ÆÎҒÀÐÛ ÎҚÓ ÎÐÛÍÄÀÐÛÍÛҢ ҚÀÓÛÌÄÀÑÒÛҒÛ Ø. Ì. Áàғèåâà ²ÑÊÅÐÈ ҚÀÇÀҚ Ҳ˲ Алматы, 2012



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата30.01.2017
өлшемі0,63 Mb.
#3032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

7. Əр сөйлемге 5 сұрақтан қойыңыз. 
1) Кез келген адамның өмірі банкпен тығыз байланысты.
1. .........................................................................
.........................................................................
.........................................................................
.........................................................................
.........................................................................

29
2) Болашақта төлем картасымен есеп айырысу адамдар өмі-
ріндегі қалыпты нəрсеге айналады.
1. .........................................................................
2. .........................................................................
3. .........................................................................
4. .........................................................................
5. .........................................................................

30
ІV АП ТА
1 - са б а қ
Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі
Мамандық, өз ісінің шебері, айналысу, қабілет, таңдау, пікір, еңбек 
нарығы, жұмыс орны, арман, табысқа жету, қызығушылық шешім 
қабылдау.
1. Белгіленген сөздерді жатыс септігіне қойып, сөйлемдерді 
толықтырыңыз.
 
(Қазақстан Республикасы) ................... төлем карталарын 
пайдаланатындардың саны артып келеді. Ертеде (қазақ жері) 
......................... айырбас құралы ретінде тоқты немесе сау лық қой 
пайдаланылған. ХVІІ ғасырда доллар атауы (Еуропа) ................... 
ғана емес, сондай-ақ (Солтүстік Америка) .......................... да 
кеңінен танымал боды. Мамандық (таңдау) ......................... жі бер-
ген қателік адамның табысты өмір сүруіне көп кедергі келтіреді. 
(Жоспарлы экономика) .......................... өндіріс өкіметтің бақы-
лауында болады. 
2. Ілік септігі мен тəуелдік жалғауы арқылы сөз тіркестерін 
жасап, сөйлемдер құраңыз. 
Үлгі: Адам – арман. – Адамның арманы. – Бала кезде кез кел-
ген адамның үлкен арманы болады. 
Оқытушы – пікір, қоғам – сұраныс, оқушы – қабілет, бала – 
қызығушылық, əкем – мамандық, тауар – баға, өнім – сапа, заңды 
тұлға – деректеме, жеке тұлға – құжаттар.
3. Мəтінді оқып, абзац тақырыпшаларының дұрыс ретін та-
быңыз.
1) Мамандық таңдаудағы қателік қоғамға да пайда əкелмейді.
2) Жастарға мамандық таңдаудағы үлкендердің көмегі.
3) Мамандық таңдауда қателеспеу үшін не істеу керек? 

31
4) Болашағыңыз жарқын болсын десеңіз, мамандық таңдауда 
дұрыс шешім қабылдаңыз.
Бүгін дұрыс таңдалған мамандық – ол  ертеңгі табысты 
өмірдің кепілі. Сондықтан, əрбір адам қолынан не келсе, сонымен 
айналысуы керек. Ол өз кəсібінің шебері болуы қажет. Сол кезде 
ғана ол жақсы өмірге қадам жасай алады. 
Бүгінгі таңда жастар өздерінің қабілетін ескермей, өздерінің 
немесе ата-аналарының ойынша беделді, «тəуір» деп саналатын 
мамандықтарды таңдайды. Яғни басқалардың пікірі мен уақыт ша 
амбицияны ғана ескереді. Сол себепті бізде жыл сайын оқу бітіре-
тін заңгерлер мен экономистердің саны артып барады. Ал еңбек 
нарығында көптеген мамандықтар бойынша жұмыс орындары 
бос қалып жатады. Мұның барлығы еңбек нарығындағы сұраныс 
пен ұсыныстың арасындағы теңгерімнің бұзылуына əкеп соғуда.
Болашақ мамандық таңдау кезінде мұндай келеңсіз жағдай-
лардың алдын алу үшін жас азаматтың аңсаған арманы мен шы-
найы қажеттіліктерін басшылыққа ала отырып, тұлғаның ерек-
ше ліктері мен қандай нəрсеге икемді екендігін ескеріп қадам 
жасаған дұрыс. «Қандай мамандық таңдағаным дұрыс?» деген 
сұраққа əлемдегі табысқа жеткен адамдардың барлығы шамамен 
бірдей жауап береді: «Өзіңізге не лайық, сонымен айналысыңыз, 
тек өзіңіздің көңіліңіз қалайтын нəрсемен шұғылданыңыз. Сонда 
ғана жетістікке жетесіз!».
Əрбір жас азамат ерте жастан-ақ өмірдің қандай да болмасын 
бір саласына қызығушылық таныта бастайды. Жасөспірімдік 
кезеңде бұл қызығушылық профильдік жəне соған сабақтас пəн-
дерді таңдау арқылы, мектептен тыс қызығушылықтары арқылы 
жүзеге асып жатады. Ал, ата-ананың міндеті – кезінде өзі қол 
жет кізе алмай, арманына айналған мамандықты баласына күштеп 
таңу емес, қайта балаға өз биігін тануға көмек көрсету болып 
табы лады. 
4. Мəтін бойынша берілген сөйлемге мағынасы сəйкес сөй-
лемді табыңыз. 
1) Бүгін дұрыс таңдалған мамандық – ол  ертеңгі табысты 
өмірдің кепілі.
А) Бүгін дұрыс мамандық таңадамасаңыз, ертең өмірлік та-
быс қа жеткізетін мамандық табасыз. 

32
Ə) Қазір мамандықты дұрыс таңдасаң, болашағың жарқын бо-
лады.
Б) Бүгін дұрыс табыс таңда, ертең жақсы мамандық табасың.
2) Бүгінгі таңда жастар өздерінің қабілетін ескермей, өзде-
рінің немесе ата-аналарының ойынша беделді, «тəуір» деп са-
налатын мамандықтарды таңдайды.
А) Бүгінгі жастардың қабілеттері ескерілмейді, олар өз ата-
аналарының ойынша беделді, мамандықтарын дұрыс таңдаған.
Ə) Бүгінгі таңда жастар өз қабілеттерін бағаламайды, ата-
аналары болса, оларды беделді, «тəуір» деп санайды. 
Б) Қазіргі жастар мамандық таңдағанда, мамандықтың өз-
деріне лайық, лайық емес екенін ескермей, басқалардың пікіріне 
сүйенеді.
3) Мамандық таңдауда басқалардың пікірі мен уақытша 
амбицияны ғана ескеру нəтижесінде жыл сайын оқу бітіретін 
заңгерлер мен экономистердің саны артып барады.
А) Мамандықты дұрыс таңдамау нəтижесінде қазір заңгерлер 
мен экономистердің саны көп.
Ə) Басқалардың пікірі мен уақытша амбицияны еске-
ру керек, өйткені бізде жыл сайын оқу бітіретін заңгерлер мен 
экономистердің саны артып барады.
Б) Мамандық таңдауда басқалардың пікірі мен уақытша амби-
цияны да жəне заңгерлер мен экономистердің саны көп екенін де 
ескеру керек.
4) Болашақ мамандықты дұрыс таңдау үшін, жас азамат-
тың арманы мен қажеттіліктерін басшылыққа ала отырып, 
тұлғаның ерекшеліктері мен қандай нəрсеге икемді екендігін 
ескеру керек.
А) Болашақ мамандықты таңдауда қателеспеу үшін, тұлғаның 
арманы мен қажеттіліктерін ғана басшылыққа алып, оның 
ерекшеліктері мен қандай нəрсеге икемді екеніне назар аудармау 
керек.
Ə) Болашақ мамандықты таңдауда қателеспеу үшін, жас аза-
маттың ниет-тілегі мен сұраныстарын басшылыққа ала отырып, 
оның қабілеттерін ескеру керек.

33
Б) Болашақ мамандықты дұрыс таңдау үшін, жас азаматтың 
арманы мен қажеттіліктерін басшылыққа алмай-ақ, тұлғаның 
ерекшеліктері мен қандай нəрсеге икемді екендігін ескеру керек.
5) Тек өзіңіздің көңіліңіз қалайтын нəрсемен шұғыл даны-
ңыз, сонда ғана жетістікке жетесіз.
А) Тек өзіңіздің көңіліңіз қаламайтын нəрсемен шұғылда ны-
ңыз, сонда ғана жетістікке жетесіз.
Ə) Тек өзгелердің көңілі қалайтын нəрсемен шұғылданыңыз, 
сонда ғана табысқа жетесіз.
Б) Өз көңіліңіз қалайтын нəрсемен шұғылдану – табысқа 
жетудің кепілі.
5.  Төмендегі сұрақтар бойынша «Мамандық таңдау – 
қиын іс» деген тақырыпта əңгімелеңіз.
- Сізге өз мамандығыңыз ұнай ма?
- Мамандық таңдауда сізге кім көмектесті?
- Мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдадым деп ойлай-
сыз ба?
2 - са б а қ
Жұмысқа орналасу
Жұмысқа орналасу, жұмыс беруші, үміткер, түйіндеме еңбек өті-
лі, түйіндеме, еңбек тəжірибесі, əуестенетін іс, жеке қасиеттер, же ке 
мəліметтер, ғылыми дəрежесі, ғылыми атағы, отбасы жағдайы, үй-
лен ген, үйленбеген, тұрмыста, тұрмыста жоқ, ажырасқан, компью-
тер лік  дағды.
1. Берілген сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз.
1) жұмыс берушінің  
а) қалдырыңыз     
2) үміткермен  
 
ə) сұрау
3) қызметкердің    
б) сұрақтары
4) түйіндемеңізді   
в) сұхбаттасу
5) хабарландыру    
г) еңбек өтілі 
6) еңбек тəжірибесін 
ғ) мүмкін
7) созылуы  
 
д) бойынша               
3-742

34
2. Ілік септігінің дұрыс қолданысын табыңыз. Дұрыс емес 
нұс қаны  сызыңыз.
Үлгі: Теңгенің/теңге қандай номиналдары бар? – Теңгенің 
қандай номиналдары бар?
Үміткерлердің/үміткерлер түйіндемесімен таныстық. Жас 
кезінен əр баланың/бала белгілі бір салаға деген қызығушылығы 
байқалады. Осы аптада доллардың/доллар бағамы көтерілді. 
Банктің/банк қызметкері депозит ашудың шарттарын түсіндіріп 
берді. Жұмыста жеке басыңыздың/жеке басыңыз мəселелерін 
талқылау дұрыс па? Өнімнің/өнім сапасын арттыру біздің ең ба-
сты міндетіміз. 
3. Берілген сөйлемдерді керекті сөздермен толықтырыңыз. 
Керек сөздер: жеке қасиеттері, алаңдамаңыз, мақсатшыл дық, 
жеке басыңызға қатысты, қам жасау, тəртіп сүйгіштігіңіз, қы 
-
зықтыратынын, жеке мəліметтеріңізді, тура келді, жұмысқа тұр-
ғы ңыз, əуестенетін ісім. 
1. Маған сіздің ........................... ұнап отыр. 2. ............................. 
қандай мəліметтер бересіз? 3. Жақсы жұмыс табуға ертерек 
.............................. керек. 4. Сұхбаттасуда отырғанда бас қа шаруа-
ларыңызды ойлап, ............................. . 5. Болашақ маман ды ғыңызды 
дұрыс таңдау үшін, өзіңізді .......................... істерді анықтаңыз. 
6. Кез келген табысқа жеткісі келетін адамда ........................... бо-
луы керек. 7. Өзіңіз туралы ........................... де беруіңіз қажет. 
8. Түйін 
демеде үміткердің .............................. көрсетіледі. 
9. Менің ............................ – ұлттық киімдер жинау. 10. Сұхбаттасуға 
ке шік пеу үшін, үйден ерте шығуыма ............................. 11. Сіздің 
біздің компанияға .......................... келе ме?
4. Сұхбатты оқып, жаңа сөздердің қолданылуына назар ауда-
рыңыз. 
- Сəлеметсіз бе?!
- Сəлемесіз бе?!
- Кіруге бола ма?
- Кіріңіз.

35
- Мен хабарландыру бойынша келіп едім. Сіздерде бос 
орындар бар екен.
- Иə, бос орындар бар. Сіздің мамандығыңыз кім?
- Менің мамандығым – есепші.
- Еңбек өтіліңіз қанша жыл?
- Еңбек өтілім – 3 жыл. 
- Түйіндемеңізді əкелдіңіз бе?
- Иə, түйіндемем бар. 
- Түйіндемеңізді қалдырыңыз. Сейсенбі күні сағат онда сұх-
баттасу өткіземіз. Сұхбаттасудан  өтсеңіз жұмысқа қабылдай-
мыз. 
- Рақмет сізге, сау болыңыз!
- Оқасы жоқ, сау болыңыз!
қалдырыңыз – оставьте 
хабарландыру – объявление 
сұхбаттасу – собеседование
5. Мəтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. 
Мейлі сұраныс жоғары мамандық иесі болыңыз, мейлі өз 
ісіңіздің нағыз шебері болыңыз, жұмысқа тұру үшін, жұмыс бе-
рушімен сұхбаттасуға баруыңызға тура келеді. Жұмыс беруші -
мен сұхбаттан сəтті өту үшін, мамандардың кеңесін ескермеуге 
бол майды. Олардың айтуынша, жұмыс берушінің алды на дай-
ындықсыз баруға болмайды. Жұмыс берушімен сұхбатқа тө мен-
дегі бағыттар бойынша дайындалып бару қажет. 
1. Өзіңіз баратын мекеме туралы мейлінше көп ақпарат 
жинаңыз.
2. Өзіңізбен бірге түйіндемеңізді, диплом, біліктілігіңізді рас-
тайтын куəлік, сертификат сияқты құжаттарыңызды ала барыңыз. 
3. Мекемеге баруға кететін уақытты есептеп, кешікпеуге қам 
жасаңыз. Мекемеге ертерек барсаңыз, мекемемен танысып, оны 
жақсырақ білуге мүмкіндігіңіз болады.
4. Уақытты жоспарлағанда, сұхбаттасуға көбірек уақыт бөлі-
ңіз. Сұхбаттасу созылған жағдайда бір жерге кешігемін-ау деп 
алаңдамайтын боласыз.
5. Іскерлік стильде немесе өзіңіз баратын мекеме қызметіне 
сай киініңіз.

36
6. Өзіңізге қойылып қалады-ау деген кəсіби сұрақтар мен жеке 
басыңызға байланысты сұрақтарға жауап дайындаңыз.
7. Еңбекақы төлеу мəселесін талқылауды ойластырыңыз.
8. Өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды дайындаңыз. Өйткені 
жұмыс беруші үшін оның өз сұрақтарына жауап алғанынан гөрі 
сіздің оған қоятын сұрақтарыңыз маңыздырақ болады. 
тура келеді – приходится 
алаңдамайсыз – не будете беспокоиться 
жеке басыңызға қатысты – касающийся вашей личности 
кешікпеуге қам жасаңыз – позаботтесь чтобы не опоздать 
қызықтыратын – интересующий
6. Түйіндемемен танысып, өз түйіндемеңізді жазыңыз. 
Түйіндеме
1. Жеке мəліметтері   Ахметова Айша Мұратқызы
Туған күні, айы, жылы:    
14 мамыр 1983 ж.
Ұлты:                      
 
қазақ.
Мекенжайы:                
 
Айнабулақ-1, д. 19 кв.5 
Телефоны:                 
 
+77017578755   294-94-68
Отбасылық жағдайы:         
тұрмыс құрмаған
2. Білімі    
 
2000-2004 - əл-Фараби атындағы 
 
   Қазақ 
ұлттық 
университеті,
 
   факультеті: 
Филология
3. Ғылыми атағы   
филология ғылымдарының 
                    
 
кандидаты
4. Еңбек тəжірибесі   
2009-2012 - «ҚазТрансГаз-
                     
 
Алматы» АҚ
      
 
 
Мемлекеттік тілді дамыту 
                     
 
қызметі,
               
 
 
Оқытушы - аудармашы 
             
 
 
2007-2009 - əл-Фараби атындағы            
               
 
 
Қазақ ұлттық университеті,         
              
 
 
оқытушы 

37
5. Компьтерлік       
Microsoft offi ce: Word, Excel, 
    дағдылары          
Power Point, Internet. 
6. Тілдерді меңгеруі    
Қазақ тілі – ана тілі, орыс тілі – 
                     
 
еркін, ағылшын тілі – базалық.
7. Жеке қасиеттері   
мақсатшылдық, тəртіп сүйгіштік, 
                     
 
коммуникабельділік.
8. Əуестенетін ісі    
театр, музыка.
9. Мақсаты            
кəсіби біліктілігін көтеретін, 
                     
 
қызықты жұмыс табу.
аудармашы – переводчик
мақсатшылдық – целеустремленность
тəртіп сүйгіштік – дисциплинированность 
3 - са б а қ
Менің жұмыс орным
Жұмыс орны, білікті маман, таныту, іскери бет-бейне, жеке қа-
сиет тер, кеңес, байқау, біліктілік, қадағалау, іскер адам, жағымды əсер 
қалдыру, жағымсыз əсер қалдыру, жұмыс барысы, айналаңыздағылар.
1. Берілген сөздермен сөз тіркесін жасаңыз. 
1) жағымды əсер    
а) басылым
2) білікті маман    
ə) қасиеттер
4) іскери    
 
в) ретінде
5) жеке  
 
 
г) қалдыру 
6) мерзімді  
 
ғ) бет-бейне
2. Сөйлемдерді дұрыс құраңыз.
1. Тырысамын, уақытымды, бостан-босқа, мен, өткізбеуге. 
...................................................................................
2. Керегін, қаптаған, дереу, қағаздың, Дарын, алды, арасынан, 
тауып. 
...................................................................................

38
3. Жаңа, біртіндеп, жұмысына, үйрене, Сəбит, бастады. 
...................................................................................
4. Жұмыстарын, ақырын, ол, жүріп-ақ, барлық, бітіреді. 
...................................................................................
5. Сізбен, кім, кабинетте, отырады, бірге, тағы? 
...................................................................................
6. Кофе, жұмыстың, сіз, екенсіз, бұрынғыша, алдында ішеді.
..................................................................................
3. Сөйлемдерді керекті сөздермен толықтырыңыз. 
Керекті сөздер: ішінде, үсті, жағымда, қасында, артынан
Кабинетке бастықтың ....................... тағы екі қызметкер кір ді. 
Үстелдің ....................... қағаздан көрінбейді. Менің сол ................. 
бас маман отырады. Керекті құжаттарың папканың ................. 
тұр. Бастықтың ....................... оның орынбасары, тағы бір-екі 
қызметкер отыр.
4. Көмекші есімдерге қажетті жалғауларды жалғап, сөйлемді 
толықтырыңыз.
Дипломың мен сертификаттарыңды портфеліңнің (іші) 
.................. сал 
дым. Олардың офистері Халық банкінің (жа 
ны) 
....................орналасқан. Құпия құжаттар сейфтің (іші) .................... 
сақ талады. Біздің ұжым демалыс күндері қала (сырты) ................... 
демалғанды ұнатады. Қағазыңыз үстелдің (асты) ................... түсіп 
кетті. Бөлім бастығының (арты) ..................... отыр ған кім?
5. Берілген тақырыпшаларды мəтіннің мазмұндалу ретімен 
орналастырыңыз.
А) Мерзімді басылымдар мен кəсіби біліктілік
Ə) Жұмыс барысын қадағалап отырудың маңызы
Б) Жұмыс орныңыз – сіздің іскери бет-бейнеңіздің айнасы
В) Сіздің жеке қасиеттеріңіздің көрінісі 
Г) Іскери əлемдегі сіздің ұраныңыз.
Жұмыс орныңызға қарап ...
1) Кез келген жұмыс беруші өз қызметкерінің жұмыс орнына 
мəн береді. Өйткені қызметкердің жұмыс орнынан оның іскери 

39
бет-бейнесін байқауға болады. Сондықтан айналаңыздағыларға 
өзіңізді білікті маман ретінде танытқыңыз келсе, келесі кеңестерге 
құлақ түріңіз. 
2) Біріншіден, сіздің жұмыс кабинетіңізді немесе отыратын 
орныңызды көрген адамның сіздің кəсіби біліктілігіңізді неден 
байқайтынын ойланыңыз. Əрине, үстеліңіздің үстіндегі қаптаған 
қағаз сізді өз ісінің білгірі етіп көрсетпесі анық. Сонда, бұл не 
болғаны? Сіздің біліктілігіңізден хабар беретін бірден-бір құрал 
– бұл сіздің мамандығыңыз бойынша шығатын мерзімді басы-
лым немесе əдебиет. Бұлар сіздің өз салаңызға байланысты соңғы 
жаңалықтарды біліп отыратыныңызды білдіреді. Ал, керісінше, 
газет-журналдар мен əдебиеттердің жиналып қалуы сіздің 
олардың бетін ашпайтыныңызды байқатуы мүмкін. Сондықтан 
үстеліңіздің үстіне оқымайтын газет-журналдар мен кітаптарды 
жинап қоюдан аулақ болыңыз. 
3) Келесі ескеретін нəрсе – əрқашан жұмыс барысын қадағалап 
отыратыныңызды байқату. Мұны үстеліңіздің үстінде елеусіз 
жатқан күнделігіңіз бен мониторға жапсырған екі-үш стикер 
арқылы көрсетуге болады. 
4) Қабырғаға ілінген классиктердің немесе белгілі тұлғалардың 
қанатты сөздері де сіздің іскерлік бет-бейнеңізді айқындауға 
көмектеседі. Қанатты сөздердің мазмұны сізге ұран болатындай 
болуы тиіс. Басшыңызбен түсініспеушілік туындамас үшін, бас-
шы туралы айтылған қанатты сөздерден аулақ болғаныңыз дұрыс. 
5) Айналағыңыздағылар сіздің іскери бет-бейнеңізбен қатар 
жеке қасиеттеріңізді де танығаны жөн. Сондықтан жұмыс 
орныңызда жеке-дара қасиеттеріңізді көрсететін экзотикалық 
заттарды (сувенир, бөлме өсімдіктері жəне т.б.) дұрыс орнала-
стыра білсеңіз, олар да сіз туралы жағымды əсер қалдыруы сөзсіз. 
қаптаған қағаз – много бумаг или кипа бумаг 
бетін ашпау – не открывать ни одну страницу, не читать 
айқындауға көмектеседі – поможет определить 
жапсырған – приклеить 
аулақ болғаныңыз дұрыс – держаться подальше 
қанатты сөздер – крылатые выражения 
ұран – девиз 

40
4. Берілген сөйлемдерге мағынасы сəйкес келетін сөйлемдерді 
табыңыз. 
1) Кез келген жұмыс беруші өз қызметкерінің жұмыс ор-
нына мəн береді.
А) Əрбір басшы өз қызметкерлеріне жұмыс орнын береді.
Ə) Кез келген қызметкер өз орнын жұмыс берушіге көрсетеді.
Б) Əрбір басшы өз қызметкерлерінің жұмыс орнынан көп нəр-
сені байқайды. 
2) Үстеліңіздің үстіндегі қаптаған қағаз сіздің кəсіби білік-
тілігіңізді көрсетпейді.
А) Үстеліңіздің үстіндегі көп қағаз сіздің жетістіктеріңізді 
көрсетпейді.
Ə) Үстеліңіздің үстіндегі көп қағаз сіздің өз ісіңіздің білгірі 
екеніңіздің көрсеткіші емес.
Б) Үстеліңіздің үстіндегі мерзімді басылымдар сіздің кəсіби 
біліктілігіңізді байқатпайды.
3) Үстеліңіздің үстінде жатқан сіздің салаңызға қатысты 
газет-журналдар сіздің білікті маман екеніңізді танытуы 
мүмкін.
А) Үстеліңіздің үстінде жатқан сіздің мамандығыңызға қа-
тысты мерзімді басылымдар сіздің білікті маман екеніңізді бай-
қатуы мүмкін.
Ə) Үстеліңіздің үстінде жатқан сіздің салаңызға қатысты мер-
зімді басылымдар сіздің білікті қызметкер екеніңізді байқат пауы 
мүмкін.
Б) Үстеліңіздің астында жатқан сіздің салаңызға қатысты 
газет-журналдар сіздің білікті маман екеніңізді көрсетпейді.
4) Үстелдің үстінде газет-журналдар мен əдебиеттердің 
жиналып қалуы сіздің білікті маман екеніңізді көрсетпейді. 
А) Үстелдің үстінде газет-журналдар мен əдебиеттердің көп 
болуы сіздің білікті маман екеніңізді білдіреді.
Ə) Үстелдің үстінде газет-журналдар мен əдебиеттердің көп 
болуы сіздің білікті маман екеніңізді білдірмейді. 
Б) Үстелдің астында мерзімді басылымдар мен əдебиеттердің 
жиналып қалуы сіздің білікті маман екеніңізді білдірмейді. 

41
5) Белгілі тұлғалардың қанатты сөздері сіздің іскерлік бет-
бей неңізді айқындауға көмектеседі.
А) Белгілі адамдардың қанатты сөздері сіздің іскерлік бет-
бейнеңізді көрсетеді. 
Ə) Атақты адамдардың қанатты сөздері сіздің іскерлік бет-
бейнеңізді білдірмейді.
Б) Бастығыңыздың сөздері сіздің іскерлік бет-бейнеңізді 
айқындауға көмектеседі.
6) Айналаңыздағылар үшін сіздің жеке қасиеттеріңізді білу 
де маңызды.
А) Қасыңыздағы адамдар үшін сіздің іскерлік қасиеттеріңізді 
білу маңызды.
Ə) Тұтынушыларға сіздің жеке қасиеттеріңізді білу керек.
Б) Қасыңыздағы адамдар үшін сіздің жеке қасиеттеріңізді 
білу маңызды.
5. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қызметкердің жұмыс орнынан нені байқауға болады?
2. Сіздің біліктілігіңізден хабар беретін бірден-бір құрал не?
3. Үстеліңіздің үстіне нені жинап қоюдан аулақ болыңыз?
4. Қанатты сөздердің мазмұны қандай болуы тиіс?
5. Жеке-дара қасиеттеріңізді көрсететін экзотикалық заттарды 
қайда дұрыс орналастыра білу керек?

42

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет