171
тармаққа сәйкес қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы стандартты деңгейде
оқытылады.
Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №
348 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім
берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес 10-11-сыныптарда «Физика» оқу
пәні бойынша екі оқыту бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде білім
алушылар санына қарамастан қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында,
шағын жинақталған мектептерде сабақ өткізу кезінде сыныпты топтарға бөлуге
жол беріледі.
2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер
мен толықтырулар
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім
және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен
бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен толықтырулар
енгізілген) жүргізіледі.
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын
бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30
қазандағы
№ 595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына
қарамастан, үлгілік оқу жоспарын дербес таңдап алады. Сондықтан, Үлгілік оқу
жоспарының түріне байланысты негізгі орта және жалпы орта білім беру
деңгейінде «Физика» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі
болуы мүмкін
.
Үлгілік оқу жоспарының түрлеріне қарай негізгі
орта және жалпы орта
білім беру деңгейлерінде «Физика» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің
көлемі 14.1-кестеде көрсетілген.
14.1-кесте. «Физика» пәні оқу жүктемесінің көлемі
Сынып
Жалпы жүктеме, сағат
Үлгілік оқу
жоспары
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу
жүктемесімен)
Апталық
Жылдық
Апталық
Жылдық
7
2
72
1
36
8
2
72
1
36
9
2
72
1
36
Міндетті пәндер
Таңдау пәні
10(ҚГБ)
1
36
2
72
10(ЖМБ)
2
72
3
108
11 (ҚГБ)
1
36
2
72
11(ЖМБ)
2
72
3
108
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша
сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды
зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.
172
Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25
бұйрығымен толықтырулар енгізілген) 7-9-сыныптарда 1
сағат көлемінде
оқытылатын «Физика» пәні бойынша вариативті компоненттен 2 сағат алуға
мүмкіндік берілген:
1) оқу пәндері: «Алгебра», «Физика» және инвариантты компоненттен
таңдалатын бір пән;
2) оқу пәндері: «Химия», «Физика» және инвариантты компоненттен
таңдалатын бір пән.
Достарыңызбен бөлісу: