Сейсенбіде Қызылорда қала
сында облыс әкімі Қырымбек
Көшербаевтың
қатысуымен
облыс тық мәслихат тың кезекті
VII сессиясы өтті. Отырыс ба
рысында өңір басшысы осы
уақытқа дейінгі атқарылған
жұмыстар мен алдағы міндет
терге тоқталды. Оның ішінде
аймақтағы аудандардың да
өзекті мәселелерін баса айтқан
аймақ басшысы денсаулық са
ласына қатысты: «Сыр өңірі
халқының біз үшін саны да,
жаны да қымбат болуы ке
рек», – деген болатын. Осы рет
те, облыс әкімі Қазалы ауданы
Әйтеке би кентінде 150 орынға
лайықталған орталық аудандық
аурухананың құрылысы салына
тынын атап өтті.
Айта кетейік, аудандағы
қазіргі орталық аурухананың
ғимараты тозығы жеткен және
санитарлық
жағдайы
сын
көтермейді. Сондықтан, осы
мәселенің түйіні шешіліп, жаңа
аурухананың құрылысы бас
талатындығы аудан тұрғын дары
үшін қуанышты жаңалық болып
тұр.
Қазалы аудандық құрылыс
бөлімінің мәліметінше, жалпы
құны 4285 миллион теңге бо
латын аудандық аурухананың
құрылысын бастауға
респу бликалық
бюджеттен
200,0 миллион теңге, облыс
қазынасынан 20,0 миллион теңге
қаржы бөлінген. Қазіргі таңда
облыс тық мемлекеттік сатып алу
басқармасы арқылы мемлекеттік
сатып алу ісшаралары жүр
гізілуде.
Е.ЖҰМАБЕКҰЛЫ.
Байланыс телефондары: 8 (724-38) 23-8-04, 21-6-94
www.qazaly.kz
@qazaly.kz
№78
(866)
Сенбі,
1 қазан
2016 жыл
А уд а н д ы қ қ о ғ а м д ы қ- с а я с и г а з е т
Тамыры – терең, тарихы – кенен
E-mail: kazaly@bk.ru
АУЫЛ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ «АЛТЫН КҮЗ-2016» ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қазалы ауданы 1-9 қазан, 2016 жыл
Сағат 09.00 – Волейбол (әйелдер) – алдын ала ойындар
(Спорт кешені)
Сағат 09.00 – Қазақ күресінен жарыс (ОРМБЖМ)
Сағат 09.00 – Баскетбол (ерлер) – алдын ала ойындар (№249
мектеплицей)
Сағат 09.00 – Футбол – алдын ала ойындар (Стадион)
Сағат 09.00 – Қол добы – алдын ала ойындар (№204 мектеп)
Сағат 09.00 – Шахмат (№266 мектеплицей)
Сағат 09.00 – Үстел теннисі (№266 мектеплицей)
1 қазан (сенбі)
Ат спорты түрлерінен спортшылардың келу күні. Жарысқа
қатысушылардың орналасуы. Сағат 15.00 – 18.00 мандаттық
комиссияның жұмысы.
2 қазан (жексенбі)
Сағат 10.00 – Көкпар (алдын ала ойындар)
3 қазан (дүйсенбі)
Сағат 10.00 – Көкпар (алдын ала ойындар)
Сағат 14.00 – Аударыспақ (көкпар алаңы)
Сағат 15.00 – Теңге ілу (көкпар алаңы)
4 қазан (сейсенбі)
Сағат 10.00 – Көкпар (алдын ала ойындар)
5 қазан (сәрсенбі)
Сағат 10.00 – Көкпар (ақтық ойындар)
5 қазан (сәрсенбі)
Спортшылардың келу күні. Жарысқа қатысушылардың
орналасуы.
Сағат 15.00 – 18.00 Мандаттық комиссияның жұмысы.
Сағат 18.30да команда өкілдерімен төрешілер алқасының от
ырысы. Жеребе (Оқушылар үйі)
Сағат 17.00 – 18.00 Қазақ күресінен палуандардың салмағын
өлшеу (ОРМБЖМ)
6 қазан (бейсенбі)
Сағат 09.00 – Дойбы (№266 мектеплицей)
Сағат 09.00 – Қол күресіне қатысушы спортшылардың
салмағын өлшеу (Оқушылар үйі)
Сағат 10.00 – Қол күресінен жарыс (Оқушылар үйі)
Сағат 14.00 – Волейбол – (ерлер) алдын ала ойындар (Спорт
кешені)
Сағат 14.00 – Баскетбол – (әйелдер) алдын ала ойындар
(№249 мектеплицей)
Сағат 14.00 – Президенттік көпсайыс 60 метрге жүгіру,
50 жас және жоғары (әйелдер) (стадион)
Сағат 14.05 – Президенттік көпсайыс 60 метрге жүгіру,
50 жас және жоғары (ерлер) (стадион)
Сағат 14.10 – Президенттік көпсайыс 60 метрге жүгіру,
4049 жас (әйелдер) (стадион)
Сағат 14.15 – Президенттік көпсайыс 60 метрге жүгіру,
4049 жас (ерлер) (стадион)
Сағат 14.20 – Президенттік көпсайыс 100 метрге жүгіру
3039 жас (әйелдер) (стадион)
Сағат 14.25 – Президенттік көпсайыс 100 метрге жүгіру
3039 жас (ерлер) (стадион)
Сағат 14.30 – Президенттік көпсайыс 100 метрге жүгіру
1829 жас (әйелдер) (стадион)
Сағат 14.35 – Президенттік көпсайыс 100 метрге жүгіру
1829 жас (ерлер) (стадион)
Сағат 15.00 – Президенттік көпсайыс орнынан ұзындыққа
секіру (ерлер, әйелдер) барлық жас ерекшеліктері бойынша
(стадион)
Сағат 16.00 – Президенттік көпсайыс граната лақтыру (ер
лер, әйелдер) барлық жас ерекшеліктері бойынша (№ 216 мектеп)
Сағат 18.00 – Спартакиаданың салтанатты ашылуы
(Орталық алаң)
Сағат 09.00 – Гір көтеруден спортшылардың салмағын
өлшеу (Оқушылар үйі)
Сағат 10.00 – Гір көтеруден жарыс (Оқушылар үйі)
Сағат 10.00 – Пневматикалық мылтықпен ату (ерлер,
әйелдер) барлық жас ерекшеліктер бойынша (№ 216 орта мектеп)
Сағат 10.00 – Волейбол – (әйелдер) алдын ала ойындар
(Спорт кешені)
7 қазан (жұма)
Сағат 10.00 – Баскетбол – (ерлер) алдын ала ойындар (№249
мектеплицей)
Сағат 10.00 – Футбол – алдын ала ойындар (Стадион)
Сағат 10.00 – Қол добы – алдын ала ойындар (№204 мектеп)
Сағат 10.00 – Дойбы (№266 мектеплицей)
Сағат 10.00 – Шахмат (№266 мектеплицей)
Сағат 10.00 – Үстел теннисі (№266 мектеплицей)
Сағат 15.00 – Волейбол – (ерлер) алдын ала ойындар (Спорт
кешені)
Сағат 15.00 – Баскетбол – (әйелдер) алдын ала ойындар
(№249 мектеплицей)
Сағат 15.00 – Президенттік көпсайыс 1000 метрге жүгіру, 50
жас және одан жоғары (әйелдер) (Стадион)
Сағат 15.10 – Президенттік көпсайыс 1000 метрге жүгіру,
4049 жас (әйелдер) (Стадион)
Сағат 15.20 – Президенттік көпсайыс 1000 метрге жүгіру,
3039 жас (әйелдер) (Стадион)
Сағат 15.30 – Президенттік көпсайыс 1000 метрге жүгіру,
1829 жас (әйелдер) (Стадион)
Сағат 15.40 – Президенттік көпсайыс 2000 метрге жүгіру, 50
жас және жоғары (ерлер) (Стадион)
Сағат 15.50 – Президенттік көпсайыс 2000 метрге жүгіру,
4049 жас (ерлер) (Стадион)
Сағат 16.00 – Президенттік көпсайыс 3000 метрге жүгіру,
3039 жас (ерлер) (Стадион)
Сағат 16.10 – Президенттік көпсайыс 3000 метрге жүгіру,
1829 жас (ерлер) (Стадион)
Сағат 19.00 – Команда өкілдерімен төрешілер алқасының
отырысы (аудандық әкімдік)
Сағат 10.00 – Волейбол – (әйелдер) алдын ала ойындар
(Спорт кешені)
Сағат 10.00 – Баскетбол – (ерлер) алдын ала ойындар (№249
мектеплицей)
Сағат 10.00 – Футбол – алдын ала ойындар (Стадион)
Сағат 10.00 – Қол добы – алдын ала ойындар (№204 мектеп)
Сағат 10.00 – Тоғызқұмалақ (№266 мектеплицей)
Сағат 15.00 – Волейбол – (ерлер) алдын ала ойындар (Спорт
кешені)
8 қазан (сенбі)
Сағат 09.00 – Тоғызқұмалақ (№266 мектеплицей)
Сағат 09.00 – Футбол – ақтық ойындар (Стадион)
Сағат 09.00 – Қол добы – ақтық ойындар (№204 мектеп)
Сағат 09.00 – Волейбол – (әйелдер) ақтық ойындар (№103
орта мектеп)
Сағат 09.00 – Баскетбол – (ерлер) ақтық ойындар (№249
мектеплицей)
Сағат 12.00 – Волейбол – (ерлер) ақтық ойындар (Спорт
кешені)
Сағат 12.00 – Баскетбол – (әйелдер) ақтық ойындар (№249
мектеплицей)
Сағат 15.00 – Марапаттау, Спартакиаданың жабылуы.
(Оқушылар үйі)
9 қазан (жексенбі)
Ескертулер:
– Тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы жарысына әр коман
да өздерінің 2 ойын тақтасымен қатысады.
– Гір көтеруден жарыс 32 келілік гірмен өткізіледі.
Президенттік көпсайыс бағдарламасы бойыша
пнев матикалық мылтық атудан жарысқа қатысушылар
өздерінің мылтықтарымен қатысады. Сонымен қатар,
әр команда пре зиденттік көпсайыстағы спортшыларға
арқа және кеуде нөмірлерін дайындауы тиіс (Арал №1,
Қазалы №2, Қармақшы №3, Жалағаш №4, Сырдария
№5, Шиелі №6, Жаңақорған №7) Нөмірсіз спортшылар
жарысқа жіберілмейді.
Жалпы командалық және жекелей спорт түрлері
бо йынша марапаттау рәсіміне барлық жеңімпаз
және жүлдегер командалар спорттық киіммен
қатысулары міндетті. Марапаттау рәсіміне
қатыспаған жағдайда команданың жинақтаған ұпай
сандары алынып тасталынады.
Сағат 15.00 – Баскетбол – (әйелдер) алдын ала ойындар
(№249 мектеплицей)
Сағат 18.30 – Команда өкілдерімен төрешілер алқасының
отырысы (аудандық әкімдік)
Қымбатты ардагерлер!
Ардақты ел ағалары!
Сіздерді Халықаралық Қарттар күні мереке
сімен құттықтаймын!
Әр халықтың бойында сонау заманнан бері
қалыптасып, оны өзгелерден даралап тұратын,
тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің
халқымыздың осындай ерекшеліктерінің бірі –
үлкенді сыйлау.
Біз «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» деген
халық даналығымен сусындап, қашанда ардагерін
ардақтап, қариясын құрметтеген халықпыз.
Қарттарын ардақтай білген елдің рухы
үстем, шаңырағы биік. Қазыналы қарттарымызға
әрдайым қамқорлық жасау – біздің басты па
рызымыз. Бұл ретте, Елбасының тапсырма
сымен мемлекет тарапынан жыл өткен сайын
қарияларымызға төленетін зейнетақы мөлшері ар
тып, қарттарымызға әлеуметтік қолдаулар үзбей
көрсетіліп келеді.
Сіздерді мерекелеріңізбен тағы да құттықтай
отырып, баршаңызға мықты денсаулық, күш
қуат, отбастарыңызға бақбереке тілеймін!
АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚАРТТАР
КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН
ҚҰТТЫҚТАУЫ
ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ
–
ҰЛТ МЕРЕЙІ
Сейсенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтағы педа
гогтар мен ардагер ұстаздарды қабылдап, мерекемен құттықтады.
Басқосуға Қызылорда қаласы және облыс аудандарынан келген 3
білім ардагері мен 38 жаңашыл педагог қатысты. Олардың қатарында
Ақтан батыр ауылындағы №90 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Жақсыгүл Түрікбенәлі, М.Горький атындағы №16
мектептің директоры, химиябиология пәнінің мұғалімі Ерлан
Өтепбергенов, Бекарыстан би ауылындағы №24 мектептің химия
биология пәнінің мұғалімі Роза Сансызбай да болды.
– Бауыржан Момышұлының: «Болашақтың басшысын да, да
насын да, ғалымын да ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналар
ды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да со
лай ардақтауға міндеттіміз» – деген қанатты сөзі бар. Жас ұрпақтың
бойына жақсы қасиеттерді, Отанға деген сүйіспеншілікті дарытып,
өмірдің қырсырын танытатын да – Сіздер, ардақты ұстаздар! Ел
Тәуелсіздігінің 25 жылдығында ұстаз еңбегін ерекше бағалап, атап
өтуді заңдылық деп білемін. Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын, –
деген облыс әкімі ардагер ұстаздарды марапаттап, бағалы сыйлықтар
табыстады.
Салтанатты шара Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма
театрында жалғасын тапты. «Қалдырған ізің мәңгілік...» тақырыбында
өткен мерекелік кеште аймақ басшысы ұстаздар қауымын құттықтап,
білім саласындағы атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталды.
Соңғы төрт жылда Қызылорда облысында білім беру саласының
бюджеті екі есеге артты. Биылғы жылдың өзінде білім беру са
ласына облыс бюджетінің 38 пайызы, нақтырақ айтсақ, 75 милли
ард теңге бөлінді. «Серпін» бағдарламасы бойынша 3829, Ресейдің
үздік жоғарғы оқу орындарындағы 390 түлектің Сыр елінің жастары
екендігі қуантады.
Мерекеде мұғалімдердің мерейі үстем болды. Солардың ішінде
қазалылық ұстаздар да бар. Атап айтсақ, Қазалы аудандық білім
бөлімінің бас маманы Наталия Маханова «Білім беру ісінің құрметті
қызметкері», №249 мектеплицей директоры, математика пәнінің
мұғалімі Күлзипа Нақан «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен және №104
мектеп директоры, химиябиология пәнінің мұғалімі Аманбай
Орақбай облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат.
ҚАЛДЫРҒАН ІЗІҢ МӘҢГІЛІК...
Құрметті ұстаздар!
Қадірлі сала ардагерлері!
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар
күнімен құттықтаймын!
Қай заманда да кез келген жетістік пен жаңалықтың
басында білім мен ғылым тұратындығы баршамызға
аян. Ендеше, сол жетістік пен жаңалықты ашатын
адамды, тұлғаны қалыптастыратын, ол – ұстаз.
Тәуелсіздікке қол жеткізген 25 жылдан бері
елімізде талай жасампаз жобалар, жаңа бастамалар
қолға алынып, Қазақстан – әлемге дамудың даңғыл
жолын ұстанған мемлекет ретінде танылуда. Бұл
жетістіктер – Елбасымыздың білімге деген ерек
ше көзқарасы мен Өздеріңіз сияқты өскелең ұрпақты
тәрбиелеп жүрген ұстаздарымыздың еңбегі.
Бүгінгідей жаңалығы желмен жарысқан заманда да
еліміздің интеллектуалды әлеуетін дамытудағы үміттің
үлкені – Ұстаздар мойнындағы міндетте.
Қымбатты ұстаздар!
Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен тағы да
құттықтай отырып, бәсекеге қабілетті ұлт қалып
тастыру жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс,
Өздеріңізге мықты денсаулық, отбасыларыңызға
амандық тілеймін.
Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі
Н.Ш.Шамұратов
ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН
ҚҰТТЫҚТАУЫ
Қазан айының бірінші жексенбісі
– ұстаздар күніне орай №249 мектеп
лицейде
«Ұстазым
–
ұлағатым»
тақырыбында мере келік кеш өтті.
Салтанатты
шараға
жиналған
ұстаздар қауымын аудан әкімі Нажмадин
Шамұратов құттықтап, жылы лебізін ар
нады.
– «Мұғалім – мектептің жаны».
Қанша уақыт өтсе де, ұлы ағартушы Ах
мет Байтұрсыновтың бұл пікірінің мәні
жойылмасы анық. Біздің әрқайсымыз
білім әлеміне алғаш қадам бастырған, оқу
мен тәрбие алу жолында бағытбағдар
берген ұстазға қарыздармыз. Өйткені,
қоғамның бас ты байлығы – адам бол
са, сол «адамның адамшылығы жақсы
ұстаздан» дейді дана Абай.
Тәуелсіздікке қол жеткізген 25 жылдан
бері Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім саласын
назардан тыс қалдырған емес. Тоқырау
жылдарының өзінде «Келешекке – кемел
біліммен» деген Ұлт көшбасшысы салаға
бөлінетін қаржыны еселемесе, азайтпады.
Содан бері ұстаздарды қолдау, оқушылар
мен түлектерге барынша жағдай жасау –
біз үшін қашанда ең басты міндеттердің
қатарында. Биылғы жылы білім беру са
ласына 6,0 млрд астам қаржы бөлінді.
Салаға қаралған қаржының еселеп
артуының нәтижесінде күрмеуі қиын
мәселелер өз шешімін тауып келеді.
Ауданымызда өткен жылдың өзінде
екі жаңа мектеп пен бір балабақша
пайдалануға берілді. Ал биыл Жалаңтөс
батыр ауылынан тағы бір балабақша іске
қосылды. Бұдан бөлек, биылғы жылы
бес мектеп пен бір балабақшаға күрделі
жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді ау
дан басшысы.
Сондайақ, алдағы уақытта апат
ты жағдайдағы мектептердің мәселелері
де шешіліп, Майдакөл, Лақалы, Бірлік,
Шәкен, Шилі ауылдарында жаңа мек
теп салу үшін облыстық бюджеттен
860,5 млн теңге қаржы бөлінгендігі ту
ралы жақсы жаңалықты жеткізді. Біздің
ауданымызда 36 жас аралығындағы
балғындар мектепке дейінгі ұйымдармен
100 пайыз қамтылған. Келешекте 02
жасар бөбектер баратын бөбекжайлар
қатары артатын болады.
Қазіргі уақытта аудан мектептерінде
2290 мұғалім қызмет атқарады. Ал,
бүгінгідей айтулы мерекеде еңбекте
белсенділік танытқан және үздік көрінген
педагогтар облыс әкімінің «Құрмет гра
мотасы» және облыс, аудан әкімінің
«Алғыс хатымен» марапатталды.
Кеш соңы ұстаздар қауымына
арналған мерекелік концертке ұласты.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.
ЖАҢА АУРУХАНА БОЙ КӨТЕРЕДІ
МҰҒАЛІМ – МЕКТЕПТІҢ ЖАНЫ
1 ҚАЗАН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ
БАСПАСӨЗ – 2017
«Қазалы»
газетіне жазылуға
асығыңыздар
Өздеріңіз әр санын әр дайым асыға күтіп отыратын
«Қазалы» газетіне 2017 жылға жазылу басталды.
Жазылу «Қазалы» газе тінің редакциясында жүр гізіледі.
Бағасы жеке адамдар үшін 6 айға – 2000 теңге,
1 жылға – 4000 теңге (индекс 65032),
Мекеме, кәсіпорындар мен басқа да ұжымдар үшін
6 айға – 3000 теңге, 1 жылға – 6000 теңге (индекс 15032).
Біздің есепшотымыз:
«Сыр Медиа» ЖШС
СТН 331 000 011 645
БСН 100 740 005 115
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою 17.08.2012 жыл
сериясы 33001 №0003930
ИИК KZ349260701180488005
АО «Казкоммерцбанк»
БИК KZOKZKX
«ҚАЗАЛЫ» ГАЗЕТІНІҢ
РЕДАКЦИЯСЫ.
Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген.
Ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге орап, көтерген
екен. Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кенде
емес. Орны – төр, қатары – алдыңғы сапта.
Солай бола тұра, еліміздің қарттары үшін жыл сайын қазан айының алғашқы
күнінің орны айрықша. БҰҰның Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда
1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Тоқсаныншы жылдардың
басында Еуропада, бері келе Америкада кең атап өтілетін мереке, жылдар өте
әлем бойынша тойлана бастады. Биыл міне, Халықаралық қарттар күні мерекесіне
26 жыл толғалы отыр. Кез келген қария бұл күнді асыға күтетіндей. Оның себебі
сол мерекеде оларды бұрын өздері жұмыс істеген ұжымы қонаққа шақырады.
Онда әр зейнеткер байырғы ұжымымен кездесіп, жастарға ақылкеңестерін
айтып бір серпіліп қалады.
Олай болса осы айтулы мерекемен сіздерді құттықтай отырып, дендеріңізге
саулық, отбасыларыңызға амандық, жүздеріңізге әрдайым күлкі тілейміз!