5
пәнаралық (қазақ тіліндегі сөйлеу мазмұны түрлі білім
салаларынан: тарих,
экономика, ақпараттану, химия, физика, биология,
география, математика, және т.б. хабар береді);
сан салалы (бір жағынан – сан алуан
тілдік құралдарды тілдің
түрлі аспектілерімен: фонетика, лексика, грамматикамен байланысты меңгеру,
екінші жағынан – сөйлеу әрекетінің төрт түрлі әрекетін (тыңдалым, оқылым,
жазылым, айтылым) жетілдіру қажеттілігі;
сан алуан қызметтілігі (оқыту мақсатында және түрлі білім
саласынан ақпарат алу құралы ретінде).
Кәсіби қазақ тілін меңгеру студентті шығармашылық ойлауға, көзқарасын
кеңейтуге, өзінің жеке қасиеттерін жан-жақты ашуға, яғни археология және
этнология мамандығы бойынша кәсіби білімін
дамытуға әсерін тигізеді.
Студент
өзіндік
жұмыс
орындаудың
дағдысын
қалыптастырады,
шығармашылық дербестікке қол жеткізеді, сол арқылы тілдік түсініктерді,
логиканың барлық түрлерін (талдау, синтездеу, салыстыру,
тұжырымдама
жасау) жетілдіреді.
Бұл айтылғандардың бәрі
кәсіби білімді жетілдіруге әсерін тигізетінін,
жоғары білікті мамандарды даярлау міндетін шешудің жолдарын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: