ЗООЛОГИЯ
Лекция
Тақырып: ХОРДАЛЫЛАР ТИПІ – Chidata.
Жалпы сипаттама. Типтің типасты тармақтарға бөлінуі.
Лекцияның жоспары:
1)
Типке жалпы сипаттама және тип тармақтарына бөлу.
2)
Төменгі сатыдағы хордалылардың (личинка-хордалылар Urochordata бас сүйексіздер -
Асrania тип тармақтары) негізгі сипаттамасы.
3)
Қазіргі омыртқалылар (Vertebrata) тип тармағына сипаттама және классификациялау.
Хордалылардың алуан түрлі болуына қарамастан, олардың құрлысы мен дамуында
көптеген ортақ белгілер болады. Олардың негізгілері мыналар:
1) Бәрінің де ұзына бойы созылып жатқан желісі, ішкі тірек қаңқасы - хордасы
болады. Хорда солқылдаған серпімді тұтас зат созылып жатқан. Төменгі сатыдағы
Хордалыларда хорда өмір бойы сақталады, ал жоғарғы сатыда дамыған хордалыларда
дамудың барысында хорда омыртқа жотасына айналады. Хорда эмбрионалдық даму кезінде
мезодерма қабатынан дамиды.
2) Хорданың үстіңгі бөліміне орталық нерв жүйесі - нерв түтігі орналасқан. Бұл
түтіктің ішкі қуысын - невроцель деп айтады. Дамудың барысында барлық хордалыларда
нерв түтігінің алдыңғы бөлігі өсіп, үлкейіп бас миына, ал қалған бөлігі жүлынға айналады.
Орталық нерв жүйесінен барлық мүшелерге нерв талшықтары тарайды.
3) Ac қорыту түтігінің алдыңғы бөлімі, сыртқы ортамен екі қатар саңылаулар арқылы
қатысады, оларды желбезек саңылаулары деп айтады. Желбезек саңылаулары суда тіршілік
ететін төменгі сатыдағы хордалыларда (личинкахордалылар - асцидия, бассүйексіздер-
ланцетник, бассүйектілердің ішінде-дөңгелек ауыздылар, балықтар, ұрықтық даму кезінде
қосмекенділер) өмір бойы сақталады, басқа хордалыларда ұрықтық даму кезінде болады да
содан кейін жойылып кетеді.
4) Жоғарыда айтылған үш негізгі ерекшелігімен бірге т.б. хордалыларды сипаттайтын
ерекшеліктері бар. Ол хордалылардың денесінен де екінші реттегі қуыстың (целом) пайда
болуы. Хордалылар екінші ауызды жануарлар. Бірінші ауыздың орнына аналь тесігі пайда
болады. Хордалылардың денесі бунақталмаған, екі жақты симметриялы болады.
Хордалыларға бассүйексіздер, личинка хордалылар, дөңгелек ауыздылар (минога,
миксин), балықтар, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер жатады.
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ: Хордалылар типі өзара ерекшеліктеріне қарай үш тип
тармағына бөлінеді:
1)
Личинка хордалылар - Urochordata, өкілі: асцидия, аппендикулярия, сальпа.
2)
Бассүйексіздер - Асгаnіа, өкілі: ланцетник.
3)
Бассүйектілер немесе Омыртқалылар - Craniata немесе Vertebrata өкілі: балық,
бақа, кесіртке, құс және т.б.
Хордалылардың маңызы. Хордалылардың теориялық және практикалық жағынан
маңызы зор. Барлық үй жануарлары осы хордалылар типіне жатады. (ет, сүт, май, тері, жүн,
көлік, т.б).
Көптеген хордалылардың кәсіптік маңызы бар (бұлғын, қара күзен, ондатр, суыр,
зорман т.б.).
Хордалылардың кейбіреулері ауыл шаруашылығының зиянкестері (кеміргіштер-
тышқандар, саршұнақтар, аламандар, егеуқұйрықтар т.б.). Сонымен қатар көптеген түрлері
орман, балық және аң аулау шаруашылықтарына зиянды әсерін тигізеді. Хордалылар типінің
кейбір өкілдері адам мен ауыл шаруашылық малдарының қауіпті ауруларын сақтаушы және
тасушы рольін атқарады. Ондай ауруларға: чума, туляремия, бруцеллез, энцефалит т.б.
жатады.
1)типасты тармағы: ЛИЧИНКА ХОРДАЛЫЛАР - Urochordata.
Личинка хордалылар теңіздерде тіршілік етеді. Оларға ацидиялар, сальпылар және
аппендикулярлар жатады. Олардың басқа хордалылардан айырмашылығы ересек
хордалыларда хорда мен нерв түтіктері бомайды, керсінше личинкалық дәуірінде типтің
барлық негізгі қасиеттері анық көрінеді. Личинкалық дәуірінде желбезек, хорда және нерв
түтіктері болады. Ғылымға шамамен 1,5 мың түрі белгілі. Көпшілігі су түбінде бір жерге
бекініп жеке немесе колониальды түрде бірнешеуі бірігіп тіршілік етеді. Ал кейбіреулері
еркін жүзіп жүріп тіршілік етеді. Олар барлық жерге таралған, тек теңіздің тұщы жерлерінде
кездеспейді. Көпшілік түрлері тропикалық және субтропикалық теңіздерде тіршілік етеді.
Дене пішіндері қапшық немесе бочка тәрізді. Бұлардың денесі туника деп аталатын ерекше
қалың қабықпен қапталған. Туниканың қорғаныш маңызы зор, ол бір жерде отырып тіршілік
етуіне байланысты пайда болған.
Ересек жеке тіршілік ететін асцидия денесінің жоғарғы жағында екі түтік тәрізді тесік
бар. Дененің жоғарырақ орналасқан тесігін ауыз сифоны, төменірек орналасқан тесігін
клоака сифоны дейді. Тамақ ауыз сифоны арқылы жұтқыншаққа, яғни сумен бірге
жұтқыншаққа түскен тамақ бөлшектері жезді науашық эндостилге жиналып, одан өңеш
арқылы қарынға түседі, одан таға тәрізді ішекке өтеді, ол сыртқа шығаратын сифонға
ашылатын аналь тесігіне жалғасады.
Нерв жүйесі ауыз және клоака сифондарының аралығында орналасқан. Нервтері қуыс
емес. Нерв жүйесі нашар дамыған. Жұтқыншақтың үстінде жатқан кішкентай ганглиядан
денеге бірнеше нерв талшықтары тарайды. Сезім мүшелері жетілмеген . Өте жүқа еттері
қапшығы бар.
Қан айналу жүйесі ашық. Қан жүректің жиырылып-жазылып тұру нәтижесінде
қозғалады. Жүректен барлық мүшелерге қан тамырлары тарайды, оның ішінде жұтқыншақта
жатқан желбезек тесіктері ерекше қамтамасыз етілген. Желбезек тесіктері тыныс алу
қызметінде атқарады. Өйткені сумен кірген оттегі газ алмасуға қатынасып, организмді
оттегімен қамтамасыз етеді.
Зәр шығарү жүйесі. Арнайы зәр шығару мүшесі жоқ. Қорытылмаған қалдықтар кейбір
клеткаларда жиналып сол организм ішінде қалып қояды.
Көбеюі. Тіршілік ету ортасына бейімделгендігі соншалықты, олар тек жынысты
жолмен ғана емес жыныссыз жолменде көбейеді. Личинка-хордалылардың бәрі қос
жынысты (гермофродиттер). Ұрықтану аналығының ішінде және сыртқы ортада болады.
Жынысты көбейгенде ұрықтанған жұмыртқадан өз бетімен жүзетін личинкалар дамиды.
Олар ересектеріне ұқсамайды. Көптеген түрлері жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз
көбеюі бүршіктену арқылы орындалады. Асцидияларды отырып тіршілік етуіне байланысты
көпшілік мүшелері дамыған.
Дамуы. A. О. Ковалевский асцидияның дамуын мұқиат зерттегенге дейін, жануарлар
жүйесінде олардың орны белгісіз болып келді. Ғалым өзінің зерттеуінің нәтижесінде
асцидияның дамуы ланцетниктердің эмбрионалдық дамуына ұқсас екенін личинкаларының
да дене құрлысының ұқсастығы олардың да құйрық қанаттары арқылы қозғалатынын
көрсетті. Личинкаларында хорда мен нерв түтіктері жақсы жетілген. Личинкалары өз
бетімен бар болғаны бір күн, кейде бірнеше сағат қана жүзіп жүреді де су астындағы бір
заттарға бекініп, отырып тіршілік етеді. Бір жерде бекініп тіршілік етуіне байланысты денесі
өзгеріске ұшырайды, атап айтқанда хорда мен нерв түтіктері дамымай жойылып кетеді
сүйтеді де денесі ересек асцидияның дене пішініне ұқсас қап тәрізді болады.
2) типасты тармағы: БАССҮЙЕКСІЗДЕР- Acraniа.
Бассүйексіздер-мейлінше қарапайым, бірақ хордалардың барлық қасиеті сақталынған,
сан жағынан аздау, шамамен 20 түрі бар теңіз жануарлары. Хордалардың 3 қасиеті өмір
бойына сақталады. Бассүйексіздердің ішінде ғылымға белгілі өкілі ланцетник-Amphioxus
lanceolatus. Ланцетник ұзындығы 8 см, екі бүйір қысыңқы кішігірім жануар. Көбіне теңіздің
таяз жерлерінде құмға жартылай көміліп, тек бас жағын ғана шығарып жатады.
Бассүйексіздердің денесінің соншалықты қарапайым болып келуі, олардың өмір сүру
жағдайына байланысты. Олар теңіздің таяз жерлерінде тіршілік етеді, көпшілік уақыттарын
судың түбінде, құмға көміліп өткізеді. Олардың қорегі судың ішінде кездесетін ұсақ
жәндіктерімен өсімдіктер дүниесі.
Тері қапшығы екі қабаттан тұрады: сыртқысы - эпидермис, ішкісін-кутис дейді.
Ланцетниктің эпидермисі бір қабаттан тұрады да, оның сыртын жұқа кутикула аптап
жатады. Кутис қабаты нашар дамыған және ол қоймалжың келген ұлпалардан құралады
Ет жүйесі. Денесіне біркелкі орналаспаған. Ет әсіресе денесінің арқа жағында көп
болады. Ет жүйесі миомерлер деп аталатын бунақтарға бөлінеді. Миомерлер бірінен бірі
миосепта деп аталатын дәнкер ұлпалармен шектелген. Хорда ланцетниктің арқа жағында
бүкіл денесін бойлап созылып жатады. Хорда негізінен қаңқа қызметін атқарады. Хорданы
ең бірінші тауып сипаттап жазған және атаған орыс ғалымы, академик К.М.Бэр (1827-1837).
Нерв жүйесі. Бүкіл дене бойына хордамен қатарласып созылып жатқан нерв түтігі
болады. Нерв түтігінің іші қуыс болып келеді, ол қуысты-невроцель деп атайды. Түтіктің бас
жақ бөлімінің қуысы кеңіп бас миының өсе бастауына себебін тигізеді. Себебі сезім
мүшелері мейлінше қарапайым. Жарық тітіркендіргішті жарық сезгіш-Гессе көзшелері
қабылдайды. Ол нерв түтіктерінің ішінде орналасқан. Иіс шұңқыры арқылы судың
химиялық қасиеттерін ажырата алады. Сонымен бірге денесінің сыртқы қабаты-эпидермисте
бытырап жатқан сезгіш клеткалары болады.
Ac қорыту мүшелері. Бірнеше бөлімдермен тұрып хорданың астында орналасқан.
Ауыз қармалағыш түтіктерінің түп жағында ауыз орналасқан. Ауыз қуысы екі бүйірінде
жүздеген желбезек саңылаулары бар көлемді де ұзын жұтқыншақпен жалғасады.
Жұтқыншақ сыртқы ортаға ашылмай желбезек айналасындағы қуысқа ашылады (атрияльдық
қуыс). Атрияльдық қуыс сыртқы ортамен атриопор деп аталатын тесік арқылы қатысады.
Жұтқыншақтың түбінде безді және кірпікшелі клеткалармен қапталған өзекше-эндостиль
болады. Су ағынымен келген қоректік заттардың ұсақ бөлшектері эндостильдің түбіне
жиналып, эпители кірпікшелерінің қозғалуының арқасында, шырынға оралған қоректік
заттар ішке түседі де сол жерде қортылады. Ішектің алдыңғы бөлімінің құрсақ жағынан бір
түйір өсінді шығады. Бұл жоғарғы сатыдағы омыртқалардың бауырының қызметіне ұқсас
қызмет атқарады. Сондықтан бұл өсіндіні - бауыр өсіндісі дейді. Денесінің соңғы жағында
аналь тесігі орналасқан, сол арқылы қортылмаған ас қалдықтары сыртқа шығады. Бас
сүйексіздердің ішегі жіктелмеген ұзыннан созылып жатқан түтіктен тұрады, ал тамақтың
ішке түсуі өте қарапайым тәсілмен түседі.
Қан айналу жүйесі. Тұйық, жүрегі болмайды. Сондықтан ланцетниктің қаны көптеген
кан тамырларының жиырылып - жазылып түру нәтижесінде қозғалады. Қан айналу жүйесі
негізгі екі қан тамырларынан - арқа мен бауыр және олардың көптеген торларынан тұрады.
Көмір қышқыл (С0
2
) газына қаныққан бүкіл денеден қан бауыр қан тамырына жиналып,
дененің алдыңғы жағына қарай ағады. Бауыр қан тамырларынан желбезекке қарай көптеген
қан тамырлары кетеді, олар қанды желбезекке әкеліп оттегімен қанықтырады, демек газ
алмасу жүреді. Оттегіне қаныққан қан арқа қан тамырларына құйылады да, денесінің артқы
бөлімдеріне кетеді. Сайып келгенде қан айналу жүйесі жақсы дамыған. Қанның құрамында
гемоглобин жоқ, сондықтан қаны түссіз.
Тыныс алу мүшелері. Ac қорыту мүшелерінің алдыңғы бөлігі ауыз қуысы,
жұтқыншақтан денесінің ортасына дейін жүзге жуық желбезек саңылаулары алып жатады.
Желбезек саңылауларының қабырғалары қан тамырларымен қамтамасыз етілген. Желбезек
саңылаулары бірден сыртқа ашылмай, атриалдық қуысқа, идан атриопор (бауыр жағындағы
тесік) арқылы сыртқа ашылады. Желбезек жанындағы қуыс жануардың тыныс аппаратын
олар құмға кіргенде ластанудан, зақымданудан сақтайды. Сөйтіп су жұтқыншақтан желбезек
саңылаулары арқылы желбезекті жуып, артиальдық қуысқа, одан артиопор арқылы сыртқа
шығады.
Зәр шығару жүйесі, Жұтқыншақ маңайында орналасқан көптеген (90 жұп) нефридия
түтікшелерінен тұрады. Әрбір мүше бірнеше тесіктермен дене қуысына ашылады да, бір
тесікпен желбезек маңындағы қуыспен жалғасады. Түтікшелердің қабырғаларында қозғалып
тұратын түктерінің көмегімен дене қуысының ішіндегі зәр заттары желбезек маңындағы
қуысқа келіп одан сыртқа шығарылады. Демек бұл жүйенің құрылысы мейлінше қарапайым.
Көбеюі. Бассүйексіздер жынысты жолмен көбейеді, дара жыныстылар. Көбею
мүшелерінің құрылысы өте қарапайым. Олар көптеген жұп жыныс бездері тәрізді желбезек
маңындағы қуыстың ұзына бойына орналасқан қан. Жетілген жыныс клеткалары уақытша
пайда болған жыныс жол арқылы, желбезек маңындағы қуысқа келіп, одан атриопор арқылы
сыртқа суға шығарылады. Жынысты клеткалар су түбіне жақын қабатқа барып ұрықтанады.
Яғни, ланцетниктің ұрықтануы сыртта болады, ұрықтың дамуы суда өтеді.
Дамуы. Бассүйексіздердің (ланцетниктің) эмбриональдық дамуын бірінші рет
зерттеген 1865 жылы А.О.Ковалевский. Зерттеудің нәтижесінде бұл топ үшін қазіргі
жануарлар дүниесінің жүйесінде қандай орын алатынын түсіндірді. Сонымен қатар,
ланцентниктің эмбрионалдық дамуы басқа хордалардың эмбриональдық дамуының
қарапайым, схемалық көрінісі болып саналады. Ұрықтанған жұмыртқалары өте қысқа
мерзімде дамиды. Эмбриональдық дамудың алғашқы сатысы – жұмыртқаның бөлінуі
бластуланың инвагинациялық гаструланың түзілуі – тікен терілер және т. б.
омыртқасыздардың дамуы еске түсіреді. Жұмыртқаның бөліне бастаған мезгіліне 36 сағаттан
соң, ұрықтың ауызы және алғашқы желбезек саңылауы қалыптасады. Осы мезгілде
энтодермада жіктеледі. Алғашқы ішектің арқа бөлімінде өсімді пайда болады, келешекте бұл
өсімдіден тығыз келген-хорда пайда болады. Ұрықтың келешек дамуы кезінде әрбір целом
қапшығы ұзарып және көптеген қапшықтар пайда болады. Осы қапшықтар қабырғасының
мезодермасының бұлшық ет сегменттері, қан тамырлары, зәр шығару жүйесі т.б. мүшелер
құрылады. Қаптардың қуыстары өзара қосылып, екінші дене қуысын-целомды құрайды.
Ұрықтың астынғы сол жақ бетінде ассиметриялы түрде ауыз тесіп және желбезек
саңылаулары дамиды Орыс эмбриологы А.О. Коволевский өзінің ғылыми жұмысында бұл
жануарларды-2 үлкен жануарлар дүниесінің: омыртқасыздар мен омыртқалардың
арасындағы аралық этап деп көрсетті.
3) типасты тармағы: БАС СҮЙЕКТІЛЕР - Craniata
немесе ОМЫРТҚАЛЫЛАР – Vertebrata.
Омыртқалылар-хордалылардың ішіндегі ең жоғарғы сатыда тұрған жануарлар.
Олардың жоғары дәрежеде екендігін көрсететін негізгі бір белгісі ол құрлысында және
тіршілік әрекетінде. Олар жауларынан қашып құтылады, қолайсыз жағдайларда мекендерін
ауыстырып отырады, омыртқалылардың тіршілік етуде түрлі жағдайларға бейімделуі,
олардың морфологиялық және физиологиялық өзгешеліктеріне байланысты. Олардың 5
бөлімнен тұратын бас миы жақсы жетілген. Соншалықты жақсы жетілген, сезім
мүшелерінің, аяқтарының, қаңқасының, омыртқалар жотасының жақсы жетілуі, олардың
эвлюциялық даму сатысының жоғары биігіне көтерілуіне мүмкіндік берген.
Қоректік заттарды іздеп табуы онымен қоректенуі, жетілген нерв жүйесі, қозғалмалы
жақ сүйектері бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Жақ сүйектерінің ұстауы, тамақтарын
ұстау қызметтегі жоғары сатыдағы омыртқалыларда жақсы жетілген. Демек, тамақ табу
мәселесі төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда омыртқалыларда өте жоғары
дәрежеде шешілген. Осы қажеттіліктің нәтижесінде денесіне қанның жылдам тарауына және
оны қантамырларымен қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты тіршілік ету
әрекеті жоғарылай бастайды. Денесінде зат алмасу процесінің күшейе түсуіне байланысты,
денеден шығатын зәр заттарының мөлшеріде артады. Сондықтанда ас қорытатын арнайы
бездер-бауыр мен ұйқы безі және көптеген ішкі секреция бездері жетіледі.
Төменгі сатыдағы хордалылар тек қана суда, теңізде тіршілік етсе, омыртқаылар
тіршілікке қолайлы жердің бәріне таралады. Демек, эволюцияның барысында омыртқалылар
бейімделгіш қабілетін айқын көрсетті.
Омыртқалылар Силурда (палеозой эрасы) белгілі болды. Ал юра кезеңінде (мезозой
эрасы) қазіргі тіршілік етіп жатқан жануарлардың барлық класы белгілі болды. Қазіргі
уақытта омыртқалылардың 43 мың түрі белгілі. Олар 6 класқа бөлінеді:
1.
Дөңгелек ауыздылар класы – Cyclostomata;
2.
Балықтар класы – Pisces;
3.
Қосмекенділер класы – Amphibia;
4.
Бауырмен жорғалаушылар класы – Reptilia;
5.
Құстар класы-Aves;
6.
Сүтқоректілер класы-Маmmаlіа.
Бұл кластар жекеленген үлкен 2 топқа бөлінеді: 1) Жақсүйексіздер-Аgnathia жұп
қанаттары жоқ және жақсыз сорғыш ауызы бар: Оларға қазіргі кезде тіршілік ететін
Дөңгелек ауыздылар (минога, миксин) класы және Девон кезеңінде өліп кеткен түрлері
(щитковые) жатады. 2) Алғашқы жақтыларға-Usnathostomata барлық қалған кластар жатады.
Олар өз ретімен анамниотты тобына 1-ші рет суда тіршілік ететін омыртқалылар: балықтар,
қосмекенділер және амниотты тобына, демек құрлықта тіршілік етуге бейімделген
омыртқалылар тармақтарына бөлінеді.
ЗООЛОГИЯ
Лекция
Тақырып:
Қос мекенділер класы - Amphibia.
Қос мекенділер девон дәуірінде тіршілік еткен саусақ қанатты балықтардан шықты. Ол
шамамен 450-500 млн жыл бұрын алғашқы қос мекенділер (стегоцефальдер) шықты. Қос
мекенділер құрлыққа шығуымен қатар сумен байланысын да жоғалтпады. Мысалы: аздаған
түрлерінен басқасының бәрі суда көбейеді және дамиды. Ересек өкілдері сазды көлеңкелі
жерде, көбіне тұщы су қоймаларының жағалауында тіршілік етеді. Олар тұзды суда өмір
сүре алмайды. Амфибия деп аталу себебі гректің амфибиос - екі жақты тіршілік етеді
деген сөзінен шыққан. Яғни, бұларды суда да, құрлықта да тіршілік етуіне байланысты қос
мекенділер деп атаған.
Жалпы сипаттама.
Құрылысы. Ересек түрінің денесі бас, дене және екі жұп аяқтан тұрады. Құйрық
ертедегі қос мекенділерде - стегоцефальдарда болған, өйткені олар үнемі суда тіршілік
еткен. Ал, қазіргі кезде тіршілік ететін қос мекенділердің құйрықтылар деп аталатын
(тритондар, саламандралар) отрядында құйрық сақталған, өйткені олардың ересек өкілдері
де көпшілік уақытын суда өткізеді. Қазіргі қос мекенділердің көпшілігінде, әсіресе
құйрықсыздар отрядының өкілдерінде (көлбақа, құрбақа және бақалар) артқы аяқтарымен
секіріп қозғалудың нәтижесінде құйрықтары жойылған. Жартылай жер астында тіршілік
ететін аздаған өкілдерінде - аяқсыздар немесе құртшалар (червяги) отрядында аяқтары да,
құйрықтары да жойылған. Мысалы: құртшада, цейлон балық жыланда т.б. Қос мекенділердің
жартылай құрлықта да тіршілік етуіне байланысты балықтардан дене құрлысы елде қайда
жақсы жетілген. Басы денесімен қозғалмалы байланысқан ересек түрлерінде. Соның
көмегімен ұшатын насекомдарды да, яғни қорегін тез ұстап алуына көмек болады.
Систематикасы.
Хордалылар типі - Chordata.
Бас сүйектілер немесе омыртқалылар тип асты тармағы - Craniata немесе Vertebrata.
Амфибиялар немесе қос мекенділер класы - Amphibia
I) Құйрықтылар отряды - Caudata немесе Urodela.
Өкілдері: саламандралар; жолды тритон; кәдімгі тритон, амбистом, амфиум тұқымдасы,
сирен тұқымдасы.
II) Құйрықсыздар отряды - Anure немесе Ecaudata.
өкілдері: 1) Дөңгелек тілділер тұқымдасы - жерлянка, повитуха.
2) Құрбаќа тұқымдасы (Bifonidae). Өкілдері: австралия құрбақасы-псевдофрина, оңтүстік
Америка құрбақасы - циклорамфус; кәдімгі және жасыл құрбақа.
3) Бақылдауық бақалар тұқымдасы (Hylidae). Өкілдері: кәдімгі Қиыр Шығыс бақасы,
оңтүстік Америка бақылдауық қалталы бақасы, филломедуза.
4) Нағыз бақалар тұқымдасы (Ranidae). Өкілдері: Кұрбақа, тоспа бақасы, шөп бақасы,
бізтұмсық бақасы.
III) Аяқсыздар отряды - Apoda.
Өкілдері: Құртша (червяга), буылтық құртша, цейлон балықжыланы.
Тері жабындысы. Барлық қос мекенділердің денесі жалаңаш болады. Сүйекті
қабыршақтар тек стегоцефальда ғана болған. Бездер эпидермисінде өте көп. Тері бездерінің
секреттері теріні құрғап кетуден және сыртқы факторларының зиянды әсерлерінен сақтап
тұрады. Кейбір өкілдерінің терісінде қос мекенділерді жауынан қорғайтын улы бездері
болады.
Қаңқасы. Қос мекенділердің құрлықта тіршілік етуіне байланысты қаңкасының барлық
бөлімдерінде өзгерістер бар. Жер бетіндегі тіршілігіне сәйкес көпшілік амфибилердің ми
сауытының кейбір элементтері өмір бойы шеміршекті болады. Баста жамылѓы сүйектер аз
кездеседі. Басты үстіңгі жағынан маңдай және төбе сүйектері қоршап жатады. Тіл асты
доғасының элементтері мен желбезек доғасының төменгі бөлімдерінің өзгеріске ұшырауы
тіласты пластинкалардың тууына себебін тигізеді.
Омыртқа жотасы - мойын, дене, сегізкөз және құйрық бөлімдерінен тұрады, ол
бассүйекпен жалғасады. Дене омыртқалары әртүрлі санды болады, 7-ден бастап 100-ден
артығырақ та болады. Ең азы құйрықсыздарда - 7, ал аяқсыздарда жүзден көп. Сегізкөз
омыртқасы аяқсыздарда болмайды. Басқаларында сегізкөз ұзын болып, көлденең біткен екі
өсіндісі болады. Бұған жамбастың екі мықын сүйегі бекиді. Құйрық бөлімі құйрықсыздарда
уростил деген бір ғана сүйектен, ал құйрықтыларда көп те, аяқсыздарда аз сүйектен тұрады.
Құйрықсыздарда қабырғалар болмайды, Құйрықтыларда жоғарғы қабырғалары дамыған да,
ал аяқсыздарда ғана нағыз қабырға болады.
Алдыңғы аяқтары тоқпан жіліктен, кәрі жіліктен, ол екі сүйектен шыбық сүйегі мен
шынтақ сүйектерімен құралады жәнеде одан соң қол басы сүйектерінен тұрады: ол үш
бөлімге бөлінеді: ол білезік сүйектерге, алақан сүйектерге, саусақтарға бөлінеді
Ал, артқы аяқтары ортан жіліктен немесе саннан асықты жіліктен; ол екі сүйектен, үлкен
асықты жіліктен және асық жілік шыбығынан құралады; бұдан соң табан сүйектерінен
тұрады: ол да үш бөлімге бөлінеді; толарсақтарға, табан сүйектеріне, бірнеше ұсақ
сүйекшелері бар башпайға бөлінеді. Құйрықсыз қос мекенділердің артқы аяқтары ұзын
болып, суда жүзуі үшін саусақ аралары жарғақшалармен қосылған.
Иық белдеуі. мына сүйектерден құралады: жауырыннан, бұғанадан каракоидтан. Бұғана
мен каракоиды төспен қосылған. Бұл айтылғандар сүйектен және шеміршіктен тұрады. Бұл
иық белдеуі сүйектерінің ұшы тоқпан жіліктің басына жалғасады.
Жамбас белдеуі, мына үш сүйектен тұрады: мықын сүйегінен, шап сүйегінен, шонданай
сүйегінен. Бұл сүйектердің ұштары түйісіп, жамбас шұқырын құрайды. Жамбасы бір
омыртқа сегізкөзбен байланысқан.
Ет жүйесі. Балықтармен салыстырғанда қос мекенділердің ет жүйесінің екі ерекшелігі
бар, біріншіден аяқтарында күрделі және күшті еттер дамыған. Себебі, ол аяқтарымен жер
бетінде қозғалып жүруінде. Екіншіден күрделі қозғалуына байланысты дене еттер жіктелген.
Балықтардың еттеріндегі сегменттеу амфибиилерда жоқ. Құйрықтылар мен аяқсыздарды ет
жүйесіндегі метамерлі орналасу анық білінеді, ал бұл метамерлі орналасу құйрықсыздардың
құрсақ жағынан ғана байқалады.
Нерв жүйесі. Қос мекенділердің күрделі және алуан түрлі ортада тіршілік етуіне
байланысты миының құрылысы балықтармен салыстырғанда өзгерген. Алдыңғы миы
ортаңғы мидан үлкендеу болып екі жарты шарға бөлінеді. Мишығы балықтардікіне
қарағанда аз болады, екінші нашар дамыған. Бұлай даму амфибилердің қозғалысының
біркелкі болуына байланысты. Жұлын нервтері иық және жамбас белдеулерінде нерв
торларын құрайды. Омыртқа жотасыныњң екі жағында орналасқан симпатикалық нерв
жүйесі жақсы дамыған.
Сезім мүшелерінің, ішінде белгілі бір дәрежеде өзгеріске ұшыраған есту мүшесі. Есту
мүшесі балықтарға қарағанда жақсы дамыған. Қос мекенділерде тек қана ішкі құлақ емес,
ортаңғы құлақпен дабыл жарғағы да бар. Ортаңғы құлақ қуысының төменгі ауыз-жұтқыншақ
қуысына ашылатын бөлімін, евстахиев түтігі деп атайды.
Амфибилердің көру мүшелері. Жақсы жетілген балықтарға қарағанда, ол былай
байқалады: 1) Көздерін құрғап кетуден, басқа заттар түсуден сақтап тұратын қозғалмалы
қабығы бар. Сонымен қатар үшінші қабық екінші кірпік қағу жарғағы жетілген. 2) Көздің
қасаң қабығының пішіні дөңес болып, хрусталигі линза тәрізді болады, ол балықтарда тегіс
болып, дөңгелек тәріздес болатын бұл айтылғандардан балықтарға қарағанда амфибилердің
алыстан көретінін аңғаруға болады. 3) Кірпік еттерінен көз хрусталі қозғалып көру
аккомодациясын жақсартады.
Амфибилер аздаған температуралық өзгерістерді жақсы қабылдайды. Олар суда еріген әр
түрлі заттардың әсерін де сезеді.
Иіс сезу мүшесі, жұп иіс сезу капсуласынан тұрады, ол сыртқа бір жұп танау тесігіне
ашылады да, ішке хаондарға жалғасып, одан ауыз жұтқыншақ қуыс кетеді. Бұл жүйелер иіс
сезумен қатар, тыныс алуға да қатысады. Үнемі суда болатын амфибилердің еркектерінде де,
личинкаларында да, балықтардікі секілді сейсмосенсорлы мүшесі болады.
Қан айналу жүйесі. Эвалюциялық дамудың барысында амфибилердің ең бірінші рет
өкпесі пайда болды, осыған сәйкес қан айналу жүйесінде елеулі өзгерістер туады. Жүрегі
балықтарға қарағанда ірі және де күрделі құрылысты. Ол үш камерадан тұрады: оң және сол
жүрекшеден және бір қарыншадан. Өкпеде оттегіне қаныққан және көмірқышқыл газы
азайған қан өкпе веналар арқылы сол жақ жүрекшеге құйылады. Мұндай қарындарды вена
қан тамырлары әкелсе де, оны артерия қаны деп аталады. Ал бүкіл денеге оттегін жеткізіп,
көмірқышқыл газына қаныққан қан веналар арқылы оң жақ жүрекшеге келіп құйылады.
Мұндай қанды вена қаны деп атайды. Жүрекшелердіњң жиырылу нәтижесінде барлық қан
құлақшаға құйылады құлақшада артерия мен вена қандары толық араласпайды, өйткені
қарыншаны ішкі бетіндегі әртүрлі өсінділер қандардың толық араласуына мүмкіндік
бермейді. Сондықтан жүрекше жиырылып болған кейін қарыншаның оң жақ бөлігін вена
қандары сол жақ бөлігінде артерия қандары, ал ортасында аралас қандары тұрады.
Жүрекшенің оң жақ бөлігінен артериялық конус шығады, одан төрт жұп артериялық
доғалар тарайды: 1-ші жұп артериясы таза артериялы қанды бас бөлігіне апарады, оны ұйқы
артериясы дейді. 2-ші және 3-ші жұп артериялары дененің барлық жеріне таралатын үлкен
тамырлар жүйесін - аортасын құрайды. 4-ші жұп артерия - ол қанды өкпеге апарады, әрбір
өкпе артериясына 1 ден 3-ке қан тамыры шығып, теріге барып, теріде веноздық қан оттегіне
қанығып денеге тарайды. Сондықтан бұл қан тамырларын өкпе-тері артериялары деп
атайды.
Қосмекенділерде балықтардікі сияқты бір ғана қан айналу шеңбері емес, екі қан айналу
шеңбері бар.
Үлкен қан айналу шеңбері жүректен шыққан қан артериялары мен капиллярлар арқылы
оң жақ жүрекшеге келіп құяды кіші қан айналу шеңбері жүректен шыққан қан өкпе
артериясы мен капиллиярлар арқылы өкпеге барады, одан капиллиярлар және өкпе венасы
арқылы сол жақ жүрекшеге келіп құяды.
Қос мекенділерде бұл 2 шеңбер жылы қанды омыртқалардағы сияқты, толық бөлінбеген.
Вена қаныда жүректің қарыншасы арқылы, артерия қаны да жүректің қарыншасы арқылы
өтеді. Қан тамырлар арқылы қан баяу қозғалады, оттегі аздау болады. Сол себептен зат
алмасудың дәрежесі жоғары болмайды жылы денесінде жылу аз болады. Олардың дене
температурасы қоршаған ортаның температурасымен тығыз байланысты.
Тыныс алу жүйесі Қос мекенділердің бәрінде өкпесі болады. Бұл мүшенің керегесі ұсақ,
жұқа ұя тәрізді қуыстардан тұратын екі қалтаға ұқсайды. Құрылысы өте қарапайым, жақсы
жетілмеген. Соған байланысты тері арқылы да тыныс алады. Тері арқылы тыныс алу тері
артерияларының капиллиярлары арқылы іске асады. Кейбір саламандра түрлерінде өкпе
болмайды, сондықтан тыныс алу тек терісі арқылы жүзеге асады. Егер де тері ылғалды болса
ғана тыныс алуға қатысады. Өкпенің беттік ауданының терінің беттік ауданына қатынасы 2:3
қатынасындай. Жасыл бақаның терісі арқылы оттегінің 51%-де ал өкпесі арқылы 49% өтеді.
Көкірек қуысы болмағандықтан тыныс алу механизмі ерекше. Ауаны ендіріп, шығарып
тұруда ауыз жұтқыншақ бөлімі қызмет жасайды.Ол төмен түскен танау тесігі ашылып ауа
сыртқа шығады да, жоғары көтерілгенде танау жабылып қалады да, ондағы ауа өкпеге енеді.
Амфибилердің суда тіршілік ететін личинкалары желбезектерімен және терісімен тыныс
алады. Кейбір құйрықтылардың үнемі суда тіршілік ететіндерінде желбезек өмір бойы
сақталады. Бұл жағынан амфибилердің балыққа жақындығын көреміз.
Ас қорыту жүйесі. Амфибилердің негізгі қорегі жәндіктер. Бақалар өздерінің жалпақ та
жабысқақ тілімен қозғалып жүрген омыртқасыздарды тез ұстап алады. Барлық амфибилердің
тілінің жоғарғы бетінен үнемі шырын бөлінеді. Осы шырынның көмегімен қорегін ұстайды.
Аздағандарында тіл болмайды, яғни суда жүзетіндерде, олар қорегін жақтарымен ұстайды.
Ас қорыту түтігі қысқа болып, жұтқыншақтан, өңештен, қарыннан, ащы ішектен және үлкен
емес тік (тоқ) ішектен тұрады. Тік ішек клоакамен бітеді. Клоакадан қорытылмаған ас
қалдықтары да, зәр де және жыныс бездеріде сыртқа шығарылады. Ауыз қуысына
балықтарда жоқ сілекей бездері ашылады.
Зәр шыѓару жүйесі. Амфибилер балықтар сияқты дене бүйректі, ол денесінің соңғы
жартысының арқа жағында орналасқан. Зәр шығару түтікшелері - вольфов каналдары
клоакаға ашылады алғаш зәр заты клоакаға одан қуыққа барады. Қуық толғаннан кейін сол
тесік арқылы клоакаға одан сыртқа шығарылады. Ыдыраған заттардың аздаған бөліктері тері
арқылы бөлінеді.
Кµбеюі Ересек жыныс бездері бүйректің жанында жатады бұл жұп тұқым безінің өзіндік
жолы болмайды. Тұқым каналы вольфов каналына ашылады. Вольфов каналы бұл жерде зәр
шығару жолымен ұрық шығару жолының қызметінде атқарады. Еркектерінде әрбір бұл
каналдың клоакаға жалғасатын жері кеңейіп, ұрықтың уақытша жиналуын қамтамасыз
ететін тұқым қалтасынан құрайды.
Аналықтарында да жұп безі болады. Жетілген жұмыртқалар өте ұзын түтік мюллеров
каналына өтеді, ол клоакаға ашылады. Бұлардың жыныс бездерінің үстінде сары түсті майлы
дене болады. Бұлар сперматозоидтың немесе жұмыртқа клеткаларының қорегі болып
саналады. Амфибилердің көпшілігінің копулятивтік мүшесі болмайды.
Ұрықтануы. Көпшілік жағдайда сыртта судың ішінде өтеді. Аздаған түрлерінде аталығы
ұрығын ерекше қапшыққа бөліп шығарады, ал аналығы оны клоакаға шетімен өзіне алады.
Мұнда жыныстық қатынас жоқ, бірақ ұрықтану іште жүреді. Ал басќаларда жынысты
қатынас болса да ұрықтану аналық организмнен тыс болады. Кейбір түрлерінде аталығы
аналығының клоакасына ұрығын жібереді. Көп түрлерінде жыныс диморфизмі жақсы
жетілген. Аталықтарының кейбірі қатты дыбыс шығарады. Бұл дыбыс қапшығы -
резонаторлардың арқасында болады.
Дамуы. Қос мекенділердің дамуы суда өтеді. Ұрыќтанған жұмыртқалардан балық тәрізді
личинкалар - шабақтар дамиды. Олар желбезектерімен тыныс алады және олардың ішкі
құрлысы балықтарға ұқсас. Өсу жолында итшабақтардыњ алғаш артқы, сосын алдыңғы
аяқтары өсіп шығады, желбезектері жойылады, өкпесі пайда болады. Итшабақтың дамуы
судың температурасына байланысты 2-3 айға созылады.
Өмір сүру ұзақтығы. Табиғатта онша ұзақ емес, өйткені табиғаттың қолайсыз
жағдайларынан ұрықтың даму кезінде шығын көп болады. Сол сияқты жыртқыштардан мен
паразиттерден де азап шегеді. Табиғатта олар көп жасамайды, 10-15 жыл өмір сүреді.
Мысалы: құрбақа 20 жыл, көлбақа 10 жыл өмір сүреді.
Қос мекенділердің маңызы. Олар адамға пайдалы. Көптеген амфибилер ауылшаруашылық
өсімдіктер зиянкестерін, адам мен жануарлар арасына ауру тарататын бунақденелерді жеп
құртады. Суда тіршілік ететін тритондар масалардың личинкаларын жеп құртады. Қос
мекенділерді оқу мақсатында әртүрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдаланады.
Сонымен қатар амфибилердің кейбір түрлері бағалы жыртқыштардың, яғни қара
күзендердің, жанат иттердің қорегі болып есептелінеді. Бақалар үйректер мен тырналарға
жем болады. Амфибилердің аз болсада зияны бар. Мысалы: балық өсіретін тоғандарда
жасыл бақалар балық шабақтарын жеп зиян келтіреді.
Қазіргі қос мекенділер 3 отрядқа бөлінеді. 1) Құйрықтылар (300-түрі бар) 2) Аяқсыздар
(60-түрі бар) 3) Құйрықсыздар (2000-түрі бар) отряды. Түрінің көптігі жөнінен амфибилер
жерде, құрлықта тіршілік ететін омыртқалылардың ішінде соңғы орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |