№20дәріс Дәріс тақырыбы: Аудан ұғымы және оның ӛлшем бірліктері.
Дәріс мазмұны: 1. Аудан ұғымы.
2. Аудан және оның ӛлшем бірлігі. Квадрат сантиметр.
3. Тік тӛртбұрыштың /шаршының/ ауданын табу және есептеу. 1. Аудан – қарапайым шамалардың, соның ішінде геометриялық шамалардың мысалы б.таб. Аудан жайында
түсінік қалыптастыруда алдымен, «ауданға ие болу қасиетінің» қандайда бір затқа тән екенін түсіндірген
жӛн. Аудан – фигураның беті. Әр түрлі заттарды үстелге қойып, олардың әрқайсысынын үстел бетінің біраз
жерін алып тұрғанын кӛрсетуге болады. Кӛрнекі құралдарды пайдаланып, кӛӛз мӛлшерімен және беттестіру
әдісімен заттардың аудандары бірдей немесе әр түрлі болатынын кӛрсетуге болады. Алайда бұл тәсілдердің
дәлірек нәтиже беруі ықтимал бола қоймайды. Сондықтан әр фигуранын ауданын оларды құрастырып
тұрған бірдей шаршылар санын есептеу арқылы тауып анықтауға болады. Демек, шаршылардан фигура
құрастырып және керісінше фигураны шаршыларға бӛлу сияқты жаттығуларды орындау барысында
фигураның ауданы жайында түсінік қалыптастыру, аудандарын салыстыруға машықтандыру жүзеге
асырылады.
2. Ауданның ӛлшем бірлігімен таныстыру ұзындықтың сәйкес бірлігін енгізуге ұқсас және онымен б/ты
қарастырылады. Айталық, ұзындықтың бірлігі ретінде ұзындығы 1 см кесінді алынса, ауданның бірлігі
ретінде қабырғасы 1 см шаршының ауданы- квадрат сантиметр (1см
2
) алынады. Сантиметрдің кӛмегімен
кесіндінің ұзындығын ӛлшеу 1 см бірлік кесіндінің берілген кесіндіге біртіндеп неше рет салынғанын
анықтау болса, фигураның ауданын табу- оның ауданы 1 см
2
неше шаршыдан құрастырылатынын анықтау.
Квадрат сантиметрдің кӛмегімен кез келген жазық фигураның ауданын табуға болады. Ол үшін палеткамен
фигураны жауып қойып, фигура контурымен шектелген толық кв. Сант-ді санайды, оған барлық фигура
контурына сыйып тұрған толық емес кв.сант-лер санының жартысын қосады. Осы тәсілмен кез келген
кӛпбұрыштың ауданын есептеп табуға болады. Осыған машықтандыру мақсатында әр оқушы полиэтилен
параққа палетканың үлгісін жасап алғаны жӛн, оның ӛлшемдері 10см х 10см.
3. Тік тӛртбұрыштың /шаршының/ ауданын табуға қатысты тұжырымдаманы дайын күйінде бірден бермей,
оны мына ретпен ұсынылатын жаттығулар арқылы жүзеге асыруға болады:
-
Бірнеше қатарға және бағанға бӛлінген, бірдей шаршылардан құрастырылған тік тӛртбұрыштың
ауданын, осы шаршылар санын әр түрлі тәсілдермен есептеу арқылы анықтау;
-
Тік тӛртбұрышты / шаршыны / бағандарға бӛлудің үлгісі және бір баған неше шаршыдан
құрастырылғандығы нақты кӛрсетіледі, сондай-ақ барлығы неше баған шығарып алуға болатындығы
қабырғаларындағы бӛліктерге орай анықталады;
-
Тік тӛртбұрыштың қабырғалары сантиметрлік бӛліктерге бӛлініп кӛрсетілген, соны пайдаланып
неше қатар, неше баған кв. сант. Шығарып алуға болатындығы анықталады;
-
Тік тӛртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары сантиметрмен беріледі, соларды пайдаланып
неше баған және неше қатар кв. сант-лер шығарып алуға болатындығы анықталады.
Осыларды біртіндеп қарастыру нәтижесінде тік тӛртбұрыштың /шаршының/ ауданын табу үшін оның бірдей
бірлікпен алынған ұзындығы мен енін кӛбейту керектігі тұжырымдалады.