ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет141/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   153

шәрінің патшасына да жетті. Шәрінің патшасы 

– Ішіндегі ақсақалын алып келіңдер, – деп бұйрық беріпті. Уәзірі келіп Самарқанға: 

– Іштеріңіздегі ақсақалды біздің патша сұрайды, – десе, Самарқан: 

– Ішіміздегі сақалды осы, – деп серкешті өңгертіп жібереді. Манағы уәзір серкешті бақыртып қораға кірсе, 

патша «бұл не» дегенде, «ішіміздегі ақсақал осы» деді тақсыр. Патша: 

– Құрт көзіңді, ішіңдегі үлкенін алып кел, – деді. Уәзір қайта келіп, Самарқанға: 

– Ішіңіздегі үлкендеріңізді сұрайды біздің патша, – деді. 

– Ішіміздегі үлкен осы, – деп атан түйені беріп жібереді. Уәзір атан түйені бақыртып қораға кіргенде, 

патша: 


– Бұл не? – дейді. 

– Ішіміздегі үлкен осы деді тақсыр, – деп жауап береді. 

– Құрт ұятсыз көздеріңді, ішіндегі қолбасшысын әкел, – деді патша. Манағы уәзір қайта келіп Самарқанға: 

– Іштеріңіздегі қолбасшыларыңызды сұрап жатыр, – деді. Сонда Самарқан: 

–  Ә,  ондай  болса  қолбасшысы  мен,  –  деп  атқа  мініп  патшаға  келеді.  Патша  келген  жерде-ақ  оған 

сәлемдескеннен кейін: 

– жүгірмек екенсің», – деді. Самарқан: 

– Өзің жүгірмек екенсің, – деп жауап берді. 

– Мен неге жүгірмекпін, – деді патша. 

Самарқан: 

– Ал мен неге жүгірмекпін? – деді. 

Патша: 


– Сен жүгірмек болмасаң менің шәрімнің иті не істеді саған? – деді патша. 

Самарқан сонда: 

–  Сен  жүгірмек  болмасаң,  сенің  шәріңнің  иті  не  істемеді,  сендердің  бір  итіңнің  ұлығанына  менің 

патшамның жүз қойы қырылып қалды, – деді. 

Сонда патша: 

– О ақымақ неме, – деді. 

Сонда Самарқан: 

– Мен емес, сенсің, – деді. 

– Ал айтшы мен неден ақымақ болыппын, – деді. 

– Ақымақ болмасаң неше мың шақырмым жердегі сенің патшаңның қойы менің бір итімнің ұлығанына 

қырыла ма екен? – деді. 

Сонда Самарқан: 

–  Ол  сенің  ақымақтығың  мынау  неше  мың  шақырым  жерден  менің  патшамның  бір  айғырының 

кісінегеніне сенің биең не ғып құлын тастап жүр, – деді. 

Сол кезде патша: 

– Я, қарақ жеңілдім, тоқтат еліңді, – депті. Самарқан әмір беріп жігіттерін сонда тоқтатыпты. 

Міне  осы  уақыттан  бастап  ол  патша  тағынан  түсіп,  тағын  Самарқанға  беріп,  қызын  әйелдікке  береді. 

Сөйтіп өзінің патшасы да қызын беріп, тағын қоса береді. Сөйтіп Самарқан екі патшаның басын қосып, 

өзі патша болып, екі әйелді алып, өзінің ата-анасын, әкпесін тауып алып, ғұмыр сүріп бір неше жылдар 

тұрады. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              931 bet 

22. Мұңлық-Зарлық 

Баяғы бір заманда бір Шаншар деген хан болыпты. Қырық әйел алса да не ұлы, не де қызы болмапты. Хан 

бір күні өзі ойланады: «Жасым болса кәрі қойдың жасындай-ақ қалды, әлі қырық әйел алсам да не ұл, не 

қыз көрмедім. Енді былай деп елге хабарлайын, кімде кім қызым бір ұл, бір қыз табады деп мойына алып, 

кепіл болса соған қанша мал, алтын, күміс сұраса тоқтаусыз берем деп хабарлайын»,  – деді. Сонымен 

ертеңінде елді түгел жинап алып, айтты. Сонымен кедей, жар басында шөптен жасаған тіккен үйде, өзі 

жасынан ау салып, балық алып күн көрумен келген екен, өзінің жаңғыз қызы бар екен, сонда Жәудір қарт 

үйіне келе жатып ойлайды: «әттең дүние-ай осы жасым кәрі болып, күшім кетіп тұрғанда қызым көнсе 

біраз  күн  кішкене  қызық  көріп  қалар  едім-ау,  –  деп  ойлап  келе  жатып,  қой  үйге  барайында  өтірік 

ыңқылдап  ауырып  сандырақтап  қызыма  айтып  көрейін»,  –  деп,  үйіне  келіп,  терін  сипап  ыңқылдап, 

сандырақтап әрбір нәрсені өзі айта бастады. Сонда қызы: 

– Әй әке-ау, сіздің тегін өтірік айтпауыңыз керек жүгір ханға бар, – деп, қызы екі елі дорба беріп, барып 

ханға айт «қызым бір ұл, бір қыз табады» деп дорба толғанша алтын күміс бер деп ханнан сұра деді. Әкесі 

жәудір қарт тұра салып ханның үйіне баруға тұра жүгірді. Келе жатып Жәудір ойлайды: «ой пәлі-ай, менің 

қызым өзі тиетін байына әлден ақ барып, мына екі-үш ділдә ғана сиятын екі елі дорбаны беруін қарашы», 

– деп ойлап келеді. Ең болмаса бір қап берсе неғылады, – деп, о қой, не де болсада осыны ақ алайында – 

деп жүріп ханға келеді. 

– Ә Жәудір шал, неге келдің, – деп хан сұрады. 

– Мен сізге келдім, менің қызым бір ұл, бір қыз тауып табады, өзім кепіл боламын, – деді. 

– Жарайды, не сұрайсың, – деді хан. 

– Мына дорбамды толтырып берсең болғаны, – дейді шал. 

Хан дорбаны көріп: 

– Оу, сенің үйіңде қап жоқ па еді, мынау не болады, – деп хан қарады. 

– Ой хан иеміз-ай, осыны толтырып берсең де болады, – деді ханға қарап. 

Сонда хан айтты: 

– Мына шалдың дорбасына бір екі үш ділдә салып бер, – деді.келіп қазынаның ауызын ашып, бір екі ділдә 

салып еді, көрінбеді. Күректеп салып еді сол кілеттегі түгелдей кетті. Қазынашы ханға келіп айтты, хан 

естіп қайран қалды. Сонымен жеті кілетті түгелдей салды, сонда да толмады дорба. Онан соң елді жинап 

төбел тазға төр ділдә, қырма тазға қырық ділдә, ойма тазға он ділдә, сыйсада бер бес ділдә, сыймаса да 

бер бес ділдә, – деп елге салық салады. Сонда да толмады, енді не істеу керек деп отырғанда бір мәстек 

кемпір келді «мен толтырып берсем не бересіз» деді. Өз бойыңмен бірдей дорба алтынды берейін деді. 

Сонда  кемпір  барып,  тоғыз  жолдың  торабынан  шым-шым  топырақты  әкеліп  дорбаға  салып  еді,  асып 

төгілді.  Елден,  таздан  алған  алтын,  күміс  бәрін  қайырып  берді.  өзінің  қазынасы  қайта  толды.  Сонда 

дорбада  қалған  алтын,  күміс  жеті  атан  түйеге  жүк  болды.  Сонымен  қызын  берді.  Қызы  барсымен-ақ 

екіқабат болды. Тоғыз ай тоғыз күн дегенде хан: 

– Мен баланың дауысын естіген жоқпын ғой, сол үшін мен тауда болайын, сен бас көз болып мұнда қал, 

– деп бірінші уәзірін тастап кетті. 

Әйелі толғатып жатқанда қырық әйел «не істейміз, бұл бір ұл, бір қыз тапса бұдан жақсы болмайды, бізге 

енді қарамайды» десті. Сонда біреуі: 

– Бұған амалды тапса әлгі мәстек кемпір табады, – десті. Олай болса сол кемпірді келтірейік деп кемпірді 

келтірді. 

– Әй ана қырық әйел сізге қырық табақ алтын ділдә берейік, мынаған ақылын тапшы, – деді. 

– Жарайды, қырқың қырық табақ алтын ділдә  берсең мен ақылын табам, – деді.  «Береміз» деп шу ете 

қалды.  Сонан  соң  кемпір  жүгіріп  барып  жаңа  туған  иттің  бір  еркек,  бір  ұрғашы  екі  күшігін  әкелді  де 

толғатып тұрған әйелге келіп бір дем салып еді, есін танып жығылып қалды. Сонда бір ұл, бір қыз тапты. 

Оны алып орнына иттің бір еркек, бір ұрғашы күшігін салды да, ұл мен қызды жасырып алып кетіп, суға 

лақтырайын дегенде балаға тіл бітіп: 

– Әй ана, мені осы суға тастамай бақсаң, өскен соң өлгенше сізді күтеміз,  – деп жылады. Оған болмай 

келіп, кемпір суға қарай атты. Сонда періште қағып, жел көтеріп таудың басына шықты. Бір киік жаңа 

ғана балалапты, соның бауырына салыпты. Соны еміп күн көре берді. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              932 bet 

Уәзір енді ханға хат жазды: «Әйеліңіз иттің бір еркек, бір ұрғашы күшігін тапты», – деп, оны Шаншар хан 

естіп былай деп хат жазды: «Екі күшігі мен қатынды да жеті аралға апар, сонда жатсын», – деді. Сонымен 

қатынды жеті аралға апарып тастады. Местек қырық әйелден қырық табақ ділдә алды. Сонымен бірнеше 

күн өтті, қанша жылдар өтті. Бала мен қыз он алты он жеті жасқа жетті. Бала киікті, құланды садақпен 

қоймайды. Бір күні Шаншар хан биік тауға шығып келе жатса жар тастың түбінде бір бала ұйықтап жатыр 

екен.  Баланы  көріп  Шаншар  хан  аттан  түсіп,  бас  салды.  Сонда  бала  атып  тұрып  ханды  анадай  жерге 

лақтырып жіберді. Хан жылап ауылына келді. 

–  Құдай-ау,  баланы  тауға  да,  тасқа  да  бердің,  –  деп  жылады.  Сонда  әлгі  қырық  әйелі  мәстек  кемпірге 

хабарлады. Оны естіп мәстек кемпір өзі тауға барды. Өздері тастан жасаған үйде қыз отыр екен. Мұңлық 

киік аулап кетіпті. Келе жатқан кемпірді көріп қыз есікті ішінен бекітіп қойыпты. Кеміпр келіп, «Зарлық 

қызым, аш есікті» дейді. Сонда қыз ашбай қойды. Онан кейін кемпір айтыпты: 

– Сендерді баққан қожаң мен едім, есік ашбадың. Енді Мұңлық келген соң айт, Күн батыс жақта Күлмес 

ханның Күлсара атты күлгін қызы бар соны барып алсын деп айт, – деп Мәстек кетті. Ол кеткен соң қараса 

қыз жақын жерде кемпір жоқ. «О бізді баққан қожа екен ғой»,  – деп ойлады. Кешке Мұңлық та келді. 

Айтты: 


– Қожа да келіп кетті, Күлмес ханның Күлара атты қызы, құлагер аты деген аты бар, соны барып алсын 

деді, – депті. 

– Ой, ол әлгі бізді суға тастаған мәстек шығар, – деді. 

– Жоқ, жоқ ол емес, – деді. Сен соған бар енді, алып кел деді. 

Онан соң бір неше жылға жарайтын азық жинап берді де, өзі жол тартты. Арада неше күндей жол жүрді. 

Бір үлкен биік таудың етегіне жеткен кезде әбден шаршап аяғы ұйылып келіп, бір бастауға кез келіп жата 

кетті. Сонда жатып ұйықтап кеткен кезде бір түс көрді. Ақ шалмалы қожа келіп айтты: «Келдің балам, 

мына таудың астында», – деді. Ояна келсе түсі екен. Аяғыда жазылып, өзі де тынығып қалыпты. Тұра 

салып таудан асып келе жатса алдынан қырық уәзірі мен хан шықты: 

– Әй балам, жолың болсын, қайда барасың?, – деді. 

Сонда бала айтты: 

– Күлмес ханның Күлсара қызын, Құлагер атын алайын деп келемін, – деді. Хан күліп жібереді де жүріп 

кетеді. Сонда уәзірлері сұрады: 

– Тақсыр, сіз өмірі күлген жоқ едіңіз. Мына түгі жоқ тақыр, өзі күйген, өзі жалаң пұт, жалаң аяқ бала 

аузынан келгенін оттып еді сонша қатты күлгеніңіз не, – деп сұрады. Сонда хан айтты: 

– Мен неге күлгенімді ертең түсте айтайын, – деді хан. Сонымен бала жүріп отырып шәәрге кірді, аралап 

келіп бір дүкенге кірді. Айнаға қарап тұрып неше түрлі киімді киді. «О, бұл маған жарасбайды екен, ана 

үйге  барып  сабын  мен  әбден  жуынайын»,  –  деп  айнаны  да,  қанша  киімді  жіпке  буып  алып  арқалап 

дүкеннен шыға берді. Дүкенші айғай салып еді, ел жиылды. Дүкенші барып ұстап еді, ол бір ұрып еді өлді 

де қалды. Кім жақын барса соны бір-бірлеп өлтіре берген соң, ел болып жабылды. Арқалаған киімді жерге 

қоя салып айқас жасап еді, он-он бес адамнан өлтіріп үйе бастады. Онан соң ел қашып кетіп, өзі ақ қалды. 

Онан кейін киімін арқалап үйге келді. Суға түсті. Қашқан ел ханға келді. 

– Әй тақсыр хан, бір қырғын ажал келді, талай талай адамды қырып төбе төбе қып үйіп үйіп кетті, – деді. 

Сонда дәл түс кезі еді. 

– Әй уәзірлер, ол кешегі бала ғой. Қырқың да барып хан қызын да, атын да береді деп шақырып келіңдер, 

– депті. «Жарайды» деп қырық уәзір келсе, үйде шомылып жатыр екен дейді. 

– Әй жүр, хан шақырып жатыр, қызын да, атын да саған беретін болды, – деді. 

Сонда Мұңлық: 

– Әй бері келіңіздер, аттан түс, – деді. Келді, аттан түсті. Бәрін де шап етіп ұстай алып, қырқын да жерге 

үйді дейді. Сонда шулады, жылап «бізді қоя беріңіз» деп жалынды. Сонда бәрінің қолын артына байлап, 

өздерін жаяу айдап, бір атқа өзі мініп қалған атпен қосып ханның ордасына айдап келді. Хан оны көріп 

қарсы алды. Бір жақсы үйге кіргізді. Уәзірлерін босатып шақырды: 

–  Ал,  уәзірлер.  Кеше  осы  уақытта  маған  неге  күлесіз  деп  шу  ете  қалып  едіңдер,  кәні  қандай  екен? 

Сездіңдер ме, – деп сұрады хан. 

Сонда уәзірлері: 

– Ой тақсыр, мынау баланың сұрағанын түгелдей беріңіз, – десті. Сонда хан тұрып айтты: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              933 bet 

–  Бұл  бала  оңай  бала  емес,  қасиетті  бала.  Шаншар  ханның  баласы.  Бір  мәстек  кемпірдің  зияны  тиіп 

осындай қалге ұшырағын бала еді. Мен соған күлдім, – деді. Сонымен қызын да, атын да бермек болды. 

Күн  батқан  соң  жеңгелері  қыздың  отырған  үйіне  келсе  қыз  жоқ,  іштаны  терезенің  көзіне  сыпырылып 

қалыпты. Қыз өзі жоқ. Ханға хабарланды «қыз жоқ» деп. Сөйтсе ол қызға бір дәу ғашық екен. Арасында 

бір мәстек кемпір жүреді екен. Сол кемпір хабарлап, сол дәу өзі келіп терезеден суырып алып кетіпті, 

қолын тығып алып. Ол қызды дәудің алғанын білген уәзірлер айтты: 

– Ал не істейміз, – деп, ал енді әскерлерді алып барып алып келейік, дегенде уәзірлері шу ете қалды. 

– Тақсыр хан, өзі барсын, өзі барсын, – депті. Сонда хан айтыпты: 

– Қой күйеуді өлтіріп қойса обал ғой, – деді. 

Уәзірлер шу шу етіп: 

– Өлсе өлсін, – депті. 

– Ал ендеше әкел құлагерді, – деп, ерттеп, шақырап алып жағдайын айтып, бәлен жерде, – деп жаңғыз 

өзін-ақ жіберді. Сонда уәзірлер де «бір денесінде мың жаны болса да енді өлді деп есептей бер» деп қатты 

қуанды. 

Сонымен жүріп келе жатса алдында үлкен су бар екен, құлагерді қатты қатты орып жіберіп «шу» деген 

кезде шауып келіп, бір-ақ қарғып түсті. Сонан кейін ары қарай кетіп бара жатса бір төбе аспанға ұшып 

қайтадан орнына түсіп тұр екен дейді. «О сұмдық-ау, мына жақтың төбесі ұшып көкке қайтып орнына 

түсіп  тұрады  екен-ау»  деп  ойланып  келеді.  Сонымен  әлгі  төбеге  келсе  бір  қыз  шыға  келді.  Төбенің 

астынан келіп амандасты. Сөйтсе әлгі ханның қызы екен дейді. 

– Әй қыз-ау, мына аспанға ұшып тұрған төбең не?, – деп сұрады. 

– Бұл ұйықтап жатқан дәудің мұрнынан шыққан лебі, сол үшін ұшып қонып тұр, – деді. 

– Ә, сен ханның қызы екенсің ғой, – деді. Мына дәулік пісің, мендік пісің шынын айтшы?, – деді. Сонымен 

үйге түсті, қараса дәу ұйықтап жатыр. Бір ат басындай дәудің шоқпары тұр екен, соны алып жатқан дәуді 

басқа бір періп қалды. Ол: 

– Е, мынау не деген шыбын, – деп маңдайын бір сипап жата берді. 

Онан соң далаға шығып құлагерді мініп дәудің аяғынан байлап алып, сүйретіп ала жөнелді. Сүйреп тауға 

да, тасқа да, шеңгелге де, оташқа да соқты. әрбір жерде еті қалпақтай қалпақтай болып жұлынып қала 

берді. Құр сүйегі ғана қалды. Сонда дәу: 

– Әй, – деп айқай салды, ең болмаса басымды бір көрет, армансыз өлейін, – деді. 

– Әй болмас, – деп тоқтап, аяғын шешіп босатыпты. Құр сүйек біраз отырып, тұра келіп алыса кетіпті. 

Сонда үш күн, үш түн алысты. Баланың қабырғасы қайысып, омыртқасы майысып жығылыр кезі болғанда 

Құлагер аты келіп дәуді теуіп-теуіп жібереді. Дәудің екі аяғы сынып, қабатынан барып құлады. Сонда 

келіп дәудің басын кесіп алды да, шауып отырып қызға келді. Қызды артына міңгестіріп ап ауылға қарай 

соқты.  Алдынан  жаңағы  су  кездеседі.  Шу  деп  келіп  суға  жақындағанда  атты  орып-орып  жібереді.  Ат 

шауып келіп қарғып, ар жағына түсті. Сонда артқы екі аяғын суға тығып алды. 

Сонымен үйге келді. Хан аман  есен келгенін көріп, қызына қосу  үшін отыз күн ойын жасады. Сөйтіп 

қызын қосып, қаншама мал, құл, күң беріп көшірді. Бір неше жыл, күн көшіп келеді. Сонда келе жатса бір 

жақсы бастауға кез келді. Жеріне адам баспаған екен. Әлгі жерде сонда қонып жатып ұйықтап кеткенде, 

түсінде ақ шалмалы қожа келді: 

– Әй шырағым, мынау жер, сенің әкең Шаншар ханның қорық жері еді. Сен келіп қонып жатырсың. Ертең 

әкең  көріп  ашуланып  кісі  шаптырады.  Сонда  келген  кісіге  айт  «Нең  бар,  кет  ары,  бұл  жер  әкем 

Шаншардың жері» де, – депті. 

Сонымен таң атқан соң хан көріп «ана қорық жерге қонып жатқан кім, жылдам барып айдап кел, басын 

алам» деді ашуланып. Сонда шапқыншы шауып келді: 

– Жүр жүр, хан шақырып жатыр, қорық жерге қалай қонып отыр деп, – деді. 

Сонда Мұңлық: 

– Бұл жер өз жерім, әкем Шаншар ханның жері, кет ары,  – деді. Шабарман не айтарын білмей, ізінше 

қайтып келді. Хан: 

– Әй неге ертіп келмедің?, – деп ашуланды. 

Сонда: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              934 bet 

– Тақсыр хан, ол бала дәл сізден айнымайды екен. Бұл жер өзімнің жерім, Шаншар өз әкем, кет ары деді. 

Сонан соң келдік, – депті. 

– Өзім барайын, – деп қасына қырық уәзірлері мен өзі де келді. 

Сол уақытта таудан барып қарындасы Зарлықты әкеп те қойған екен. Ал әкем Шаншар келеді дегенде 

Зарлық қыз: 

–  Әке  сенікі,  шеше  менікі.  Шешемді  әкелмесе  алдымен  әке  керек  емес,  –  деп  тығылып  қалды.  Сөйтіп 

тұрғанда хан да келіп, әкесінің алдынан шығып қолынан ұстап амандасты. Сонда Шаншар сұрады: 

– Әй бала, әкең кім? – деді. 

– Әкем сіз Шаншар, – деді. 

– Сонда қалай, жасыңнан менің қасымда болмайсың, – деп сұрады. 

–  Қайдан  болам  жаныңда,  туған  күні-ақ  жерге  тигізбей  таскемпір  суға  атып  жіберді.  Қайдан  жаныңда 

болам әке-ау, – деді. 

Сонда Шаншар хан аттан түсіп, бетінен сүйіп, иіскеп, кел кел қызым деп шақырды. Сонда қызы айтты: 

– Алдымен шешем керек, – деді. 

Онан соң хан ауылға уәзірлерін шаптырды. 

– Қырық қатыннан барып, «Қырық қыпқырақ керек пе, әлде қырық қысырақ керек пе?» деп сұра, – деді. 

Сонымен шауып келіп қырық қатыннан сұрады: 

– Қырық қыпқырақ керек пе, қырық қысырақ керек пе, – деп сұрады. 

Олар: 


– Қырық қыпқырақ не керек, қырық қысырақ керек, сауып ішеміз, – деді. Сонда қырық қатынды қырық 

қысырақтың  құйрығына  байлап  өлтірді.  Мәстек  кемпірді  алдырып,  мұрнын  кесіп  құнтыйтты,  құлағын 

кесіп шонтұйтты. Онан соң хан да, Мұңлық-Зарлық та, қырық уәзір де түгелдей жеті аралға кепті. Сонда 

екі күшігі төбет ит болып, қоян, қырғауыл ұстап әкеп асырайды екен. Әлгі иттер келе жатқан адамдарды 

сезіп, қуанып сүйінші сұрағандай болып әйелдің жуып қойған орамалын келіп ала қашыпты. Сонда әйел 

ойлады: 


– Ә, бір сұмдық болған екен. Бұл жерде қоян да, қырғауыл да біткен екен, енді түк таппай маған кезек 

келген екен, – деп ойлап жүгіріп келе жатса, итті қуып алдынан бір топ кісі келді. Ұлы да, қызы да келіп 

көрісті. Шаншар да келіп көрісті. Сонымен үйіне әкеп отыз күн ойын, қырық күн тойын жасады. Сөйтіп 

қайтадан алды. 

23. Шәкірат пен Шәкір 

Бұдан қанша жыл бұрын, қанша ғасыр бұрын болғаны белгісіз, бір халықта ата-тегінен бері ел билеген 

бір хан болыпты. Оның отыз жыл отасқан бәйбішесі өліп, артында Шәкірат және Шәкір деген екі ұлы 

қалыпты. Әйелі өлген соң хан ел аралап жүріп, бір байға құда түсіп, қызын алады. Бірақ үйіне келгеннен 

кейін ол ханды емес, оның үлкен ұлы Шәкіраттың қараңғы үйді жарық қылып жататын сұлулығы болады. 

Күндерде бір күні хан көрші  бір байдың ауылына тойға кеткенде өгей шешесі  ретін тауып  Шәкіратқа 

өзінің  оған  ғашық  екенін  жеткізіпті.  Қуанышты  хабар  күтіп  отырған  оған  жіберген  күтуші  әйел 

баласының өзінің өгей шешесіне ешбір көңіл қоса алмайтынын, оны өз теңім деп те танымайтынын айтты. 

Бұған ашуланып, кектенген өгей шешесі баласының көзін жоғалтпақ болып бекінеді. 

Сөйтіп, хан тойдан қайтқанда ханша шашын төгіп, өз бетін өзі тырнап, еңіреп отырады. Мұның себебін 

сұраған ханға: 

– Сенің мына балаң маған ғашық болғансып жүрген көрінеді. Не масқара бұд! Не менің, не де балаңның, 

анау Шәкіраттың көзін жой! – деп ханша одан бетер бетін жұлады. 

Ханшасының сөзіне иланған хан уәзірлерін жіберіп, Шәкіратқа қаңғып кетуге бұйырады. Хан айтса қатал 

айтқан  екен  деп  жалғыз  інісі  Шәкірмен  қоштасып,  бетінің  ауған  жағына  қарай  жүре  беріпті.  Ағасын 

жалғыз қаңғыртуға шыдай алмаған Шәкір де оның соңынан еріп кетеді. Сөйтіп екеуі бірнеше ай, апталап 

жол жүріп, арып-ашып шаршайды. Ішерге ас таба алмай далада шөптің сабақтарын жұлып жеп, кездескен 

көлшіктерден  балық  аулап  күндерін  көріп  жүреді.  Мұндай  күтпеген  қырсыққа,  бақытсыздыққа  душар 

болған балалардың мойындары ырғыйдай, биттері торғайдай, киімдері өрім-өрім болып, азып-тозыпты. 

Күндерде бір күні олар далада бақташысы жоқ, қаптап жайылып жүрген бір отар қойға кез болады. Бұған 

әрі қуанған, әрі қарны ашқан Шәкірат бір қойды ұстап алып, сойып жемекші болады. Сонда інісі тұрып: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              935 bet 

– Жоқ, біздер бүйтіп ұрлық жасап, байдың жалшысын да азапқа салмайық. Ол да өзіміз сияқты кемтар 

адам болар. Одан да осы маңда ел бар шығар, су бар шығар. Соны тауып алалық. Мүмкін бір жұмыстың 

да жөні келіп кетіп, күн көрерміз, – деп ақыл айтыпты. 

Осы тоқтамға келген екеуі ілгері қарай жүріп бір төбеден асқанда алдарында айдын көл көрініпті. Олар 

енді  осы  көлдің  жиегіне  келгенде  қазулы  тұрған  тастан:  «бұл  көлден  су  ішпеңіздер,  ауру  табасыздар» 

деген жазуды оқиды. Мұндай жазу көлдің жиегінде, әр жерде де бар екен. Әбден шөлдеген соң Шәкірат: 

– Бұл байдың қарамағындағы не бір ханның жеке меншік жеріндегі көл болған шығар. Ал олар даладағы 

суын да қара халықтан қызғанастын әдеті ғой, – дейді де, інісінің тоқтатқанына болмай, барып су ішеді. 

Әбден шөлі қанып алған соң інісінің жанына келіп, үнін шығара алмай, есінен айырылып құлап түседі. 

Шәкір ағасының есін жнауын күтіп отырып-отырып, күдер үзген соң, өзінің қалай қарай кеткенін көрсетіп 

бір тасқа хат жазып қалдырады да, өзі жүріп кетеді. 

Сол  күні  талып  жатқан  Шәкіратты  көл  маңында  қой  жазып  жүрген  сол  жердің  ханының  жалшылары 

тауып алып, оны өздері асырап алуға тырысады. Бірақ олардың қайсысы асырап алуға келгенде келісе 

алмай, ханға келіп төре сұрайды. Сонда баланың сұлулығын көрген, баласы жоқ хан жалшыларына: 

– Осындай баланы сендердің біреуіңе беріп, жалшы ғып мал соңына салғанымыз келіссіз болар. Мен де 

бір перзентке зар болып жүрмін ғой, менің үлесіме-ақ тисін, – депті. 

Хан сұраған соң баланы ханға қалдырыпты жалшылар. Арада аз жыл өткен соң жасы ұлғайған хан ел 

жинап, отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап, Шәкіратты таққа отырғызады. Хан тағын алған Шәкірат 

енді өзінің хабарсыз кеткен інісін есінен шығарып, өз бақытына риза болып жүре беріпті, сауық-сайранын 

құра беріпті. Осы кезде әлі қаңғырып жүрген Шәкір далада отырған, қасында ақ сандығы бар бір қызға 

кез болады. Өзі сияқты сұлу қызға кездескен бала оның да панасыз екенін біліп, оған көңіл қосады. Сөйтіп 

тапқандарын бөліп жеп, қызды сандыққа салып алып арқалап жүріп: 

Ақ сандығым ішінде ештеме жоқ, 

Ештеме болмаса да көңіліме тоқ, 

– деп өлең айтады. Бірнеше күн өткен соң оның даусын естіген ағасының жалшылары оны ұстап алады 

да, әйелін тартып алып, өзін азғана азығымен сандыққа салып, ауызын бастырып кетеді. Ал әйелді ханға 

әкеп береді. Өзіне пар сұлу әйелді көрген хан жалшыларына біраз сыйлық беріп, молда шақырып неке 

қидыртады. Бірақ ханның байлығына, дәулерімен сәулеріне, сый-құрметіне алданбайды, ойлағаны Шәкір 

ғана болады.  Бар істері оңаша отырып жылау ғана. Мұны сезген Шәкірат әйелін шақырып алып, неге 

мұңайып жүргенін сұрайды. Бірнеше күнге дейін әйел оған жауап бермейді. Ақырында ол өзін қайдан 

тауып  алғанын,  өзінің  бұдан  бұрын  біреудің  әйелі  екенін,  күйеуінің  аты  Шәкір  екеніне  дейін  айтады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет