184
беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын,
оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын оқу жүктемесі төмендетілген
үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.
Үлгілік оқу жоспарының түрлеріне қарай негізгі орта және жалпы орта
білім беру деңгейлерінде «Биология» пәнінен үлгілік оқу жоспары бойынша оқу
жүктемесінің көлемі 16.1-кестеде берілген.
16.1-кесте. «Биология» пәнінен үлгілік оқу жоспары бойынша оқу
жүктемесінің көлемі
Сынып
Негізгі
үлгілік оқу жоспары
Төмендетілген оқу жүктемесімен
үлгілік оқу жоспары
Аптасына
(сағ.)
Оқу жылында
(сағ.)
Аптасына
(сағ.)
Оқу жылында
(сағ.)
7-сынып
2
72
1
36
8-сынып
2
72
1
36
9-сынып
2
72
1
36
ЖМБ 10-сынып
2
72
3
108
ҚГБ 10-сынып
1
36
2
72
ЖМБ 11-сынып
2
72
3
108
ҚГБ 11-сынып
1
36
2
72
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша
сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды
зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.
Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ
26.01.2022 ж. №25 бұйрығы) 7-9-сыныптарда білім алушылардың ерте кәсіби
бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында вариативті компонентте инвариантты
компоненттен таңдалатын оқу пәндерінің (әрқайсысы 2 сағаттан) пән
комбинациялары қарастырылған.
Вариативті компонент есебінен инвариантты компоненттен «Биология» пәнін
таңдау келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
− оқу пәндері: «Биология», «Химия» және инвариантты компоненттен
таңдалатын бір пән;
− оқу пәндері: «Биология», «География» және инвариантты компоненттен
таңдалатын бір пән.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18
наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес, вариативтік компонент есебінен таңдалған 7-
11-сыныптардағы оқу пәндері бойынша (
инварианттық компоненттегі таңдау
пәндері) жиынтық бағалау өткізілмейді, оқу жылының соңында «есептелінді»
(«есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: