Білім және ғылым министрлігі


Кәсіби құзірет: археология және этнология бойынша ағылшын



Pdf көрінісі
бет18/192
Дата12.09.2022
өлшемі1,54 Mb.
#38863
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   192
Байланысты:
Бакалавриат Археология и этнология

Кәсіби құзірет: археология және этнология бойынша ағылшын 
тіліндегі арнайы мәтіндерге бағдар алу 
Арнайы кәсіби-бағыталған материал және оны кәсіби қарым-
қатынастың берілген жағдайында қолдану: құрылымы, компзиция (эссе, 
мақалалар, тезистер, рефераттар жазу). Кәсіби бағдарлы арнайы материал 
және оны кәсіби қарым-қатынастың берілген жағдайында қолдану (ортағасыр, 
Ұлы Жібек жолы археологиясы, диаспора, этникалық, этномәдени және 
этникааралық қарым-қатынас мәселелері бойынша эссе, мақала, тезис, 
реферат жазу). 
Кәсіби пәндер саласындағы көрнекті ғалымдар (арнайы ғылыми 
бағыттар бойынша ғалымдардың еңбектерінен реферат даярлау) 
Мамандық саласындағы қазіргі әлемдегі негізгі ғылыми парадигмалар: 
ХІХ ғ. ортасындағы этнологияның тәуелсіз ғылыми пән ретінде қалыптасуы. 
Этнос туралы ғылымның қалыптасуына ықпал еткен әлеуметтік-тарихи 
жағдайлар. Эволюциялық бағыттар. Л.Г. Морган, Э. Тайлор, М.М. 
Ковалевский. Ф. Ратцелдің антропогеографиялық әдісі. Этнология 
ғылымындағы диффузионизм және оның әр түрі. Л. Фробениус, Ф. Гребнер, В. 
Шмидт. Құрылымдық-функционалдық бағыт. Б.К. Малиновский, А.-Р. 
Рэдклифф-Браун. Америкалық этнологиядағы психологиялық концепция. А. 
Кардинер, Р. Бенедикт. Релятивистік және постмодерндік концепциялар. 
Көрнекті ғалымдардың еңбектеріндегі жалпы және жеке мәселелер.


21 
Қазіргі қазақстандық ғылыми білімнің өкілдері. Кәсіби саланың 
шетелдік бағыттарының негізгі тенденциялары. Кәсіби мектептер және 
концепциялар. Мамандық саласындағы белгілі ғалымдардың еңбектерінен 
мәтіндер (оқу, аударма, мамандық пәндері бойынша оқу-әдістемелік 
құралдардың материалдары негізінде шетел (ағылшын) тілінде мәтіндердің 
мазмұнын айту). 
Ағылшын тілінің кәсіби пәндермен байланысы 
Мамандық құрылымы және осы құрылымға кіретін пәндердің 
ерекшеліктері. Кәсіби шет (ағылшын) тілінің бакалавриаттың негізгі: 
«Этнологияға кіріспе», «Археология», «Адамзаттың тарихилыққа дейінгі 
эволюциясы» және т.б. пәндерімен байланысы. Арнайы кәсіби-бағытталған 
материал және оны кәсіби қарым-қатынастың берілген жағдайларында 
пайдалану. Кәсіби құзірет: шетел (ағылшын) тілінде арнайы мәтіндерге 
бағдарлану. Кәсіби-бағытталған ағылшын тілінде мамандық тақырыбы 
бойынша оқу, тыңдау, мәтіндерге түсінік беру. Мамандық мәселелеріне 
арналған мәтіндер бойынша шетел тілінде реферат, конспект жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   192




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет