31
және отбасылық тәрбиені жақсарту үшін педагогтердің әлеуетін арттыруға
бағытталған.
Ата-аналарға арналған лекториялар, ата-аналар кештерін, Ашық есік
күндерін, тренингтер өткізу, «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі»,
«Ана мектебін» құру ұсынылады. Бұл мектептерді құрудың мақсаты – бала
тәрбиесіндегі отбасының рөлін арттыру.
Ата-аналардың, қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен
«Мектептегі бір күн» жобасын іске асыру ата-аналардың қажеттіліктерін,
сұраныстарын, отбасылық ерекшеліктері мен отбасылық тәрбиесі ескеріледі,
ата-аналарды мектептің, сыныптың, өз баласының істеріне жұмылдыруға, білім
беру процесінің барлық қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасауға
жәрдемдеседі.
Педагогикалық және ата-аналық консилиумдар шеңберінде ата-
аналармен, балалармен жеке әңгімелесулер өткізіледі, жеке балаға арналған
бағдарламалар жасалады, баланың үй жағдайымен танысу үшін отбасына бару,
отбасылық проблемалар мен балалар тәрбиесі бойынша кеңестер өткізу
қамтылады.
Отбасылық тәрбие әдістемесі инновациялық тәсілдерді, технологиялар
мен әдіс-тәсілдер жиынтығын, оның ішінде ата-аналардың баласымен бірге
туған өлкенің киелі орындарын (тарихи ескерткіштерді, кесенелерді,
мұражайларды, табиғи нысандарды) зерттеуді қамтиды. Киелі орындарға бару
отбасының ауызбіршілігі мен сыйластығын арттыруға ықпал етеді.
Отбасылық тәрбиеде ата-тегінің шежіресін құрастыру оқушыларға үлкен
тағылым. Баланың өз тегін, жеті атасын білуі, өзінің отбасылық шежіресін
құрастыруы – отбасылық жақсы дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығын
қалыптастырудың, әулеттегі татулықты нығайтудың, баланың текті болып
өсуінің кепілі. Сонымен қатар баланы отбасылық жәдігерлер мен тарихына,
фотосуреттерге, үй мұрағаттарына, ата-әжелеріне, марапаттарына құрметпен
қарауға тәрбиелеу маңызды.
Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру жөніндегі әдістемелік
ұсынымдар – орта білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде отбасылық
тәрбиені іске асыруға арналған нұсқаулық ( https://www.nao.kz).
Достарыңызбен бөлісу: