ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
410 беттің 150
150
мақсатында CTRL және SHIFT пернелерінің екеуін де жібермей ұстап тұруға
болады.
2. Автофигуралар енгізу
Сурет құралдар тақтасындағы Автофигуралар батырмасын қолдана
отырып әртүрлі фигураларды автоматты түрде енгізу мүмкіндігі бар. Бұл
менюдің құрамында сызықтан басқа негізгі фигуралар, фигуралық
бағыттауыштар,
блок-
схемалар,
жұлдызшалар
мен
ленталар,
түсініктемелер деген әрқайсысы бірнеше саймандардан тұратын командалық
жолдар бар. Кез келген фигураны Автофигуралар батырмасын шертіп, қажетті
фигураны таңдаған соң экранда тышқан батырмасын басулы күйде жылжыту
арқылы сала аламыз.
3. Жақтау ішіне мәтін енгізу
WORD мәтіндік редакторында жақтау мен жақтау ішіндегі мәтін
«графикалық объект» ретінде қарастырылады- яғни оны бір беттен екінші бетке
графикалық объектілер сияқты тасымалдауға, өлшемін өзгертуге болады.
Жақтау ішіне мәтін енгізу үшін:
1.
Енгізу
(Вставка)
менюінің
Жақтаудағы
жазба(Надпись)
командасын орындау немесе Сурет құралдар тақтасындағы
батырмасына
шерту қажет;
2.
Тышқан курсорын Жақтау тұратын жерге орналастырып, тышқан
батырмасын басулы күйінде жылжыта отырып, тік төртбұрышты жақтауды
салынғанан кейін қажетті мәтінді ішіне теріп жазамыз.
Сондай, жақтауды және оның ішіндегі мәтінді форматтау үшін, оны
белгілеп алған соң жанама менюдің Жазылымның форматы... (Формат
надписи) командасын орындағанда ашылған сұхбат терезені пайдаланамыз. Бұл
сұхбат терезе Түстер және Сызықтар, Өлшемі, Орналасуы, Айналып өтуі
(Обтекание), Жазылым астарлы беттерінен тұрады.
4. Геометриялық элементтерді бұру
Word құрамындағы графикалық редактордың көмегімен кез келген
элементті тік немесе келденең бағытта 90° немесе 180°-қа бұрып
орналастыруға болады. Бұл мүмкіндіктерді симметриялы түрде салынған
суреттер ішін қолдануға болады. Бұратын геометриялық фигураны белгілеп
алғаннан кейін Іс-әрекет => Бұру/ көрсету (Повернуть/отразить)
командасын орындап қажетті бұру параметрін тандау қажет.
Сурет 2. Геометриялық фигураларды бұру/көрсету командасы
5. Салынған суреттерді форматтау
ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
410 беттің 151
151
Бір автофигураны басқамен алмастыру мүмкіндігі бар. Алмастыратын
фигураны белгілеп алған соң, Іс - әрекет >Автофигураны өзгерту
командасын орындап, тізімнен қажетті фигураның түрін, одан кейін
фигураның өзін таңдаймыз. Автофигураның көлемін өзгерту үшін, оны
белгілегеннен кейін жан-жағында пайда болған маркерлердің қажеттісін
тышқанның көмегімен жылжытамыз. Автофигураны өзгерту командасын
орындаған соң, сол фигураға курсорды орналастырып, тышқанның оң
батырмасын шертсек, түйіндерді қосу, өшіру өзгертуге байланысты жанама
меню ашылады.
Кез келген суретті салғаннан кейін немесе автофигураны
енгізгеннен кейін оларды форматтауға болады:
•
Сурет тақтасындағы Сызықтың түсі (Цвет заполнения) батырмасы
көмегімен контурлық сызықтың тұтастығы мен түсін өзгерту;
•
тұйық сызықпен қоршалған фигураның ішкі аумағын бояу үшін
Ішкі
бояу түсі (Цвет заливки) батырмасын пайдалануға болады. Осы
батырманы тышқанмен шерткенде түстерді тандауға мүмкіндік беретін
сұхбат терезесі ашылады, онда ұсынылған нұсқалар (шаблондар) арқылы
тұйық аймақты белгілі бір өрнекпен толтыру мүмкіндігі де бар.
Салынған суретті толық форматтау немесе форматын өзгерту әрекеті,
оның жанама менюінің Сурет форматы (Формат рисунка) командасының
көмегімен жүзеге асады.
Элементгер тобының құрылуы
Суретті салу барысында олардың түстерін бір мезгілде өзгерту үшін
бірден бірнеше геометриялық элементтерді белгілеп алу қажет болуы ықтимал.
Ол үшін, Сурет (Рисование) саймандар тақтасындағы (бағыттауыш бейнесі
бар батырманы () басып, қажетті элементтерді камтитын тіктөртбұрыш салу
керек. Элеменггерді біртіндеп те белгілеп шығуға болады. Ол үшін бірінші
қажетті элементті тышқанмен шертіп, одан кейін Shift пернесін жібермей ұстап
тұрып, келесі элементтердің де әрқайсысын тышқанмен шертіп отыру керек.
Егер де таңдап алынғандардың ішінен бір элементті алып тастау қажет болса,
Shift пернесін басып тұрып осы элементті тышқанмен тағы да бір рет шерту
жеткілікті.
Кез келген сурет бір немесе бірнеше элементтерден тұрады. Осындай
бірнеше элементтерді біріктіре отырып, оларды бір бүтін аймаққа кіретін етіп
орналастырып алып түгелдей өңдеуге де болады.
Бірнеше элементтерден тұратын топты құру үшін, алдымен оларды
белгілеп алып, жанама менюдегі немесе Іс-әрекет батырмасын шерткенде
ашылған менюдің Топтау (Группировать) командасын орындау керек.
Топтан шығару
Қажетті бір әрекеттерді орындап болған соң, геометриялық элементтер
тобын қайтадан бөлек-бөлек элементтерге жіктеуге болады. Бұл үшін сол
біріктірілген топты таңдап алып, жанама менюдегі немесе Іс-әрекет
ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
410 беттің 152
152
батырмасын шерткенде ашылған менюдің Топты жіктеу (Разгруппировать)
командасын орындау керек.
Мәтінге Суреттер коллекциясы программасының объектілерін енгізу
Кірістіру - Сурет — Картинкалар (Вставка - Рисунок — Картинки)
командасын орындағаннан кейін, экранның оң жағында әртүрлі графикалық
объектілер қосуға мүмкіндік беретін Сурет енгізу (Вставка картинки) тақтасы
ашылады. Бұл терезе Клипті іздеу, Мультимедиа файлдары, Cypemmep
коллекциясы тәрізді мүмкіндіктері бар жолдардан тұрады. Cypemmep
коллекциясы жолын таңдап, Microsoft коллекциясы ішінен Аңдар, Адамдар,
Ғимараттар, т.с.с. суреттерді табуға болады (Сурет 3). Мысалы, Ғимараттар
жолын таңдасақ, суреттегідей бейне шығады. Ішінен керектісін таңдап, оны
мәтін ішіне орналастыра аламыз.
Сурет 3. Графикалық шаблондардың терезесі
Мұнда да қажетті бейнені ерекшелеп, ОК батырмасын шерту арқылы
курсор тұрған жерге сол суретті енгіземіз де, керекті мәтінді тереміз. Бөлімге
жаңа объект қосу үшін: Сол жақтағы тізімнен объект қосатын бөлімді
белгілейміз. Клипті сыртқы ортадан aлy (импортировать клип) батырмасын
шертеміз де, ашылған терезеде объект орналасқан буманы және файлды тауып
Ашу батырмасын шертеміз. Түйінді сөз (ключевое слово) сұхбат терезесінде
объектінін атын теріп жазамыз.
Құжатқа бейнелі мәтін енгізу үшін:
1. Тышқан курсорын мәтін қ о й ы л а т ы н орынға орналастыру;
2. Меню қатарындағы Кірістіру =>Сурет => WordArt объекті (Вставка
=> Объект WordArt) командасын орындаймыз
немесе Сурет салу
ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
410 беттің 153
153
құралдар тақтасындағы
WordArt объектісін қосу батырмасында тышқанды
шертеміз. Ашылған терезеде мәтінді жазу өзімізге ұнаған біреуін таңдап
аламыз (Сурет 4) да, Ok батырмасын шертеміз.
3. WordArt мәтінін өзгерту терезесі ашылады (Сурет 5). Осы терезеде
қажетті мәтінді, оның форматын көрсете отырып, теріп жазамыз да, Ok
батырмасын шертеміз.
Сурет 4. «WordAr объектісінің коллекциясы» терезесі
WordArt объектісі енгізілгеннен кейін объектіні өңдеуге арналған барлық
командаларды қолдануға болады. WordArt объектісі енгізілген соң экранға
онымен жұмыс жасау мүмкіндігін беретін құралдар тақтасы шығады (Сурет 6). Бұл
объектіні бұру, көлемін өзгерту тағы да басқа әрекеттерді орындауды
жеңілдетеді. көлемін өзгерту үшін ерекшелегеннен кейін, пайда болған
тіктөртбұрышты белгішелерді қажетті орынға тышқанның көмегімен
жыллжытамыз. Объектіде тышқанды екі рет шертсек, Мәтінді өзгерту терезесі
ашылады.
Сypem 5. WordArt мәтінін өзгерту терезесі
ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
410 беттің 154
154
Суретті жақтау ішіне енгізу
Мәтінге орналастырылған суретті жақтау ішіне алу арқылы оны мәтіннен
бөлек және жақтау ішіндегі мәтінмен бірге кез келген орынға оңай жылжыта
аламыз. Бұл кезде сурет жақтаумен қоршалып тұрады. Суретті жақтау ішіне
орналастыру үшін келесі әрекеттерді орындаймыз:
•Кірістіру=>Жазылым (Вставка=>Надпись) командасын орындау қажет
немесе Сурет салу (Рисование) саймандар тақтасындағы Жазылым
батырмас шертеміз.
• Кірістіру=>Сурет (Вставка=> Рисунок) командасын орындап, қажетті
суретті көрсетіп, ОК батырмасын шерту керек (суретті енгізу барысында жақтау
терезесінің көлемі суреттің формасына қарай өзгереді).
Егер мәтін ішіне бұрыннан салынған немесе енгізілген суретті жақтау ішіне
орналастыру қажет болса, Файлмен байланыстыру (Связать с файлом)
жалаушасын көтеріп, алдын-ала суреттіерекшелеп алған соң, Кірістіру-
Жазылым (Вставка=>Надпись) командасын орындаймыз немесе Сурет салу
саймандар тақтасыңдағы Жазылым батырмасын шертеміз. Сурет көрінбей қалса, Іс-
әрекет=>Реті>Алдыңғы планда (Действия=>Порядок=>На передний план)
немесе Соңғы планда командаларының тиістісін орындаймыз.
Жақтау терезесін көркейтіп безендіру үшін Сурет салу саймандар
тақтасының Бояу түсі, Сызық түсі, Сызық типі сияқты өрістерін пайдалану
мүмкіңдігі бар.
Жақтау ішіне жазылған мәтінді суретпен бірге топтап, оларды мәтін ішінде
кез келген орынға оңай жылжытуға болады.
Тапсырма
Сурет 1-де көрсетілген Мерекелік шақыруды жасаңыз және
нәтижесін Графика деген атпен сақтаңыз
ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
410 беттің 155
155
Сурет 1. WORDART және стандартты суреттер коллекциясының көмегімен
безендірілген мәтін
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
Жаң құжат құрыңыз
Егер құжат терезесінің төменгі жағында Рисование құраладар тақтасы
көрінбесе,
келесі
команданы
орындаңыз
Вид/Панели
инструментов/Рисование. Сол кезде терезенің төменгі бөлігінде Сурет салу
құралдар тақтасы пайда болады
Құжаттың фоның өзгертіңіз. Ол үшін келесі команданы орындаңыз:
Формат/Фон/Способы заливки/Рисунок. Ашылған терезеде Рисунок
батырмасын таңдап, фон болатын суреттің орналасқан орының көрсетіңіз
Текст фрагменттерін Word Art құраладарының мүмкіндіктерін пайдаланып
орындаңыз. Ол үшін:
-
Вставка/Рисунок/Объект WordArt командасын орындаңыз;
-
Коллекция WordArt терезесінен керек стильді таңдаңыз және ОК
батырмасын басыңыз;
-
Изменение текста WordArt терезесінде келесі параметрлерді таңдаңыз:
шрифт өлшемі- 20 пт., кескінделуі- қоюлатылған, Текст өрісіне келесі
мәтінді енгізіңіз «Құрметті мырзалар» және ОК батырмасына шертіңіз;
-
WordArt құралдар тақтасындағы Обтекание текстом параметріне Перед
текстом параметрін тағайындаңыз ;
ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
410 беттің 156
156
-
Фигуралық мәтіннің көлемін графикалық объектінің маркерлерін
пайдаланып үлкейтіңіз;
-
Суреттегі қалған мәтін фрагменттерін осыған ұқсас жасаңыз.
Барлық графикалық объектілерді топтаңыз. Ол үшін:
-
нажмите кнопку с белой стрелкой, которая располагается рядом с кнопкой
Действия на панели Рисование, эта кнопка выделится подсветкой;
•
щелкните мышью в любом углу края страницы, где располагается
фигурный текст и картинка;
•
растяните рамку так, чтобы она охватила всю плоскость, где
располагаются графические объекты. Если все сделано правильно, то на
всех графических объектах появятся маркеры;
•
нажмите кнопку Действия на панели Рисование и выберите
параметр Группировать;
•
нажмите кнопку с белой стрелкой, подсветка кнопки пропадет.
Примечание. Чтобы проводить новое редактирование всего
сгруппированного графического объекта, необходимо его сначала
разгруппировать. Для этого: щелкнуть мышью по поверхности
графического объекта; нажать кнопку Действия и выбрать параметр
Разгруппировать.
6.
Вставьте стрелки из коллекции инструментов Автофигуры на
панели Рисование. Для этого:
•
установите курсор, щелкнув мышью, слева от надписи «Справки по
телефону»;
•
нажмите кнопку Автофигуры на панели Рисование, выберите
параметр Фигурные стрелки и соответствующую стрелку (рис. 6.2.);
•
установите необходимые размеры стрелки, изменяя маркеры;
•
скопируйте стрелку, для этого выделите стрелку, нажав клавишу
, удерживая нажатой кнопку мыши, перетащите стрелку и
установите ее справа
•
от надписи с телефоном. Отпустите клавишу ;
•
поверните графический объект на 180 градусов: выделите стрелку; на
панели Рисование нажмите кнопку Действия, выберите параметр
Повернуть/Отразить и параметр Отразить слева направо.
7.
Сохраните файл под именем Графика
Ұсынылатын әдебиеттер:
1
Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. –
СПб, Питер, 2001 г.
2
Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е
изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002
3
Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ
информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999
ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
410 беттің 157
157
4
Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер,
2000 г.
5
Основы работы с компьютером. руководство пользователя.
корпорация Microsoft, 2004
6
Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство
пользователя. корпорация Microsoft, 2004
7
Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002,
«Финансы и статистика»
8
Лабораторный практикум по информатике. Под ред. Острейковского
В. А., М., ВШ, 2003
Бекіту сұрақтары:
1
Сурет салу құралдар тақтасын экранға қалай шығарамыз?
2
Салынған суреттерді немесе автофигураларды топқа біріктіру деген не?
3
Топқа біріктірлген объектілерді қайта топтан шығаруға бола ма?
4
WordArt объектісі қалай енгізіледі?
5
Енгізілген WordArt объектісін қалай форматтауға болады?
ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
410 беттің 158
158
Қосымша
№1
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі. Ол өзінің сан ғасырлық дамуы барысында рулық тіл дәуірін де,
тайпалық тіл дәуірін де, халықтың тіл дәуірін де басынан кешірді. Осы заманда қазақ халқының күнделікті пікір
алмасу қажетін өтеп отыруымен қатар, рухани байлығы- ауыз әдебиетін атадан- балаға мұра етіп келеді. Қазақ
тілі- өркендеген мәдениеттің тілі, ғылыми тіл, көсемсөздік, ғылыми іс- қағаздардың тілі, стиль жағынан
мейлінше байыған, грамматикалық құрылымы барынша дамыған оралымды тіл.
№2
Егер менің көңіл-күйім жоқ болса, онда мен осылай жылаймын-, бұл өте
қорқынышты- . Егер қуансам, мен былай қуанамын-. Егер біз кітап оқысақ
(мына сияқты-), онда уақыт білінбей өте шығады. Бүгін біз MS WORD
мәтіндік редакторын қарастырамыз. Грек алфавитіндегі α әріпі жиі кездеседі.
№3
Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы бойынша қазақ тілі республикадағы негізгі тіл, мемлекеттік тіл
қызметін атқарады.
№4
Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші
ауылында (Қазіргі Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы) туған.
Табиғатынан дарынды жаратылған, мөлдір қара көз, толқынды шашты, қыр мұрын, қайратты ұлдарын
Сейфолла мен Жамал азан атап қойған Сәдуақас деген есімнің орнына еркелетіп Сәкен атап кеткен.
Сәкеннің жан- жақты білім алуы, азаматтық- әлеуметтік көзқарастарының қалыптасуы,
шығармашылық қадамының басталуы оның 1908-1913 жылдары Ақмолада приходская школада, қалалық
училищеде, 1913- 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған жылдарымен тығыз байланысты.
Тырнақалды адымын Нілді зауытында қалжың өлең жазудан бастаған жас дарын- қазақ фольклорын, Абай
шығармаларын, орыс, Еуропа әдебиеттер классикасын игеруге талаптанады. «Айқап» журналына хабар, сын,
мақала, бірнеше өлең бастырады. 1914 жылы жиырма жастағы семинарист Сәкен Сейфуллиннің «Өткен
күндер» атты өлеңдер жинағы Қазан қаласында басылып шығады.
Сәкен Сейфуллин поэтикасында символ дәрежесіне көтерілген бірнеше тұрақты образ бар. Олар- асу
тұлпар, қызыл сұңқар, аққу, домбыра, экспресс, альбатрос, сыр сандық, толқын. Осылардың ішінде сұлулық,
тазалық идеалы ретінде алынатын бейне- аққу. Бұл образ «Көкщетау» поэмасында, «Жемістер» повесінде кең
суреттеледі. Әсіресе «Ақуддың айырылуы» поэмасында (1925) ақын аллегориялық тәсілмен көркем ой айта
білген, мәңгілік махаббатты жырлаған.
Бас- аяғы жұп- жұмыр, ықшам, келісті туындының ширақ сюжеті, жымдасқан композициясы назар аударарлық.
Алдымен Арқадағы құмы маржан, суы күміс, айнала көк кестелі, шайы шымылдық, жасыл құрақты айна көлдің
суреті беріледі. Лирикалық кейіпкер анда- санда демалысқа осында келер еді. Қызғыш, тауқұдірет, шағала,
сұқсұр, қасқалдақ, үйрек секілді көлді мекендеген құстар сәнді болғанмен, бұл мекеннің толымды суретін бере
алмайды.
№5
Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-
оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының
практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға
жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту
программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында
компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып
табылады. Оның қолданылуы нітижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар
толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және
шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.
ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
410 беттің 159
159
Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне
көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке
тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды
білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға
назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, Интернет ғаламдық ақпарат
желісін пайдалана алуы тиіс.
Алайда, білім беру жүйесінде білімдік және ақпараттық технологияларды
іс жүзінде үйлестіре қолдануда кемшіліктер кездеседі. Оның үстіне ақпараттық
технологияның тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту
үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық
технологияларды кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, жақсы меңгерген,
бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Қазіргі
технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының
педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың
маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену
процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына
тәуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |