алгебра және анализ бастамалары (ҚГБ, ЖМБ) Тапсырмалар
9-сыныпқа арналған
«Алгебра» пәнінен
оқу бағдарламасының
оқыту мақсаттары
бойынша
құрастырылады.
Екі айнымалысы бар сызықты емес теңдеулер. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесі. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесі көмегімен мәтінді есептер шығару. Екі айнымалысы бар теңсіздіктер. Екі айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесі. Арифметикалық прогрессия. Геометриялық прогрессия. Шексіз кемімелі геометриялық прогрессия. Кез келген бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі. Бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің мәндері. Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері. Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер. Тригонометрия формулалары. Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру. 10-сынып, Геометрия (ҚГБ, ЖМБ) Тапсырмалар
9-сыныпқа арналған
«Геометрия» пәнінен
оқу бағдарламасының
оқыту мақсаттары
бойынша
құрастырылады.
Векторлардың теңдігі. Векторларды қосу және оның қасиеттері, векторларды азайту, векторды санға көбейту. Жазықтықтағы векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу. Вектордың координаталары. Координаталық түрде берілген векторларға амалдар қолдану. Векторлардың арасындағы бұрыш. Векторлардың скалярлық көбейтіндісі. Жазықтықта түрлендіру. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері. Синустар және косинустар теоремалары. Шеңберге іштей немесе сырттай сызылған үшбұрыштың ауданын пайдаланып шеңбердің радиусын табу формулалары. Іштей сызылған бұрыш және оның қасиеттері. Шеңбердің хордалары мен қиюшы кесінділерінің пропорционалдығы туралы теорема. Дұрыс көпбұрыштар және олардың қасиеттері. Шеңбер доғасының ұзындығы. Сектор мен сегмент ауданы. Іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын көпбұрыштың қабырғаларымен, периметрімен және ауданымен байланыстыратын формулалар.