Білім және ғылым министрлігі


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Pdf көрінісі
бет32/190
Дата08.09.2022
өлшемі1,52 Mb.
#38651
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   190
Байланысты:
5В020800-Археология и этнология

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
Кіріспе 
Пәнді оқытудағы мақсат – студенттерде адамзат қоғамының дамуының 
заңдылықтарының 
және 
дамудың 
алғашқы 
сатысындағы 
олардың 
шаруашылығы мен қоғамдық қызметі туралы шынайы тарихи түсініктер 
қалыптастыру. 
Міндеттері – төмендегідей мәселелерді оқыту жатады: адамның және 
адамзат қоғамының пайда болуы, олардың шаруашылықтық қызметінің, 
материалдық және рухани мәдениетінің тууы мен алғашқы дамуы, алғашқы 
№ 
Тақырыптың атауы 

Кіріспе 

Алғашқы қоғам тарихының хронологиясы мен дәуірленуі 

Жалпы (тарихи) дәуірлеу 

Алғашқы қоғам тарихының дерек-көздері 

Алғашқы қоғам тарихнамасы 

Антропогенез мәселесі және адамзат қоғамының пайда болуы 

Адамзат қоғамының пайда болуы

Ерте алғашқы қауым. Дамыған алғашқы қауым 

Рулық қауымның пайда болуы 
10 
Неолит кезеңіндегі кейінгі алғашқы қауымның қалыптасуы және 
дамуы 
11 
Алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауы
12 
Таптық қоғам институттарының пісіп жетілуі 
13 
Мемлекеттің тууы 
14 
Қоғамдық сана эволюциясы 
15 
Таптық қоғамдардағы алғашқы қауымдық құрылыс қалдықтары 


37 
қоғамның ыдырауының алғышарттары мен жалпы барысы мен таптық 
қоғамдардың қалыптасуы. Сондықтан да бұл теориялық курс адамзат 
тарихының жалпы заңдылықтарының негізі болып табылады. Шындығында 
да, адам өмірінің, соның ішінде қазіргі кезеңдегі де, көптеген құбылыстары 
алғашқы тұрмыстық қоғамның көне дәуірінде пайда бола бастады. Бірқатарын 
атап көрсететін болсақ, тұрғын үй және киім, егіншілік және мал 
шаруашылығы, қоғамдық еңбек бөлінісі, неке және семья, саналылық және 
этикет, қажетті ілім және білім, өнер және діни наным- сенімдердің пайда 
болуы осы кезеңнен бастау алады. Материалдық мәдениет, әлеуметтік 
нормалар немесе идеологиялық түсініктердің бірқатар элементтерінің 
эволюциясын дұрыс талдауда олардың қайнар бұлақтарына үңілуімізге тура 
келеді. Алғашқы тұрмыстық қоғамның танымдық маңызы да осыған 
байланысты. 
Алғашқы тұрмыстық қоғамның материалдары негізінде зерттелетін 
мәселелерді шешуде де қазіргі таңда адамзаттың алдында көптеген сұрақтар 
туындайды. Жер бетінде адамдар қалай пайда болды: органикалық табиғаттың 
заңды эволюциясы нәтижесінде ме, болмаса құдай жаратты ма? Адам 
нәсілдерінің қалыптасуы қалай болды? Осының негізінде нәсілдер арасында 
артықшылық бар ма? Адамзат қоғамының коллективтік негізде дамуы қалай 
жүрді? Жеке меншік, қоғамдық жіктеліс және мемлекеттік күштеу қалай және 
қашан пайда болды? Діни түсінік немесе монотеистік діни ұғымдар мәңгілік 
пе? Осындай сұрақтардың идеологиялық көлемділігі айқын да көрінімді. Басқа 
тарихи пәндердің жазба деректер негізінде зерттелетінін ескерсек, алғашқы 
тұрмыстық қоғам тарихын зерттеуде жазба деректер жоқтың қасы. Алғашқы 
қоғам тарихын реконструкциялау – бірқатар ғылымдардың, оның ішінде 
бірінші кезекте археология, этнология және палеоантропологияның деректерін 
синтездеудің нәтижесі болып табылады. Сондықтан да алғашқы қоғам тарихы 
зор әлемдік танымдық мәнге ие. 
«Адамзаттың тарихилыққа дейінгі эволюциясының» зерттеу объектісі – 
алғашқы адам мен оның қоғамының тарихы. Бұл пән синкреттік пән болып 
табылады. Сондықтан да, адамның, оның қоғамының пайда болуы және 
дамуына байланысты көптеген теориялық сұрақтар философия, психология
биология ғылымдарының тәсілімен зерттеледі. Ал алғашқы адамдардың 
шаруашылығы, 
материалдық 
өндірісінің 
дамуы 
сияқты 
мәселелер 
археологиялық тәсілдермен зерттеліп түсіндіріледі. Рудың, әртүрлі әлеуметтік 
институттардың, алғашқы әдет-ғұрыптардың, дүниеге көзқарастардың 
шығуына байланысты мәселелер этнологиялық тәсілдер арқылы зерттеліп 
оқылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет