Бағдарламасының Нысан титул парағы (syllabus) пму ұс н 18. 4/19



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата04.02.2017
өлшемі292,65 Kb.
#3387
түріБағдарламасы
  1   2   3   4

Пән

 

бағдарламасының



Нысан

титул


 

парағы


 

(SYLLABUS)

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19

                                                                                                           

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы  Павлодар мемлекеттік университеті

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)

FCHZH 3214 Адам және жануарлар физиологиясы

 


Павлодар, 2013ж.

Пән


 

бағдарламасының

Нысан

бекіту


 

парағы


 

(SYLLABUS)

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19                                                                                                           

                                             

    БЕКІТЕМІН

                                                                                                              ХТжЖФ 

деканы

                                                                                                               ________ 



Ахметов Қ.Қ. 

                “___ ” ________2013 ж.

Құрастырған:  д.б.н., профессор Ш.М. Жумадина _______________

                                                                                                        оқытушы   Жумабекова Д.К.

_______________

Биология және экология кафедрасы

FCHZH 3214 

Адам және жануарлар физиологиясы

5В060700 Биология мамандығының студенттеріне арналған

 

Пән бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама “__” __. 20__ ж. бекітілген жұмыс бағдарламсы негізінде әзірленді.

Кафедра отырысында ұсынылған. «_____» __________ 2013 ж.  № ____ хаттама

Кафедра меңгерушісі ________________________ Жумадина Ш.М. «_____» __________ 

2013 ж.


Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу әдістемелік 

кеңесімен мақұлданған

«_____» ___________  2013 ж.  № _____ хаттама

ОӘК төрайымы ________________________ Каниболоцкая Ю.М. «_____» ___________ 

2013 ж.

 

 



1. Оқу пәнінің паспорты

Пән атауы Адам және жануарлар физиологиясы 

Міндетті компонентінің пәні



Кредит саны және оқыту мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 3

Семестр: 6



Аудиторлық сабақтардың барлығы –52,5 сағат   

Дәріс  - 22,5 сағат

Практикалық /семинарлық сабақтар - 15 сағат                                    

Зертханалық – 15 сағат

              СӨЖ – 82,5 сағат

Соның ішінде СӨЖМ – 22,5 сағат

Барлығы - 135  сағат

Бақылау түрі

Емтихан – 6 семестр



Пререквизиттер

Берілен пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқып үйрену нәтижесінде алған білімдері

мен   икемділіктері,   дағдылары   қажет:   адам   анатомиясы,  ЖЖӘ   физиологиясы   мен   эволюциясы,

цитология мен гистология.



Постреквизиттер 

Пәнді   оқып   үйренудің   нәтижесінде   алған   білімдері   мен   дағдылары   келесі   пәндерді

меңгеруге қажет: экологиялық биология, жеке даму биологиясы, молекулярлық биология.

2. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары 

Жумадина Шолпан Молдажановна 

Биология ғылымының докторы, профессор

Биология және экология кафедрасы, Ломов к.64, А-корпус, А-358 аудитория

телефон 8(7182) 67-36-87 (12-57)

Жумабекова Дина Калихановна 

Оқытушы

Биология және экология кафедрасы, Ломов к.64, А-корпус, А-356 аудитория



телефон 8(7182) 67-36-87 (12-57)

3. Пәні, мақсаты және міндеттері

Пәні – Адам және жануарлар физиологиясы – биологиялық ғылым, адам және жануарлар ағзасының және оны

құрастырушы бөліктерінің (жасуша және субжасушалық құрылымы, мүшелердің ұлпалары, мүше жүйесі) іс-әрекет

үрдістерін танып білу және олардың қоршаған ортамен байланысы.

Пәді оқыту мақсаты  

организмнің жүйелердің, мүшелердің қазметтерінің физиологиялық

механизмдерімен таныстыру; физиология ғылымның Жана жетістіктермен таныстиыру және

даму болашағын  көрсету; білім беріп, физиологиялық ой қалыптастыру.



Міндеттері: 

-   тіршілік   үрдістерінің   заңдылықтарын   (зат   алмасу,   тыныс   алу,   қоректену,   қозғалыс   және   т.б.)   әр   түрлі

құрылымдық   деңгейлер   бойынша   оқып   –   білу;   сыртқы   ортаның   бүтін   ағзасы   ретінде   және   ағзаның   әртүрлі

бөліктерінің байланысын қамтамасыз ету және механизмдерді анықтау

-   адам   мен   жануарларда   әртүрлі   физиологиялық   қызметтердің   сапалық   айырмашылығын   анықтау,

эволюциялық дамудағы тең емес деңгейде болуы немесе әртүрлі экологиялық жағдайда тіршілік етуі; 



- физиологиялық қызметтердің құрылуын оқып – білу және де әртүрлі кезеңнің жеке дара дамуында олардың

түзелуі.


4. Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

Осы пәнді оқыту нәтижесінде:

түсінігі болу: 

-

әр түрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік процестерінің (зат



алмасу, тыныс алу, коректену т.б.) зандылықтары туралы;

-

организмнің жеке жүйелерді және организм мен сыртқы орта



арасындағы өзара әсерлердің механизмі туралы;

білуі керек:

- адам мен жануарлардың құрылымдық және қызметтік ұйымдасуының негізгі қағидаларын;

- ағзаның   кейбір   жүйелерінің   ерекшеліктері   мен   физиологиялық   заңдыолықтарын:   жүйке   жүйесінің,

сенсорлық, эндокриндік, қанның, қанайналым жүйесінің, тыныс алу жүйесінің және т.б.; 

істей білуі керек:

- сабақта   қарастырылған   тәжірибелік   әдістерді   диагностика   мен   терапияда   жануарлардың   өнімділігін

жоғарылату мақсатында пайдалана білу;

- алған білімдерін кәсіби қызметінде пайдалана білу: жануарлар өнімдерінің сапасын анықтауда; жануарлар

өнімдерін өңдеу технологияларын таңдауда және т.б.;

дағдыларды қалыптастыру:

- негізгі физиологиялық үрдістерді зерттеуде әртүрлі эксперименттерді өткізуде; 

- адам және жануарлар физиологиясын зерттеуде қазіргі заманға сай ақпаратты тауып қолдануда;

- алған білімдерін теориялық дайындық деңгейлерін арттыруда және тәжірибеде қолдана білуде;

білікті болу:

- тірі объектілермен жұмыс істеуде;

- тиісті деңгейде мідеттерді шеше білу;

- гомеостатикалық   реттелу   мен   биологиялық   объектілердің   қызметтік   және   құрылымдық   ұйымдасуының

қағидаларын білуде;

- тірі жүйелерді бағалау мен зерттеуде негізгі физиологиялық әдістерді қолдануда.



5. Пәннің тақырыптық жоспары

Академиялық сағаттардың сабақ түрлеріне байланысты бөлінуі

№ р/с Пән атауы

Сабақ   түрлеріне   байланысты

аудиторлық сабақтардың саны

ОӨЖ

лекциялар тәжірибел

ік

(семинар

лық)

зертхана

лық,

жеке

оқыту

Барл

ығы

соның

ішінде

СӨЖ

М 

1

Кіріспе. Функциональдық жүйелердиң 



және бөлек мүшелердің  

физиологиясы.Организмдегі реттеу 

механизмдері

1

2



1

2

Қозғыш тканьдердің физиологиясы. 



1

1

1



5

1

3



Бұлшық ет  физиологиясы

1

1



1

5

1



4

Нерв талшықтарының физиологиясы.

1

1

1



5

1

5



Орталық нерв жүйесінің физиологиясы.

 

1



1

1

6



1

6

Орталық   жұйке   жүйесінің   бөліктерінің



физиологиясы. 

2

1



1

6

2



7

ЖДНҚ  физиологиясы

1,5

1

1



3

2

8



Психиқалық іс- әрекетінің физиологиялық

негіздері. 

1

2

1



9

 Снсорлық жүйе. Анализаторлар. 

1

1

1



5

2

10



Қан  физиологиясы

1

1



1

5

1



11

Лимфа физиологиясы

1

3

1



12

Ішкі


 

секреция


 

бездерінің

физиологиясы

1

1



1

3

1



13

Жүрек   пен   қан   тамырларының

жүйесі

1

1



1

6

2



14

Қан   қысымы   және     гемодинамика

зандылықтары

1

1



5

1,5


15

Тыныс


 

алу


 

 

жүйесінің



физиологиясы.  

1

1



1

3

1



16

Асқорыту физиологиясы. 

1

1

1



5

1

17



Зат және қуат алмасуы

1

2



18

Бүйректер   және   басқа   да   сыртқа

шығару ағзаларының қызметі. 

1

1



1

5

1



19

Хронофизиология.  

1

1

1



3

1

20



Жас өспірімдер физиологиясы.

1

2



21

Бейімдеушіліктің негізгі заңдылықтары. 

1

1

1,5



Барлығы:135  (3 кредит)

22,5

15

15

82,5

22,5

6. Дәріс сабақтарының мазмұны

Тақырып 1. Кіріспе. Функциональдық жүйелердің және бөлек мүшелердің  физиологиясы.Организмдегі 

реттеу механизмдері



 

Жоспар: 

1.Физиология ғылымның даму тарихынаң мәлімет

2. Физиологиялық негізгі процестер

3. Физиологиялық зерттеу әдістері

4. Организмнің негізгі қызметтері

       И.П.Павловт физиологияның принциптері. Павловв өз өмірінің ақырғы жылында иттерде

шартты   рефлекстер   пайда   болуы   тәжірибілерің   жүргізе   отырып,   олардың   мінез-құдқын

тексерген. Соның нәтежесінде жоғарғы нерв қызметінде болатын үш принципті И.П.Павлов

ұсынды.   Олар  анализ   бен  синтез,   детерминизм  және  құрылымдық   принциптер:  1.  Анализө

талдау- дегеніміз біртұтас құбылыстардың жеке қасиеттерін, жеке ерекшеліктерін тексеру.

Синтез- түзілу – жеке қасиеттер мен ерекшеліктерді тексеру арқылы, біртұтасс құбылыстарды

жан-жақты   тусіну.   2-   Детерменизм   -   әрбір   құбылысты,   әрбір   процесті   болдыратын   себеп,

сылтау.   3-   Құрылымдық   принцип   -   әрбір   органның   құрылымының   оның   қызметімен

байланыстыру

    Физиологиялық зерттеу әдістері:  Физиологияның негізгі әдісі- тәжірибе жүргізу. Тәжірібе 3

нұсқада   жүргізіледі:   жедел   тәжірибе,   созылмалы   тәжірибе   және   мүшелердің   қызметін

модельдеу. Жедель тәжірибеде малға наркоз беріп, хирургиялық операциялар жасайды да,

ішкі   ағзаларға   әсер   ету   арңылы-   тітіркендіру,   тамырларды   қию,   дәрі-дәрмектер   жіберу,

олардың тіршілік әрекеттеріндегі өзгерістерді бақылайды. Созылмалы тәжірибелер алдын ала

арнаулы   операция   жаслған   жануарларға   жүргізіледі.   Осы   мақсатпен   малдын   қарынына,

ішектеріне   фистула   қойылады,   бездердің   өзектері   сыртқа   шы.арылады   т.б.   Функцияларды

модельдеу   әдісі   физиологиялық   болжамдардың   -–организмнің   өсу   қарқының,   малдың

сүттілігін дұрыстаған тексеруге немесе модельдер арқылы кейбір функцияларды бейнелеуге,

мұшелерді уақытша алмастыра алатын аппараттар жасауға мүмкіндік береді.

               Органдарды жекелеу. Мысалы қарыннан баурға қан құятын қақпалық венаны байлап,

оның қалған бқлігін куыс венамен біріктіріп тіксе, бауыр оқшауланады. Экстирпация кезінде

зерттелетін   органды   жартылай,   немесе   түгелдей   кесіп   алып   тастайды   да,   бүдан   соң

организмде   байқалатын   қзгерістерді   бақылау   арқылы,   оның   денедегі   қай   қызметкее

каншадықты қатысының барлығы анықталады. Трансплантация - бір организмдегі органды,

тканьді   орнынан   басқа   жерге,   немесе   басқа   органзмге   көшіріп   қондыру.   Перфузия-

зерттелетін, қүрамы алдынала белгілі ерітіндіні, не қанды тиісті органның тамырлары арқылы

өткізу   .   Радиотелеметрия   арқылы   әртүрлі   қашықтықтардағы   организмдердегі   бірнеше

жүйелердің қызметтерің көрсеткішін бір мезгілде электромагниттік және радиотолқындары

тіркеп-жазып, талдау арқылы қажетті физиологиялық ақпарат алынды т.б. әдістері.

         Физиологиялық   процесс   дегеніміз   тірі   организмде   жаңа   сапалы   мазмүнға   ие   болған

физикалық және химиялық қзгерістердің күрделі түрлерінің жиындығы – ас қорыту, тыныс

алу, бөлу т.б.

     Физиологиялық функция – тқтас организм немесс оның жеке торшаларының қлпаларының,

мүшелерінің   тіршілік   әрекетә,   қызметі.   Организмнің   басты   қызметі   зат   алмасу   болып

табылады.   Зат   алмасумен   өсу,   даму,   көбею,   қоректену,   қимылдау   т.с.с.   физиологиялық

қызметтер тығыз байланысты.

        Организмнің қызметінің реттеу. Гомеостаз дегеніміз- организмнің сұйық ортасының – қан,

сөл, ұлпааралық сұйық салыстырмалы тұрақтылығы немесе оны қамтамасыз ететің үйлесімі

реакциялар жиынтығы.

           Организм   айналадағы   ортаға   бейімделудін   қамтамасыз   ететін   физиологиялық

процестерін   реттеу   дейді.   реттеудін   екі   түрі   болады:   нервтік   және   гуморальдық.   Нервтік

реттеу,   орталық   нерв   жүйесі   арқылы   жүргізіледі.   Бүл   реттеуге   нерв   орталықтары,   нерв

талшықтары   мен   тармақтары   қатысады.   нерв   жүйесінің   негізгі   қызметі   рефлекс   ретінде

болады. рефлекс дегеніміз- организмнің тітіркенуге қайтарған жауабы. Рефлекторлық доға


бес буыннаң құралған:1- рецепторлар немесе нерв тармақтары; 2- афферентік немесе сезгіш

нерв талшықтары; 3- нерв орталығы; 4- эфферентік немесе қозғауғыш нерв талшықтары; 5-

эффектор немесе жұмыс органы. Рефлекс болу үшін рефлекторлық доғаның осы кқрсетілген

бес   буының   барлығы   қатынасу   шарт.   Гуморальдық   реттеу   дегеніміз   –   заттар   алмасуынан

органдарда, клеткаларда пайда  болатын заттар қанға түсіп және барлық денеге тарайды.

Химиялық   заттарға   жатады-     ішкі   секреция   бездерінің   гормондары,   ұлпа   гормондары,

медиаторлар, қандағы электроліттер. Гуморальдық реттеу нервтік реттеуге қарағанда ерте

пайда болған процесс.



Әдебиет: Негізгі (1,2,3)

Тақырып 2. Қозғыш тканьдердің физиологиясы. 

Жоспар:

1. Тірі  тканьнің қасиеттері  

2. Нерв-бұлшық ет талшықтарының қасиеттері

3. Н.Е.Введенскийдің парабиозы

Барлық тірі тканьдердегі тән төрт қасиет бар: 1- қозу дегеніміз тірі тканьнің тітіркенуге

беретін   ерекше   жауабы   Қозу   үшін   тітіркендіру   күші   ұзақ   уақыт   әсер   етуі   керек.   Әсер   ету

күшіне  қарай  тітіркендіргіштер табалдырықтан төмен, табалдырықты және табалдырықтан

жоғары   болып   үшке   бөлінеді.   Табалдырығы   төмен   дегеніміз   өте   әлсіз   тітіркендіргіштер.

Табалдырықты   тітіркендіргіштер-   тканьді   қоздырушылар.   Табаолырықтан   жоғары

тітіркендіргіштер   -–тканьді   күшті   қоздырушылар.   Тітіркендіргіштер   адекватты   және

адекватсыз болып бөлінеді. Адеватты дегеніміз осы тканьнің үйреншікті тітіркенуі. Мысалы,

көзге   болатын сәуле әсері,  құлаққа  келетің дыбыссс әсері.  Адекватсыз  дегеніміз  тканьнің

үйренбеген   жағдайға   тітіркенуі.   Тітіркену   физиқалық.   химиялық,   биологиялық     және

жэлектрлік   болып   бөлінеді.   Тітіркенуден   қозу   болғанға   дейнгі   уақытты   хронаксия   дейді.

Хронаксия туралы ілімді жасаған франсуз ғалымы Л.Лапик.

     Лабильдік-   айырықшы   ритмді   тітіркенгішке   тірі   тканьнің   айрықша   ритмді   жауап   беру

қасиеті.. Басқаша айтқанда лабильдік – дегеніміз тканьнің функциональдық тұрақсыздығы.

Лабильдік өасиет әрбір аппараттын физиологиялық әрекетіне байланысты. Тітіркену- тканьнің

тітіркендіргішке   беретін   қабілеттілік   жауабы   –   заттар   алмасуының   өзгеруі,   дене

температурасының көтерілуі.

Биоэлектірлік   құбылыстар.   Тірі   құрылымдардағы   электрлік   өзгерістерді   биоэлектрлік

құбылыстар   деп  атайды.   Жануар   электрінің   бар   екендігі   туралы   алғашқы   мәліметтер  ХVIII

ғасырдың   аяғында   зертеген   Л.Гальвани.   Биопотенциал   түрлері.   Тірі   тканьдерде   кездеседі

бірнеше түрі: Олар: тыныштық- мембраналық, зақымдану, электротондық, лоқальдық, қақпа,

әрекет,   табалдырық   потенциалдары.   Мембраналық   потенциал-   тыныштық   күйде   клетка

мембранасының сыртқы бетінің оң элект зарядты, әшкі бетінің онымен салыстырғанда терісс

электр   зарядты   болатындығынаң   туатын   айырымның   нәтежесі.Мұның   шамасы   –50-90   мВ.

Сипаттамассы: бирфазалық, тұрақты; Na  және K насос аркылы пайда болатын биоэлектірлік

құбылыс,   әрекет   потенциалдан   төмен.   Әрекет   потенциялы   –   табалдырық   күші   бар

тітіркендіргіш   әсер   еткенде.   Нерв,   ет   және   кейбір   басқа   клеткаларда   қозу   кезінде   тез

тербелістер түрінде байқалатын мембраналық потенциал өзгерістері. Нерв, ет және кейбір

басқа клеткаларда қозу кезінде тез тербелістер түрінде байқалатын мембраналық потенциал

өзгерістері. Мұның шамасы –50 –120 мВ. Сипаттамасы: тұрақты емес; Na   және K насос   аз

жұмыс істейді немесе жөқ, екіфазалық, мембраналық потенциалдан жоғары. 

Тыныштық   потенциалының   табиғатын   түсіндіру   ұшін   әр   түрлі   гипотезалар   мен

теориялар   қсынылады.   1896,   ж   В.Чаговец   Аррениустың   электролиттік   диссоциация

теориясына   сүйене   отырып,   потенциалдар   пайда   болуын   иондардың   орын   ауыстыруымен

түсіндіруге   талаптанады.   Оның   гипотеза   бойынша,   бұл   процесте   көмір   қыщқылы

диссоцияланған кезде түзілетін иондар диффуздануының әр түрлі жылдамдықта жүретіндігі

негізгі фактор болып  есептеледі. Ю.Берншетейн мамбраналық – иондық  теорияны  қсынды.

Оның түсінігінше, клетка мембранасы калий иондарын тандап өткізеді де, басқа иондарды,

мысалы натрий иондарын өткізбейді. Сондықтан клетка ме мранасының сыртында он заряд

пайда болады, ал ішінде теріс заряд пайда болады. А.Ходжкин және Б.Катц мембраналық-

иондық теорияны ұсынды.

Бұлшық еттер тегіс және қөлденең жолақ болып екіге бөлінеді. Тегіс бұлшық еттердің

ішкі органдар құралған – ішек-қарын, бауыр және т.б. Дене бұлшық еттері көлденең-жолақ

мускулатурадан   тұрады.   Көлденең-жолақ   мускулатура   бөлек-бөлек   талшықтардан

құралғанБұлшық ет талшығының қабы екі қабат: шықтың ішіндегі сарколемма, ішкісі сұйық

зат   протоплазма   деп   аталады.   Онаң   басқа   талшықта   көптеген   миофибрилдер   бар.   Әрбір

миофибрилл   2500   дейін   протофибрилл   деген   белок  жіптерінен   құралған.   Протофибрилдер

жуан   және   жінішке   болып   екіге   бөлінеді.   Көлденең-жолақ   мускулатура   изотроптық   және

анизотроптық   дскілерден   құралған.   Изотроптық   дискілер   жеке   сәулелерді   ал

анизотроптықтар сәулелерді екі түрлі жолмен сындырады Сондықтан да изотроптық дискінің

түсі   ақшыл   анизотроптық   диск   қоныр   болады..   Миофибрилдер   арасында   саркоплазмалық



ретикулым   орналасқан.   Ретикулюмдарда   кальций   йондары   цистернаралы   орналасқан.

Цистерналар қабырғаларының өткізгіштігі жөғарылғанда, олардан йондары бөліне алады.

Бұлшық ет талшықтарының қасиеттері:

1.тонус-бұлшық   еттердін   күш   қуаты.   Тонусты   бұлшық   еттердің   созылымдылығынан   білуге

юолады. Қанқа мускулатурасының тонусы бірінен кейін бірі ұзақ интервалмен келіп тұратын

нерв импульстарына байланысты.

2. созылымдылық-түскен күштің арқасында бұлшық еттің созылуы

3. иілимділігі- эластичность- созғаннан кейін бұлшық еттінің орнына келуі

4.пластикалылығы- бұлшық еттің берілген форманы сақтауы

Бұлшық   еттерге   өзіне   тән   жауабы   –   жиырылуы.   Жиырылуы   оқшауланған   және

тетаниқалық   болып   екіге   бөлінеді.   Бұлшық   еттердің   оқшауланып   жиырылуының   қзі

изотониялық,   изометриялық   және   ауксотониялық   болып   үшке   бқлінеді.   Көбнесе   бұлшық

еттерге  импульстер  бірінен  кейін  бірі  кельгендіктен,   олар  үнемі   –   тетаниқалық  жиырылып

тұрады . Эксперемнт жағдайында тетаниқалық жиырылудың екі түрі болады: 1- толық немесе

тегіс   жиырылуы;   2-   толық   емесс   немесе   тісті   жиырылуы.       Ал   оқшауланған   жиырылуы

кездеседі тек қана жұрек бұлшық еттерде және эксперемент жасағанда. Бұлшық еттердін

жиырылуы механизмі туралы бірнеше теориялар бар. Энгелгард теориясы бойынша белгілі

мөлшерде   калий   мен   магний   йондарды,   АТФ   болғанда   актиномиозин   жіптері   шұғыл   және

жылдам қысқарады.

Бұлшық   еттердің   шаршауы   дегеніміз   олардың   жиырылуы   қабілетінің   төмендеуі.

Шаршау   механизмі   туралы   бірнеше   көзқарас   бар:1.   Шиффтің   болжамы   бойынша   бұлщық

еттердегі   куаттық   заттардың-   гликогеннің   таусылуынан.2-   Пфлюгердің   улану   теориясы

бойынша заттар алмасудағы сүт пен фосфор қышқылдарының жиналуынан.3. Введенскийді

бұлшық еттердің шаршауын екі нервінің түйіскен жерінің лабильдігі төмен болғандықтан, оны

шаршауымен байланысты деп санайды.

Нерв клетканың өсімділері- дендриттер мен аксондар нерв талшықтарды құрайды.Нерв

талшықтары ұлпалы және ұлпаоы емес болып екіге бөлінеді Ұлпалы талшықтардың шван мен

миэленді   қабығы   болады.   Қлпалы   емес   талшықтарда   миэлин   қабығы   болмайды.   Миэлін

қабығы   әрбір   1—2,5   мм-ден   соң   қзіліп   отырады   Оны   Ранвье   буыны     деп   атайды.   Нерв

талшықтарының   60   проценті   дәнекер   тканьнен,   30   проценті   миэлін   қабығынын,   ал   10

проценті   нейрофибридерден   тұрады.   Нерв   талшығының   қабығын   нейролемма,   ал   ішіндегі

сұйығын   нейропалзма   дейді.   Ұлпалы   талшықтарға   соматикалық,   ұлпылы   еместерге

вегетативтік   нервтер   жатады.   Нерв   талшықитарының   қасиеттері:   1.   қлпалы   нерв

талшығының   екі   жақты   өткізгіштік   қасиеті   бар.Бірақ   организмде   нерв   талшықтары   нерв

орталығы мен синапстар болғандықтан қозуды тек бір бағытта ғана өткізеді; 2- талшықтар

қозуды тек бүтін болғанда ғана өткізе алады; 3.- әрбір нерв талшығы қозуды жеке өткізеді;

4.- өткізу жылдамдығы әр түрлі; 5.- заттар алмасуының деңгейі төмен болғандықтан, ұзақ

уақыт шаршамайды; 6.- қозу бір Ранвье буынынан екінщісі не секіріп тарайды. Миэлин қабығы

екі түрлі: электрлік изоляторлық және трофикалық қызмет атқарады. Нерв талшықтары А,В

және С болып үш түрге бөлінеді. А типті талшықтар ạ, β, γ болып бөлінеді Бұлардың бәрінде

миэлін қабығы бар. Нервтің В топтары вегетативтік преганглиенарлы талшыұтарына жатады,

жылдамдығы   секундына   3-14   м.   С-   топтары   постганлионарлы   симпатикалық   талшықтарға

жатады, диаметрі 0,5 м, жылдамдығы секундына 2-6 м.

Н.Е.Веденский   нерв-бұлшық   ет   препаратының   нервісің   кураремен   уландыпып,   нерв

арқылы әр түрлі күші бар электр тогін өткізген. Бұл жағдайда нерв-бұлшық ет препаратының

үш   түрлі   кезені   болатыны   аныұталады:   1-   тепе-тендік   кезеніңде   кұшті   немесе   әлсіз   тоққа

препарат бірдей жауап береді.2- парадоксальдік кезенінде күшті тоққа препарат нашар, ал

әлсіз тоққа  күшті қайтарады; 3- тежелу кезеңінде күшті немесе әлсіз тоққа препарат  ұзақ

уақыт жауап бермейді. Осы тәжірибенің нәтежесі арқасында Введенский қен тараған тежелу

құбылысының   механизмнің   анықтайды.   Өзінің   тірі   жағдайында   нервтің   функциональдық

қасиетін   жоғалтуын   Введенский   –   парабиоз   деп   атады.   Латынша   –   пара-   деген   сөз   екі

мағнада қолданалады. Бұл жерде пара  – жуық деген мағнаны көрсетеді. Ал, биос-тіршілік

деген сөз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет