Құлыяс Табыл. Таңдамалы. Үш томдық / Т. Құлыяс. – Астана: Фолиант, 2015. ӘОж 821. 512. 122 Кбж 84 (5Қаз)



Pdf көрінісі
бет18/24
Дата04.02.2017
өлшемі1,88 Mb.
#3366
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24

жыл басы – наурыз да келіп жетеді. 

Ұйқы қашар.

Жолдастар! Жаңа жыл алдында, мына Аяз атаның 

кабинетінде ағымыздан жарылып, ақ сөйлеп шынымызды 

жер-көкке тигізбей өңсізімізге өң кіргізіп, жөнсізімізге 

жөн кіргізіп, бүкпе-бұлтарыссыз айтсақ қайтеді. Ал, кәне, 

ой сарайын ашып, ойымызды ортаға салалық. Мен айтам, 

үйлерің жылы ма? Жылы дейсіз бе? Дұрыс екен, байқампаз 

үкімет қарасқан ғой. Тағы да айтам, жағдайларыңыз 

жақсы екен. «Он рет ыстыққа ұрынғаннан бір рет суыққа 

ұрынған жаман» дейді екен дәрігерлер. Бір қызығы, 

суыққа үйренген адамдардың жүзі жас боп көрінетіндігі, 

ұзақ ғұмыр кешетіндігі жайында біреулер кандидаттық 

диссертация қорғаймын деп жүрген құпияны аузым же-

ңіл болғандықтан айтып қаламын-ау. Дерегі де бар екен, 



287

пәлен ғасыр бұрын кесіртке мұзға қатып қалыпты. Оны 

мұздан алып ғылыми бөлмеде жан бітіргенде тірі қалпына 

қайта келіпті. «Рахметін» айтып жорғалай жөнеліпті. Рас 

шығар, үсіген адамды дәрігер өзіміздің Қонақбай тірілтіп, 

сол жөнінде докторлық еңбек жазып бітірді. Мен де қара 

жаяу емеспін, адамдарда ұйқының қашуының себептері 

туралы екі томдық еңбек жазып жүрмін. Бәлкім бұл 

біреулерге сыр, енді біреулеріне дыр болуы мүмкін. 

Алдымен алты жасар баланы алпыстағы шал алдай ала 

ма? Біліп отырмын, біреуің алдайды, біреуің алдай алмай-

ды дейтіндерің белгілі. Рас, екіталай. Егер біздің қаладағы 

Алдар көселердің алдынан бір өтсең, шайтан болсаң да 

алдайды. Алдымен қыс түссе-ақ жанартаудай жалтыл-

дап, буы аспанға атылып жататын көшелердегі жылу 

жүйесінің жанынан киесі бардай ғып сылаңдатып өткізеді. 

Егер аузың жеңіл буды айтсаң, жылу электр орталығының 

бастығы В.Ф. Сидоровтың оң құлағы шуылдайды. Бетін аяз 

қарып дуылдайды. Сөзін желдіртіп тықақтап қоймайды: 

«Қала тұрғындары өте ыстықты жаратпайды, жұрттың 

бәрі қоңыр салқынды қалайды. Сондықтан халықтың 

тұтынуынан артылған жылуды ауа райын өзгертуге, яғни 

әлемдегі аязды, боранды болдырмауға арнап айдалаға 

жіберіп жатырмыз, екіншіден, түрлі химиялық қоспасы 

бар бу аспандағы жыртықты да жамап қалар», – дейді. Ал, 

кәне нанбай көр. Иә, аспанның жыртық екені рас, Мұзды 

мұхиттың ери бастағаны рас. Одан басқасын айтқанда, 

ауаға будақ-будақ шығып жатқан жылу буы кейде жаңбыр 

шақырып ұйытқытып үйіріп сіркіретер еді. Қақаған қыста 

аспаннан жасыл ойнап, жаңбыр төгілсе, ақыраман ба деп 

ұйқың қашпай қайтеді. 

Ал менің сіздерден тағы бір сұрауым бар. Жыл неше 

айдан құралады? Күлесіңдер, оның несі күлкі, білмегенін 

сұраған айып па? Біз жылдың қанша айы болатынын 

ұмытқалы қашан. Олай емей, немене, қыстың тіршілік 

жұмысын желтоқсанда ғана сүрініп, жығылып бастай-

мыз. Соған қарағанда бізде жыл дегенің он-он бес күнде 

оқтай зулап өте шықпай ма? Міне, осы кезден бастап 

ұйқы қашар жасаймыз. Үйің жылы болғасын мақтанып, 

мұрныңды шүйіресің тағы. Бізде ретсіз қимылдауға 



288

дәрмен жоқ, алдымыздағы ішейін деп отырған қызыл 

арақ қатып қалып, аузымыз қағылып, құдай атып қалып 

жүр. Әйеліміз тонға оранып, жан-жағын электр пешпен 

қорғандап, бүк түсіп жатыр. Қайбір жетіскеннен жатыр 

дейсің, байғұс әйел, қиюы кеткен еденнен қиялай соқан 

жел деп қорғанып жатыр да. Әйелдің жатқаны да дұрыс, 

көп сөзден құлағың тыныштық табады, онсыз да көбіміз 

құлақтан азып жүрміз. Далаға шығасың-ау, апыр-ай, дала 

үйден жылы. Бірақ барар жеріңе қаланың автокөлігін ай-

лап, жылдап күткендей боласың. Бастығы Лохматов еріксіз 

есіңе түседі, ей, оны қайтесің, шаруасы түгел. Халықты 

ойлап қайтеді, ұмытшақ, сын-мін таға алмайсың, дәлелді- 

дәлелсіз себептердің бәрін түгендеп, жұмысына шаң жуыт-

пай келістіріп алдай біледі. Жан күшін аямай салып, көз 

жасын мөлдіретіп тебіренеді. Өзі қызық: «Алдамасаң 

қақпанға аң да түспейді» деген бар», – деп ішікі сырын кей-

де күліп айтып қалады. Күлгені тірі екенін, қорғаушысы 

ірі екенін білдіргені ғой, оны түсінетін шығарсыз. Тағы 

бір айтарымыз, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық 

мекемесіндегілер қай көшеде қандай үйлер бар, есебін 

нақты білмеуі де мүмкін. Біліп қайтеді. Бастықтары жаз 

бойы бармағын сорып, ұйқылы-ояу сезімнен арылған жоқ, 

арақ-шарап ішуге ниеті тарылған жоқ. Оянса ұйқыдан жыл 

басында оянар. Жазда үйдің құрылысын қабылдар кезінде 

жұмық көзімен қарамады, тұрғындардың сөзін сөз екен 

деп санамады, «ыстық суы жоқ» деушілерге бастықтық 

тәкаппарлығын ұмытпай: «Балық боп кетесіңдер, күн са-

йын суға түсіп арып кетесіңдер», – деп жүре сөйледі. Сөйтіп 

көп қатарлы біраз үйдегілер қыс болса сырнай тарта ма, 

әлде билей ме, әйтеуір селкілдегенде үй қабырғасы бірге 

қозғалып-сілкінетін тәрізді. Сонымен сырнай тыңдағың 

келсе, үйімізге келе қал. Есік ашық, ұйқы қашар деген 

осы, бауырым. 

«Үйіміз салқын, домбыра тартып бебеу қағып, иегіміз 

иегімізге тимей отыр. Су ысытқыш қондырғысы істен 

шыққан», – деп шағынатындарға үй басқармасының 

басшылығы көзін жұмып, алақанын тосып, бірдемені 

мезіреті ғып: «Нечего, өлмейсіңдер ыстыққа борсығанша, 

тоңазып отырған өте жақсы. Жаз бар, қыс бар, асығатын не 



289

іс бар», – деп бір сарынды әзілдейді. Өскемен көшесіндегі 

ұйқысы қашқан жанұялардан қанша домбыра оркестрін 

ұйымдастыруға болады. Себебі ұйқысы қашқандар кірпік 

ілмейді, үсігенін де білмейді. Хош, Горбачев көшесіндегі 

он шақты көп қатарлы үйлердің астыңғы қабатында бұрын 

картаға түспеген жаңа көл табылды. Және қас қылғандай 

үйдің астынан шыққанын көрмейсің бе? Бір қызығы, 

мұны экологтар таппай, үй басқармасының тұрғын үй 

коммуналдық шаруашылық бөлімі көріп, жерден жеті 

қоян тапқандай қатты қуанды дейсің. Енді бір қызығы, сол 

көлді «кәдеге жарататын» көзін басқа жерден шығармаса, 

әлгі үйлер су түбіне кетуі ықтмал. Көл тірідей жұтып жат-

са, кімнің ұйқысы қашпайды, ә?

Мә, саған безгелдек, тағы бір кереметке кез келдік, 

«Тургайсельстрой-15» тресіндегі өз тресінің аты атал-

ғасын Халықовтың құлағы елең ете қалады. Тұрғын үй 

коммуналдық шаруашылық бөлімі бстығы В. Влади-

чанскаяның ұйқысы тым қалың екен. Бүкіл ел болып таба-

нынан тозып келіп қытықтап әзер оятты. Қызық-ай, тұра 

сала су астына кеткелі тұрған үйлерді күрделі жөндете-

мін деп дігір салды. Ұйқысы ашылмаған кісінің сөзіне 

жұрт «Ақ қар, көк мұзда қайда тентіреп барамыз?!» десе, 

«Қардың асты жылы болады, соны қоянша кеуектеп кіріп 

күнелте тұрасыздар, жазды сағынып. Жаңа жылды қар 

астында қарсы алғанға не жетсін?!» деп тіршілік тетігін 

білетіндей әзілдейді. 

Айтпақшы бар ғой, мәгәри, бас ауырып, балтыр сызда-

са алтыншы шағын ауданға жолай көрме, телефон іздеп 

темір етіктен тебендей қалғанша сабылсаң да таппайсың. 

Ей, көп айтып жатырмыз, құрметті Аяз ата, ондай-ондай 

көңілден шығатын, қалың жұрт ұғатын кемшіліктер бо-

лады ғой. Үмітсіз шайтан емеспіз, жаңа жыл жарылқап, 

барлық жұмыс гүрлейді деген үміт бар, күдіктенсең 

күліп қал, жақсылықты түсіңде тауып, өңіңде жоғалтып, 

шампаныңды қолтықтап сенделіп жүріп қал. Ұйқы 

қашқан тірліктің белгісі, содан ләззат алуды біліп қал. 

Жаз бен қысты айыра алмай босқа селеңдеушілерді күл-

кінің ащы уытымен желкесінен бүріп қал. Жүзбе-жүз 

көріспегендердің де денсаулығы мықты болсын, Жаңа 

жылда тонға оранып жатқан әйелдерің жүкті болсын. 

19-0203


290

Дұғай-дұғай сәлем жолдаушы халықтық бақылаушы-

лар деп түсінерсіздер! 

Шәміл досым осындай ұйқы қашқан күндерде болған-

ды. Талай жылдарға тапжылмай жететін қиқуға кепілдік 

берсем қалай қарайсың? Сын тақ, міне, шене, бәрібір таз 

кебін киіп ғасырларға тарта береді. Бір өлсе өтірік өледі, 

қайта тіріліп кетеді, шайтан дем салып жүгіртіп береді. 

Сырластық. Ысқақ арықша, кеспелтек мұрын, көзі 

тұздай жігіт. «Қаракөл» колхозының бірінші фермасына 

бекітілген жүргізуші. Сол Ысекең екеуіміз қатар құрбы 

болғасын тез түсінісіп кеттік. Елең-алаңда жолға шықтық, 

бағытымыз – Ойыл қаласының орталығы. Дала жолы 

ауданға болсын, ел арасы болсын тақтайдай. Бұл өңірді 

теңіздің табаны дейді, рас шығар. Үш жүз жыл жасай-

тын емен мен жиде Ойыл орманында өседі, «Ойыл көздің 

жасы еді» дейтін Асан қайғы бабамыздың ізі жатыр өңірде 

сайрап, сөзі қалған жүректерде жайнап. Ел тарихын 

еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін жатқа біледі. 

– Солай, достым, өмірге іңкәр жанбыз, ауыл айтқыш-

тарымыз тағдыр құлықтыны үйретеді, құлықсызды 

күйретеді, отбасылы болсаң, әйелің бәрін түсінбесең, 

ащы сөзге түйретеді дейді. Үлкендердің әбір сөзін қалт 

жібермей ұйып тыңдаймыз. Бірақ жасыма жетпей мосқал 

тартып барамын. Онысы несі?

– Оны қайдан білейін, ішіңе кіріп шыққан жоқпын ғой. 

– Махаббатты ойласам мүлдем күйзелемін. Жігітті қыз 

түсінбейді, қызды жігіт түсінбейді. Артық деген ағамыз 

«мен жұртты түсінбеймін, жұрт мені түсінбейді» дегені 

сықылды. 

– Өмірден ащы-тұщыны көп көрмегесін шығар. Әлін 

білмейтін, жолын білмейтін жастар масайрап толып жүр 

емес пе?

– Досым, мен тентек қызды сүйдім. Жеңгем тен-

тек әйелге ешбір еркектің батылы жетіп көзі түспейді. 

Жеке өзіңдікі, қылтың-сылтыңы жоқ, төсегің таза бо-

лады дегесін көндім. Содан сорым сопақ сомардай бол-

ды. Менің де мінезім оңып тұрған жоқ, екі тентек, ә 

десе, мә деп едірейіп шыға келеміз. «Институт бітірдім, 

сен жүргізушісің, мен жоғары білімді, сенен биік тұ-



291

рамын, билік құрамын» дейді. Ондайда мен еркекпін 

деп дүлейленемін. Тарс-тұрс бітті шаруа, партия мүшесі 

болғасын тайсалып қалай құтыларыңды білмей әлекке 

түсесің. Жеңгем бәрін біледі, айтатыны – қойыны құтты 

туып жатыр, бес-алты бала туғасын жым болады әлі деп 

кеудемді қысқан мазасыздықты басып қояды. Солай-ақ 

болсын деп тірлікті алға сүйреп, мына автокөліктің баран-

касы тәрізді 380 градусқа бұрылатын қызба-қызбалықпен 

шарқ ұрып жүрген жайым бар. Сайын досым айтушы еді, 

«денең қалтырап бірінші сүйіскеніңнен артық жар та-

былмайды» деп. Сонысын дұрысқа жорып, акселородты 

қатты бассам автокөлік жүз километрлік шапшаңдыққа 

жетер, махаббат акселороды жүрек екен. Ойылда онын-

шы сыныпта оқып жүргенде Күлән деген қызды көрсем 

күйіп-жанатын едім, ол жанбай қойды. Салымды суға 

жығып, анаңды баға алмаймын деп, махаббат қызуын ноль 

градусқа мұздатып тастады. Солай болса, махаббат мына 

машинаның моторы емес қой, белгілі мерзімде күрделі 

жөндеуге, болмаса істен шығарып тастайтын. Махаббат 

дегенде асқан ерекшелігі екі адамның қасиеттілігімен 

көркеймей ме! Ендеше оңаша әйелімнің тентектігін ойла-

сам, отбасылық жауапкершілігін анасы бесіктен бастап 

неге үйретпеді деп опынамын. 

– Қазақша тәрбиені өңі түгілі, түсінде де көрмеген 

шығар. 


– Орысша оқыса да қазақ әке-шешесінің дастарханы-

нан ас ішіп, аяқ босатты ғой. Мысыққа ас бергенде маң-

дайынан шертіп, көзін ашып, қайдан ас ішіп отырғанын 

білсін деуші еді. Мысық емес, адам ғой, ұлт бола-шағын 

түсінбейтін надан емес шығар. «Қатын ерке болса бай-

ына теке болады» деп анасы да әкесін бір түйір тарының 

қауызына сыйғызатынын көріп өскен шығар. Ондайда 

ердің шаңырақ иесі екенін ойлап басын қатырмайды ғой. 

– Анасы жұмсақ мінезі, кісі сыйларлығы бар адам. 

Қолы босаса қолынан кітап түспейді, көп оқиды. Ерте-

де бір кемеңгер «табан тірейтін тетік беріңізші, жерді 

аударып тастайын» деген екен. Сол баяғы көзім түскен 

Күлән әйелімнің арасынан қыл өтпейтіндей сырласы бо-

лып алды. Күйеусіреп жүр ме, екі сөзінің бірі кездескен 



292

жігіттерін тізбелеп, әйеліме әсер ететіндей аузын жаппай 

айтып отырды: «Сымбат-ау, институттың соңғы курсын-

да жүргенде бір жігітпен таныстым. Жалпы бір-бірімізді 

байқап көріп, ақырында үйленетін боп келістік те шақыру 

билетін дайындатып елге келіп, қайтып барсам курстас дос 

қызыма үйленіп алыпты. Неліктен? Адам болғасын жа-

ман жақтарың да болады ғой, тыртысып оны көрсетпеген 

едім. Нағыз эгоист екен, бозөкпенің басында мысқылдай 

да ақыл жоқ, ақылды болса әкем аудан басқарады дедім, 

түсінер еді. Соған ерегесіп тағы бір жігітпен таныстым. 

Бойшаң, денесі таразы, ақ өңді, шашы теңіз толқынындай 

бұйра, сөзі жұмсақ, дауыс көтермейді. Қысқасы, ондай 

жігіт Қазақстанда жоқ дейінші». «Менің күйеуім де әдемі 

ғой, балалары әкесіне тартып қуантып жатыр». «Ой, сенің 

күйеуің қайдағы әдемі, оның үстіне киімінен бензин са-

сып, үйіңе келсем басым ауырады. Өзің сұлусың. Жә, со-

нымен аспирант жігітіммен жақында тойымыз болады. 

Анам күйкі де болса күйеуің болсын, жасың өтіп барады 

деп мазамды алды. Менің жігіттен жігіт қоймай таңдап 

жүргенімді қайдан білсін». Шай үстіндегі осындай бір 

әңгіме үстінде: «Махаббат жөніндегі кітаптарды көбірек 

оқы, ұшып-қонбай бір тәуірін табасың» десем де, «ертеде 

осы қызға көңілім кетіп үйленбегеніме шүкіршілік» дедім. 

Тебісіп жүрсем де өз тентегім, ұл керек пе, ұл, қыз керек 

пе, қыз туып беріп жатыр. «Жазушылар сүмірейтіп жаза 

береді, махаббаттың қатып қалған арифметикалық ережесі 

бар деймісің? Әйел адам жүз еркекпен жүрсе де біреуі 

есінен шықпай сорлайды». «Бір жазушы «Махаббатты 

білмеген өмір сүрдім демесін» депті. Өзіңді сүйген жігіттен 

айырылма». «Жоға. Оның сүйгені шарт емес, өзім сүйем». 

«Мүмкін болса екеуің де ұнатысқан теріс болмас еді» деді 

әйелім. «Не обизательно» деп шарт ете қалды анау. Міне, 

достым, жастық шақта жүрек пен тағдыр кейде беталды 

лағып жүреді. Сен біреуді сүйесің, ол басқа біреуді сүйеді, 

қанағатсыз тірлік солай, – деді Ысқақ ұзын жолда келе 

жатып. – Маған бір кездесуде ойылдық тарих ғылымының 

докторы, туысымыз Қажым Қабиев «Ер жігіттің туған 

жерге деген махаббаты ең биікте тұруға тиісті, елдің туын 

биік ұстап, шыр етіп жерге түскеннен жұтқан ауаң, татқан 



293

дәмің, ішкен суың, анаңның ақ сүті, алғаш рет мақпалдай 

топырағын басқаның, бәрі-бәріне қарыздарсың. Тір-

лігіңнің татымдығы туған жеріңді сүйгеніңе, оған қыз-

мет еткеніңе байланысты. Кезеңінде Өтеміс, Елубай, 

Нұрымжан, Әбдіғалилар атқа қонды, қайтесің, кезең со-

лай орындаушылықтан асуға мүмкіндігі болмады. Билік 

иесіне ұқсауың керек, айтқанынан шықпауың керек, еліңе 

қаншалық есте қаларлық іс атқырғың келсе де партиялық 

заңдылықтан аспайсың. Өршіл ойың өлік, шындыққа 

жету жоқ, жер мен көктей бір сағым тірлікпен уақыт өтеді» 

деуші еді. Сол Қажым Қабиев ағамызды да «Кенесары хан-

ды дәріптеп, Бекмахановтың шығармасынан докторлық 

қорғапсың» деп шіренгендер қуғындағанын да білеміз, 

үнсіз тілімізді тістеп тынамыз. 

– Сондықтан, достым, алдымен жаныңды қинайтын ма-

хаббаттан бұрын туған жеріңе ту тік, омырауыңа «Құрмет» 

орденін тағыпсың, жылқышы Аманқос үш бірдей «Даңқ» 

орденін алып батыр атанды. Тентек әйеліңнің қойыны 

құтты болып, он-он бес ұрпақ әкеліп, Сарбиенің халқының 

өсімі мықтылығымен қуанта бер, әне, Қарауылтөбе, 

Ойылдың қарасы көрінді ғой. (Ақтөбелік археологтар 

обаларды ақтарып жүріп бойы екі жарым метрдей ерлі-

зайыптының қаңқасы бірінің қолын бірі ұстап жатып 

жан тапсырғанын теледидардан көріп, Ойыл тарихы қола 

дәуірінен де әріден басталар, махаббаттың құдіреті ерте за-

маннан қалыптасқан-ау деп қалдым. – Т.Қ.).

– Шәміл достым, туған жерге ұшан-теңіз игілік тілеп, 

жүрегіңнің мейірімін өлшеусіз төккің келсе де шалғайда 

жұмыс істеп, шапағатымыз көп тие қоймағанына кейде 

өкініп, ең тәтті өмір елдегі қатар құрбымен бірге жүргенге, 

бүкіл сезімтал өміріңді елде қалдырғанның жөні бөлек 

көрінеді де тұрады. «Ағайын жат болады алыстаса» де-

ген қазақ, шыдап төзгізбей жаныңды шабақтайды, бір 

қарияның шеттен дәм бұйырғанға рауа, бірақ туған жер-

ден топырақ бұйыруын тілеймін дегені мәнді. Қай жерден 

топырақ бұйырса да рухың елге, ата-бабасының қорымына 

жетеді ғой. Сондықтан тірлігімізде туған жерге махаб-

батымыз биік тұрып, сағынышымыз балдай болғай деп 

өмірдің ұмыт болған біраз жағын алғашқы махаббатқа 



294

теліп, тірлік жолын бұлжытпай қағазға түсірдім. Ой 

өріліп, уақыт түгесілмесін. 

Анықтық. Қоғамда көптеген кемшіліктер мен қылмыс 

қай заманда да тоқтау таппаған. Тамтығын қалдырмай 

тонау да болған. Мұныңыз тірлікпен тұтасып жатқандай. 

Жамандықтан аулақ кетуге болар еді, жоқшылық бар, 

біреуді біреудің кемсінуі бар, саясатта бәрі әділетті деп ай-

тылады, біреулерде түсінік жел сөз ғана. Халыққа өктемдік 

жүргізу, үреймен басын қатырудың салдары байқалып 

жатады. Республикалық халықтық бақылау комитеті 

тәуелсіз жұмыс жасауды негіздеді. Жұмыс құрамына про-

куратура, КГБ, Ішкі істер министрлігі және сот орында-

рымен бірігіп іс атқаруды діттеді. Ақпарат құралдарында 

зерттелген материалдар жарық көріп, ізінше көтерген 

дабылдың нәтижесі хабарланып жатты. Қазақстан теле-

радиосында «Жебе» сатиралық сын-сықақ тележурналы 

қызмет етті. Халықтық бақылау комитетіндегі үстелімнің 

үстінде әр облыстардан келген тексеріс материалдары 

жатады, бұл басшылықтың сараптауынан өтілген, құба 

төбел күмәнді деректер емес, нақты шындық. Шәмілдің 

қызметкерлерінің де күрделі істерді ашып жатқан 

деректерін көріп зер саласың. Тапқырлығына, шеберлігіне 

бүйрегің бұрады. Қоғамға жат істердің өзі көбіне ұсақ-

түйектерден басталып, күре тамырлы істерге тамыр жа-

йып, мейлінше өрбитінін де көреміз. Соның бәрін өзің 

көзбен көріп, жағымсыз бейнелерді халыққа көрсету, 

сатиралық кейіпкеріңді басқа әлемге көшіріп жіберуді 

діттемейді, кемшілігін бетіне басып ұялту, заңдылық 

жазасын тарттырып, ондай кемшілікті басқалардың 

қайталамауынан сақтандыру еді. Жұртты ығыр ететін 

жат құбылысты шындық айдынына шығарып, қалың 

көп жиренетіндей телебейнемен көрсетіп әшкерелеу 

болатын-ды. Қоғамдағы берекетсіздікті ашықтығымен, 

көруші кейіпкердің кескініне ұялатындай өткірлеп, 

теледидар арқылы көрсетудің ықпалы, ұтымдылығы 

жұрттың бәрінің қолдауына ие болып жатты. Кейбір 

теледидар көрермендері жүрген ортасындағы түрлі 

кемшіліктерді хат арқылы дәлелдеп жазып, қоғамдағы 

кемшіліктерді тазартуға пікірлерін білдіріп шындықты 



295

тани білудің тиімділігін көрсетті. Жұртшылықтың 

тілектері ескерусіз қалмады. Оның бер жағында тергеу 

орындары, заң қызметкерлерінің түрлі жұмыстарында 

да істің нақтылығына бетбұрыстың нәтижесі көрініп, 

шалағайлықтан арылу басталды. Ешкім шындық үшін 

биліктің бет қаратпас үрейінен жасқанбай, айқындықтың 

айрықша үндестігіне серпіліс туғызды. Қоғамдағы жат 

құбылыстарды тазарту ортақ топтардың тұтас сезінетін 

жұмысы екені мәлім боп, танылды. Әділеттік істер тым 

тәтті, одан ешкім де бас тартқан емес. Сонымен менің 

телетобымда үш-ақ адамбыз, бейне түсіруші, дыбыс жа-

зушы және мен. Ал кім жамандағанды, кім қылмысын 

ашқанды жақсы көреді? Оларда қамданып қастандыққа 

дейін барып, шындықтың жолын кесудің түрлі амалын 

қарастырады. Мен республикалық халықтық бақылау 

комитетінің басшыларымен алғашқы сөйлескен бойда: 

«Біздің өміріміздің қауіпсіздігі қажет. Барған жерде про-

коратура бола ма, КГБ бола ма, Ішкі істер министрлігі 

бола ма, жанымызда бір қызметкері жүріп, қысылып-

қымтырылмай, қауіптенбей еркін жұмыс жасауымызға 

көмектессін. Одан кейін жергілікті халықтық бақылау 

комитетінің мамандары, қызметкерлері деректерді бірігіп 

зерттеп, ешбір күмән қалмауына көмектессін. Сонда 

ғана ойға алған ісіміз нәтижелі болады», – деген ұсыныс 

пікірімді дұрыс деп қабылдап, қай облысқа барсақ та 

қауіп-қатерден қорықпай, заңгерлермен бірігіп, ұйқымыз 

тыныш, жұмысымыз мәнді жүріп жатты. Біздің түсіру то-

бымыз бейне, дыбыс материалдарын үш нұсқамен түсіріп, 

үшеуіміз бөліп алып, біріміз самолетпен, екіншіміз по-

езбен Алматыға қатыстық. Бұл айтуға оңай, ең ауыр, 

жаның тырнағыңның ұшында болатын жауапты қызмет 

еді. Әрбір жолсапарымыз екі облысқа арналады, жиырма 

күн тағдырымыз қыл үстінде тұрғандай сезінеміз. Сон-

дай бейнетпен жинап әкелген сыни материалдарды теле-

дидар толқынына дайындауда да кедергілер кездесе бас-

тады. Жалғанды жалпағынан басушылар, қылмыскер, 

жауапсыздар, талан-таражға жол берушілер, қырсыз ми-

нистрліктердің құлағы да, көзі қалай дегенмен де жетіп 

жатпай ма?



296

– Пәлен облыстағы Пәленбаев кемшілігін түсініп, ша-

руасын түзеп жатыр, соны эфирге көрсетпей қойса болар 

еді. 


– Пәлен министрлікті Мәскеу кемшілігін түзетуге 

шара белгіледі, жұртқа жариялап ұялтпаса қайтеді? – де-

ген сықылды қоңыраулар шылдыры байқалды да, теле-

видение басшысы Камалға кіріп, мән-жайдың анығын, 

кедергісін айтып, «журналды монтаждап дайындауды 

түнгі сағат он екіден бастауға лұқсат бер» дедім. Тілегім 

орындалды, құлағымыз тынышталды. Жұрт не істеп, 

не қойып жатқанымыздан бейхабар, тележурнал эфирге 

жарқ етіп шыққанда бір-ақ біледі. Қандай да кемшіліктің, 

қоғамға жат іс-әрекеттердің бәрі дабылдан кейін жауап-

сыз қалмады. Бірде республикалық халықтық бақылау 

комитеті Қарағандыдағы тау-тау неше бір жылдардан 

үйіліп жатқан көмір өндірісінен айырылған шламды зерт-

теп көрсетуді ұсынды. Бұл болмашы нәрсе емес, Одақ бо-

йынша өзекті проблема еді. Көзден таса жатқан өлшеусіз 

ел байлығы. Оны игеруге ешкім аузын ашып мәселе 

көтермеген. Іске асыру жөнінде пікір білдірушілердің 

жолы болмаған. Содан шламды кәдеге жаратудан үміт 

үзілген. Құжат-деректерді зерттегенде миллиондаған тон-

на шлам желмен шаңытып түкке жарамсыздығы өз ал-

дына табиғатқа тигізетін зияны қаншама? Тележурналы-

мызда мамандардың, ғалымдардың пікірі негізге алынып, 

сын шығарма теледидардан жарияланды. Дабыл Мәскеуге 

дейін хабарланды, кешең болса да шешімі шығатынына 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет