34
Көркем-эстетикалық тәрбие саласында отандық мәдени жетістіктерді –
кітаптарды, пьесаларды, мүсіндерді, картиналарды, музыкалық шығармаларды,
Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің үздік
үлгілерін – ертегілерді,
аңыздарды, эпостарды, аңыздарды оқыту және ілгері
дамыту ұсынылады. Сонымен қатар тұрақты жұмыс істейтін тақырыптық кітап
көрмелерін
өткізу маңызды. Өскелең ұрпақты театр өнері әлеміне тарту
мақсатында әр мектепте
«Балалар және театр» ағартушылық жобасын жүзеге
асыру маңызды
(https://www.ziyatker.org/detyteatr).
7) Зияткерлік тәрбие білім құндылығын; зияткерлік ұстанымды; әрбір
тұлғаның көшбасшылық
қасиеттері мен дарындылығын; ал ақпараттық
мәдениетті тәрбиелеу кибермәдениет мен кибергигиенаны қалыптастырады.
Зияткерлік
тәрбие
лингвистикалық,
музыкалық,
логикалық-
математикалық, кеңістіктік, дене-кинестетикалық,
тұлғааралық, тұлға ішіндегі
зияткерлікті дамытуға бағытталуы керек.
Білім алушылардың бойында
эмоционалды зияткерлікті қалыптастыру
бойынша
әдістемелік нұсқаулық ретінде «Денсаулық пен өмірлік дағдыларды
қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын
алу» бағдарламасы аясында педагогтерге арнап әзірленген әдістемелік құрал
ұсынылады (3 модуль. Эмоционалды интеллект
және тұлғааралық қарым-
қатынас) «Bilim Foundation», 2017.
Достарыңызбен бөлісу: