ПОӘК 042-18. 39 06/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым


ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013



Pdf көрінісі
бет29/44
Дата06.02.2017
өлшемі5,95 Mb.
#3517
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 257 

 

 

257 



 

Санауыш 



 

Даталар/уақыттар 



 

Логикалық 



 

МЕМО өрісі 



 

ОLЕ объектісінің өрісі 



 

Гиперсілтеме 



 

Ауыстырулар шебері 



Әрбір  мәліметтер  типі  конструктор  терезесінің  «Өріс  касиетгері» 

бөлімінде бейнеленетін өз қасиеттерімен үлестіріледі. 

 

Бекіту сұрақтары: 

 

1

 



Мәліметтер қоры дегеніміз не?  

2

 



Мәліметтердің реляциялық қоймалары дегеніміз не? 

3

 



МS Ассеss-те мәліметтер қорын құрудың неше тәсілі бар? 

4

 



Мәліметтердің қандай типтері болады? 

 

 

 

6-дәріс.  MS  Access  мәліметтер  қорын  басқару  жүйесі.  Кесте,  пішін, 

есеп, сұраныс, макрос, модуль негізгі объектілермен жұмыс 

 

Мақсаты:  MS  Access  кең  тараған  мәліметтер  қорын  басқару 

жүйелерінің жұмысымен танысу. 

 

MS Access ең кең тараған мәліметтер қорын басқару жүйелерінің (ДКБЖ) 



бірі болып табылады. 

MS  Access  ақпаратты  көрсету  және  сақтау  үшін  пайдаланылатын  жеке 

компоненттерден  тұрады.  Олар:  кестелер,  пішіндер,  есеп  берулер,  сұратулар, 

деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Пішіндер мен 

есеп  берулерді  құру  үшін  конструкторлар  қолданылады,  сондықтан  бұл 

компоненттер  конструкторлық  объектілері  деп  аталады.  Конструкторлық 

объектілері құрама объектілері болып табылады, яғни басқару элементтері деп 

аталатын  едәуір  кіші  объектілерден  тұрады  (олар:  өріс,  батырмалар, 

диаграммалар, жақтаулар және т. б.). - 

Кесте деректер қоймасының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл 

ақпарат кестелерде беріледі. 



Пішіндер  пішін  терезесінде  кестелерді  енгізу  мен  көру  үшін 

қолданылады.  Олар  экранда  бейнеленген  ақпараттың  көлемін  шектеуге 

мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсетеді. Шебердің көмегімен пішінді, 

оған  алдын  ала  құрылған  шаблонның  біріне  сәйкес  орналастырып  берілген 

кестенің өрістерін енгізе отырып, құруыңызға болады. Пішіннің конструкторы 

көмегімен кез келген күрделі дәрежедегі пішіндерді құрасыз. 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 258 

 

 

258 



Есеп  берулер  деректер  қоймасында  бар  ақпаратты  бейнелеу  үшін 

қолданылады.  Есеп  берулер  конструкторының  көмегімен  деректер  тобын, 

өрістер  тобын  және  есептелінетін  өрістерді,  оларды  сәйкес  жасайтын  өз  есеп 

беруіңізді дайындайсыз. 



Сұраныс  деректер  қоймасынан  ақпаратты  алады,  әлі  мұнда  деректер 

бірнеше  кесте  арасында  бөлінген  болуы  мүмкін.  MS  Access-те  сұранысты 

пішімдеу  үшін  үлгі  бойынша  сұрату  деген  әдіс  қолданылады.  Визуалдық 

ақпарат  негізінде  бұл  әдісті  қолдана  отырып,  бір  немесе  бірнеше  кестелерден 

қажетті деректерді аласыз. 

Деректерге  қатынау  беті  MS  Access  немесе  Microsoft  SQL  Server 

мәліметтер  қорында  сақталған  Интернет  немесе  Интранет  арқылы  жұмыс 

істеуге және оларды көруге арналған WEB - парақтың арнайы түрін ұсынады. 

Макростар  жиі  орындалатын  операцияларды  автоматтандыруға 

арналған.  Әрбір  макрос  бір  немесе  бірнеше  макрокомандалардан  тұрады, 

олардың әрқайсысының белгілі бір қызметі бар, мысалы, пішінді ашады немесе 

есеп беруді баспаға жібереді. 



 

Іске қосу 

Біз  MS  Access  2000-мен  жұмысты  бастаймыз.  Егер  Windows  ортасында 

жұмыс  істеген  болсаңыз,  онда  меню,  саймандар  панелі,  диалог  терезесі 

ұғымдарымен таныс боларсыз. MS Access-ті іске қосу үшін келесі тәсілдердің 

бірін қолданасыз: 

1.  MS  Access-ті  іске  қосуды  бастау  үшін  Windows  жүйесіндегі  Пуск 

батырмасын қолданыңыз. 

Пуск  (Start)  батырмасын  басыңыз  және  Microsoft  Access  шақыратын 

командасы бар. Бағдарламалардың бағыныңды менюін ашыңыз. Бағдарламаны 

іске қосу үшін осы командада батырманы басыңыз. 

2. Екі рет басу арқылы іске қосу 

Егер  MS  Access-ті  бастау  менюін  қолдану  арқылы  іске  қосу  қолайсыз 

болса, онда бағдарламаны жүктеу үшін екі рет басу тәсіліне көшіңіз. 

Windows  Ехplorer  бағдарламасын  іске  қосыңыз  және  MS  Access 

орнатылған  қапшыққа  көшіңіз.  MS  Access.ехе  файлын  табыңыз.  Егер  MS 

Access  кай  қапшықта  екені  белгісіз  болса,  онда  жүйесіне  осы  файлды  іздеуді 

қайта тапсыруға болады. Ол үшін бастау менюінде Поиск бағыныңқы менюін, 

оның  ішінде  файлы  или  папки  командасын  таңдаңыз.  Ашылған  Найти  диалог 

терезесіндегі Имя мен орналастыру жапсырмасындағы Имя аралас өрісінде MS 



Access.ехе  жазбасын  енгізіңіз.  Искать  в  аралас  өрісінде  Менің  компьютерім 

мәнін тауып, Найти батырмасын басыңыз. Файл табылған соң, іздеуді аяқтап, 

іске  қосылатын  файлды  жұмыс  столына  орын  ауыстырады.  Орын  ауыстыруда 

Windows  автоматты  түрде  Access-ті  іске  косу  үшін  таңбаша  құрады.  Бұл 

таңбаша Windows Жұмыс столы қапшығында да пайда болады. 

3. Есептер панелінен бір басу арқылы іске қосу. Егер есептер панеліңізде 

жеткілікті бос орын болса, онда бүл MS Access-ті іске қосудың, яғни MS Access 


 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 259 

 

 

259 



таңбашасын  есептер  панеліне  әкеліп,  MS  Access-ті  бір  басып  іске  қосудың 

бірден-бір  қолайлы  әрі  тез  орындалатын  тәсілі.  Ол  үшін  жұмыс  столында 

немесе  сілттеуіште  MS  Access  таңбашасын  белгілеп,  маустың  оң  жақ 

батырмасын жібермей ұстап, оны есептер панеліне жылжытыңыз. Енді активті 

терезелерді  жимай  тұрып,  кез  келген  уақытта  есептер  панелінен  MS  Access-ті 

іске қоса аласыз. 

Сіз  қандай  тәсілді  қолдансаңыз  да,  экранда  MS  Access  шақыру  терезесі 

пайда болады. Бұл диалог терезесінде алдын ала құрылған деректер қоймасын 

ашуға  немесе  оларды  жаңадан  құруға  арналған  опциялар  бар.  Экранда 

мәліметтер  қоры  терезесінен,  меню  жолынан,  саймандар  (инструменттер) 

панелінен  және  қалып-күй  жолынан  тұратын  MS  Access  басты  терезесі  MS 

Access деректер қоймасындағы барлық кестелерді, есеп берулерді, пішіндерді, 

сұратуларды, қатынас құру беттерін, макростарды және модульдерді сақтайды. 

Сондықтан  MS  Access-ті  бірінші  рет  Іске  қосқанда  экранда  деректер 

қоймасының терезесі және «Деректер қоймасының» саймандар панелі шығады. 

Экран  бес  аймақтан  тұрады:  тақырып,  меню  жолы,  саймандар  панелі,  қалып-

күй жолы және деректер қоймасының терезесі. 

MS  Access  қосымшасы  бір  уақытта  тек  бір  ғана  деректер  қоймасымен 

жұмыс істеуге мүмкіндік береді (бірақ ол кез келген сыртқы көздерден деректер 

ала  алады).  MS  Access  терезесінің  ішінде  қойма,  кесте,  пішін,  сұрату,  т.  б. 

құратын объектілері терезелерінің шексіз саны ашық тұруы мүмкін. 

Тақырып  басты  терезенің  жоғарғы  жағында  орналасқан  және  үш 

объектіден  тұрады.  Олар:  бағдарламалар  пиктограммасының  көшірмесі,  басты 

терезенің тақырыбы және осы терезені басқару пиктограммалары. 

Меню  жолы  ағымдағы  терезе  менюін  құрайды.  Windows  -те  жұмыс 

істейтін  басқа  да  қосымшалар  секілді,  MS  Access  менюі  істегелі  жатқан 

жұмысыңызға  байланысты  өзгеріп  отырады.  Сонымен,  Windows  басқа 

қосымшалары  сияқты,  бұл  менюлер  айқын  ретпен  стандартқа  сүйенеді.  Егер 

Microsoft Office дестесі басқа бағдарламаларын қолданған болсаңыз, MS Access 

менюі сізге таныс. 

MS  Access-те  саймандар  панелі  көптеген  әртүрлі  батырмалар  жиынынан 

тұрады, олардың құрамы нақты саймандар панеліндегі кызметіне байланысты. 

MS  Access-ке  бірінші  рет  кіргенде  экранда  «Деректер  қоймасы»  деп  аталатын 

саймандар  панелі  бар  болады.  Батырмалардың  көпшілігі  көбінесе  меню 

командаларын  таңдау  немесе  пернелер  комбинацияларын  басу  арқылы 

жүргізілетін операцияларды орындауға арналған. MS Access экранда саймандар 

панелін басқаруға, баптауға мүмкіндік береді. 

Қалып-күй  жолы  басты  менюдің  төменгі  жағында  орналасқан.  Жолдын 

сол  жағында  кесте  немесе  пішін  өрістерінің  сипаттамасы,  жұмыс  режимінің 

индикаторы және т. б. қажетті ақпараттар бейнеленуі мүмкін. 



MS Access-тен шығу 

Жұмыстың  ағымдағы  сеансы  аяқталған  соң  сізге  MS  Access-те  тастау 

қажет. Бұл үшін келесі тәсілдердің бірін пайдалана аласыз: 


 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 260 

 

 

260 



Файл | Выход командасын таңдаңыз. 

MS  Access  басты  терезесі  жүйелік  менюінің  Закрыть  командасын 

таңдаңыз. 

MS Access басты терезесі жүйелік менюінің батырмасына барып, маусты 

екі рет басыңыз. 

Ашылған терезелердің бірінде сақталмаған ақпарат бар болса, MS Access 

онымен не істеу керектігіне нұсқау береді. 

 

Бекіту сұрақтары: 



 

1

 



МS Ассеss-те мәліметтер қоры дегеніміз не?  

2

 



МS Ассеss-те мәліметтер қоры қалай экранға жүктейміз? 

3

 



MS  Access  ақпаратты  көрсету  және  сақтау  үшін  пайдаланылатын 

компоненттерді ата? 

4

 

Кесте дегеніміз не? 



5

 

Форма дегеніміз не? 



6

 

Сұраныс дегеніміз не? 



7

 

Есеп дегеніміз не? 



8

 

Макрос дегеніміз не? 



9

 

Модуль дегеніміз не? 



 

 

 

 

 

7-дәріс.  Компьютерлік  графика  негіздері.  Компьютерлік  графика 

ұғымы.  Растрлық  және  векторлық  графика  ұғымы.  Графикалар  мен 

диаграммалар 

 

Мақсаты:  Компьютерлік  графика  негіздері  және  растрлық  және 



векторлық графика ұғымдарымен танысу. 

 

Ақпараттың  көп  бөлігін  адамдар  көру  мүшелерімен  қабылдайды. 



Сондықтанда  графикалық  ақпаратты  өндеу  (синтез,  талдау  және  бейнелерді 

өндеу)  ғылыми  зерттеулердің,  инженерлік  және  дизайнерлік  шешімдердің, 

ақпараттық  және  программалық  құралдардың  —  қарапайым  редакторлардан 

күрделі  программалық  кешеңдерге  дейін  (мысалы,  Corel  Draw  және  Adobe 

Photoshop) — көлемді бөлігін құрайды. 

Дегенмен,  куатты  графикалық  өнімдердің  кең  функционалдық 

мүмкіндіктерін  пайдалануға  ұмтылу  осы  жуйеге  деген  оп-оңай  тәуелділікке 

және  уақытты  тиімсіз  жұмсауға  әкелуі  мүмкін.  Графикалық  материалды 

пайдалану  міндетін  қойып,  мысалы  есеп  беруде  немесе  тұсаукесер  жүргізуде, 

белгілі және қарапайым тәсілмен оны шешудің қысқа жолдарын табу керек. Бұл 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 261 

 

 

261 



ерекше  маңызды,  өйткені  күнделікті  тәжірибе  көрсетіп  жүргендей,  бірегей 

иллюстрацияны дайындау процесі, аяғында, жалпы жұмыстың көп бөлігін бірақ 

алады. 

Компьютерлерде  пайдаланылатын  барлық  бейнелердің  мол  санын  үш 



топқа  бөлуге  болады:  2B-графикасы  (мұнда  тегіс  бейнелер  жасалады),  3D-

графикасы (үш өлшемді бейне) және анимациялық графика. Бейнелер көбінесе 

арнайы  құралдарды  —  графикалық  редакторларды  пайдаланумен,  графикалық 

пішімдердің файлдарында сақталады. 

Графикалық  файлдың  сыртқы  құрылғыда  бейнелеу  көрсетімі,  яғни 

өлшемі,  шешу  қабілеттілігі,  сығымдау  дәрежесі,  әдісі  және  т.б.  болады, 

сонымен  бірге  әр  графикалық редактор  үшін  ерекше  ақпараты  (мысалы,  Corel 

Draw—  қисық  түзілімдер  туралы,  Photoshop  -  қабаттар,  арналар  және  т.б. 

туралы  ақпараттар)  сақталады.  Әр  графикалық  редактор  тасуышқа  жазғанда 

бұл ақпаратты белгілі жолмен кодтайды. 

Графикалық  файл  пішімі  деп  бейнелеу  туралы  ақпараттың  жиынтығы 

және  оны  файлға  жазу  әдісі  түсініледі.  Жалпы  алғанда,  барлық  графикалық 

пішімдерді  екі  топқа  бөлуге  болады:  жалпы  міндетті  пішімдер,  онда  тек 

бейненің  өзі,  сондай-ақ  сақтауға,  көшіруге  немесе  көруге  арналған  бейнелер 

(gif, tiff, jpeg және басқалар) болады, және бейнелерді редакциялаудың аралық 

нәтижелерін сақтауға арналған ерекше пішімдер. 

Графикалық  файлдар  өлшемі  үлкен  болғандықтан,  оларды  әдетте 

сығымдайды (буады). Қазіргі кезде сығымдаудың екі әдісі: (сапаны жоғалтумен 

және сапаны жоғалтпай сығу). Сапаны жоғалтпай сығу алгоритмдері архиватор 

алгоритмдеріне  (аrі,  рkzір)  ұқсас  және  gif  және  tiff  пішімдерінде 

пайдаланылады.  Сапаны  жоғалтумен  сығу  алгоритмдері  адам  қабылдай 

алмайтын  ақпаратты  ысырып  тастайды  (jpeg,  pcd),  бірақ  сығудың  едәуір 

жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді. 

Іскерлік саласында графикаға кажеттілігін негізгі үш бағытпен шектеуге 

болады.  Олар:  құжаттардағы  графика  (иллюстрациялар,  диаграммалар, 

ұсынудың  әсерлі  түрі),  мультимедиа-презентациялардағы  графика  (фон, 

қыстырма,  динамикалық  графикалық  объектілер)  және  программалардағы 

графика (пиктограммалар, қыстырмалар және т.б.). 

Осы  міңдеттерді  шешуге  арналған  көптеген  графикалық  объектілсрден 

бірнеше  негізгі  түрін  бөліп  алып,  оларды  дайындаудың  кең  тараған  және 

күрделі емес құралдарын қарастырайық. 

Практикалық 

мәселелердің 

көпшілігі 

үшін 

мамандандырылған 



программалар кешенін пайдалану тиімсіз, өйткені: 

 



күрделі  өнімдермен  жұмыс  істеу  әдетте  оларды  игеру  бойынша  едәуір 

күш-жігер жұмсауды қажет етеді. Бұл өнімдердің тез дамуы және өзгеруі оның 

күрделі мүмкіндіктерін пайдалану тек оны тұрақты пайдаланатын маман тиімді 

пайдалана алады; 

 

куатты дестелер (мысалы, Corel Draw) компьютер ресурстарының едәуір 



бөлігін  пайдаланады.  Оларды  тек  графикалық  жұмыс  станцияларында  ғана 

 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 262 

 

 

262 



тиімді пайдалануға болады; 

 



әдетте мұндай дестелер көптеген қосымша программалармен қоршалған, 

олар өзінше «тұйықталған әлем» құрады, оған кез келген пайдаланушы қатынас 

құра алмайды; 

•  графикалық  объектінің  ерекше  пішімін  пайдалану  оны  тиісті 

программалық  жабдықтама  орнатылмаған  басқа  компьютерлерге  ауыстыруға 

мүмкіндік  бермейді.  Сөйтіп,  бір  иллюстрацияны  дайындау  құрал-жабдығын 

дұрыс  таңдамау  нәтижесінде  олар  үшін  жасалатын  негізгі  құжатқа  немесе 

қосымшаға  қарағанда  әлде  қайда  көп  ресурстарды  (уақыт,  еңбек,  ЭВМ  жады, 

ақша)  жұмсайды.  Сондықтан  «өнімді»,  мысалы,  құжатты  графикалық  

безендіру  үшін  осы  өнімді  «өндіру»  жүйесінің  графикалық  мүмкіндіктерімен 

(мысалы, Microsoft Word) шектелген дұрыс. 

Графикалық  элементтердің  құжаттың,  презентацияның  (тұсаукесер) 

немесе  программаның  сапасын  жақсартуға  қабілетті  «джентельмендік 

жиынтығы» көп емес. Олар мыналар: 

 

иллюстрациялар; 



 

графикалар мен диаграммалар; 



 

сәндік жазулар; 



 

безендіру  элементтері  (түрлі  сызғыштар,  геометриялық  және 



стилизацияланған мүсіндер, т.б.). 

Иллюстрациялар 

мен 

безендіру 



элементтерінің 

бір-бірінен 

айырмашылығы  —  өлшемдері  ғана.  Оларды  құру  әдісі  бойынша  растрлық 

және векторлық деп екі топқа болуге болады. 



Растрлық бейнелер 

Растрлық  бейнелер  (немесе  биттік  карталар  -  Bіtmар)  дегеніміз  —  түрлі 

түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі 

және  шешу  қабілетімен  анықталады,  ал  файлдың  өлшемі  пайдаланылған 

палитраға (ақ-қара немесе 1-биттік, 256 түсті немесе 8-биттік, true color — түсті 

дәл беру — немесе 32 биттік) қосымша тәуелді болады. Растрлық деп сканердің 

көмегімен  алынған,  сондай-ақ,  графикалық  редакторлар  жасаған  (мысалы, 

Paint)  бейнелер  аталады.  Графикалық  файлдардың  неғұрлым  кең  тараған 

пішімдері – bmp, dib, gif, jpeg, pcx, rle, tiff. 

Растрлық  бейнелердің  айтарлықтай  кемшілігі  бар,  ол  шығару 

құрылғысының, мысалы, дисплейдің шешу қабілетін өзгерткенде бұрмалануы. 

Растрлық  қойылымдар  бейнелеу  кезінде  (мысалы,  пиктограммалар, 

программадағы түймелер және т.б.) өлшемі өзгермейтін шағын объектілер үшін 

ұсынылады. Бұл үшін қарапайым графикалық редакторды пайдалануға болады, 

ал ең тиімді жолы — программалау жүйесіне кірістірілген құралдарды қоддану. 

Мысалы,  Borland  С++  тілінде  жұмыс  жасайтын  программистер  бұл  мақсатта 

Resource Workshop программасын пайдаланғанды дұрыс көреді. 

Үлкен  өлшемді  растрлық  бейнелер  (фотосуреттер,  т.б.)  құжаттар  мен 

презентацияларда  фон  ретінде,  сонымен  бірге  иллюстрация  түрінде 

пайдаланылады.  Оларды  дайындауда  бастапқы  материал  ретінде  сканерден 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 263 

 

 

263 



алынған  немесе  компакт-дискідегі  кітапханадан  алынған  бейнелер  қызмет 

етеді. Бұл бейнелерді өзгертусіз пайдалануға болады, бірақ көп жағдайда олар 

біршама жаңартуды қажет етеді. Егер иллюст-рация мақсаттары үшін көптеген 

файлдарды  күрделі  құрастыру  немесе  экзотикалық  әсерлер  (мысалы,  Adobe 

Photoshop  жүйесінде  жүзеге  асырылған  «сфера»,  «барабан»,  «спираль»  типті 

бұрмаланулар)  қажет  емес,  ал  бейнелерді  сапалы  дайындау  үшін  күрделілігі 

орташа  графикалық  редакторды  (U-Lead  System  фирмасының  РhоtоРlus  типті)

 

пайдаланған  дұрыс.  Мұндай  класты  редакторлар  маңызды  және  жиі 



қолданылатын қызметтер жиынтығын қамтамасыз етеді, атап айтқанда: 

 



бейненің (RGB True Color - нүктесіне 24 биттік, 256 түсті, 16 түсті, сұр 

түстің градациясы, қара-ақ) пішімін (Convert)

 

өзгерту; 



 

фрагменттерді  қиып  алу  (Сut,  Сору)  және  кірістіру  (Раste),  бірнешс 



фрагменттерді құрастыруға жол ашады; 

 



шешімді өзгерту (Resolution) және өлшемді өзгерту (Resample) бейненің 

өлшемін өзгерткен кездегі бұрмалауды барынша азайтады

 

палитраны түзету (Tоne Abjustment) түс гаммасының өзгеруіне, бейненің 



талап етілген түріне (реңкіне) қол жеткізуді қамтамасыз етеді

 



айқындық  пен  қанықтылықты  (Brighthess  &  Соntrast)  өзгерту  қажетті 

айқындығын,  қанықтылығын,  сонымен  бірге  бірнеше  құрастырылған 

фрагменттердің 

үйлесім- 

ділігін  алу  үшін  қодданылады.  Әр  түрлі  сүзгілер  (Average,  Blur,  Sharpen, 

Emphasize  Edges,  Mosaic,  Emboss)  бейненің  түстік  ерекшелігін  өзгертіп,  фон, 

заставка, 

иллюстрацияны кабылдаудың тиісті әсеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. 



Векторлық бейнелер 

Бейнелерді  векторлық  әдіспен  құрағанда  графикалық  объектілер 

қарапайым элементтердің, яғни үзік сызықтардың, доғалардың, шеңберлер мен 

көп  бұрыштардың  жиынтығы  түрінде  көрінеді.  Векгорлық  графикада  бейнені 

құрайтын қисық және түрлі түсті құйылмалардың математикалық жазбасы бар. 

Оның  маңызды  бір  артықшылығы  —  бейнелердің  масштабы  өзгере  алады. 

Суреттің  өлшемі  өзгертілгенде  примитивтер  теңгерулері  қайта  ееептеліп, 

сызықтарды  құру  сол  теңгерулер  бойынша  жүргізіледі.  Нәтижесінде растрлық 

бейнелерге тән объектінің бұрмалануына жол берілмейді. 

Құжаттарды  немесе  презентацияларды  дайындау  процесі  кезінде 

синтезделетін иллюстрациялардың көбісін кең тараған пакеттердің аспаптарын 

пайдаланып,  векторлық  графиканың  құралдары  арқылы  жүзеге  асыру  мүмкін 

(солай еткен онды). 

Бұл  орайда  MS  Word  2003-ке  кірістірілген  жаңа  графикалық  құралдар 

тартымды. Олар бұрынғы версияларға қарағанда едәуір жақсартылған, күрделі 

иллюстрацияларды  тез  жасауға  мүмкіндік  береді.  Мұнда  бейнелерді  қосымша 

өңдеу (мысалы, бейнені бұру) қызметтері жұмыс істейді. 

MS  Word  2003-қа  Бейнелерді  бабына  келтіру  аспаптар  панелі  және 

Рамкалар  қосылған,  графикалық  примитивтер  жиыны  кеңейтілген,  бұрынғы 


 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 264 

 

 

264 



версияларда  оларды  сызықтар  мен  доғалардан  жасау  көп  уақытты  талап  етті 

(немесе мүлде мүмкін еместі). 

MS  Word  2003  құралдарымен  көптеген  түрлі  түсті,  геометриялық, 

мәтіндік және анимациялық әсерлі сәндік жазбалар жасауға болады. 



Графикалар мен диаграммалар 

Графикалар  мен  диаграммалар  көптеген  мәтіндерді  (тәжірибе-сынақ 

нәтижелері, есеп көрсеткіштері, т.б.) көрнекі етіп көрсету үшін пайдаланылады. 

Harvard  Graphics,  Lotus,  Microsoft  Office  сияқты  өнімдерде  графикалар  мен 

диаграммалар түріндегі құралдардың мол жиынтығы бар. Солардың көмегімен 

екі, үш өлшемді диаграммалардың сызықты, бағаналы, шеңберлі, пирамидалы, 

т.б.  түр-түрін  жасауға  болады.  Асtіоn  мультимедиа-презентациясының 

пакетінде диаграммаларды жасауға қажет бай аспаптар бар. Онда диаграммалар 

әр  түрлі,  қилы  пішімді  болып,  оның  әр  элементі  (бағана,  сызық,  сектор,  т.б.), 

сонымен  бірге  диаграмманың  өзі  белгілі  дыбыстық  сүйемелдеумен  жылжуы 

(«өсіп»,  «жүзіп»,  т.б.)  мүмкін.  Microsoft  Office  -  РоwerРоіnt  пакетінде  де 

диаграммалар мен графикаларды «жандандыру» құралдары болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет