Тапсырманы орындау мерзімі және студенттің білімін бағалау: 9-10 апта, 4балл №6 тақырып Б.з.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықтағы Орта Азия. Мақсаты: Б.з.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықтағы Орта Азия тарихындағы ежелгі
Аравия өркениетімен экономикалық дамуы туралы білімді бекіту және оқу
дағдыларын қалыптастыру.
Негізгі сұрақтары: 1. Ежелгі Аравия өркениеті.
2. Ежелгі Аравияның әлеуметтік – экономикалық жағдайы. Тапсырма: Аравия мемлекетінің ежелгі кездегі дамуының ерекшеліктері
мен мемлекеттік бірлестіктеріне сипаттама жасау, қоғамдық құрылысына
тоқталу, әлеуметтік экономикалық жағдайы, саяси және мәдени дамуы мен
ерекшеліктерін ашып көрсете отырып конспект әзірлеу.
Әдістемелік нұсқау: Бұл тақырып бойынша студент Ежелгі Аравия
өркениетіне тоқтала отырып толықтай сипаттама беру, Ежелгі Аравияның
әлеуметтік – экономикалық жағдайын жан-жақты қарастыра отырып сыртқы
саясаттыда ашып көрсету қажет.Оңтүстік және Солтүстік Аравияның
ерекшеліктерін талдай отырып студенттер өз пікірлерін ашып жазуы керек.
Есеп беру түрі: Студент тапсырманы жазбаша тапсырады.
Тапсырманы орындау мерзімі және студенттің білімін бағалау: 11-12 апта, 4балл №7 тақырып Ежелгі Қытай қорғаны. Мақсаты: Ежелгі Қытай қорғанының салынуы мен тарихи маңызытуралы
білімді бекіту.
Негізгі сұрақтары: 1. Қытай қорғанының салынуы.
2. Ұлы Қытай қорғанының тарихта алатын орыны.
Тапсырма: Ұлы қытай қорғаның қытай тарихында алатын орны, салыну
себебіне, Қытайдағы ең ежелгі қорғаныс түрі ретіндегі ерекшелігі, салынған
жылдарына тоқтала отырып коолоквиум тапсыру.
Әдістемелік нұсқау: Тақырып бойынша студент Қытай патшасы Цинь
Шихуанди өз жерін қорға негізінде салдырған ұлы қытай қорғаның тарихи
маңызына тоқталу, Қытай қорғанының салынуы Б.з.б. 475 – 221, Ұлы Қытай
қорғанының тарихта алатын орыны, Мин дәуірінде жүргізілген жұмыстар Екі
жарым мың жылдан астам тарихы бар Цинь Шихуанди қосқан үлесі
тақырыптарындағы зерттеулерін талдау керек.