Ұлттық ойындар – жаңа оқыту технологиясының құралы, әдіс-тәсілі ретінде.
Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын
арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын
іске асырып қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген
жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады.
І «Бәйге» ұлттық ойынын топпен жұмыс жасау барысында қолдану тиімді.
Мысалы, 1-топ Қобыланды батыр тобы десек, ол топтың жүйрігі – Тайбурыл, 2-топ Алпамыс
батыр тобының жүйрігі – Байшұбар, ал топ басшылары сол жүйрікті баптап, бәйгеге қосатын
бапкері немесе тізгіншілері деп алсақ, асықтардан жүйріктердің шауып өтетін жолы - бәйге
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
92
алаңын жасауға болады. Бірінші тапсырма 5 ұпай десек, ұпайды толық жинаған топтың
жүйрігі 5 асық алға жылжиды. Екінші тапсырмада 5 ұпайдың 3-ін жинаса, 3 асық алға деген
сияқты, соңында қай топтың жүйрігі көп жол жүрді, яғни көп ұпай жинады немесе көмбеге
жетті сол топ жеңімпаз болады. Бұл жерде кез-келген ауыз әдебиеті үлгілерінен таңдап алуға
болады, мысалы, Ер Төстіктің Шалқұйрығы, Кендебайдың Керқұласы, Қобыландының
Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқасы, Қабанбайдың
Қубасы, Бөгенбайдың Қызыл аты, Ақанның Құлагері деген сияқты өзгертіп отырсақ,
оқушының қызығушылығы оянып, батырлар мен олардың сәйгүліктері жайлы
мәлімет іздей бастайды.
Осы «Бәйге» ойыны арқылы оқушы:
1.
Халық ауыз әдебиетімен сусындап ондағы батырлар мен олардың тұлпарларын
біледі, еске түсіреді.
2.
Жылқыға, бәйгеге байланысты сөздермен (бапкер, тізгінші, көмбе, бәйге
алаңы) танысып, есте сақтайды.
3.
Ұлттық ойынымыз асықты көзбен көріп, қолмен ұстау арқылы оқуға деген
ынтасы артады.
4.
Топпен жұмыс жасау арқылы бірлік, ынтымақтастығы артады.
Мұғалімдер үшін:
1.
Топ басшыларына жұмыс жасату арқылы көшбасшылық оқыту модулін
жүзеге асырады.
2.
Топпен жұмыс арқылы диалогтік оқыту модулін іске асырады.
3.
Халық ауыз әдебиеттері элементтері мен ұлттық ойынымызды жаңа
технологиямен ұштастыру арқылы оқушы қызығушылығын арттырады.
ІІ «Хан » ойынын оқушы жаңа сабақты бекіту, білімін тексеру барысында, қайталау,
пысықтау сабақтарында қолдануға болады. Мұнда ерекше бір асық хан болады да, басқа
асықтарға нөмірлер жазылады. Хан бүк түссе бүк түсіп жатқан асықты, шік түссе шік түсіп
жатқан асықты, алшы түссе, алшыны, тәйке түссе тәйкені саусақпен шерту арқылы басқа
асықтарды қозғамай ханмен тигізу керек. Қай нөмірдегі асыққа тиеді сол нөмірдегі сұраққа
жауап береді, немесе сол нөмірдегі жаттығуды, тапсырманы орындайды.
ІІІ Модульды оқыту технологиясындағы деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасағанда
«Алтын сақа» ойынын төмендегідей ойнатсақ, оқушының ынтасы артары сөзсіз: үшінщі
деңгейлік тапсырмаға үш асық, екінші деңгейлік тапсырмаға бес асық, бірінші деңгейлік
тапсырмаға алтын сақа беріледі. Сондай-ақ, «Алтын сақа» ойынын топпен де, жұппен де
жеке де ойнатуға болады. Кім барлық тапсырманы дұрыс әрі тез орындайды сол Алтын
сақаны алады дегендей сабақтың түріне,типіне немесе әр пән ерекшеліктеріне байланысты
өзгертіп қолдануға болады.
ІV «Асық қағу» немесе «Бес тас» ойынында оқушылар асықты қағып жаюлы
алақанының сыртына тоқтатып оны жерге түсірмей қағып алуы керек. Қай оқушы, қай топ
немесе қай жұп қанша асық қағып ұстай алады, сонша сұраққа жауап беріп сонша ұпай ала
алады.
Асықты – оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау құралы ретінде де қолдануға
болады. Мысалы, бағалау парақшасын таратқанда әр тапсырма үшін берілетін ұпайды
асықпен белгілесек оқушыларға қызықты болары анық.
Жеребе тарту кезінде де, мысалы, кімнен кейін кім жауап береді, немесе қай топтан
кейін қай топ бастайтынын анықтау үшін сиқырлы сандықтан, ала қоржыннан, қалтадан т.б.
нөмірленген асықты шығарып таңдап алу оқушы қызығушылығын арттырады.
Сондай-ақ, топқа бөлгенде де асықтың жатысына байланысты (алшы, тәйке, бүк, шік)
немесе, асықтың түр-түсіне байланысты оқушыларды топқа, жұпқа бөлу жас ұрпақтың асық
ойынына деген қызығушылығын арттыра түспек.
«Көкпар тарту» ойынында оқушыларды топқа немесе жұпқа бөлеміз. Әр топтың өз
қазандығы болады. Көкпар тартуға арналған серке ретінде кез-келген затты немесе көк
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
93
ешкінің суреті салынған қағазды алуға болады. Жеребе арқылы қай топ немесе қай жұп
бірінші бастайтынын анықтаған соң тапсырмалар, сұрақтар беріледі. Қай топ бірінші және
дұрыс жауап береді серке яғни салым сол топқа өтеді. Қай топтың қазандығына салым көп
салынады сол топ немесе жұп жеңіске жетеді.
«Көкпар» ойыны неге осылай аталады?. Оны қалай ойнайтыны туралы мәліметті
оқушылардың өзіне тауып оқып кел деуге болады.
Ақсерек-көксерек ойынында оқушыларды екі топқа бөлеміз. Әр топтың алдына
сұрақтар салынған сандықша қойылады. Ойын басталғанда бірінші топ: «Ақсерек,
Көксерек бізден сізге кім керек? » деп сұрайды келесі топ: «Ақсерек, Көксерек сізден бізге
......... керек? » деп бір оқушының атын айтады. Сол оқушы келесі топқа келіп, сол топтағы
сандықтан сұрақ алып жауап береді. Бере алмаса сол топта қалып қояды. Қай топ өз
құрамын сақтап, сұрақтарға дұрыс жауап берді сол топ жеңеді.
Ұлттық өнерлеріміз - жаңа оқыту технологияларының құралы, әдіс-тәсілі ретінде.
Домбыра
«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» дегендей сергіту сәттерінде қара
домбырамызды неге қолданбасқа?! Мұнда мұғалімнің өзі немесе сыныптағы кез-келген
оқушы домбыраны шертуге болады, немесе домбырадан төгілген әсем күйдің ырғағымен:
Домбырамды алайын,
Әсем күйге салайын.
Күймен бірге ырғалып,
Билеп-билеп алайын, -деп оқушылар саусақтарын, қолдарын, денелерін қозғау арқылы
бойларын сергітеді. Бұл жерде оқушыларға домбыраны көрсете отырып ол туралы толық
мәлімет бере кеткен дұрыс . (қосымша 9)
Жетіген –ұлттық аспабымызды сайыс сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбие
сағаттарында, білімді бекіту сабақтарында 7 санымен байланыстыра оқытуға болады.
Мысалы, 7 ішекті 7 кезең немесе 7 тапсырма, сұрақ ретінде алып, қай топ жетігеннің 7
ішегін бірінші тағып шығады, сол топ жеңіске жетеді десек оқушылардың қызығушылығы
артып, тапсырманы дұрыс әрі жылдам орындауға тырысады.
Немесе көлемі үлкен шығармаларды оқып жоспар құрғанда, белгілі бір параграфты,
жаңа материалды меңгерту кезінде болса да барлық материалды 7 бөлімге бөліп оқытамыз,
соңында әркім өзі оқыған бөлімін қысқаша мазмұндап, тақырыбын қояды, оны жетігеннің
бір ішегі ретінде жапсырады.соңында паоаграф немесе шығармаға жоспар құрылады,
оқушылар өзі оқымаған бөлімін білу үшін бір-бірін тыңдайды, жетігенді құрастырамыз
деп отырып барлық материалды меңгеріп алады.
Қазақ тілі сабағында 7 септікті өткенде, сөздерді септегенде осы жетігенді пайдалануға
болады. Мысалы, 7 ішекті 7 септік деп алып әр топқа жетігеннің суреті салынған қағазды
береміз. Септік жалғаулары жалғанған сөздерді сыныптың әр жеріне таратамыз.
Оқушылардың міндеті белгілі бір уақыт ішінде (М: 3 минутта) жетігеннің ішектерін рет-
ретімен жылдам және дұрыс орналастыру. Берілген уақыт аяқталған соң, әр оқушы немесе әр
топ өз жетігендерін алып шығып, қорғайды. Бұл әдіс «түртіп алу», «галерея», «әлемді
шарлау» стратегияларына сәйкес келеді.
Сондай-ақ, кім осы 7 санының қасиетімен таныстырады, 7 санының ерекшелігін
айтады сол топқа қосымша ұпай қосылады деуге де болады. 7 саны қазақта киелі сан
болғандықтан 7-ге байланысты ұғымдар көп: 7 қазына, 7 ата, 7 жұт, 7 қат көк, т.б. сонымен
қатар, 7 санына байланысты мақал-мәтелдерді де үйлестіре қолдануға болады:
Айтыс – халқымыздың құнды қазыналарының бірі. Ақындар айтысында "жаттама
өлеңдер аз болады" (
С.Мұқанов
). Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады.
Айтыс ақындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты, ұсталықты қажетсінумен
қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек
етеді. Ал осы төл өнерімізді пікірталас, дебат, дикуссия кездерінде неге пайдаланбасқа?!
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
94
Ақындар сияқты әр топ берілген белгілі-бір тақырып бойынша өз көзқарасын, пікірін
тапқырлықпен, шешендікпендәлелдеп қорғай алу керек. (қосымша 11)
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының құрылымын ұлттық құндылықтармен
қалай ұштастыруға болады?
1-кезең.Қызығушылықты оятуда тақырыпқа сай халқы ауыз әдебиетінің салалары
мақал-мәтел,жұмбақ,нақыл сөздерді қолдану өте тиімді.
Мәселен,міндетті түрде бұрыннан келе жатқан жұмбақтар емес,кез-келген тақырыпты
жұмбақтап,жасырып айту біріншіден оқушылардың қызығушылығын тудырса,екіншіден ой-
өрісін дамытады.Мәселен,7-сынып география сабағында «Тынық мұхит» тақырыбын өткенде
« Үш күйде болады, жер шарының өте үлкен бөлігін алып жатыр», бұл не жайлы айтылған
дегенде оқушылар бірден су,мұхит екенін тауып,тақырыптың не жайлы болатынын өздері
айтып береді.
2-кезең.Мағынаны ажыратуда киіз үйді «Білім ордасы»деп алуға болады. Киіз үй
құрылысы сызылады.(Киіз үй құрылысы,жабдықтары жайлы айтып өтіледі) Оқушы мәтінмен
жұмыс жасай отырып, киіз үйді «Тынық мұхит»жайлы біліммен толтыруы
керек.Толтырудың критерииін ұсынуға болады. Есік-географиялық орны, кереге-зерттелуі
,уықтар-тіршілік дүниесі, шаңырақ мұхиттың маңызы. Болған соң, жұптасып, білім
ордасындағы біліммен жұбымен бөліседі, бір-бірін толықтырады.
Мұнда «Білім ордасын», яғни киіз үйді топпен, жұппен жұмыс жасатуда да қолдануға
болады.Кез-келген жаңа тақырыпты меңгертуде,өткен сабақты қайталауда,пысықтау
сабақтарында қолдануға да тиімді.
Оқушы өзіндігінен, жұппен, топпен жұмыс жасау арқылы білімді игереді,сондай-ақ
киіз үй жайлы көптеген мағлұматтар алады.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз - жаңа оқыту технологиясының құралы, әдіс-тәсілі
ретінде.
«Сыбаға беру» және «Қонақ асы» дәстүрі.
Сыбаға – құрметті
қонаққа
немесе жақын-жуыққа арнап сақталған
кәделі
ет мүшелері
,
тағам.
Қонақ асы. Қазақ халқы өте қонақжай екендігін көрсете білген. Бұл мырзалықты
көптеген шетелден келген қонақтар да айта жүреді. Қонақты құрметтеп, қарсы алып, бар
тәтті-дәмдісін қонағына береді.
Дәл осы дәстүрді негізге ала отырып,білімді, ақпаратты алу мен беру, үйрену мен
үйрету тәсілімен жұмыс жасау мұғалімдеріміздің қолданып жүрген ЖИГСО әдісіне, сондай-
ақ модулді оқыту технологиясына да сәйкеседі. Яғни, оқушыларды жұпқа не топқа бөлеміз.
Берілген ақпарат топта оқылып талқыланған соң ,әір топтан бі-бір мүше келесі топқа қонаққа
барады. Ал, сол топтың міндеті бар «тәтті жұмсақтарын», бір сөзбен айтқанда бар
түсінгендерін «қонаққа береді». Ал «қонақ» өз кезегінде сол топқа «сыбағасын» ала барады,
білгенін түсіндіреді. Ал тыңдаушы топ «Сыбаға» әкелген оқушыны құр жібермей
«қонақасы» береді – бағалау парақшасына бағасын не ұпайын қояды. Ұпайды асықпен
беруге де болады. Соңында кім көп асық жинайды (ұпай) сол жақсы баға алады.
Тізбектеп айта берсек халқымыздың ұлттық құндылықтары қаншама, олардың
әрқайсысын әр-түрлі тәсіл ретінде қолдану ұстаздарымыздың ізденімпаздығын арттырып
шеберлігін шыңдаса, оқушыларымыздың ой-өрісін кеңейтіп, қызығушылығын арттырады.
Осылайша, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи
түседі. Оқу үдерісінде ұлттық ойын элементтерін, салт-дәстүрлерімізді, ұлттық өнер,
аспаптарымызды т.б. пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына, түріне сай алынады.
Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе ұлттық
ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды мұғалімнің
шеберлігіне байланысты сабақтың қай кезеңінде болса да қолдануға болады. Мұғалім әр
оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ұлттық құндылықтарымызды әр
сабақта сәл де болса кіріктіре қолданып отырсақ тәрбиелік маңызы жоғары болары сөзсіз.
Олар баланы зеректікке, білгірлікке, алғырлыққа баулып,. Бабаларымыздың асыл
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
95
қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді, сөздік қоры
байиды. Батылдыққа, өжеттікке, адамгершілікке тәрбиелейді, пән тақырыптарын тез,
жылдам меңгеруге ықпал етеді.
Ұрпақ қамы – ел қамы. Ал еліміздің болашағы болатын, ел қамын жейтін ұрпақ
тәрбиелеу ұлағатты ұстаздардың қолында екені айтпаса да түсінікті.
Осындай үлкен үміт арқалаған ұстаздарымыз ел ертеңі болатын жастарымыздың жеке
тұлға болып қалыптасуына ат үсті қарамау керек. Бүгінгі білім мен техниканың дамыған
заманында біздің еліміз де білім сапасын арттыру үшін әлем елдерінің тәжірибелерінен өткен
педагогикалық технологияларды білім беру үдерісіне енгізуде. Бұл тұрғыда ұстаздарға осы
жаңа технологияларды меңгеріп, өз тәжірибелерінде қолдану міндеті қойылған. Өз кезегінде
ұстаздарымыз білім жетілдіру курстарында болып, білімдерін шыңдауда. Бірақ, жаңа
технологияларды меңгереміз деп жүріп ұлттық құндылықтармызды басқа елдердің
тәжірибесінің көлеңкесінде қалдырып алғандаймыз.
Сондықтан да, осы жұмысымызды зерделей отырып төмендегідей қорытындыға келдік:
-Жаңа технологиялар мен ұлттық құндылықтарымызды ұштастыра отырып, оқу
үдерісінің тиімділігін арттыруға болады.
- Ұлттық құндылықтарымыздың элементтерін күнделікті сабаққа кіріктіру арқылы
оқушы бойында туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялатып,
ұлттық рухын дамыта аламыз
- оқыту үрдісіндегі әлемдік озық тәжірибелерді қазақ халқының өзіндік менталитетіне
сай үйлестіре қолдану арқылы, халқымыздың төл тәрбиесін бойына сіңірген білімді де,
білікті, жеке тұлға қалыптастыру ұстаздарымыздың қолынан келеді.
- Қазақ халқының кез-келген ұлттық құндылығын, оқытудың әдіс-тәсілдері ретінде,
сабақтың түріне сай түрлендіріп жаңғырта қолдану ұстаздарымыздың шеберлігін шыңдап,
оқушыларымыздың қызығушылығын арттырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. http://www. akorda.kz
2. Бұзаубаева К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Алматы, 2004.
3.Есиркепов Ж. М., Зулпыхаров Х. Ш. Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі және
тәрбиелік мәні // Молодой ученый. — 2014. — №20.1. — С. 62-65.
4.Толегенова А. Б. Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу // Молодой
ученый. — 2015. — №7.2. — С. 64-65.
5.3.Ж.З.Әділбекова «Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды енгізу».
6.
http://el.kz/m/articles/view/
7.http://massaget.kz/layfstayl/
Аннотация
В этой статье идет речь об актуальности инновационных технологии, которые
используются в данный момент в системе образования нашей страны, при этом обновляется
содержание образования соответственно мировому стандарту. А также показаны методы и
пути как совместно применять новые технологии с национальными ценностями для
достижения качественного образования и воспитания.
Нина Абилгазыевна ДЖАПАНОВА,
Маңғыстау облысы, «№4 орта мектебі» КММ, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Маңғыстау облысы, Қазақстан Республикасы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТАҢДАУ МӘСЕЛЕСІ,
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
96
ОНЫ ЕНДІРУ ЖОЛЫ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Түйін
Бұл мақалада білім беру мазмұнының жаңаруы жағдайындағы білім беру үрдісінің
нәтижелілігін арттыруда әдістемелік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру, мұғалімдердің
құзыреттілігін дамытуда әдіскердің ролі, сонымен қатар педагогикалық технологияларды
таңдау, оларды ендіру жолы және мониторингті ұйымдастырудың маңыздылығы
көрсетілген.
«Білген адам білімді өмір бойы іздейді» деп С.Торайғыров айтқандай заман
дамуындағы жетістіктер болашақ ұрпақтың білімі мен тәрбиесіндегі жетістіктерге, ал ол өз
кезегінде жаңа формация маманына және де оған әдістемелік нұсқау беретін, көмекші болып
отыратын мектеп директорының орынбасарларының біліктілік деңгейіне байланысты.
Қазіргі кезде жаңа технологияларды қолдану әріптестерімнің тәжірибесіне еніп
қоймай, бүкіл білім беру жүйесіне де әсерін тигізуде. Шығармашылық қабілет әр баланың
табиғатында әр түрлі. Сондықтан алда тұрған міндет – оқушылардың бойында көрінбей
тұрған дарыны мен талантын, қабілеті мен қырын ашу, ал бұл – өз кезегінде әдіснамалық,
психологиялық, технологиялық, теориялық жағынан дайындығы жоғары, инновациялық
қызметпен айналысатын педагогтар арқылы қол жететін нәтиже. Ол үшін білім беру ұйымы
қызметкерлерінің құзыреттілігінің дамуын қалыптастыруда теориялық білімін практика
жүзінде көрсете алатын, шебер ұйымдастырғыш қабілеті бар, креативті, тәжірибелі
әдіскердің ролі ерекше. Әсіресе, бүгінгі таңда заманауи технологиялар енгізіліп, стандарт
бойынша жұмыс жасау барысында тәжірибесіз жұмыс жасау мүмкін емес. Әдіскер заман
талабына сай білім үрдісіне дайын болып, жаңашылдыққа ұмтылып отыруы тиіс. Әдіскердің
тәжірибелілігі оның жаңа тың идеялармен мақсатқа бағытталып жұмыс істеуінен, әрбір
педагогтың қабілеті мен мүмкіндігін тани білуінен көрінеді. Ол әрбір педагогпен ақылдасып,
қоғамдық пікірлерге құлақ асады, олардың тәжірибесі мен білімін, жетістіктерін қолдайды
және олардан жұмысты талап етеді.
1-сурет. Әдіскер шеберханасының мазмұндық құрылымы
Әдіскер
Әдіскер шеберханасы
Педагогтердің кәсіби
дамуы
Өзін-өзі
дамыту
Жаңа бағдарламалар
құрастыру
Ақпараттылығын
арттыру
Теориялық дайындығын
қалыптастыру
Кәсіби шеберлігін
жетілдіру
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
97
Түрлендірілген Ашық сабақтар, тәрбие
семинарлар сағаттары,тәлім сәттері
Идеялар Озық Педагогикалық
аукционы тәжірибе оқулар
Танымдық Кәсіби
ізденістер байқаулар
2-сурет. Педагогикалық технологияларды жүзеге асыру құрылымы
Нәтиже
•
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігі дамиды;
•
Мұғалім білім сапасының көтерілуіне жауапкершілік танытады;
•
Көшбасшылық қасиеттері көрініп, бірлескен іс-әрекетке жол ашылады;
•
Шығармашылық жұмыс жасауы артады;
•
Іс-тәжірибелерін жинақтап, қорытындылап, көрсетілімдер жасай бастайды;
•
Мұғалім санатын көтеруге жұмыстанады.
Мұғалімдердің кәсіби өсуін көрсететін мониторинг
№ Мұғалімнің
аты-жөні
Пәні
Өз
білімін
жетіл-
діруі
Жұмыста-
натын
педтех-
нологияс
Тиімді әдіс-
тәсілдерді
қолдану
тәжірибесі
Тарату
ы
Оқушы нәтижесі
С
ай
ыс
-
ба
йқ
аула
р
Пә
нд
ік
оли
м
пи
ад
а
са
па
үлге
рім
Ба
сп
ас
өз
се
м
и
на
р
Достарыңызбен бөлісу: |