Білім және ғылым министрлігі


Бағдарламаның білім берудегі мақсаты



Pdf көрінісі
бет14/190
Дата08.09.2022
өлшемі1,52 Mb.
#38651
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   190
Байланысты:
5В020800-Археология и этнология

Бағдарламаның білім берудегі мақсаты: болашақ археолог және 
этнолог мамандардың коммуникативтік құзіреттіліктерін, сондай-ақ ғылыми 
ортадағы нақты тілдік жағдайларда коммуникативті міндеттерді кәсіби түрде 
шет тілінде орындай алу қабілеттерін қалыптастыру. Осылайша, студенттер 
үшін білім алудың негізгі обьектісі ғылыми-кәсіби тіл болып табылады. 


17 
Бағдарламаның стратегиялық мақсаты студенттердің көпмәдениетті 
және көптілді орта жағдайындағы әлеуметтік-мәдени, академиялық және 
кәсіби салаларда нәтижелі, өз бетімен қарым-қатынас орната алуы үшін шет 
тілдік коммуниктивтік құзіреттіліктерін қалыптастыру. 
Практикалық мақсаты күнделікті және академиялық қарым-
қатынастың нақты жағдайларында, сондай-ақ кәсіби қатынастарға тән 
жағдайларда ағылшын тілін пайдалана алу болып табылады.  
Бағдарламаның оқу-танымдық мақсатына студенттердің танымдық 
қызуғышылықтарын ынталандыру, олардың когнитивті қабілеттілігін дамыту, 
танымдық қызметінің стратегиясы мен тәсілдерін оқу жұмысының ағылшын 
тіліндегі икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру жатады. 
Бағдарламаның білім беру мақсатына берілген мамандық бакалаврының 
жалпы мәдениеті мен ой-өрісін кеңейту жатады.
Курстың міндеттері: 
- студенттерді археология және этнология бойынша жалпы мазмұнды, 
жалпы ғылыми, ғылыми-көпшілік және арнайы мәтіндерді түсіну мен талдау 
жасауға үйрету; 
- жалпы ғылыми және арнайы ауызша мәтіндердің мазмұнын түсіну 
икемімен қатар ағылшын тіліндегі ауызша сөздерді түсіну дағдысын, олардың 
ішінен мамандыққа қатысты ғылыми ақпараттарды бөліп алып конспект, 
арнайы ауызша және жазбаша мәтіндердің рефератын жасау дағдысын 
қалыптастыру мен дамыту. 
- жалпыкоммуникативтік, академиялық және кәсіби қажеттіліктерге сай 
жазбаша түрде мәтіндерді (эссе, реферат, мақала) жасау дағдысын 
қалыптастыру мен дамыту; 
- коммуникативтік және кәсіби мәселелерді шешуге қажетті сөйлеу 
дағдысымен қатар дискуссия жүргізу, презентация және ақпарат алу, 
жағдайды негіздеу дағдыларын дамыту; 
- студенттерге қажетті көрсетілген жалпыкоммуникативті және кәсіби 
міндеттерді шешу үшін лексикалық қор және грамматиканы білуді 
қалыптастыру мен дамыту;
- тілдік мәселелерді өз бетімен шеше білу қабілеттерін дамыту; 
- мамандандырылған сөздіктермен қоса оқытылып отырған тілдің
біртілді сөздігімен, мультимедиалық және интернет-ресурстармен жұмыс 
істеу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту; 
- күнделікті және кәсіби саладағы көпмәдениетті қарым-қатынас 
жағдайында шетел тілін тиімді қолдану мақсатында мәдениетаралық 
біліктіліктерді қалыптастыру және дамыту.
Аталған міндеттерді сәтті орындаған жағдайда - бұл кәсіби-бағдарлы 
шетел тілі коммуникативтік құзіреттілігі қалыптасуының тұрақты жүйесін 
жасауға, яғни түпкі мақсатқа әкеледі. Ол студенттердің танымдық 
ұшқырлықтарын жүзеге асыруды немесе білімін жалғастыруды, сондай-ақ 
еңбек нарығында бәсекеге қабілеттіліктерін қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет