79-кесте. Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Тоқсандар бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
10 сынып ҚГБ
2
1
1
1
11 сынып ҚГБ
1
1
2
1
10 сынып ЖМБ
2
1
1
1
11 сынып ЖМБ
1
2
2
1
ҚР БҒМ «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды,
аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы»
2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (2019 жылғы 26 қарашада № 509
өзгерістер мен толықтырулар) төмендегі тармақ енгізілген:
14-4. Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ бөлімдерді
біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға
жарты жылда қойылады.
Осы тармаққа сәйкес 10-11 сыныптағы қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау
жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға
қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Информатика» пәнінен бөлім
бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау
жүргізіледі.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ «Жаратылыстану»
білім
саласы
бойынша
жаңартылған
оқу
бағдарламаларымен келесі пәндер оқытылады: «Физика», «География»,
«Биология», «Химия».
Жалпы орта білім беру деңгейінде оқытылатын «Физика», «Химия»,
«Биология», «География» пәндері бойынша оқу жүктемесі 80-кестеде
көрсетілген. Биылғы оқу жылында 10-11-сыныптың оқу жоспарында айтарлықтай
ерекшелік бар. Жалпы білім беретін ұйымдардың 10-11-сыныптарында
жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер
таңдау бойынша емес, міндетті пән ретінде инварианттық бөлімге енгізілді.
10-11-сыныптарында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-
гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша сағат сандары 80-кестеде берілген.