Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі» КММ
«Болашақ – білімді ұрпақта»
атты
мектепалды даярлық сыныптары мен шағын орталық топтары
бірлестігі апталығының талдауы
2015-2016 оқу жылы
Мектепалды даярлық сыныптары мен шағын орталық топтары
әдістемелік бірлестігінің апталығына талдау
«Мектепалды даярлық сыныптары мен шағын орталық топтары » бірлестігінің
апталығы 30.11.15-04.12.15 аралығында ӛтілді.
Мектепалды даярлық сыныптары мен шағын орталық топтарының бірлестік
апталығының тақырыбы: «Болашақ – білімді ұрпақта»
Сабақтың мақсаты: Балалардың белсенділік қабілетін,танымдылық
қызығушылығын арттыру, логикалық тапсырмаларды орындауға дағдылан дыру,
оқушылардың тілдік қорын дамыту, ой-ӛрісін кеңейту, жауапкершілік ке,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Апталықтың ашылу салтанаты 30 қарашада мұғалімдер мен тәрбиешілер дің
қатысуымен «Балбұлақ» ойын залында ӛтті. Ашылу салтанатын директордың
бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Дангилова Айгүл Бақытжанқызы ашты.
Балалардың дайындаған шағын кӛріністері мен ән-шашумен ашылып,соңында
оқушыларды апталықтың жалпы жұмыс жоспарымен таныстырып ӛтті.Апталықтың
жоспары бойынша МДС топтары мен Шағын орталық топтары аралығында барлығы
7 ашық сабақ және 2 сыныптан тыс-іс шара ӛткізілу керек еді. Жопарланған
жұмыстардың барлығы уақытында ӛткізілді. Апталықта ӛткізілген сабақтардың
ұйымдастырылуы мен формасы әр түрлі болды.Тәрбиеші білімді оқушы санасына
сабақ арқылы жеткізеді. Ол-мұғалімнің бір-біріне ұқсамайтын жан-жақты ӛткізген
сабақтары, қазіргі таңдағы жаңа технологиялар.
Енді жалпы ашық сабақтардың ӛткізілу деңгейіне келетін болсам, 02.12.15 күні
А.Б.Айткужина шағын орталық «Гүлдер» тобында математика пәнінен «4 саны»
тақырыбында сабақ ӛткізді.Жалпы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде құрылымы
сауатты жасалған. Барлық кезеңдері сақталып, түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды.
Сынып үш топқа бӛлініп жұмыс істеді. Жаңа сабаққа кӛшу кезеңінде аудиожазба
тиімді қолданылып, балаларға жағымды әсер етті. Балалар сабаққа белсенді қатысып,
білетіндерін кӛрсете білді. Алтын Балғабекқызы жас маман болғанмен де
шығармашылықпен жұмыс істейтін тәрбиеші. Ұйымдастырылған іс-әрекет мақсатына
жетті деп ойлаймын.
02.12.15
күні МДС «А» сыныбында
Т.А.Бугенбаева «Р дыбысы мен әрпі»
тақырыбы бойынша сауат ашудан ашық
сабағын ӛткізді. Сынып үш топқа бӛлініп,
сабақ барысында топпен жұмыс жасап
отырды. Сабақ ӛткен тақырыпты қорытумен
басталды да, оқушыларға берілген қосымша
тапсырмамен жалғасып кетті.
Жаңа
сабаққа
кӛшпес
бұрын
теледидардан
«Р
дыбысы»
тақырыбына
байланысты видеоматериал кӛрсетті. Бұндағы мақсаты дыбыс туралы оқушылар
кӛздерімен кӛріп, тереңірек ұғындыру.
Бекіту кезеңінде оқулықпен жасай отырып, әріпті баспа түрде дәптерлеріне
орындады. Топпен «Бӛлмені реттеу» ойынын ойнады. Текшелермен сӛздер жазып,
оларды талдады. Сергіту жаттығуын орындады.
Қорытынды кезеңінде әріпке мысалдар келтіріп, дауысты, дауыссыз екенін
ажыратып оқушылардың жаңа сабақты қаншалықты меңгергендігі байқалды.
Жалпы сабақ барысында зерттеу, баяндау, топтастыру, салыстыру, ойын
технологияларын қолданды. Алдыма қойған мақсатыма толық жеттім деп ойлаймын.
02.12.15 күні шағын орталық
«Ботақан» тобында Қоршаған ортамен
танысу пәнінен «Ұшады,жүзеді,
жүреді» тақырыбында А.Ж.Ержанова
ашық сабағын ӛткізді. Арай
Жангалиқызы жас маман. Ӛткізген
сабағы ойын түрінде болды. Сабақ
барысында топ саяхатқа ұшып, сумен
жүзіп, жүріп бару арқылы жұмыс
жасады. Әр топ ӛздеріне берілген
тапсырмалар бойынша жұмыс істей білді. Балалар белсенді қатысып, білім
деңгейлерін кӛрсете білді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет құрылымы жақсы
ұйымдастырылған.. Пәнаралық байланыс болды. Сабақта оқушылармен қарым-
қатынас жасап, сабақ құрылымының мӛлшерін сақтай білді
02.12.15 күні МДС «В» тобында
сурет салу пәнінен «Құстар»
тақырыбында Ж.Т.Карсахова ашық
сабақ
ӛткізді.
Жанна
Танжарыкқызы
жас
маман.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
барысында сынып 3 топқа бӛлініп
топпен жұмыс жасады. Тақырып
бойынша интерактивті тақтамен
видеожазба кӛрсетіліп, құстардың тіршілігі мен дауысы туралы кӛз жеткізді. Әр топ
ӛздеріне берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасады. Оқушылар белсенді
қатысып, сурет салуға деген қызығушылықтарын кӛрсете білді.Сабақтың құрылымы
жақсы ұйымдастырылған. Пәнаралық байланыс болды. Сабақта оқушылармен қарым-
қатынас жасап, сабақ ӛз мақсатына жетті.
03.12.15 күні МДС «Ә» сыныбында
математика пәнінен «2,3,4,5 сандары»
тақырыбында А.Ж.Баязитова ашық сабақ
ӛткізді. Ақбота Жақсылыққызы жас
маманның бірі. Ұйымдастырылған оқу іс-
әрекет тартымды әрі жақсы болды.
Тақырыпты «Бауырсақ» ертегісімен
байланыстырып, әрбір кейіпкерлердің
тапсырмасын балалар қызыға орындады.
Интерактивті тақтадан тапсырмалар,
сандар құрамы, сергіту сәттері кӛрсетіліп, сабақ ӛз мақсатына жетті. Уақытты тиімді
пайдаланып, тақырыпты балаларға толық жеткізе алды.
03.12.15 күні шағын орталықтар арасында
«Бала тілі бал» тақырыбында
интеллектуалды ойын болып ӛтті. Сайысқа
әр топтан 5 баладан қатысты. Әр топтың ӛз
аттары да бар. Бұл ойынды тәрбиеші
А.Б.Айткужина жүргізді. Бұл сайысқа ата-
аналар мен тәрбиешілерде қатысып
тамашалады.
Сайыста интерактивті тақтамен бала
жасына сай тағайындалған әр-түрлі бейне
сұрақтар, жұмбақтар, тапсырмалар берілді.
Балалар ойлана әрі қызыға қатысып отырды.
Әділ қазы мүшелері тәрбиеші мен ата-
аналар тарапынан сайланды. Мұнда үш
топтан Гүлдер тобы «Белсенді топ»,
Қарлығаш тобы «Алғыр топ», Ботақан тобы «Ізденімпаз топ» номинацияларына
иеленді және сыйлықтар алды. Ата-аналар
алғыстарын айтып, тарасты.
03.12.15 күні МДС «Б» тобында жапсыру
пәнінен «менің машиналарым» тақырыбында
А.С.Камбарова ашық сабақ ӛткізді. Ақмарал
Сламбекқызы жас маман. Ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетін теледидардан кӛліктер және
жол қауіпсіздігі туралы видеожазба кӛрсетіп ,
балалардың кӛңіл-күйлерін кӛтеріп алды.
Балалар кӛліктер жӛнінде ӛз ойларын айтты,
тақпақтар орындады. Топпен машиналарды
жапсыртты. Жапсырған машиналарын мадақтап, кӛрме жасады. Ұйымдастырылған
оқу іс-әрекет ӛз мақсатына жетіп, уақытты тиімді пайдаланды.
04.12.15 күні шағын орталық «Ботақан»
тобында мүсіндеу пәнінен «Үйрек пен
балапандары» тақырыбында
Ү.М.Кемелдинова ашық сабақ ӛткізді. Үміт
Маратқызы жас маман. Ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетін балаларға интерактивті
тақтамен жұмбақ жасырумен ашып алды.
Балалар жұмбақ шешуін тәрбиеші кӛмегімен
тапты. Үйрек пен балапандарының суреті
кӛрсетіліп, олар туралы түсінікберді. Балалар ермексаздан үлгіге қарап үйрек және
балапан мүсіндеді. Интерактивті тақтадан қалай жасалатыны кӛрсетіліп тұрды.
Балалар мүсіндерін үй ауласы макетіне қойып, кӛрме жасады. Ойын ойналды, сергіту
жаттығуы жасалды. Балалар сабаққа қызыға қатысты. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет
ӛз мақсатына жетті.
04.12.15 күні ата-аналармен бірлескен мектепалды даярлық топтар арасында «Әкем,
анам және мен » спорттық сайыс
ӛтті. Бұл сайыстың қызығар жері ата-аналарымен
бірге кішкентай бүлдіршіндеріміз жарысқа түсті. Сайыстың ӛткізілу мақсаты: ата-
аналарды мектеп ӛміріне араластыру және жақын ету. Ата-аналарымыздың спортқа
деген қызығушылық оянды десе де болады. Сайыс 6 этаптан құрылып,
тапсырмаларды қызықты орындап шықты. Бұл сайыста дене шынықтыру мұғалімі
О.Узбайров және директордың орынбасары Ш.Д. Бегайдарова әділ қазы мүшелері
болып, әділ баға берді. 1-ші орынды МДС «В» ата-аналар командасы, 2-ші орынды
МДС «А», 3-ші орынды МДС «Ә» мен «Б» топ ата-аналары иеленді. Ата-аналар мен
балалар сыйлықтар мен мақтау қағаздар алды және алғыс айтты.
04 желтоқсанда сағат 15.30 да апталықтың жабылу салтанаты болды. Бұл салтанатта
тәрбиешілерге сӛз беріліп , алдағы уақытта ата-аналармен мектеп байланысын
нығайтылытыны айтылды. Балалар ӛз ӛнерлерін кӛрсетіп ӛтті. Балалар мен
тәрбиешілерге алғыстар айтылды. Іс-шараларға қатысқан балаларға марапаттаулар
тапсырылды.
Қорытынды: Апталық ӛз уақытында болып, тәрбиешілер жақсы жұмыс істеді. Ата-
аналармен тығыз байланыста болып, әрбір іс-шараға қатыстырды.
Жалпы жоспарланған сабақтар мен іс-шаралардың барлығы ӛз уақытында толық
ӛткізілді.
Ұсыныс:
Осындай іс-шаралар, ашық сабақтар мектепалды топтарында жиі болып тұрса;
Апталықта тәрбиешілер жұмысына басқа пән мұғалімдері қатысса;
Орындаған : Бугенбаева Тажида Асанбаевна
Достарыңызбен бөлісу: |