ÆÎҒÀÐÛ ÎҚÓ ÎÐÛÍÄÀÐÛÍÛҢ ҚÀÓÛÌÄÀÑÒÛҒÛ Ø. Ì. Áàғèåâà ²ÑÊÅÐÈ ҚÀÇÀҚ Ҳ˲ Алматы, 2012



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата30.01.2017
өлшемі0,63 Mb.
#3032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

V АП ТА 
1 - са б а қ
Іскер адамның жұмыс күнін жоспарлауы
Жұмыс күні, жоспарлау, нəтижелі, орындау мерзімі, жұмыс күнінің 
басы, жұмыс күнінің соңы, көрсету, көрсетілген, қолайлы, бөлік, бел-
гілеу, белгіленген, тапсырма, жоспарланған, жоспарланбаған.
1. Берілген сөздермен сөз тіркесін жасап, сөйлемдер құраңыз. 
1) жоспарланбаған  
а) көрсетілген
2) жұмыс күнінің   
ə) түрде
3) мерзімі   
 
б) нəтижелі
4) міндетті  
 
в) басы
5) жоспар   
 
г) жұмыс
6) жұмысы  
 
ғ) құру
2. Етістіктерді жедел өткен шақ формасына қойып, сөйлем-
дерді толықтырыңыз.
 
Мен жұмысқа кеше (шығу) ...................... . Ол жақсы жұмысқа 
(орналасу) ................... . Сіз жұмысқа неге (кешігу) .................. ? 
Сен бүгін жұмысқа сағат нешеде (келу) ...................... ? Сіздер 
бүгінге қанша жұмыс (жоспарлау) ...................... ? Сендер қай бан-
ктен несие (алу) ...................... . Олар бастықтың тапсырмаларын 
(орындау) ...................... . 
3. Сұрақтарға болымсыз формада жауап беріңіз.
Үлгі: Сіз бүгінгі жұмыс күніңізді жоспарладыңыз ба? – Жоқ, 
мен бүгінгі жұмыс күнімді жоспарламадым.
Сіз кеше жұмыс берушімен сұхбаттасуға бардыңыз ба?
Сіз банктен несие алдыңыз ба?
Сіз жаңа қызметкермен таныстыңыз ба?
Сіз оның жаңа жұмыс орнын көрдіңіз бе?
Сіз кеше есепшот аштың ба?

43
4. Берілген сұрақтарды мəтіннің баяндалу ретімен орналас-
ты рып, жауап беріңіз.
А) Жұмыстарды маңыздылық дəрежесіне қарай қаншаға бөлу 
керек?
Ə) Жоспарланған жұмыстың міндетті түрде қаншасы орын-
далады?
Б) Уақытты үнемдеуге не көмектеседі?
В) Жұмыс уақытын жоспарлаудың қандай қағидалары бар?
Г) Аса маңызды жұмыстарға қандай жұмыстар жатады?
Кез келген іскер адам үшін жұмысының жүруі, нəтижелі бо-
луы оның жұмысын қалай жоспарлайтынына байланысты. Жұ-
мыстың дұрыс жоспарлануы көп жағдайда уақытты үнемдеуге 
көмектеседі. Мəселен, сіздің жұмыс күнін жоспарлауға кеткен 
10 минутыңыз жұмыс күніңіздің 2 сағатын үнемдейді екен. Олай 
болса, жұмыс уақытын жоспарлаудың басты қағидаларымен та-
нысып көрейік.
▪ Алдымен жоспарлаудың оңтайлы жолдарын анықтап алы-
ңыз. Жоспар қысқа əрі анық болғаны дұрыс. Ұзақ жоспар дайын-
дау көп уақытыңызды алуы мүмкін. 
▪ Əр тапсырманың нақты əрі шынайы орындалу мерзімін 
көрсетіңіз.
▪ Əр жұмыстың маңыздылық дəрежесін анықтаңыз.
▪ Жұмыс уақытыңыздың тек 60%-ын ғана жоспарлаңыз, 
кездейсоқ туындайтын жұмыстарға 20%-ын, ал қалған 20%-ын 
жоспарланбаған істерге қалдырыңыз. 
Жұмыстарыңызды маңыздылық дəрежесіне қарай үшке бөлі-
ңіз: аса маңызды, маңыздылығы орташа жəне қалғандары. 
Аса маңызды жұмыстарға жататындар:
- орындау мерзімі белгіленген жұмыстар;  
- көп күш пен уақытты қажет ететін стратегиялық міндеттер;
- орындалуы сіз үшін қиындықтар тудыратын жұмыстар.
Маңыздылығы орташа жұмыстарды сіздің күнделікті қайта-
ланып отыратын міндеттеріңіз бен жұмыстарыңыз құрайды. 
Қалғандарына орындалмай қалса да, сіз үшін жағымсыз сал-
дары болмайтын істер жатады. 
Жоспарланған істің міндетті түрде 50%-ының орындалаты-
нын ұмытпаңыз. Олай болса, іске сəт!

44
қағида – принцип 
оңтайлы жолдары – оптимальные способы
шынайы – реальный 
маңыздылық дəрежесі – степень важности 
кездейсоқ туындайтын жұмыстар – спонтанные дела 
қиындық тудыратын жұмыстар – сложные дела 
күнделікті қайталанып отыратын – повседневные; повторяющие каждый 
день 
5. Мəтін бойынша берілген ақпараттың дұрыс, бұрыстығын 
анықтаңыз.
 
Сөйлемдер
Дұрыс
Бұрыс 
1. Кез келген іскер адамның жұ-
мысқа орналасуы жұмысын қа-
лай жоспарлайтынына байланыс -
ты.
2. Уақытты үнемдегіңіз келсе, 
жұмысыңызды жоспарлаңыз.
3. Он минутыңызды жұмысы-
ңызды жоспарлауға арнасаңыз, 
жұ мысыңызды екі сағат ерте 
бітіресіз. 
4. Ұзақ жоспар дайындау көп уа-
қы тыңызды алмайды. 
5. Əр тапсырманың орындалу 
мер зімін жазып қойыңыз.
6. Жоспарланбаған жұмыстарға 
уақытыңыздың 60%-ын арнаңыз.
7. Орындау мерзімі көрсетілген 
жұмыстар аса маңызды жұмыс-
тарға жатады. 
8. Күнделікті қайталанып отыра-
тын жұмыстар да аса маңызды 
жұ мыстар. 
9. Көп уақытты қажет ететін 
жұ мыстар маңызды жұмыстар 
емес.
10. Жоспарланған жұмыстың 
жар тысы жүзеге асады. 

45
6. Мəтінді керекті сөздермен толықтырыңыз.
Керек сөздер: жайсыз жұмыстарды, аса маңызды, орын дал-
маған істерді, жұмыс күнінің соңына, келесі істі.
Жұмыс күнін жоспарлауға арналған ақыл-кеңестер
▪ Бір күнге үштен артық ....................... іс жоспарламаңыз. 
▪ Аса маңызды, қиын немесе ......................... күннің өзіңізге 
қолайлы бөлігіне қойыңыз. 
▪ Жаныңыз рақаттанатын жұмыстарды ........................ қойы-
ңыз.
▪ Бір істі аяқтамай, ........................ бастамаңыз.
.......................... келесі күннің жоспарына жазыңыз.
7. Берілген жауаптардың біреуін таңдай отырып, өз жұмыс 
күніңіз туралы əңгімелеңіз. 
1. Сіз жұмысқа уақытында келесіз бе əлде, ертерек келесіз бе?
- Уақытында келем.
- Ертерек келем. +
- Əрқалай келем.
2. Сіздің жұмыстың алдында кофе ішесіз бе əлде ішпейсіз бе?
- Иə, кофе ішемін. 
- Иə, кейде ішемін.
- Жоқ, кофе ішпеймін. +
3. Жұмыс күнінің бірінші бөлігін қандай жұмыстардан ба-
стайсыз əлде əр күні əрқалай ма?
- Қиын жұмыстардан бастаймын.
- Оңай жұмыстардан бастаймын. 
- Əр күні əрқалай. +
4. Түскі үзілісте тамақтануға шығасыз ба? Қайда барасыз?
- Иə, кафеге немесе асханаға барамын. +
- Жоқ, кабинетте тамақтанамын. 
- Үйіме барамын. 
5. Сіз жұмыс күніңізді үнемі жоспарлайсыз ба?
- Иə, үнемі жоспарлаймын. +

46
- Кейде жоспарлаймын. 
- Жоқ, жоспарламаймын. 
6. Жұмыс аптасын жоспарлау əдетіңіз бар ма?
- Иə, жоспарлаймын. 
- Кейде жоспарлаймын. +
- Жоқ, жоспарламаймын. 
7. Жұмыс күнінің соңында жұмыстарыңызды бітіресіз бе?
- Иə, бітіремін. +
- Кейде жұмыстарым бітпейді, келесі күнге қалдырамын.
- Жоқ, жұмыстарым бітпейді.
8. Жұмыс күнінің соңында шаршайсыз ба?
- Иə, қатты шаршаймын.
- Кейде шаршаймын. +
- Жоқ, шаршамаймын.
9. Жұмыстан кейін үйге қайтасыз ба əлде тағы бір жерге бара-
сыз ба?
- Иə, үйге қайтамын.
- Кейде бір жерге барамын. +
- Жоқ, бір жерге барамын.
10. Уақытымды тиімді пайдалана аламын деп ойлайсыз ба?
- Иə, тиімді пайдаланамын.
- Тиімді пайдаланатын сияқтымын. +
- Жоқ, тиімді пайдалана алмаймын.
Үлгі:
Менің жұмыс күнім
Мен жұмысқа ертерек келемін. Үйде таңғы ас ішемін, сон-
дықтан таңертең жұмыста кофе ішпеймін. Қиын жұмыстарды 
кейде бірінші бітіремін, ал кейде оңай жұмыстардан бастаймын. 
Түскі үзілісте асханада тамақтанамын. Жұмыс күнімді үнемі 
жоспарлауға тырысамын. Кейде жұмыс көп болса, жұмыс аптам-
ды жоспарлаймын. Жұмыс күнінің соңына дейін жұмыстарымды 
бітіруге тырысамын. Жұмыс күнінің соңында кейде шаршай-

47
мын. Қазір жұмыс күнінің соңында аптасына үш рет ағылшын 
тілінің курсына барамын. Қалған күндері жұмыстан кейін үйге 
қайтамын. Менің ойымша, мен уақытымды тиімді пайдалана ала-
мын.
2 - са б а қ
Іскер адамның жұмыс аптасын жоспарлауы
Жұмыс аптасы, əріптес, орынбасар, күнделік, міндетті түрде, бас-
тық тың қабылдауы, хат жазысу, түскі үзіліс, электронды пошта, тек-
серу, мəжіліс, талқылау, азаматтарды қабылдау.
1. Етістіктерді бұрынғы өткен шаққа қойып, сөйлемді то-
лық тырыңыз.
Ол осы аптада жұмыс көп болмайды деп (ойлау) ................ . 
Сіз өз қызметіңізді қатардағы менеджер болудан (бастау екен) 
....................... . Біз бизнесімізді сүт өнімдерін өндірумен (бастау) 
....................... . Сіз маған бұл мəселе туралы (айтпау) ....................... 
. Дəстүрлі экономика инновацияға (негізделмеу) ....................... . 
Сіздер маған өткен аптада (телефон соғу) ....................... . 
2. Берілген етістіктермен ырықсыз етіс формасын жасаңыз. 
Үлгі: Жоспарлау – жоспарланады.
Жоспарлау, орындау, өткізу, үнемдеу, белгілеу, бөлу, көрсету, 
жүзеге асыру, тапсыру.
3. Баяндауыштары ырықсыз етіс формасындағы сөйлем-
дерді белгілеңіз. 
1. Мен жұмыс күнімді жоспарладым. 
2. Компанияның жылдық жоспары жасалды.
3. Кеңестің кезекті мəжілісі өткізілді. 
4. Құжаттарға қол қойды.
5. Бастық Дарынның өтінішіне қол қойды. 
6. Тапсырманы орындау мерзімі көрсетілмеді. 
7. Бүгін жиналыс өткізу жоспарланбаған 

48
8. Жанардың жоспары жүзеге асырылмады. 
9. Бастық біздің жұмысымызды қадағаламады. 
10. Директор бұл шаруаны орынбасарына тапсырған. 
11. Өткен аптада қызметкерлермен сауалнама жүргізілген. 
12. Бізге жұмысты уақытында орындамаудың жайсыз салдар-
лары болатыны айтылған жоқ.  
4. Берілген сұрақтарға толық жəне қысқа түрде болымды 
жа уап  беріңіз. 
Үлгі: Сіз уақытыңызды үнемдейсіз бе?
         1) Иə, мен уақытымды үнемдеймін.
         2) Иə, үнемдеймін.
1. Сіз жұмыс аптасын жоспарлайсыз ба?
1) .......................................................................
2) .......................................................................
2. Бүгін маңызды шаруларың бар ма?
1) .......................................................................
2) .......................................................................
3. Ертеңгі күннің жоспарын құрдың ба?
1) .......................................................................
2) .......................................................................
4. Жоспарыңды бастыққа көрсеттің бе?
1) .......................................................................
2) .......................................................................
5. Сізге көрсетілген уақыт қолайлы ма?
1) .......................................................................
2) .......................................................................
6. Жоспарды екіге бөлдің бе?
1) .......................................................................
2) .......................................................................
7. Жұмыс күніңнің екінші бөлігі бос бола ма?
1) .......................................................................
2) .......................................................................

49
5. Берілген сұхбаттарды оқып, жаңа сөздердің қолданылуына 
назар аударыңыз.
А)
- Сəлем! 
- Сəлем!
- Жұмыстасың ба?
- Иə, жұмыстамын.
- Жұмыстан қашан шығасың?
- Білмеймін. Жұмыс көп. Жылдық жоспар дайындап жатыр-
мыз.
- Мұндай жұмыстарды жұмыс күнінің бірінші бөлігінде бі тір-
мейсіңдер ме?
- Жоспармен отырғанымызға үш күн болды. Бастық қабыл-
дамай жатыр.
- Бүгін аптаның соңы болған соң, сені жұмыстан кейін бір 
жерге шақырайын деп едім.
- Ренжіме. Мен бүгін жоспарды бітірмей кетпеймін. Жұмыстан 
кеш шығатын шығармын.
- Жақсы. Іске сəт! Жоспарыңды бітірген соң хабарлас, саған 
қолайлы уақытта кездесейік.
- Жақсы, сау бол!
- Сау бол!
Ə)
- Жанар, бастық маған əдейі көп тапсырма беретін сияқты?
- Неге олай ойлайсың?
- Жұмыс күнінің соңында неге сендердің жұмыстарың бітеді, 
ал менің жұмысым бітпейді.
- Жоқ, кейде мен де бүгінгі жұмыстарымды ертеңге қал ды-
рамын.
- Бірақ бүгін сен жұмыстарыңды бітірдің ғой, ал мен əлі отыр-
мын.
- Сен жұмыс күніңді жоспарлайсың ба?
- Жоқ. Оны қалай жоспарлау керек?
4-742

50
- Күнделігің қайда? 
- Мұнда.
- Кел, мен саған жұмыс күнін жоспарлауды үйретейін.
- Оның керегі қанша?
- Жұмысыңды жоспарлап отырсаң, уақытыңды үнемдейсің.
- Онда үйренейін.
6. Мəтінді керекті сөздермен толықтырыңыз.
Керек сөздер: аптаның басына, жоспарланбаған істерге, мін-
детті түрде, шаруаларыңыздың, арнайы күнделікте, хат жазысу.
Жұмыс аптасын жоспарлауға арналған ақыл-кеңестер
▪ Жұмыс аптаңызды апта күндеріне бөлінген ................... жос-
парлаңыз.
▪ Аса маңызды жұмыстарыңызды .......................... қойыңыз 
жəне олардың саны оннан көп болмауы керек.
▪ Барлық ........................ орындалу мерзімін көрсетіңіз.
▪ Жұмыстарыңызды құжаттар дайындау, ........................., мəжі-
лістер деп бөліңіз.
▪ Əрқашан кездейсоқ, ....................... уақыт қалдырыңыз. 
     Жұмыс барысында ондай шаруалар ...................... болады.  
7. Берілген үлгі бойынша жұмыс аптаңыздың жоспарын жа-
саңыз. 

51
Күні
Істелетін жұмыстар, іс-шаралар
Уақыты
Дүйс
е
нбі
Бастықтың қабылдауына дайындалу
Бастықтың қабылдауында болу
Хат жазысу
Мерзімді басылымдармен танысу 
Түскі үзіліс
Құжаттарды тексеру
Жоспарланбаған жұмыстар
09.05-09.50
10.00-11.00
11.00 – 11.30
11.30-13.00
13.00-14.00
14.00-15.00
15.00-18.00
Се
й
с
е
н
б
і
Электронды поштаны тексеру
Мəжіліске дайындалу
Мəжіліске қатысу
Құжат дайындау
Түскі үзіліс 
Əріптестермен маңызды істі талқылау
Маңызды мəселелер бойынша телефон соғу
Жоспарланбаған жұмыстар 
09.15-09.25
09.25-09.55
10.00-11.30
11.45-12.50
13.00-14.00
14.00-14.30
14.40-14.50
15.30-18.30
Сəрс
енбі
Электронды поштаны тексеру
Құжаттарды тексеру
Жылдық жоспар дайындау
Түскі үзіліс
Азаматтарды қабылдау
Жоспарланбаған жұмыстар
09.05-09.10
09.15-10.00
10.00 – 12.50
13.00-14.00
14.00-17.30
17.30-18.00
Бейс
енбі
Электронды поштаны тексеру
Хат жазысу
Азаматтарды қабылдау
Түскі үзіліс
Құжат дайындау
Жоспарланбаған жұмыстар
09.05-09.10
09.15-09.50
10.00-13.00
13.00-14.00
14.00-15.00
15.30-18.30
Жұм
а
Электронды поштаны тексеру
Департаментке бару
Түскі үзіліс
Бастықтың қабылдауында болу 
Қызметкерлерге келесі аптаның тапсырма-
сын беру
Жоспарланбаған жұмыстар
09.05-09.10
09.15-13.00
13.00-14.00
14.00-14.30
14.30-15.00
15.00-18.00

52
3 - са б а қ
Табысты болудың сыры неде?
Табысты, уақытты басқару, үлгеру, жаңсақ пікір, міндетті түрде, 
құндылық, тынбай еңбектену, рақатын көру. 
1. Сөздердің синонимін табыңыз.
жетістік – .....................   əрқашан – .......................
жаңсақ пікір – ................   қызметкер – ..................
2. Берілген сөйлемдердің өткен шақтың қай түрі (жедел, бұ-
рынғы) екенін ажыратыңыз.
1. Түске дейін бастықтың қабылдауында болдым. 2. Ол жұ-
мыс қа келе сала электронды поштасын тексерген. 3. Біз ұзақ 
уа қыт ғаламтор арқылы хат жазысқанбыз. 4. Сұхбаттасуға кел-
генде, оның өз жұмысын білетін білікті маман екенін байқаған 
жоқсыздар ма? 5. Сіздер мəжіліске қатыстыңыздар ма? 6. Ол бізге 
түйіндемесін, құжаттарының көшірмесін қалдырған. 7. Сен түске 
дейін банкке барып үлгермедің бе?
Жедел өткен шақ
Бұрынғы өткен шақ
 
  Фразеологизмді есте сақтаңыз.
Қолы бос болу – уақыты болу. М.: Қазір қолың бос па?
Қолы бос болмау – уақыты болмау. М.: Қазір қолым бос емес.
3. Берілген сөйлемдерді ырықсыз етіс формасында беріңіз.
Үлгі: Бастық жұмысты жоспарлады. – Жұмыс жоспарланды. 
1. Қызметкерлер тапсырманы орындады. 2. Сəбит Қайратұлы 
мəжіліс өткізді. 3. Компания қаржыны үнемдеді. 4. Жанар маңызды 

53
жұмыстарды белгіледі. 5. Дарын шаруаларын үшке бөлді. 6. 
Əріп тестер сыйлықтарын көрсетті. 7. Мамандар жұмысты жүзеге 
асыр ды. 8. Бастық жұмысты орынбасарға тапсырды.
4. Мəтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Қандай адам өз уақытын дұрыс пайдаланады?
2) Іскер адамда болуы керек ең басты қасиет не?
3) Табысты іскер адам уақытының бəрін тек жұмысқа арнай 
ма? 
4) Табысты адам үшін жұмыс құндылық па? 
Табысты адам өз уақытын дұрыс пайдаланады, яғни өз жұ-
мысын, өмірін дұрыс ұйымдастырады. Мəселен, табысты іскер 
адам өз жұмысын да, өзгелердің жұмысын да ұйымдастырып 
үлгереді, тренингке, іскерлік кездесуге де барады, сондай-ақ кеш-
ке отбасына уақыт бөлуді де ұмытпайды. Өз уақытын басқара 
алу – бұл іскер адамда болуы керек ең басты қасиеттердің бірі. 
Табысты іскер адам уақытының бəрін жұмысқа арнайды деп 
ойламаңыз, бұл – жаңсақ пікір. Табысты адам үшін демалыс та 
өте маңызды. Нағыз табысты адам демалысқа да, өз отбасына да 
міндетті түрде уақыт табады. Жұмыс олардың өміріндегі маңызды 
нəрсе екені рас, бірақ өмірдегі басты құндылық емес. Өмірде 
жетістікке жетудің мəні де тынбай еңбектеніп, сол еңбегіңнің 
рақатын көруде болып табылады. 
5. Берілген сөйлемдерге 5 сұрақтан қойыңыз.
1) Өз уақытын басқара алу – бұл іскер адамда болуы керек ең 
басты қасиеттердің бірі.
2) Нағыз табысты адам демалысқа да, өз отбасына да міндетті 
түрде уақыт табады.
3) Өмірде жетістікке жетудің мəні – өз еңбегіңнің рақатын 
көруде.

54
V І   АП ТА
1 - са б а қ
Басшы келбеті
Басшы, келбет, ұйым, мекеме, құрылымдық бөлімше, басқару, бас-
қару ісі, қарамағындағылар, іскерлік қасиеттер, қалыптастыру, абы-
рой, қызмет, міндет, нұқсан келтіру, жағдай жасау.
1. Сөз тіркестерін жасап, сөйлем құраңыз.
...................., ..................., ..................... қабылдау
................., ................, ................ қамтамасыз ету
..................., ................., ............... қалыптастыру
2. Берілген сөздерден синонимдік қатар жасаңыз.
Ұйым, бастық, іске асыру, басшы, билеуші, жүзеге асыру, ме-
кеме, іс, жұмыс, кəсіп, шаруа, кəсіпорын, жұмыс.
1. Салыстырмалы шырай жасаңыз.
Сын есімдер
Қажетті 
қосымшалар
Салыстырма-
лы шырай
Үлкен, кіші, жақсы, жаман, на-
шар, жоғары, төмен, ұзын, қысқа, 
қа лың, жұқа, қымбат, арзан, ерте, 
кеш, сапалы, маңызды, жа рық, пай-
далы, дұрыс, күшті.
-рақ, -рек, 
-ырақ, -ірек, 
-лау, -леу, 
-дау, -деу,
-тау, -теу, 
4. Сын есімдерді салыстырмалы шырайда қойып, сөздерге 
тиісті жалғауды жалғаңыз.
Үлгі:  Сіздерде көрші дүкен....... қарағанда азық-түлік ар-
зан.......... екен. – Сіздерде көрші дүкенге қарағанда азық-түлік 
арзандау екен.
Біздің бастық сендердің бастықтарың......... қарағанда қа-
тал........... . Менің бойым ағамның бойы............ ұзын........... . Мына 
үміткердің түйіндемесі кешегі үміткердің түйіндемесі........... 

55
жақсы........... . Жаңа жұмысыңыздың жалақысы бұрынғы жұ-
мысыңыз............ салыстырғанда жоғары........... па? Компаниямыз 
үшін бірінші мəселе........... де екінші мəселе маңызды............. . 
Өзім шіл басшы үшін қызметкерлердің мүддесін ойлау......... өзінің 
қамын ойлау пайдалы............. . 
5. Мəтінді оқып, сұрақтарды мəтіннің баяндалу ретімен ор-
на ластырыңыз.
А) Қандай басшы өз қызметкерлерімен дұрыс қарым-қатынас 
орната алады?
Ə) Басқару ісінің табысты болуы неге байланысты?
Б) Басшының жеке қасиеттерін қандай қасиеттер құрайды?
В) Басшы абыройына зиянын тигізетін нелер?
Г) Басшының іскерлік қасиетіне нелер жатады?
Ғ) Адамның іскерлік қасиеттерін қалыптастыруға бола ма?
Фирманы, ұйымды, мекемені немесе оның құрылымдық бө-
лім шесін басқару дегеніміз – ең алдымен адамдармен, əрбір 
жеке адаммен жұмыс жүргізу. Басқару ісінде табысты болу үшін, 
біріншіден, қарамағыңыздағы адамдардың көңілін тауып, өзіңізге 
қарата білуіңіз қажет, екіншіден, олардың өзіңізге деген сеніміне 
қол жеткізуіңіз керек, үшіншіден, ортақ істі орындауға олардың 
барын салуын қамтамасыз етуіңіз тиіс. Басшының басқару ісі 
оның іскерлік қасиеттері мен жеке қасиеттеріне байланысты. 
Басшының іскерлік қасиеттері мен жеке қасиеттері дегеніміз не? 
 Басшының іскерлік қасиеттеріне оның əртүрлі жағдайларда 
шешім қабылдау, қарамағындағыларды ұйымдастыру мен басқару 
іскерліктері жатады. Басшының жеке қасиеттерін оның білімі, 
қабілеттері, ақыл-ойы, ерік-жігері, мінезі құрайды. Жеке қасиеттер 
адамның іскерлік қасиеттерінің қалыптасуына негіз болады. 
Сондықтан адамның жеке қасиеттерін қалыптастырғаннан гөрі 
оның іскерлік қасиеттерін қалыптастыру анағұрлым жеңілірек. 
Іскерлік қасиеттерді толықтыруға, түзетуге болады, ал адамның 
ойлау жүйесін, мінезін өзгерту өте қиын. Басшы бойындағы жеке 
қасиеттер мен іскерлік қасиеттердің болу, болмауына байланысты 
түрлі басшы бейнесі қалыптасады. Кейде басшы өзінің жылдар 
бойы жинаған абыройын кейбір іс-əрекеттерімен жоғалтып алуы 
да мүмкін. Басшы абыройына нұқсан келтіретін іс-əрекеттер:
- шешім қабылдауды кейінге қалдыру;

56
- жұмысты жартылай орындау;
- бəрін бір уақытта орындауға ұмтылу;
- бəрін өзі істеуге ұмтылу;
- бəрін менен артық білетін адам жоқ деп ойлау;
- қызметтер мен міндеттерді бөле алмау;
- кінəні басқалардан іздеу.
 Адам өз жұмыс уақытының көп бөлігін адамдармен қарым-
қатынас жасауға жібереді. Сондықтан іскер адам үшін адамдармен 
дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрену аса маңызды. Жұмыстағы 
кейбір адамдардың жеке қасиеттерінің ұнамайтынына қарамастан, 
ортақ істі орындауда сол адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау 
əрбір басшының, іскер адамның міндеті. Тек жеке қасиеттері мен 
іскерлік қасиеттері жетілген басшы ғана өз қызметкерлерімен 
дұрыс қарым-қатынас орнатып, жұмыс жасауға жайлы жағдай 
жасайды.  
2 - са б а қ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет