Білім беру бағдарламасы: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Құрастырушы: аға оқытушы, магистр Ерниязова С. Н. Орал, 2019 ж



Pdf көрінісі
бет26/60
Дата06.09.2022
өлшемі1,6 Mb.
#38535
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60
Байланысты:
5 (3)

№22дәріс
Дәріс тақырыбыАрифметикалық амалдардың мағынасын ашып кӛрсететін есептер. 
Дәріс мазмұны: 
1. Қосындыны табуға арналған есептер 
2. Қалдықты табуға арналған есептер 
3. Бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға арналған есептер 
4. Теңдей бөлуге арналған есептер 
5. Тиісінше бөлу 
 
Қосындыны табуға арналған есептер 
1) Аулада екі қыз ойнап жүрген еді. Оларға тағы 4 қыз келіп қосылды. Аулада қанша қыз бала бар? 
Болғаны – 2 қыз 
Келді – 4 қыз
2 + 4 = 6 (қыз) 
Барлығы - ? (қыз) Жауабы: Барлығы 6 қыз бала. 
2) Шебер бірінші күні 6, ал екінші күні 4 орындық жӛндеді. Екі күнде шебер барлығы неше орындық 
жӛндеді? 
⟩ 6 + 4 = 10 (ор.) 
Жауабы: Барлығы 10 орындық. 
3) Бірінші ыдыста 8 апельсин, ал екіншісінде - 10 апельсин бар. Үшінші ыдыста алғашқы екеуінде қанша 
болса, сонша апельсин бар. Үшінші ыдыста қанша апельсин бар?»
⟩ 8 + 10 = 18 (ап.) 
Жауабы: Үшінші ыдыста 18 апельсин бар. 
Қалдықты табуға арналған есептер 
Ыдыста 5 алма болған еді. Оның 3-еуі желінді. Ыдыста неше алма қалды? 
Болғаны – 5 а. 
Желінді – 3 а. 5 - 3 = 2 (а.) 
Қалды - ? (а.) Жауабы: 2 алма қалды. 
Бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға арналған есептер 
12 балаға әрқайсысына 3-тен келетіндей кәмпит берілді. Балалар барлығы неше кәмпит алды? 
1 б. – 3 к. 3 ∙ 12 = 36 (к.) 
12 б. – ? (к). Жауабы: Барлығы 36 кәмпит. 
 Теңдей бөлуге арналған есептер 
36 кәмпит 12 балаға тең бӛлінді. Әр бала неше кәмпит алды? 
12 б. – 36 (к). 36 : 12 = 3 (к.) 


1 б. – ? (к). Жауабы: 3 кәмпит. 
Тиісінше бөлу 
36 кәмпит балалардың әрқайсысына үш-үштен бӛлінді. Неше бала кәмпит алды? 
1 б. – 3 к. 36 : 3 = 12 (б.) 
? (б.) – 36 к. Жауабы: 12 бала. 
№23дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет