Қазақстанда ұлы отан соғысы жылдарындағы тарихын зерттеу мəселелері т. А. Апендиев



Pdf көрінісі
Дата31.01.2017
өлшемі0,54 Mb.
#3084

68

ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ 

ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУ МƏСЕЛЕЛЕРІ

Т.А. АПЕНДИЕВ,

Ш.Ш. Уəлиханов атындағы 

Тарих жəне этнология институты,

кіші ғылыми қызметкер,

гуманитарлық ғылымдардың магистрі

Алматы қ., Қазақстан

Ұлы  Отан  соғысы  Кеңес  Одағының  халықтары,  соның  ішінде  қа-

зақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Соңғы зеңбіректің үні өшіп, 1418 

күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқ тал ға ны на 

биыл 68 жыл  болды.  Кешегі  Кеңестер  Одағының  барлық  халқы  күш 

бі рік ті ріп жеткен Ұлы Жеңіске Қазақстан халқы да өзінің ла йық ты үле-

сін қосты. Соғыстан кейінгі жылдары Ш.Ш. Уəлиханов атындағы Та-

рих жəне этнология институтының құрамында «Ұлы Отан соғысы та-

рихы» бөлімі жұмыс істеді. Осы бөлім 1959–1983 жылдары қажырлы 

зерттеу жұ мыс та рын жүргізіп, ондаған құнды да, іргелі монография-

лар, құ жат тар жинақтарын шығарды [1]. Олар бүгін Ұлы Отан соғысы 

та рих на ма сы ның  алтын  қорына  енді.  Соғыс  жылдарындағы  қазақ 

хал қы ның май дан да ғы ерлігі мен тылдағы ерен еңбегі мұнан кейін де 

талай зерттеулерге арқау болды [2]. КСРО ыдырағаннан кейін бұрын 

идео ло гия лық  себептермен  зерттеуге,  жазуға  тыйым  салынған  еңбек 

армиясы, жер аударылғандар, соғыс тұтқындары [3] сияқты мəселелер 

де тұң ғыш рет зерттеліп, бұл тақырыптың тарихнамалық ауқымы ба-

рынша ке ңей тіл ді. 

Бүгінде соғыстың сипаты туралы əртүрлі пікірлер айтылады. Егер 

оның қазақ халқы жəне КСРО құрамындағы басқа да халықтарға қа-

ты сы туралы айтсақ, олардың бəрі де ортақ Отанын қорғағаны даусыз. 

Со  ғыс  қа дейін əскер қатарында болғандарды, соғыс кезінде май дан ға 

кет кен дер ді қосқанда, Қазақстаннан 1 млн. 307 мың адам сап қа тұрған 


69

екен.  Олардың  бəрі  ортақ  Отан  үшін  соғысты.  Отанымызға  аса  зор 

қай ғы мен қасірет əкелген, ананы жесір, баланы жетім еткен, қан ша-

ма  аға  буын  өкілдері  қыршын  кеткен  сұм  соғыстың  біткеніне  жарты 

ға сыр дан асып кетті. «Соғыс» пен «Жеңіс» сөзінің айырмасын ең бек-

те ген балаға дейін ұққан заман алыстай түсті. Дегенмен со ғыс та қы-

ры бы на арналған кез келген мақалада отты жылдардағы қа  зақ  стан  дық 

майдангерлердің  ерліктеріне,  тылдағы  істеріне,  Қазақстан  хал қы ның 

Ұлы Отан соғысына қосқан үлесі айтылатыны даусыз. Соң ғы уа қыт-

тар да, əсіресе тəуелсіздік алғаннан кейін ескерусіз қалған қа зақ қа һар-

ман да ры ның көзсіз ерліктері туралы мəліметтерге қол жеткізу, ұлт тық 

тарихты қайта қарастыру жастарға отансүйгіштік тəрбие беруде өз ық-

па лын  тигізуде.  Қазіргі  таңда  соғыс  тақырыбын  тəуелсіз  азат  тұр ғы-

сы нан қайта қарастыру – батыр ағалар алдындағы кейінгі тол қын ның 

борышы.  Бұл  қаһарлы  соғыстың  қырғынынан  тағылым  алу  үшін  өте 

қа жет ті мəселе болып табылады.

Алпыс жылдан бері сұрапыл соғыстың тағылымы əр тұрғыдан зерт-

те ліп, зерделеніп келеді. Ұлы Отан соғысының оқиғалары, майдан жа-

уын гер ле рі нің ерліктері мен тылдағы еңбек адамдарының даңқты іс-

те рі сол кездің өзінде де тілге тиек, əңгімеге арқау болып жатты. Оқи-

ға лар дың ізін суытпай жазылған қысқа-қысқа газет хабарларынан бас-

тап,  сол  кезде-ақ  жарияланған  үлкенді-кішілі  еңбектер  халық  ерлігін 

баяндады.

Ал бұл салада тарихшылар мен публицист жазушылардың жазған 

дү ние ле рі нің  өзі  бірталай.  Соғыс  кезінің  тарихын  арнайы  зерттейтін 

маман  тарихшылардың  еңбектерін  былай  қойғанда,  естелік  жазатын 

со ғыс  ардагерлері  қаншама.  Бастан  кешкен  майдан  хикаяларын  сол-

даттан бастап маршалға дейін жазды. Олардың қаламынан шыққан дү-

ние лер ді  бүгінгі  оқырман  қауым  оқып  та,  кітап  сөрелерінен  көріп  те 

жүр. Өткен күндердің өшпес мұрасына, халық ерлігіне арналған ең бек-

тер дің құны да, мəні де ерекше. Бұл салада Одақ көлемінде мил лион-

да ған тиражбен жарық көрген мыңдаған күрделі зерттеулер, мемлекет 

қайраткерлері мен дипломаттардың, партия, кеңес қызметкерлері, ға-

лым дар, жазушылар мен журналистердің еңбектері ұшан-теңіз.



70

Соғыс тарихының жалпы мəселелері мен жеке проблемалары бел -

гі лі Кеңес ғалымдарының күрделі ғылыми еңбектерінде де терең зерт-

телді.


Сол кездегі республика тарихын зерттеуге бағалы материал бе ре тін, 

1964–1967 жылдардың ішінде екі том болып шыққан құ жат тар жи на-

ғы ның да алатын орны ерекше [4]. Қазақ КСР ҒА-ның Ш.Ш. Уə ли ха нов 

атын да ғы  Тарих,  археология  жəне  этнография  институты,  Қазақстан 

КП ОК-і жанындағы Партия тарихы институты жəне Қазақ КСР Ор-

та лық  Мемлекеттік  мұрағаты  мекемелері  кезінде  баспаға  əзірлеп, 

жа рия ла ған бұл 2 томдық құжаттар жинағы зерттеушілер үшін əр да-

йым құнды əрі қажет құрал болып қала бермек. Қазақстан, оның ішін-

де  қазақ  жауынгерлерінің  майдан  мен  жау  тылындағы  ерлігі,  ха лық-

тың  жеңіс  жолындағы  еңбегі,  майданға  патриоттық  көмегі  құ жат тар 

негізінде жан-жақты көрсетілген.

Соғыстан  кейінгі  жылдары  Ұлы  Отан  соғысы  туралы  алғашқы 

зерттеулер  жаза  бастаған  А.Нүсіпбеков  болды.  Ол  бірнеше  рет  ба-

сыл ған «Қазақ КСР тарихының» Ұлы Отан соғысына арналған тарау-

ларын жазды. Республика еңбекшілерінің тылдағы ерен еңбегі, оның 

елі міз дің  қуатты  арсеналына  айналып,  жеңіске  қосқан  үлесі  жө нін де 

ке ле лі  пікірлер  айтты.  Ол  майдан  мен  тыл  тақырыбын  жүйелі  түр де 

зерттеуге жетекшілік етіп, жолға қоюшылардың бірі болды. Академик 

А.Нү сіп бековтің 1968 жылы орыс тілінде шыққан «Казахстанцы в бит-

ве под Москвой» деген зерттеу еңбегінде 1941 жылы республика же-

рін де құрылған əскери құрамалардың, қазақ жауынгерлерінің Мəс кеу 

түбіндегі ерлігі нақты құжаттар негізінде жазылған. 

Соғыс кезіндегі республика тарихын зер сала зерттеп, алғаш кө лем-

ді  монография  жазған  ғалымдардың  бірі  Ғ.Əбішев.  Оның  Ұлы  Отан 

соғысы кезіндегі Қазақстанға арналған еңбегі тыл мен майдан оқи ға-

ларын бірдей қамтыды [5]. Қамтылған мəселелерінің, де рек те рі нің со-

ны лы ғы жағынан бұл еңбек Ұлы Отан соғысы тарихнамасынан ла йық-

ты орын алады.

Соғыс  жылдарының  тарихына  көлемді  зерттеулер  арнап,  өндірте 

жаз ған ғалым М.Қ. Қозыбаев болатын. Оның еңбектерінде республика 



71

партия  ұйымының  көп  салалы  қызметі  жан-жақты  көрсетілді.  Бұл  ең-

бек тер де Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы атқарған рөлі 

мен маңызы, республика еңбекшілерінің Ұлы Жеңіске қосқан үле сі та-

рихтан лайықты орнын тапты. Мұнымен бірге М.Қ. Қозыбаев Қа зақ стан 

комсомол жастарының тарихын зерттеуге де лайықты үлес қос ты [6].

Соғыс жылдарындағы Қазақстанның қолхозшы шаруаларының Же-

ңіс  ке қосқан үлесі, олардың майдан мен тылды азық-түлікпен, өнер кə-

сіп ті  шикізатпен  жабдықтау  жөніндегі  рөлі  туралы  мəселеге  де  зерт-

теу ші лер  ерекше  назар  аударды.  Бұл  тұрғыда  Т.Б.  Балақаевтың  «Қа-

зақ стан колхозшы шаруалары Ұлы Отан соғысы жылдарында» деген 

кө лем ді монографиясы (1971 ж.) сол кездегі КСРО көлемінде лайықты 

ба ға лан ды.  Республика  тұрғындарының  майданға  деген  патриоттық 

кө ме гі мен олардың азат етілген аудандарға берген туысқандық жəр де-

мі де зерттеушілер назарынан тыс қалған жоқ. Бұл мəселе Т.Ба ла қаев 

пен Қ.Алдажұмановтың «Қазақстан еңбекшілері майдан қыз ме тін де» 

деген көлемді монографиясында (1985 ж.) жан-жақты зерттелді.

Қазақстандық  жауынгерлердің  майдандағы  жəне  жау  тылындағы 

ер лік істері көптеген тарихшылардың зерттеу жұмыстарына арқау бол-

ды.  Бұл  салада  С.Н.  Покровскийдің,  П.С.  Беланның,  Н.Едігеновтің, 

К.Стам бе ков тың,  И.И.  Малярдың,  А.Мұхамеджановтың,  А.Ал да на за-

ров тың, В.П. Лупшевтің жəне басқалардың зерттеулерін айтуға болады 

[7]. Олардың еңбектерінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі біздің жер лес те-

рі міз дің жанқиярлық істері əр қырынан жазылып, бір арнаға құ йы лып, 

ер лік шежіресін жасауда.

1991 жылдардан бастап Қазақстанның соғыс кезіндегі тарихының 

ақ таң дақ  беттерін  қалпына  келтіруде  ауқымды  зерттеулер  жүргізілді. 

Тарихшы Қ.С. Алдажұманов Еңбек армиясы, жер аударылғандар, со-

ғыс тұтқындары туралы зерттеулер жазды [8].

Қазақстандықтардың  жеңіске  қосқан  үлесі  туралы  қазақ  тілінде 

шық қан  əдебиеттерге  тоқтала  кетсек,  М.Қозыбаевтың,  Қ.Əбділ даев-

тың,  Қ.Досқалиевтің,  Х.Бекішевтің,  Т.Балақаевтың,  Қ.Көпі шев тің, 

Қ.Ал да жұ ма нов тың,  т.б.  зерттеулерінде,  монографияларында,  естелік 

кі тап та рын да, жекелеген кейбір мақалаларында айтылады [9].



72

Қорыта келгенде, жоғарыда аталған еңбектер – Ұлы Отан соғысы 

жыл да рын дағы қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерлігі мен 

халықтың  тылдағы  ерен  істері  көптеген  тарихшылардың  зерттеу  жұ-

мыс та ры на  арқау  болып  келеді.  Ұлы  Отан  соғысына  қатысты  əскери 

құ ра ма лар  мен  партизан  қозғалысына  қатысты  құжаттар  Ресейдің, 

Украина, Белоруссия елдерінің əскери жəне азаматтық мұ ра ғат та рын да 

сақ тал ған. Бұл мəселелерді зерттеу кəсіби біліктілікті, сонымен қатар 

өте терең, күрделі пайымдауды қажет етеді. Қазақстанның Ұлы Отан 

со ғы сы на қосқан үлесі туралы аталған көптеген мəселелер өз зерт теу-

ші ле рін күтуде жəне бұл біздің жастарымызды өз Отанын – тə уел сіз, 

егемен Қазақстан Республикасын сүюге, оны қорғауға тəр бие лей ді деп 

се не міз. 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

1.  Козыбаев М.К. Казахстан – арсенал фронта. Алматы, 1970.

2.  Балақаев Т., Алдажұманов Қ. Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде. 

Алматы, 1985.

3.  Алдажуманов К.С. История войны 1941–1945 годов и Казахстан: «белые 

пятна» и проблемы // Социогуманитарная наука Казахстана. Алматы, 2011. 

С. 203-217.

4.  Балақаев Т.Б., Алдажуманов К.С. Историография Казахстана периода Ве-

ликой Отечественной войны // Актуальные проблемы истории Советского 

Казахстана. Алматы, 1980. С. 113-124.

5.  Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне. 1941–1945. Алма-

Ата, 1975.

6.  Козыбаев М., Рахматуллин Б. Равнение на коммунистов. Алма-Ата, 1975.

7.  Едігенов Н. Алматы Ұлы Отан соғысы жылдарында. Алматы, 1970; Алда-

назаров А. Участие казахстанцев в боях за особождение Польши от немец-

ко-фашисткой оккупации (1944–1945 гг.). Автореф. дис. ...канд. ист. наук. 

Алма-Ата, 1972.

8.  Алдажуманов К.С., Анес Г. и др. Депортированные в Казахстан народы: 

время  и  судьбы.  Алматы, 1998; Алдажуманов  К.С.  Трудармейцы  Казах-

стана: история и судьбы // II конгресс Трудармейцев Казахстана. Алматы, 

1997. 5-17 бб.; Военнопленные: застывшие догмы и попытки переосмыс-

ления // Central Asia monitor. 2013. №25; 26; 27.

9.  Қозыбаев М. Майдангер студенттер. Алматы, 1985; Əбділдаев Қ. Қаһарлы 

күндер шежіресі. Алматы, 1974; Бекішев Х. Батальон, алға! Алматы, 1985; 



Көпішев Қ. Қаһармандар. Алматы, 1981 т.б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет