96
«Математика және экология» курсы білім алушыларды математика мен
экологияны
байланыстыра
отырып,
табиғатқа,
адамзат
баласына
жанашырлықпен қарауға, үнемшілдікке, жауапкершілікке дағдыландырады.
«Математикалық жобалар» курсы білім алушылардың өзіндік алғашқы
математикалық жобалар жасау біліктілігін, іскерлігін
және зерттеу дағдысын
қалыптастырады. Бастауыш сынып оқушылары зерттеу жұмыстарын жүргізе
білуге төселеді.
«Отбасылық оқу сағаты» курсы білім алушылардың отбасымен бірге оқуға
арналған шығармалар тізімі таңдалып алынады. Сол шығармаларды оқушы үйде
ата-анасымен бірлесе оқиды. Апта сайын бір отбасы өздері оқыған шығарма
мазмұны жайлы әртүрлі формада (презентация, бейнежазба және тсс)
баласының сыныптастарымен таныстырады, қойылған сұрақтарға жауап береді.
Сынып ұжымында сол шығарманы талқылап, түйінді ой шығарылады. Курс
өзара коммуникативтік қарым-қатынасының артуына ықпал етеді. Ата-ана мен
бала, мұғалім арасындағы байланысты күшейтеді. Оқушының танымдық ойлау
қабілетін дамытады.
«Оқу сауаттылығы» курсы оқу және
жaзу apқылы oқушылapдың cын
тұpғыcынaн oйлaу дағдыларын дaмытуды негізге ала отырып, шығармаларды
түсініп оқуға, оқылған шығарманы жан-жақты талдап,еpкін oйлaуғa, жaзбaшa,
aуызшa oй aлмacуғa, мәтін мазмұнын aшуғa, aвтop іpіктеген cөздеp мен cөз
тіpкеcтеpінде жaтқaн ұғымдapды түcінуге баулиды.
«Мәнерлеп оқу» курсы дауыс интонациясы арқылы автордың ойын
білдіру,
мазмұндық ой екпінін қойып, кейіпкердің көңіл күйін сезініп оқу.
Мәнерлеп оқу арқылы оқушы шығарманың мазмұнын түсініп, ондағы көңіл
күйді сезінеді, қиялына ерік береді. Оқушы сөйлеудегі ритм мен үнді, дауыстың
бірде жоғарылап, бірде төмендеуін қолдана отырып сахналау өнеріне
талпынады.
«Жаратылыстану жұмбақтары» курсы бастауыш сыныпта оқыту үдерісін
жаратылыстану саласы бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі
үшін оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін
дамытуға, әлеуметтік- мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін
біліктерді
меңгеруге бағыттайды.
«Жас зерттеуші» курсы білім алушылардың қоршаған ортаны зерттеуге
деген қызығушылықтарын ояту, өз өмірлерінде кездесетін жағдаяттардан
шығуға арналған пайдалы ой - тұжырым дағдыларын қалыптастыруға бағыттау
және мұғалімнің басшылығымен тәжірибелер ұйымдастыра отырып, әр бала
өзінің
нені зерттегісі келетінін, қалай зерттейтінін, нәтижесінде неге қол
жеткізгенін айта алатын тұғаның дамуына бағыт беру; білім алушылардың
қоршаған орта туралы анағұрлым көп мағлұмат алып,
өздері құбылыстың пайда
болуының себептері туралы болжамдарын, оларды тексеру амалдарын
(қарапайым тәжірибелер) жасауларын көздейді.
«Экономикаға кіріспе» курсы бастауыш сынып оқушыларына қарапайым
экономикалық ұғымдарды өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру, өздерін
қоршаған табиғи орта және адамдар дүниесі ретінде, олардың қажеттілігімен
және осы қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілдерімен таныстырады.