Доклады молодых ученых «устойчивое развитие центральной азии: состояние, проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет10/15
Дата06.02.2017
өлшемі3,87 Mb.
#3538
түріДоклад
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

ЛИТЕРАТУРА 
1.  Елова  И.  А.,  Лебедев  И.  А.  Интегрированные  логистические  системы  доставки 
ресурсов: (теория, методология, организация). – Минск: Право и экономика, 2011. – 460 с. 
 
 
 
 
 

94 
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІМЕН 
НЕГІЗДЕУ 
 
Жақай Айдана  
Қазақстан инженерлі-педагогикалық  
Халықтар достығы университеті, 
әлеуметтік-филология факультеті 
3 курс, қазақ тілі мен әдебиеті 
Ғылыми жетекші: 
 ф.ғ.к., доцент Темірбекова Г.Қ.  
 
Резюме  
В данной статье описаны педагогические основы развивающего обучения, разработана 
методическая  система  развивающего  обучения  и  представлены  эффективные  пути  ее 
реализации. 
Summary 
The  present  research  has  a  theoretikal    value  as  it  allows  forming  the  written  speech  activity 
skills fostering the solution of the culture of speech problem. 
Ғылым  адам  баласы  ой-санасының,  дүние  танымының  өсуіне  байланысты  бірте-бірте 
дамып,  қалыптасады.  Ғылымның  алуан  түрі  бар.  Соның  бірі  –  оқытудың  жаңа 
технологиялары  ғылымы.  Оқытудың  жаңа  технологиялары  ғылымның  бір  саласы  ретінде 
педагогика ғылымының құрамына енеді. Оқытудың жаңа технологиялары - тарихи жағынан 
дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым.  
Заманымыздың  тілек-талабы  білім  мазмұнын  жаңартумен  бірге,  оны  өмір  мұқтажына  орай 
дамытып,  оқытудың  жаңаша  әдіс  –тәсілдерін  қолданудың  мүмкіндіктерін  арттыруды  күн 
тәртібіне  қойып  отыр.  Қазіргі  замандағы  өзгеріп  отырған  әлемдік  ақпаратқа  ілесу,  ондағы 
инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеріп, күнделікті пайдалана білу, бүгінгі күннің ұстазынан 
үлкен  ізденісті,  зор  талапты,  өз  білімін  жетілдіріп  арттыруды  қажет  етіп  отыр.  Заманауи 
жоғары  технологияларды  пайдалану  арқылы  мұғалімдер    сапалы  білім  беруге  қол  жеткізе 
аламыз.  Бүгінгі  таңда  әлем  жаңа  тың  серпілістер  үстінде.  Мектептегі  әрбір  пәнді  оқыту 
технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының 
білім  жетістіктерін  арттыруға  болады.  Мұнда  оқушының  әрекеті-технологияны  қабылдауы, 
ынтасы,  құштарлығына  көңіл  бөлінуі  тиіс.  Мектептердің  оқу  үрдісіне  жаңа  технологияны 
енгізу  арқылы  оқу  сапасы  жақсарып,  дамыта  оқыту  жүзеге  асырылып,  сабақ  қарқыны 
жеделдетіліп,  жеке  тұлғамен  жұмыс  істей  отырып,  саралап,  даралап  оқытуға  мүмкіндік 
туады. Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы –оқушының 
білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді. Кез келген технологияны оқу үдерісіне енгізуде 
міндетті  түрде  орындалуға  тиісті  басым  шарттар  болады.  Қазақ  тілін  оқытуға  қатысты 
шарттарға тоқталатын болсақ: 
Біріншіден,  оқу  үдерісіне  енгізілетін  технологияның  теориялық  және  әдістемелік 
негіздерінің  қалануы,  аталмыш  технологияны  жан-жақты  зерттеген  ғылыми-әдістемелік 
еңбектердің болуы шарт. 
Екіншіден, сол технологияны сабақ және сабақтан тыс уақытта жүзеге асыруға толық 
мүмкіндік  тудыра  алатын,  Оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  істеуіне  ыңғайлы,  заманауи 
талаптарға  жауап  беретін  ақпараттық-коммуникациялық  техникалармен  жабдықталған 
зертханалар мен оқу-тренинг залдарының болуы аса маңызды. 
Үшіншіден,  сол  технологияға  бейімделіп  жазылған  оқу-әдістемелік  кешендердің: 
тұжырымдама,  стандарт,  типтік  бағдарлама,  оқулық,  оқу  құралдары,  оқу  әдістемелік  және 
көрнекілік құрал-жабдықтардың, электронды білім ресурстарының жеткілікті болуы; 
Төртіншіден,  және  аса  маңыздысы,  қолданылатын  технологияның  биік  шеберлік 
шыңын толық меңгерген, технологиямен жан-жақты қаруланған оқытушының болуы. 

95 
Қазақ  тілі  пәні  бойынша  оқушылардың  оқу  жетістіктерінің  өлшеуіштер  тәсілдері 
ретіндегі  деңгейлік  тапсырмалар  жүйесін  дайындауға  болады.  Оқушының  дайындық 
деңгейін  саралау,  оқушының  жеке  танымдық  мүмкіндігін  ескерудің  басты  тәсілі  ретінде 
қарастырылуы  тиіс.Тапсырмаларды  білімді  қабылдауға  бағдарланған  іс-  әрекеттік  модель 
ретінде  қарастыруға  болады.  Оқытудан  күтілетін  нәтижелер  тізбесін  негізге  ала  отырып, 
әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша, жазбаша, тапсырма беру, жауапты талдау, бір 
ғана жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық 
сипаттағы  тапсырмалар  түрінде  қарастыруға  болады.  Тапсырмалардың  мұндай  түрлері 
оқушының  іс-әрекеттік-компетенттік  тәсілге  бейімделуіне  мүмкіндік  береді.  Мектептегі 
оқытуды  технологияландыру  қазіргі  өмір  талабынан  туындап  отыр.  Деңгейлік  саралау 
технологиясы  оқушының  да,  мұғалімнің  де  белсенді  шығармашылық  қызметін  дамытуға 
бағытталған.  Деңгейлік  тапсырмалар  бірінші,  екінші,  үшінші  деңгейде  беріледі.  Бірінші 
деңгейдегі  тапсырма  мемлекеттік  стандарт  деңгейі,  мұны  барлық  оқушылар  орындауға 
міндетті.  Екінші  деңгей  күрделенеді,  бұл  деңгейлік  тапсырманы  орындауға  оқушылардың 
барлығы  құқылы,  ал  үшінші  деңгейді  шығармашылықпен  жұмыс  істей  алатын,  өзіндік 
пікірін  жеткізе  алатын,  ойын  дәлелдей  алатын  қабілетті  оқушылар  орындайды.  Қазақ  тілі 
сабақтарының  мақсаты  –  оқушылардың  оқу  техникасын  қалыптастыру,  дұрыс  сөйлеуге, 
сауатты  жазуға  үйрету,  сөйлем  құрылысын  меңгерту,  сондықтан  да  оқушылардың  білімін 
арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек.  
Оқушы білімінің сапалы болуы бір жағынан мұғалімнің сабақ беру шеберлігі мен жаңа 
технологияны  тиімді  пайдалана  білуіне  байланысты  болса,  екінші  жағынан  мектептің 
техникалық материалдық базасының жабдықталуы да әсер етеді. Оқушының мектепте алған 
білімді  тек  игеріп  қана  қоюы  жеткіліксіз,  оны  жетік  меңгеру  арқылы  болашақ  өмірінде  өз 
қажеттілігіне жарата білуі керек. Соңғы кездері мектептеріміз сабаққа қажетті электрондық 
оқулықтармен, интерактивті тақтамен және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталуда. 
Сабаққа  қажетті  материалдар,  кестелер  мен  сызбалар,  анимациялық  көріністер, 
оқушыларды  машықтандыру  (практикалық  және  тәжірибелік)  фильмдері,  анықтама  сөздік, 
оқушы  білімін  бекітетін  дидактикалық  материалдар  бар.  Әр  тараудағы  тест  сұрақтары,  әр 
тапсырманың  өзіндік  жұмыстары(сөздік  диктант,  диктант)  оқушы  білімін  бақылауда  және 
оқушының өз бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор. 
Сөйлей  білуге  машықтандыратын  ұтымды  жолдардың  бірі  –  жаттығу  жұмысы. 
Жаттығулардың  тиімділігі  –  оқушылардың  сөйлей  білу  дағдыларын  қалыптастыруға 
пәрменді  ықпал  жасайды.  Психологтардың  айтуына  сүйенетін  болсақ,  дағды  мақсатты, 
саналы қайталаудың негізінде қалыптасады. Осы тұрғыдан алғанда, сабақта пайдаланылатын 
оқу  материалдары  тартымды,  оқушылардың  таным  қабілетін  арттыратындай,  ойлау 
дәрежесін жетілдіретіндей болуы қажет. 
Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдарын төмендегіше саралауға болады:  
1.Оқыту  әдістері:  түсіндіру,  сұрақ-жауап,  иллюстрация-демонстрациялау,  тексеру, 
бағалау. 
2.Оқу  әдісі:  сөйлем  және  сөзді  толықтыру,  қайталау,  жаттығу,  бақылау,  дағдыны 
қалыптастыру. 
Әдіскер-ғалымдар  оқыту  әдістерін  топтастырғанда,  негізінен,  үш  түрлі  белгіні  негізге 
алады. Олардың бірқатары оқытушы мен оқушының іс-әрекетін негізге алса, енді бірқатары 
оқу  материалының  мазмұнын  негізге  алған,  ал  енді  басқалары  мұғалімнің  шығармашылық 
зерттеу әдістерін тірек еткен. Біз оқыту әдістерін топтастыруда осылардың ішінен оқытушы 
мен оқушының іс-әрекетін негізге алу ұстанымын орынды деп білеміз, өйткені оқыту ісіндегі 
негізгі  мақсат  –  таным-  білімді  игеру  және  игерту,  бұл  –  оқытушы  мен  оқушының  іс-
әрекетінен тұрады.   
Оқыту  жүйесінде  мұғалім  –  ең  басты  тұлға,  Оны  еш  нәрсе  де  алмастыра  алмайды. 
Педагогика,  әдістеме  ілімінің  соңғы  жаңалықтарымен  қаруланған  ұстаз  шәкірттерінің 

96 
алдында,  сондай-ақ  бүкіл  халықтың  алдында  әр  уақытта  абыройлы. 
Жаңа  заманда  жаңаша 
оқыту, оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беру ол ұстаздардың борышы. 
Әлемнің  жетекші  елдерінің  көпшілігі  білім  беру  жүйесін,  білім  берудің  мақсатын, 
мазмұны  мен  технологияларын  оның  нәтижесіне  қарап  бағалайтын  болды.  Білім  берудің 
қазіргі  негізгі  мақсаты  білім  алып,  білік  пен  дағды,  іскерлікке  қол  жеткізу  ғана  емес, 
солардың  негізінде  дербес,  әлеуметтік  және  кәсіби  біліктілікке  –  ақпаратты  өзі  іздеп  табу, 
талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты 
өмір  сүру  және  жұмыс  істеу  болып  табылады.  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Болашақта 
еңбек  етіп,  өмір  сүретіндер  -  бүгінгі  мектеп  оқушылары,  мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе 
Қазақстан  сол  деңгейде  болады.  Сондықтан  ұстазға  жүктелетін  міндеттер  ауыр»  деген 
болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, 
педагогикалық  -  психологиялық  сауаттылық,  саяси  экономикалық  білімділік  және 
ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бұл заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны 
құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық 
әдістерді  сабақ  үрдісінде  тиімді  пайдалана  алатын  білігі  мен  білімі  жоғары  ұлағатты  ұстаз 
болу керек деген сөз. 
 
        Әдебиеттер 
1. Ә. Исабаев. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – А.: Қазақ Университеті, 
1993. –159 б. 
2. А. Әбілқаев. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: Санат, 1995.            
         3. 
Әлімов А.  Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Алматы: 
2009
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

97 
ЭЛЕКТРОНДЫ-САНДЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ 
ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ 
 
Самбетов Нұржан 
Қостанай мемлекеттік педагогикалық 
институты (ҚМПИ) 
Жаратылыстану-математика факультеті 
4 курс, информатика 
nureke_shimkent_93@mail.ru 
Ғылыми жетекші: т.ғ.к. ҚМПИ, аға оқытушы Ерсултанова З.С 
 
Резюме 
В  статье  изложена  технология  использования  прикладных  программ  при  создании 
мультимедейного учебного пособия. Автор доводит  идею положительного эффекта аудио 
и видио информации в обучении.  
 
Summary 
In the article technology of the use of the application programs is expounded at creation  
multimedia of train aid. An author leads  to the idea of positive effect audio and to видио 
information in educating. 
*** 
Қазіргі  таңда  жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдануды  қажет  етпейтін  сала  – 
жоқтың қасы. Ақпараттық қоғамда өмір сүріп отырғандықтан, ақпараттық технологияларды 
қолдану  –  бүгінгі  өмір  заңы  десек  те  болады.  Яғни  заман  көшінен  тысқары  қалмау  үшін, 
әрбір  жан  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  меңгеруге  талпынуы  қажет. 
Компьютерлік  технологияларды  белсенді  түрде  игеруіміз  қажеттігін  халыққа  арнаған 
биылғы  жолдауында  Президентіміз  Н.Ә.Назарбаев  та  атап  көрсетті.  Сондықтан  кез-  келген 
адам  осы  іске  саналы  түрде  қарап,  өз  қалауымен  оқып  үйренуге  ниет  етуі  керек.  Жоба 
жасауда қолданылған программаларға қысқаша шолу жасайық. 
Camtasia  Studio  –  бұл  TechSmith  компаниясының  өнімі  (Сур.1).  Бұл  бағдарлама  бізге 
мониторда  болып жатқан іс-әрекеттердің барлығын жазып алуға және видео файлдарды желі 
арқылы  демонстрация  жасау  үшін  сапалы  шығуға  мүмкіндік  береді.  Бағдарлама  бірнеше 
шағын  қосымшалардан:  Camtasia  Recorder,  Camtasia  Menumaker,  Camtasia  Audio  Editor, 
Camtasia  Theater,  Camtasia  Player  тұратын  контейнер  ретінде  беріледі.  Ол  қосымшалардан 
басқа өзінің жұмыс үстелі және баптаулардан тұратын қабыршағы бар.[6] 
Видео  сабақты    құру  –  экранды  қармаудан  басталады.  Оқытушы  жасап    отырған  іс-
әрекеттерді  видеофайлға  жазып  алу  үшін  бейнені  қармауға  арналған  арнайы  құралды 
пайдалану қажет. Camtasia Studio бағдарламасында ол Recorder деп аталады. Camtasia Studio-
да  бейне  кадрларының  қажетті  жиілігін  бағдарламаға  өзінше  анықтауға    мүмкіндік  беретін 
арнайы  автоматты  режимді  қолдануға  болады.  Camtasia  Studio  экранды  толығымен  немесе 
қосымшаның терезесінің бір бөлігін, сонымен қатар экраннан қажетті аймақты ғана белгілеп 
қармауға  мүмкіндік  береді.Бағдарлама  кескінмен  қатар  микрофоннан  және  дыбыс 
картасынан  келіп  түсетін  дыбыстарды  қармауға  мүмкіндік  береді.  Camtasia  Studio-да  сіз 
қажетсіз  функцияларды  және  құралдарды  көрмейсіз.  Мысалы,  бағдарламада  үйретуші 
видеоны  жазу  барысында  қолдануға  болатын  бірнеше  визуалды  көмекші  эффектілер  бар, 
яғни  экранда  қандай  да  бір  аймақты  белгілеу  немесе  блок-сызбаларды  қосу  үшін  арнайы 
маркерді  қолдана  аласыз.    Бұл  маркер  экранда  әр  түрлі  жазулар    жазуға  мүмкіндік  береді. 
Маркерді жазу жүргізу орындалып жатқан кезде арнайы пернелерді басу арқылы іске қосуға 
болады. Camtasia Studio-ның тағы бір қызық мүмкіншілігі – видеоны жазу барысында арнайы 
пернелерді басу арқылы экранның қажетті аймағын жақындату. Бұл визуалды эффектілердің 

98 
басты  артықшылығы,  оларды  видео  жазылып  болғаннан  кейін  видеомонтаж  құралдарын 
пайдаланып қосудың қажеті жоқтығы.  
 
 
Сурет1.Camtasia Studio-да бейне сабақ 
ActivInspire  −  заманауи  оқыту  және  үйрену  тәжірибесінің  іргетасы  (Сур.2).  Сыныпта  пайдалануға 
арналған бағдарлама оқытушыларға интерактивті тақтада сабақ жүргізуге мүмкіндік береді. Сан алуан арнайы 
әрекеттерге толы жаңа сабақтар жасаңыз және оқуды бағалау тапсырмаларын оқушылармен, топтармен және 
барлық  сыныппен  қолдаңыз.  Әрбір  жасқа  бөлек  интерфейсі  бар ActivInspire бағдарламасы  оқытушыларға 
Promethean Planet торабында  қол  жетімді  қосымша  қор  көздер  дүниесімен  оқыту  әрекеттері,  құралдары, 
кескіндері, дыбыстары мен үлгілерінің сан алуан түрлеріне қатынасу мүмкіндігін береді. [3] 
 
 2. ActivInspire-  

Adobe Photoshop - суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға арналған ең 
танымалы  графикалық  бағдарлама  болып  табылады  (Сур.3).  Adobe  Photoshop  графикалық 
бағдарламасы түстер  палитрасымен  жұмыс  істеуге,  суреттерді  еңгізуге  және  шығаруға, 
контурларын ерекшелеуге, түс тандауға, сурет фильтрін тандауға, өлшемі мен кеңейтілімін 
өзгертуге, суреттерді түстендіруге және басып шығаруға мүмкіндік береді. Adobe Photoshop 
интерфейсі  бағдарламамен  өзара  әрекеттесу  әртүрлі  деңгейдегі  қолданушыларға  арналып 

99 
ойластырылған.[5]  Бағдарламамен  жұмыс  істеу  командаларды  тышқанды  басу  арқылы 
жүзеге  асыру  және  пернетақтада  белгілі  бір  перне  комбинацияларын  басу  арқылы 
операцияларды  жүзеге  асыру.  Операцияларды  жүзеге  асырудың  екі  түрі  де  бір  бірінен 
оңайлығымен  және  функцияны  орындау  жылдамдығымен  ерекшеленеді.  Әдеттегідей: 
бағдарламамен енді жұмыс ісеуді бастаған адам меню арқылы жұмыс істегенді таңдайды, ал 
маман пернетақта арқылы.  
 
Сурет3. Adobe Photoshop-тің мүмкіндігі. 
Notepad++ - 
Windows
 амалдық 
жүйесіне 
арналған 
GPL
 рұқсатқағазымен 
азат 
таратылатын 
мәтін 
өңдеуіші 
(Сур.4). 
Бұл 
бағдарлама 
STL
кітапханасын 
пайдаланып 
C++
 бағдарлау тілінде жазылған , негізгі құраласы-Scintilla өңдеу модулі. Мәтін 
өңдеуіші  өздігенен  бөлектеп  бірталай  бағдарлау  телдері  мен  белгілеу  жүйелерін  қолдайды. 
Бағдарламаның  негізгі  жетелігі  кеңейтімдер  (plugins)  арқылы,  не  сыртқы  модулдер  арқылы 
кеңейте алынады. [3] 
 
Сурет4. Notepad++  бағдарламасының модулі. 

100 
Pascal ABC- программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған (Сур.5). Есеп 
шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі 
көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады. Паскаль 
тілінде  программа  жеке  -  жеке  жолдардан  тұрады.  Оларды  теру,  түзету  арнайы  мәтіндік 
редакторлар  атқарылады.  Программа  алдындағы  азат  жол  немесе  бос  орын  саны  өз 
қалауымызша алынады. Бір қатарда бірнеше команда немесе оператор орналаса алады, олар 
бір-бірімен  нүктелі  үтір  (;)  арқылы  ажыратылып  жазылады,  бірақ  бір  жолда  бір  ғана 
оператор тұрғаны дұрыс, ол түзету жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы. Паскаль тілінде программа үш 
бөліктен  тұрады:  тақырып,  сипаттау  бөлімі  және  операторлар  бөлімі.  Кез-  келген 
программаның  алғашқы  жолы  PROGRAM  сөзінен  басталатын  оның  тақырыбынан 
тұрады.[1,2]  Одан  кейін  программаның  ішкі  объектілерінің  сипаттау  бөлімі  жазылады.  Бұл 
бөлім  программадағы  айнымалылар,  тұрақтылар  тәрізді  объектілердің  жалпы  қасиеттерін 
алдын  ала  анықтап  алуға  көмектеседі.  Сипаттау  бөлімі  бірнеші  бөліктерден  тұрады,  бірақ 
программаның  күрделілігіне  байланысты  көбінесе  ол  бір  немесе  екі  ғана  бөліктен  тұруы 
мүмкін.  Программаның  соңғы  және  негізгі  бөлімі  операторлар  бөлімі  –  болып  табылады. 
Орындалатын  іс-әрекеттер,  командалар  осы  бөлімде  орналасады.  Ол  begin  түйінді  сөзінен 
басталып,  бірақ  атқарылатын  операторлар  (командалар)  тізбегі  жеке  -  жеке  жолдарға 
жазылып  біткен  соң  end  түйінді  сөзімен  аяқталады.   Операторлар  бөлімінде  командалар: 
Program BASTAU, Сипаттау  бөлімі   begin,   Операторлар  бөлімі   end   ретімен  орналасады. 
Олардың  кейбірі  шартқа  байланысты  атқарылса,  ал  кейбір  қайталанатын  цикл  немесе 
қосымша  программа  түрінде  орындалады.  Операторлар  бөлімінде  орнатылатын  негізгі 
әрекеттерді қарастырайық. Деректер-сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркесін мән ретінде 
қабылдай  алатын  тұрақтылар,  айнымалылар  т.б.  осы  тәрізді  құрылымдар  немесе  солардың 
адрестері.  Дерек  енгізу  -  бастапқы  деректерді  пернетақтадан,  дискіден  немесе  еңгізу  - 
шығару  порттарынан  еңгізу  арқылы  жүзеге  асады.  Операциялар  немесе  амалдар  -  берілген 
және  есептелген  мәндердің  меншіктеу,  соларды  өңдеу,  салыстыру  операцияларын 
орындайды.  Шартты  түрде  атқарьшу  белгілі  бір  көрсетілген  шарттың  орындалуына 
байланысты,  командалар  жиыны  атқарылады,  әйтпесе  олар  аттап  өтіледі  немесе  басқа 
командалар жиыны орындалады.  
 
Сурет 5. Pascal ABC программасының модулі. 

101 
Бүгінде қашықтан оқыту үрдісі кең қолданылуда және осы жүйенің негізінде адамдар 
өз бетімен үздіксіз білім алуға мүмкіндік алуда. Алайда, ақпараттық технологиялар жайында 
және  оны  оқып  үйрену  бойынша  өз  ана  тілімізде  құрастырылған  интернет-ресурстар  жоқ 
деуге  болады.  Осыған  байланысты  ұсынылып  отырған  жобаның  көздеген  басты  мақсаты  – 
жаңа  ақпараттық  технологияларды  үйренуге  арналған  интерактивті  web-қосымша  ұсыну 
болды. Мультимедиялық электронды- сандық оқыту құралдарын кеңінен жасау және тарату 
ақпараттық технологияларды қолданумен тығыз байланысты. Сондықтан, осы білім саласын 
дамыту  –ол  білім  берудің  негізгі  бөлігінде  болып  отыр.  Болашақта  білім  беру  саласы 
толығымен  электронды  оқытуға  көшсе,  қазақ  тіліндегі  кітаптарды  электрондық  жүйелеуге 
информатиктердің  қосар  үлесі  мол.  Мемлекеттік  жаңа  оқыту  e-learning    жүйесінің  негізгі 
бағдарламалық құралдары да электрондық жабдықтарды қажет етеді, сондықтан мақаланың 
негізгі  түйіні-  электрондық-сандық  оқыту  құралдарын  жасауды  белсенді  дамытуға 
бағытталған.  Осы  бағытта  білім  алу  қызықты  да  пайдалы  екенін  көптеген  оқырмандарға 
жеткізіп отырмын. 
 
Әдебиеттер  
1.  “Pascal” Н.Т.Ермеков, В.А.Криворучко, Л.Н.Кафтункина, Алматы “Мектеп” 2009жыл. 
2.  “Turbo Pascal” Ж.Қ.Масанов, Б.А.Бельгибаев, А.С.Бижанова, Алматы 2004жыл. 
3.  Ғаламтор торабы-Notepad-plus.sourseforge.net   
4.  “Бағдарламалау курсы бойынша зертханалық практикум” Айтбенова А.А, Қостанай 
2008жыл. 
5.  Сұлтанбекова  А. О. Бизнестегі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар:оқу 
құралы/А. Сұлтанбекова.Алматы: Экономика,2009-304 б.  -ISBN 978-601-225-084-8. 
6.  Ғаламтор торабы-Camtasia Studio. Net 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

102 
СҰЙЫҚ ФАЗАДА ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ОКСИГЕНИРЛЕНУІ 
 
Аяз Райхан 
Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті(ЖМУ) 
Жаратылыстану-техникалық факультеті 
3курс, химия 
Gulnarkhan@mail.ru 
Ғылыми жетекші: жаратылыстану ғылымдар магистрі Құрманғажы Г. 
  
Аннотация 
Соңғы  жылдары  оттекті  қосылыстарды  алу  тәсілдерін  жүргізуде  катализатор  ретінде 
полимерлі  матрицаға  бекітілген  металлкомплексті  қосылыстар  қолданылады.  Ең  тиімді 
катализатор  матрицасы  ретінде  ағаш,  көмір,  силикаттар,  полимерлі  қабыршақтар  мен 
гидрогельдер және т.б. материалдар  кеңінен қолданылуда. 
Түйін  сөздер:  мұнай  химиясы  сұйық  фазалы  катализ  алкилароматты  көмірсутектер, 
металлкомплекс, иммобилизация, гидрогель, катализатор, оксигенирлеу. 
 
Кіріспе 
Қазіргі  таңда  гетерогенді  және  гомогенді  контакттыларді  үйлестіретін  жаңа  заманның 
жоғары  технологиялық  катализаторларын  алу  өзекті  мәселелердың  бірі.  Ароматты 
көмірсутектердің  сұйық  фазалық  оксигенирлеу  процессінің  активті  және  талғампазды 
катализаторларының  спектрінің  кеңеюі,  біршама  төмен  жағдайларда  жұмыс  істейтін 
мұнайхимиялық  синтез  альтернативті  катализаторлар  бағытын  іздеу  ретінде  қызығушылық 
тудырады 
Сонымен  қатар  экологиялық  таза  тотықтырғыш  –  оттегі  «жұмсақ»  жағдайда 
(температура  100ºC-  ден  төмен)  әлсіз  тотықтырғыш  болып  табылады  және  синглетті 
жағдайда  болатын  органикалық  қосылыстардың  молекулаларымен  әрекеттесе  алмайтын 
триплетті  жағдайда  болады.  Осыған  байланысты  газ  тәріздес  оттегімен  сұйық  фазада 
тотықтыру, реагенттерді (субстрат және оттегі) алдын-ала активтендіруді қажет етеді.  
Иммобилизациялық  катализаторларды  жасауда  практикалық  және  теориялық 
аспектілерде маңызды болып табылатын екі негізгі мақсатты көздейді:  
1)  Жоғары  активті  және  талғампазды  (гомогенді  жүйелер  сияқты)  болып  табылатын 
және  реакция  өнімінен  оңай  бөлініп  шығатын  (гетерогенді  катализаторлардың 
сипаттамасына тән) тұрақты катализаторлар алу
2) Каталитикалық реакцияның өту механизмін терең түсінуге мүмкіндік беретін активті 
орталықтары белгілі құрылысқа ие гетерогенді катализаторлар синтезі; 
Жұмыста  платина  (IV)  металдың  тігілген  полимерлер  және  гидрогель  матрицаларға 
иммобилизацияланған  металлкомплексі  негізінде  толуолдың  тотығу  процесі  төмен 
температурада, сұйық фазада кинетикалық және механизмі зерттелді. 
Ерітіндідегі  каталитикалық  реакциялардың  физикалық-химия  әдістер  көмегімен 
гетрогенді  катализ  механизмін  түсіндіруге  мүмкіндік  береді  [1].  Гетрогенді  катализаторлар 
көмегімен  гомогенді  катализаторлар  ережесі  бойынша  активтігі  жоғары,  бірақ  оларды 
реакция  өнімінен  ажырату  қиын.  Көпшілік  жағыдайда  бір  комплекс  құрамында  екі  немесе 
оданда көп металл атомымен байланысқан кластерлі қосылыстар қолданылады [2-3]. Жалпы 
жағдайда катализ процесі келесі сызба-нүсқа бойынша көрсетіледі: 
 
 
 
 
 
 

103 
ML
n
+S = L
n-1
 M-S                                                                                                   (1) 
 
ML
n
+S=  L
n-і 
M-S                                                                                                                                     (2)
 
    
 
мұндағы:  
М - металл ионы; L - лиганда; S- субстрат. 
 
Металл  ионы  лигандамен  донорлы-  акцепторлы  әрекеттесу  арқылы  байланысады, 
нәтижесінде лиганда құрамына кіретін орын басқан протон немесе кординациялық байланыс 
түзіледі.  Акцептор  ролін  металл  ионы  атқарады,  байланыс  түзу  үшін  керек  электронды 
көрсететін  донор  ролін  O,S,N  атомдары  атқарады.  Қозғалғыш  сутек  атом  тобынан  (СООН, 
SO
3
H,  PO(OH)
2
  басқа  қосылыстар  металмен  орын  басатын  жұптасқан  кеуек  электронды 
донорлы топтар (NH
2
, NR
2
, SR
2
, C=O, C=N) хелат түзуші лиганда ролын атқарады[1-3].. 
Толуолдың озон газымен катализатор ретінде ауыспалы валентті металдардың тұздары 
қатысында  тотығу  кинетикасы  зерттелді.  Толуолды  ауыспалы  металдар  қатысында 
тотықтыру  кезінде реакцияның маңызды өнімі ретінде бензой қышқылы және аз мөлшерде 
бензальдегид түзіледі. 
Толуолдың метил тобы бойынша тотығуының талғампаздығы алдымен катализатордың 
табиғатына,  яғни  Me
+1
/Mе
n+
  жұбының  тотығу-тотықсыздану  потенциалының  мәніне 
тәуелді болады [4]. 
Полимерлі  матрицаға  бекітілген  ауыспалы  валентті  металл  комплексі  қатысында 
жұмсақ қолайлы жағдайда (70-90°С және атмосфералық қысымда) сұйық фазада катализдің 
кинетикалық заңдылықтарын зерттеу қызығушылық тудырады. 
Көмірсутектерді  металкомплексті  катализаторлар  қатысында  оттекпен  тотықтыру 
процесі  потенциометриялық  қондырғымен  және  оттекпен  толтырылған  газометрлік 
бюреткамен жабдықталған изотермиялық қондырғыда жүргізіледі[5-7]. 
Кинетикалық  режим  реакторды  интенсивті  шайқау  (450-600  шайқау/мин)  арқылы 
қамтамасыз  етілді.  Реакция  жылдамдығы  бюреткадағы  оттегінің  жұтылу  жұтылу  көлемі 
бойынша қадағаланды.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет