«Физика» оқу пәні 10-11-сыныптарда «Физика» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1)
білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің
негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты
танудың ғылыми әдістерді меңгеруіне ықпал ету;
2) білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік
және рефлективтік мәдениетін дамыту, физикалық экспериментті және зерттеу
жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру;
3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
4) меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану мен
қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз
етуде қолдану.
Жаңа оқу жылында 10-11-сыныптар үшін төмендегі Үлгілік оқу
жоспарларын таңдау мүмкіндігі бар:
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік
оқу жоспарлары (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылғы 26
наурыздағы № 125 бұйрығымен енгізілген) немесе жаңартылған мазмұндағы
Үлгілік оқу жоспарлары.
2021 жылғы Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жалпы орта білім беру
деңгейінде жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық-гуманитарлық
бағытта оқытылатын «Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
81-кестеде көрсетілген.
81-кесте. «Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
Сынып
Жалпы оқу жүктемесінің көлемі, сағат
Төмендетілген оқу жүктемесімен
Үлгілік оқу жоспары
Жаңартылған мазмұнындағы
үлгілік оқу жоспары
Апталық
Жылдық
Апталық
Жылдық
10 (ҚГБ)
2
68
1
34
10 (ЖМБ)
3
102
2
68
11 (ҚГБ)
2
68
1
34
11(ЖМБ)
3
102
2
68
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары (соңғы
өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен
енгізілген) негізінде Үлгілік оқу бағдарламаларында жаңартылған мазмұнның
Үлгілік оқу бағдарламаларымен салыстарғанда келесі оқу мақсаттары
қысқартылған (82-кесте).