Сейсенбіде Қызылорда қала­ сында облыс әкімі Қырымбек



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата05.02.2017
өлшемі10,82 Mb.
#3431
  1   2   3   4   5   6   7

Сейсенбіде Қызылорда қала­

сында  облыс  әкімі  Қырымбек 

Көшербаевтың 

қатысуымен 

облыс тық  мәслихат тың  кезекті 

VII  сессиясы  өтті.  Отырыс  ба­

рысында  өңір  басшысы  осы 

уақытқа  дейінгі  атқарылған 

жұмыстар  мен  алдағы  міндет­

терге  тоқталды.  Оның  ішінде 

аймақтағы  аудандардың  да 

өзекті  мәселелерін  баса  айтқан 

аймақ  басшысы  денсаулық  са­

ласына  қатысты:  «Сыр  өңірі 

халқының  біз  үшін  саны  да, 

жаны  да  қымбат  болуы  ке­

рек», – деген болатын. Осы рет­

те,  облыс  әкімі  Қазалы  ауданы 

Әйтеке  би  кентінде  150  орынға 

лайықталған  орталық  аудандық 

аурухананың құрылысы салына­

тынын атап өтті.

Айта  кетейік,  аудандағы 

қазіргі  орталық  аурухананың 

ғимараты  тозығы  жеткен  және 

санитарлық 

жағдайы 

сын 


көтермейді.  Сондықтан,  осы 

мәселенің  түйіні  шешіліп,  жаңа 

аурухананың  құрылысы  бас­

талатындығы аудан тұрғын дары 

үшін қуанышты жаңалық болып 

тұр.


Қазалы  аудандық  құрылыс 

бөлімінің  мәліметінше,  жалпы 

құны  4285  миллион  теңге  бо­

латын  аудандық  аурухананың 

құрылысын  бастауға 

респу бликалық 

бюджеттен 

200,0  миллион  теңге,  облыс 

қазынасынан 20,0 миллион теңге 

қаржы  бөлінген.  Қазіргі  таңда 

облыс тық мемлекеттік сатып алу 

басқармасы арқылы мемлекеттік 

сатып  алу  іс­шаралары  жүр­

гізілуде.



Е.ЖҰМАБЕКҰЛЫ.

Байланыс телефондары: 8 (724-38) 23-8-04, 21-6-94

www.qazaly.kz

@qazaly.kz

 

№78



(866) 

Сенбі,

1 қазан

2016 жыл

А уд а н д ы қ   қ о ғ а м д ы қ- с а я с и   г а з е т

Тамыры – терең, тарихы – кенен 

E-mail: kazaly@bk.ru

АУЫЛ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ «АЛТЫН КҮЗ-2016» ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ



Қазалы ауданы            1-9 қазан, 2016 жыл

Сағат  09.00  –  Волейбол  (әйелдер)  –  алдын  ала  ойындар 

(Спорт кешені)

Сағат 09.00 – Қазақ күресінен жарыс (ОРМБЖМ)

Сағат 09.00 – Баскетбол (ерлер) – алдын ала ойындар (№249 

мектеп­лицей)

Сағат 09.00 – Футбол – алдын ала ойындар (Стадион)

Сағат 09.00 – Қол добы – алдын ала ойындар (№204 мектеп)

Сағат 09.00 – Шахмат (№266 мектеп­лицей)

Сағат 09.00 – Үстел теннисі (№266 мектеп­лицей)



1 қазан (сенбі)

Ат спорты түрлерінен спортшылардың келу күні. Жарысқа 

қатысушылардың  орналасуы.  Сағат  15.00  –  18.00  мандаттық 

комиссияның жұмысы.



2 қазан (жексенбі)

Сағат 10.00 – Көкпар (алдын ала ойындар)



3 қазан (дүйсенбі)

Сағат 10.00 – Көкпар (алдын ала ойындар)

Сағат 14.00 – Аударыспақ (көкпар алаңы)

Сағат 15.00 – Теңге ілу (көкпар алаңы)



4 қазан (сейсенбі)

Сағат 10.00 – Көкпар (алдын ала ойындар)



5 қазан (сәрсенбі)

Сағат 10.00 – Көкпар (ақтық ойындар)



5 қазан (сәрсенбі)

Спортшылардың  келу  күні.  Жарысқа  қатысушылардың            

орналасуы.

Сағат 15.00 – 18.00 Мандаттық комиссияның жұмысы.

Сағат 18.30­да команда өкілдерімен төрешілер алқасының от­

ырысы. Жеребе (Оқушылар үйі)

Сағат 17.00 – 18.00 Қазақ күресінен палуандардың салмағын 

өлшеу (ОРМБЖМ)



6 қазан (бейсенбі)

Сағат 09.00 – Дойбы (№266 мектеп­лицей)

Сағат  09.00  –  Қол  күресіне  қатысушы  спортшылардың 

салмағын өлшеу (Оқушылар үйі)

Сағат 10.00 – Қол күресінен жарыс (Оқушылар үйі)

Сағат 14.00 – Волейбол – (ерлер) алдын ала ойындар (Спорт 

кешені)

Сағат  14.00  –  Баскетбол  –  (әйелдер)  алдын  ала  ойындар 



(№249 мектеп­лицей)

Сағат  14.00  –  Президенттік  көпсайыс  60  метрге  жүгіру,                

50 жас және жоғары (әйелдер) (стадион)

Сағат  14.05  –  Президенттік  көпсайыс  60  метрге  жүгіру,                    

50 жас және жоғары (ерлер) (стадион)

Сағат  14.10  –  Президенттік  көпсайыс  60  метрге  жүгіру,                  

40­49 жас (әйелдер) (стадион)

Сағат  14.15  –  Президенттік  көпсайыс  60  метрге  жүгіру,              

40­49 жас (ерлер) (стадион)

Сағат  14.20  –  Президенттік  көпсайыс  100  метрге  жүгіру              

30­39 жас (әйелдер) (стадион)

Сағат  14.25  –  Президенттік  көпсайыс  100  метрге  жүгіру          

30­39 жас (ерлер) (стадион)

Сағат  14.30  –  Президенттік  көпсайыс  100  метрге  жүгіру             

18­29 жас (әйелдер) (стадион)

Сағат  14.35  –  Президенттік  көпсайыс  100  метрге  жүгіру              

18­29 жас (ерлер) (стадион)

Сағат  15.00  –  Президенттік  көпсайыс  орнынан  ұзындыққа 

секіру  (ерлер,  әйелдер)  барлық  жас  ерекшеліктері  бойынша             

(стадион)

Сағат  16.00  –  Президенттік  көпсайыс  граната  лақтыру  (ер­

лер, әйелдер) барлық жас ерекшеліктері бойынша (№ 216 мектеп)



Сағат  18.00  –  Спартакиаданың  салтанатты  ашылуы 

(Орталық алаң)

Сағат  09.00  –  Гір  көтеруден  спортшылардың  салмағын 

өлшеу (Оқушылар үйі) 

Сағат 10.00 – Гір көтеруден жарыс (Оқушылар үйі)

Сағат  10.00  –  Пневматикалық  мылтықпен  ату  (ерлер, 

әйелдер) барлық жас ерекшеліктер бойынша (№ 216 орта мектеп)

Сағат  10.00  –  Волейбол  –  (әйелдер)  алдын  ала  ойындар 

(Спорт кешені)



7 қазан (жұма)

Сағат 10.00 – Баскетбол – (ерлер) алдын ала ойындар (№249 

мектеп­лицей)

Сағат 10.00 – Футбол – алдын ала ойындар (Стадион)

Сағат 10.00 – Қол добы – алдын ала ойындар (№204 мектеп)

Сағат 10.00 – Дойбы (№266 мектеп­лицей)

Сағат 10.00 – Шахмат (№266 мектеп­лицей)

Сағат 10.00 – Үстел теннисі (№266 мектеп­лицей)

Сағат 15.00 – Волейбол – (ерлер) алдын ала ойындар (Спорт 

кешені)


Сағат  15.00  –  Баскетбол  –  (әйелдер)  алдын  ала  ойындар 

(№249 мектеп­лицей)

Сағат 15.00 – Президенттік көпсайыс 1000 метрге жүгіру, 50 

жас және одан жоғары (әйелдер) (Стадион)

Сағат  15.10  –  Президенттік  көпсайыс  1000  метрге  жүгіру, 

40­49 жас (әйелдер) (Стадион)

Сағат  15.20  –  Президенттік  көпсайыс  1000  метрге  жүгіру, 

30­39 жас (әйелдер) (Стадион)

Сағат  15.30  –  Президенттік  көпсайыс  1000  метрге  жүгіру, 

18­29 жас (әйелдер) (Стадион)

Сағат 15.40 – Президенттік көпсайыс 2000 метрге жүгіру, 50 

жас және жоғары (ерлер) (Стадион)

Сағат  15.50  –  Президенттік  көпсайыс  2000  метрге  жүгіру, 

40­49 жас (ерлер) (Стадион)

Сағат  16.00  –  Президенттік  көпсайыс  3000  метрге  жүгіру, 

30­39 жас (ерлер) (Стадион)

Сағат  16.10  –  Президенттік  көпсайыс  3000  метрге  жүгіру, 

18­29 жас (ерлер) (Стадион)



Сағат 19.00 – Команда өкілдерімен төрешілер алқасының 

отырысы (аудандық әкімдік)

Сағат  10.00  –  Волейбол  –  (әйелдер)  алдын  ала  ойындар 

(Спорт кешені)

Сағат 10.00 – Баскетбол – (ерлер) алдын ала ойындар (№249 

мектеп­лицей)

Сағат 10.00 – Футбол – алдын ала ойындар (Стадион) 

Сағат 10.00 – Қол добы – алдын ала ойындар (№204 мектеп) 

Сағат 10.00 – Тоғызқұмалақ (№266 мектеп­лицей)

Сағат 15.00 – Волейбол – (ерлер) алдын ала ойындар (Спорт 

кешені)


8 қазан (сенбі)

Сағат 09.00 – Тоғызқұмалақ (№266 мектеп­лицей)

Сағат 09.00 – Футбол – ақтық ойындар (Стадион)  

Сағат 09.00 – Қол добы – ақтық ойындар (№204 мектеп)

Сағат 09.00 – Волейбол – (әйелдер) ақтық ойындар (№103 

орта мектеп)

Сағат  09.00  –  Баскетбол  –  (ерлер)  ақтық  ойындар  (№249 

мектеп­лицей)

Сағат  12.00  –  Волейбол  –  (ерлер)  ақтық  ойындар  (Спорт 

кешені)


Сағат 12.00 – Баскетбол – (әйелдер) ақтық ойындар (№249 

мектеп­лицей)

Сағат  15.00  –  Марапаттау,  Спартакиаданың  жабылуы. 

(Оқушылар үйі)



9 қазан (жексенбі)

Ескертулер:

– Тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы жарысына әр коман­

да өздерінің 2 ойын тақтасымен қатысады.

– Гір көтеруден жарыс 32 келілік гірмен өткізіледі. 

Президенттік  көпсайыс  бағдарламасы  бойыша 

пнев матикалық  мылтық  атудан  жарысқа  қатысушылар 

өздерінің  мылтықтарымен  қатысады.  Сонымен  қатар, 

әр  команда  пре зиденттік  көпсайыстағы  спортшыларға 

арқа және кеуде нөмірлерін дайындауы тиіс (Арал №1, 

Қазалы  №2,  Қармақшы  №3,  Жалағаш  №4,  Сырдария 

№5, Шиелі №6, Жаңақорған №7) Нөмірсіз спортшылар 

жарысқа жіберілмейді.



Жалпы командалық және жекелей спорт түрлері 

бо йынша  марапаттау  рәсіміне  барлық  жеңімпаз 

және  жүлдегер  командалар  спорттық  киіммен 

қатысулары  міндетті.  Марапаттау  рәсіміне 

қатыспаған жағдайда команданың жинақтаған ұпай 

сандары алынып тасталынады.

Сағат  15.00  –  Баскетбол  –  (әйелдер)  алдын  ала  ойындар 

(№249 мектеп­лицей)

Сағат 18.30 – Команда өкілдерімен төрешілер алқасының 

отырысы (аудандық әкімдік)

Қымбатты ардагерлер!

Ардақты ел ағалары!

Сіздерді  Халықаралық  Қарттар  күні  мереке­

сімен құттықтаймын!

Әр  халықтың  бойында  сонау  заманнан  бері 

қалыптасып,  оны  өзгелерден  даралап  тұратын, 

тек  өзіне  ғана  тән  қасиеттері  болады.  Біздің 

халқымыздың  осындай  ерекшеліктерінің  бірі  – 

үлкенді сыйлау.

Біз «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» деген 

халық даналығымен сусындап, қашанда ардагерін 

ардақтап, қариясын құрметтеген халықпыз.

Қарттарын  ардақтай  білген  елдің  рухы 

үстем, шаңырағы биік. Қазыналы қарттарымызға 

әрдайым  қамқорлық  жасау  –  біздің  басты  па­

рызымыз.  Бұл  ретте,  Елбасының  тапсырма­

сымен  мемлекет  тарапынан  жыл  өткен  сайын 

қарияларымызға төленетін зейнетақы мөлшері ар­

тып,  қарттарымызға  әлеуметтік  қолдаулар  үзбей 

көрсетіліп келеді.

Сіздерді мерекелеріңізбен тағы да құттықтай 

отырып,  баршаңызға  мықты  денсаулық,  күш­

қуат, отбастарыңызға бақ­береке тілеймін!



АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚАРТТАР 

КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН 

ҚҰТТЫҚТАУЫ

ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ 



 ҰЛТ МЕРЕЙІ

Сейсенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтағы педа­

гогтар мен ардагер ұстаздарды қабылдап, мерекемен құттықтады. 

Басқосуға Қызылорда қаласы және облыс аудандарынан келген 3 

білім ардагері мен 38 жаңашыл педагог қатысты. Олардың қатарында 

Ақтан  батыр  ауылындағы  №90  мектептің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

пәнінің мұғалімі Жақсыгүл Түрікбенәлі, М.Горький атындағы №16 

мектептің  директоры,  химия­биология  пәнінің  мұғалімі  Ерлан 

Өтепбергенов,  Бекарыстан  би  ауылындағы  №24  мектептің  химия­

биология пәнінің мұғалімі Роза Сансызбай да болды. 

–  Бауыржан  Момышұлының:  «Болашақтың  басшысын  да,  да­

насын  да,  ғалымын  да  ұстаз  өсіреді.  Өмірге  ұрпақ  берген  аналар­

ды  қалай  ардақтасақ,  сол  ұрпақты  тәрбиелейтін  ұстаздарды  да  со­

лай ардақтауға міндеттіміз» – деген қанатты сөзі бар. Жас ұрпақтың 

бойына жақсы қасиеттерді, Отанға деген сүйіспеншілікті дарытып, 

өмірдің  қыр­сырын  танытатын  да  –  Сіздер,  ардақты  ұстаздар!  Ел 

Тәуелсіздігінің 25 жылдығында ұстаз еңбегін ерекше бағалап, атап 

өтуді заңдылық деп білемін. Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын, – 

деген облыс әкімі ардагер ұстаздарды марапаттап, бағалы сыйлықтар 

табыстады. 

Салтанатты шара Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма 

театрында жалғасын тапты. «Қалдырған ізің мәңгілік...» тақырыбында 

өткен мерекелік кеште аймақ басшысы ұстаздар қауымын құттықтап, 

білім саласындағы атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталды. 

Соңғы төрт жылда Қызылорда облысында білім беру саласының 

бюджеті  екі  есеге  артты.  Биылғы  жылдың  өзінде  білім  беру  са­

ласына  облыс  бюджетінің  38  пайызы,  нақтырақ  айтсақ,  75  милли­

ард теңге бөлінді. «Серпін» бағдарламасы бойынша 3829, Ресейдің 

үздік жоғарғы оқу орындарындағы 390 түлектің Сыр елінің жастары 

екендігі қуантады. 

Мерекеде мұғалімдердің мерейі үстем болды. Солардың ішінде 

қазалылық  ұстаздар  да  бар.  Атап  айтсақ,  Қазалы  аудандық  білім 

бөлімінің бас маманы Наталия Маханова «Білім беру ісінің құрметті 

қызметкері»,  №249  мектеп­лицей  директоры,  математика  пәнінің 

мұғалімі Күлзипа Нақан «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен және №104 

мектеп  директоры,  химия­биология  пәнінің  мұғалімі  Аманбай 

Орақбай облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 



«ҚАЗАЛЫ» ақпарат.

ҚАЛДЫРҒАН ІЗІҢ МӘҢГІЛІК...



Құрметті ұстаздар!

Қадірлі сала ардагерлері!

Баршаңызды  кәсіби  мерекелеріңіз  –  Ұстаздар 

күнімен құттықтаймын!

Қай заманда да кез келген жетістік пен жаңалықтың 

басында  білім  мен  ғылым  тұратындығы  баршамызға 

аян.  Ендеше,  сол  жетістік  пен  жаңалықты  ашатын 

адамды, тұлғаны қалыптастыратын, ол – ұстаз. 

Тәуелсіздікке  қол  жеткізген  25  жылдан  бері 

елімізде  талай  жасампаз  жобалар,  жаңа  бастамалар 

қолға  алынып,  Қазақстан  –  әлемге  дамудың  даңғыл 

жолын  ұстанған  мемлекет  ретінде  танылуда.  Бұл 

жетістіктер  –  Елбасымыздың  білімге  деген  ерек­

ше  көзқарасы  мен  Өздеріңіз  сияқты  өскелең  ұрпақты 

тәрбиелеп жүрген ұстаздарымыздың еңбегі.

Бүгінгідей жаңалығы желмен жарысқан заманда да 

еліміздің интеллектуалды әлеуетін дамытудағы үміттің 

үлкені – Ұстаздар мойнындағы міндетте.

Қымбатты ұстаздар!

Сіздерді  мерейлі  мерекелеріңізбен  тағы  да 

құттықтай  отырып,  бәсекеге  қабілетті  ұлт  қалып­

тастыру  жолындағы  еңбектеріңізге  толағай  табыс, 

Өздеріңізге  мықты  денсаулық,  отбасыларыңызға 

амандық тілеймін.



                                                               Құрметпен,

Қазалы ауданының әкімі                            

Н.Ш.Шамұратов

ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН 

ҚҰТТЫҚТАУЫ

Қазан  айының  бірінші  жексенбісі 

–  ұстаздар  күніне  орай  №249  мектеп­

лицейде 


«Ұстазым 

– 

ұлағатым» 



тақырыбында мере келік кеш өтті. 

Салтанатты 

шараға 

жиналған 



ұстаздар қауымын аудан әкімі Нажмадин 

Шамұратов құттықтап, жылы лебізін ар­

нады. 

–  «Мұғалім  –  мектептің  жаны». 



Қанша уақыт өтсе де, ұлы ағартушы Ах­

мет  Байтұрсыновтың  бұл  пікірінің  мәні 

жойылмасы  анық.  Біздің  әрқайсымыз 

білім әлеміне алғаш қадам бастырған, оқу 

мен  тәрбие  алу  жолында  бағыт­бағдар 

берген  ұстазға  қарыздармыз.  Өйткені, 

қоғамның  бас ты  байлығы  –  адам  бол­

са,  сол  «адамның  адамшылығы  жақсы 

ұстаздан» дейді дана Абай.

Тәуелсіздікке қол жеткізген 25 жылдан 

бері Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім саласын 

назардан  тыс  қалдырған  емес.  Тоқырау 

жылдарының өзінде «Келешекке – кемел 

біліммен» деген Ұлт көшбасшысы салаға 

бөлінетін қаржыны еселемесе, азайтпады. 

Содан бері ұстаздарды қолдау, оқушылар 

мен түлектерге барынша жағдай жасау – 

біз үшін қашанда ең басты міндеттердің 

қатарында. Биылғы жылы білім беру са­

ласына  6,0  млрд  астам  қаржы  бөлінді. 

Салаға  қаралған  қаржының  еселеп 

артуының  нәтижесінде  күрмеуі  қиын 

мәселелер өз шешімін тауып келеді.

Ауданымызда  өткен  жылдың  өзінде 

екі  жаңа  мектеп  пен  бір  балабақша 

пайдалануға  берілді.  Ал  биыл  Жалаңтөс 

батыр ауылынан тағы бір балабақша іске 

қосылды.  Бұдан  бөлек,  биылғы  жылы 

бес  мектеп  пен  бір  балабақшаға  күрделі 

жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді ау­

дан басшысы. 

Сондай­ақ,  алдағы  уақытта  апат­

ты  жағдайдағы  мектептердің  мәселелері 

де  шешіліп,  Майдакөл,  Лақалы,  Бірлік, 

Шәкен,  Шилі  ауылдарында  жаңа  мек­

теп  салу  үшін  облыстық  бюджеттен 

860,5  млн  теңге  қаржы  бөлінгендігі  ту­

ралы  жақсы  жаңалықты  жеткізді.  Біздің 

ауданымызда  3­6  жас  аралығындағы 

балғындар мектепке дейінгі ұйымдармен 

100  пайыз  қамтылған.  Келешекте  0­2 

жасар  бөбектер  баратын  бөбекжайлар 

қатары артатын болады. 

Қазіргі  уақытта  аудан  мектептерінде 

2290  мұғалім  қызмет  атқарады.  Ал, 

бүгінгідей  айтулы  мерекеде  еңбекте 

белсенділік танытқан және үздік көрінген 

педагогтар  облыс  әкімінің  «Құрмет  гра­

мотасы»  және  облыс,  аудан  әкімінің 

«Алғыс хатымен» марапатталды.

Кеш  соңы  ұстаздар  қауымына 

арналған мерекелік концертке ұласты. 



Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.

ЖАҢА АУРУХАНА БОЙ КӨТЕРЕДІ



МҰҒАЛІМ – МЕКТЕПТІҢ ЖАНЫ

1 ҚАЗАН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ

БАСПАСӨЗ – 2017

«Қазалы» 

газетіне жазылуға 

асығыңыздар

Өздеріңіз  әр  санын  әр дайым  асыға  күтіп  отыратын 

«Қазалы» газетіне 2017 жылға жазылу басталды.

Жазылу «Қазалы» газе тінің редакциясында жүр гізіледі.

Бағасы  жеке  адамдар  үшін  6  айға  –  2000  теңге,                            

1 жылға – 4000 теңге (индекс 65032),

Мекеме,  кәсіпорындар  мен  басқа  да  ұжымдар  үшін                   

6 айға – 3000 теңге, 1 жылға – 6000 теңге (индекс 15032).

Біздің есепшотымыз:

«Сыр Медиа» ЖШС

СТН 331 000 011 645 

БСН 100 740 005 115

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою 17.08.2012 жыл

сериясы 33001 №0003930

ИИК KZ349260701180488005

АО «Казкоммерцбанк» 

БИК KZOKZKX

«ҚАЗАЛЫ» ГАЗЕТІНІҢ 

РЕДАКЦИЯСЫ.

Халқымыз  қашанда  дария  көңіл,  кең  кеуде  қарттарымен  мақтана  білген. 

Ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге орап, көтерген 

екен.  Бүгінде  біздің  аталарымыз  бен  аналарымыз  да  сондай  құрметтен  кенде 

емес. Орны – төр, қатары – алдыңғы сапта. 

Солай бола тұра, еліміздің қарттары үшін жыл сайын қазан айының алғашқы 

күнінің орны айрықша. БҰҰ­ның Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда         

1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Тоқсаныншы жылдардың 

басында  Еуропада,  бері  келе  Америкада  кең  атап  өтілетін  мереке,  жылдар  өте 

әлем бойынша тойлана бастады. Биыл міне, Халықаралық қарттар күні мерекесіне              

26 жыл толғалы отыр. Кез келген қария бұл күнді асыға күтетіндей. Оның себебі 

сол  мерекеде  оларды  бұрын  өздері  жұмыс  істеген  ұжымы  қонаққа  шақырады. 

Онда  әр  зейнеткер  байырғы  ұжымымен  кездесіп,  жастарға  ақыл­кеңестерін              

айтып бір серпіліп қалады.

Олай болса осы айтулы мерекемен сіздерді құттықтай отырып, дендеріңізге 

саулық, отбасыларыңызға амандық, жүздеріңізге әрдайым күлкі тілейміз! 



№78 (866) Сенбі, 1 қазан 2016 жыл.

Мерейлі отбасы

«Қазақстан  Республикасының  Бюджет  кодексі»  Қазақстан  Республикасының  2008  жылғы  4  желтоқсандағы 

Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін­өзі басқару тура­

лы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6­бабына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты  

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2016­2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 

24 желтоқсандағы LІ сессиясының №364 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 

5274 нөмірімен тіркелген, аудандық «Қазалы» газетінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы №5, 23 қаңтардағы №6 сандарын­

да жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1­тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2016­2018 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3­қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2016 жылға 

мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 11463490,2 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1735864 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 22848 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 26714 мың теңге;

трансферттер түсімі – 9678064,2 мың теңге;

2) шығындар – 11536055,5 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 267115 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 314969 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 47854 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 55802 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 55802 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – ­395482,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 395482,3 мың теңге.

аталған шешімнің 1, 6 ­қосымшалары осы шешімнің 1, 2 –қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.  

2. Осы шешім 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

Аудандық мәслихатының кезектен                            Аудандық мәслихат

                тыс VIІ  сессиясының төрағасы                                             хатшысы                                

                               Ә.Сарабеков                                                            К.Назымбеков

«2016-2018  жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қазалы аудандық 

мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы  №364 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ

№54

19 қыркүйек 2016 жыл

Мемлекеттік тіркеу №5607

23 қыркүйек 2016 жыл 

Қазалы аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 19 қыркүйектегі

VII сессиясының  №54 шешіміне 1­қосымша

Қазалы аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 желтоқсандағы

LI сессиясының  №364  шешіміне 1­қосымша

2016 жылға арналған аудандық бюджет

Санаты

Атауы

 Сомасы, мың 

теңге

Сыныбы

Iшкi сыныбы

1.                                       КІРІСТЕР

11463490,2

1

Салықтық түсімдер

1735864

1

01

Табыс салығы



726906



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет