ұсынып отыр.
пен өнердегі достары түскен екен.
жіберіпті. Ал оныншы жұмысында ол
да өткізген. Болашақ әнші ауылда
үйрек баққан екен. Нағыз ауылдың
шытырманға толы. Ол бес жыл бойы
істеген. Бұдан басқа, таксист те бо-
лыпты. Ал кейін гүл сатушысы болып
нәпақа тауып жүріпті.
түс көретінін жазған.
миллионер болған. Бала кезінде
әкесінің кәсібі тоқтап қалыпты.
Бетті дайындаған: Б. ЖАҢАБАЕВА.
етіміз үйренген.
.
Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ.
Жетісу
университеті
ЖАСТАР ОЙ ТОЛҒАЙДЫ
бейсенбі, 3 қыркүйек,
2015 жыл
7
Асқақтай бер,
Астана
Байтақ елді қуанышқа бастаған,
Көмейімнен шырқалады асқақ ән.
Аман болсын алты алашым -қазағым,
Асқақтасын арқа сүйер астанам.
Атсын алдан арайланып азат күн,
Дәл осындай пейіліңмен ғажапсың.
Алтын арай, нұр келбетті Астанам,
Талай жылғы арманы еді қазақтың.
Сарыарқаның төсінде гүл жайнаған,
Әсем қала тұрар деп кім ойлаған?
Бәйтерегі аспанменен таласқан,
Күмбезінде шағылып нұр ойнаған.
Қуат алам арайлап атқан таңынан,
Кәусар суы, саялы мол бағынан.
Салқын самал тербетеді жанымды,
Ерке ескен Есілдің қос жағынан.
Ақордам - іші құт, көрсетер ел құрмет,
Елтаңба, Ән ұран, Туым тұр желбіреп.
Елбасы ант берді халықтың алдында,
Сеніммен бақытты етем деп елді мен.
Астанам гүлдей бер, жайнай бер,
Жігерін жастардың қайрай бер.
Тәуелсіз елімнің басына,
Бақ құсын мәңгілік байлай бер.
Нұржан РАХМЕТҚАЗЫНОВ,
заң факультетінің
4-курс білімгері.
Күз келіп сары бояумен,
Тастапты жонын қыр сырлап.
Естілді маған, ояу ем,
Қоңырау үні сыңғырлап.
Құстардай қайта оралар,
Жарасып сазды бал әні.
Мектепке беттеп балалар,
Асыға басып барады.
Құшағы толып гүлдерге,
Қуаныш нұры шалқиды.
Құлақты түрсең үндерге,
Шертілген лебіз сан қилы.
Сағынған ұя-мектепті,
Балалар түгел шадыман.
Үйретер үлгі көп текті,
Шықпайды ұстаз маңынан.
Думан ғып мектеп маңайды,
Бір-бірін айтпай түсініп,
Балалар күле қарайды,
Ұстазға гүлін ұсынып.
Алаңды шаттық кернеген,
Білінбес кейіс бірінде.
Арманға құлаш сермеген,
Ұландар құштар білімге.
Күн де ашып шайдай қабағын,
Тыныстап тұрды жарқын жүз.
Бастады білім сабағын,
Қоңырау қағып Алтын күз.
Естеу НҮСІПБЕКОВ.
Білім күні
Әні: Бақыт ТҮСТІКБАЕВТІКІ
Сөзі: Үсен ӨМІРЗАҚОВТІКІ
Жігіт:
Ғашықтық дерті шарпыған,
Жыр көшім ауып қалпынан.
Дәруіш жандай сенделіп,
Қиянды кезіп шарқ ұрам.
Сөзімді үнсіз тыңдайсың,
Күлкіңді күміс тыймайсың.
Жаныма жапа шектіріп,
Қашанғы мені қинайсың.
Қайырмасы:
Көрдім де сені аяулым,
Көңілге түсіп қаяу-мұң,
Есмінен мүлде жаңылдым,
Неғылдым, енді неғылдым?
Жаралған оттан жасыннан,
Жарқ етіп туған тосыннан,
Көктегі айдай нұрланып,
Табылдың менің қасымнан.
Қыз:
Қиыла туған жаңа Айдың,
Сәулесін бұлттар тонайды.
Кіршіксіз мөлдір махаббат,
Арманым еді талайғы.
Көңілде жағып таңғы үміт,
Жүрегімді жандырып,
Қойдың ғой мені өзің де,
Есімнен мүлде тандырып.
Қайырмасы:
Шырқайын саған қосылып,
Сезімді қайтем жасырып.
Махаббат - ұлы құдірет,
Жүрекпен сезіп осыны ұқ.
Төгілген алтын шұғыласын,
Ғашықтар ән қып жырласын.
Жігіт:
Әр сөзің шекер, балдай-ды,
Жанарың оттай лаулайды.
Бойыңа біткен сұлулық,
Хор қызынан аумайды.
Көзіңнің нұрын төккенде,
Селт етпей қалмас еш пенде.
Дір ете қалар жүрегім,
Қасымнан жанай өткенде.
Қайырмасы:
Қыз:
Бір сөзің мені тыңайтып,
Бір сөзің қояр мұңайтып.
Өзіңе деген сезімді,
Тыя алмай қойдым мың айтып.
Арылам деп алданба,
Қысымға бүріп алғанда.
Ғашықтық дерті білгейсің,
Емделмес оңай жалғанда.
Қайырмасы: (екеуі қосылып)
Шырқайық бірге қосылып,
Сезімді болмас жасырып.
Махаббат - ұлы құдірет,
Жүрекпен, жаным, осын ұқ.
Төгілген алтын шұғыласын,
Ғашықтар ән қып жырласын.
Ғашықтар жыры
Сол жақ кеудем, ес жимай есірді кеп,
Тоқтау білмей, мөңкіді, көсілді көп.
Жүгеніңді енді мен босатпаймын,
Босатпаймын жұлқынба, кешір жүрек.
Бұл не деген пасық ой, пасық қылық,
Алқындырып арманды асықтырып.
Бір сұлуды жүргенде ұмыта алмай,
Тағы екеуге қоясың ғашық қылып.
Босатпаймын қойсаң да сынсыттырып,
Кеудемді кеп соққанда шымшып тұрып.
Әр сұлуға қойғанша ынтықтырып,
Тығып қоям кеудеме тұншықтырып.
Кезек-кезек сүйдіріп мың сұлуды,
Әдет қылып алғансың қырсығуды.
Босатпаймын, өз еркің тентек жүрек,
Тоқсатсаң да мейілің дүрсіліңді.
Жүрегім-ай алаңсыз күнә басып,
Жайбарақат жатуға сірә ғашық.
Көрінгенге қадірін бөліп беріп,
Жалған сезім ішінде жүр адасып.
Жүрегімде жасап мың жарылыс түн,
Қақпанына қамалдым сағыныштың.
Көрінгеннің көркіне еріп кетіп,
Бақытымды таба алмай жаңылыстым.
Кешір жүрек босата алмайды екем,
Жалындама мейілің жанбай өтем.
Сенің мына қылығың жанарымды,
Жылатудан өксітіп жанбайды екен.
Тигіздің-ау жаныма кесірді көп,
Сан жақтарға шаштың-ау есімді кеп.
Өз еркің шығам десең кеудемнен де,
Сезімге ерік берген есіл жүрек.
Кешір жүрек, бірақ та кінәлісің,
Қуанышым, сен едің жұбанышым.
Көрінгеннің артынан ере бердің,
Көркімен көзге түскен шырағы үшін.
Сенімен кеңестім, кінәлімін,
Сен ұнатсаң алдымен мынаны ұғын.
Сүрлеуінен тағдырдың өткен сезім,
Сүріне қоймас енді сірә күнім.
Сыртымнан аза-мұңым білінбес тым,
Сені тыңдап мұңлықтың күнін кештім.
Өзгенің құнын өзің түсінбесең,
Түсіне алмас жүрек құныңды ешкім.
Сен үшін шарқ ұратын қайда көңіл,
Армандарды ұшырдың айға небір.
Сені жүрек тыңдауға қарсы қылды,
Табанымнан тайқыған тайғақ өмір.
Кеудеме ұшқын жағып, от қалаған
Жырлаудан ғашық әнін тоқтамаған.
Алып ұшқан тентек бұл жүрегімді,
Бағындырар күш берші Хақ Тағалам!..
Алмат ЕСЕНБЕКОВ,
4-курс білімгері.
Кешір жүрек
сұрақ
белгісі
Көктем келіп, тіршілік иелерінің бәріне
жан біткендей. Уақыттың зымыран-
дай зулағанына тағы да көз жеткіздім.
Ой арғымағымды ерттеп алып демде
Ж
ұмысқа жету үшін
автобус аялдамасы-
на тездетіп жүріп келемін.
Таңғы таза ауа тынысыңды
аша түскендей жан-жағыма
қарап, жаратылыстың
тылсым күшін бақылаймын.
аялдамаға жеткенімді де байқамадым.
Көліктің артқы орындығына жайғастым.
Оқушылар шу-шұрқан болып ойнап
келеді. Екі баланың әңгімесі іш май-
дай шыжғырылып шығып жатқасын,
еріксіз құлақ түрдім.
– Тамаққа ақша алып келдің бе?
– Иә. Бірақ, кешегіден аз.
– Неге? Мамаң бермей қойды ма? Менің
мамам 200 теңге берді.
– «Ақша аз қалды. Жалақы алғанша күт",
– деп 100 теңге ғана берді.
– Қызық екен. Ата-анаң аз жалақы алады
ма? Айтпақшы, сенің әкең машинаға опера-
ция жасайтын жерде жұмыс жасайды ғой,
иә?
– Операция?
– Иә, өзің солай айтқансың.
– Иә. Көлік жөндейді.
– Менің әкем мұғалім. Біздің көлігіміз
бұзылса сенің әкеңе айтып, операция
жасатамыз онда. Жарайды, екеуміздің
ақшамызды қосып, тамақ аламыз, - деп до-
сын жұбатып қояды.
– Мәәә, сыныптағы Асқар бақытты шығар,
иә? Күнде көп ақша ұстап жүреді. Қолында
«iphone 6», әкесі сабаққа "джиппен" алып
келеді, кешке алып қайтады. Бізде қашан
болады екен сондай бақыт?
– Иә. Ол бақытты...
Кенет менің қалта телефоным шыр етті.
Сөйлесіп жатсам, артымдағы бала тура
құлағымның түбіне келіп: «Мәәәә, мына
тәтенің телефоны рекламадағыдай екен?
Қарашы. Артында фотоаппараты бар.
Қарашы», – деп жатыр. Арғы беттегі кісімен
сөйлессем де ойым екі баланың телефон
жайын талқылағанында тұрды. Үндемедім.
Пысығы мені түртіп: «Тәте, сіз байсыз
ба? Андағы телефонды қаншаға сатып
алдыңыз?», – деп сұрады. Мен не деп жауап
қайырарымды білмей абдырап қалдым да,
сәл үнсіздіктен соң:
– Жарысқа қатысып ұтып алдым. Сен-
дер сабақтарыңды үздік оқысаңдар, кейін
бұдан да жақсысын аласыңдар, – деп едім,
аузымдағы сөзімді жұлып алған томпағы:
– Ой, қойшы. Оған менің басым жетпейді.
Ол үшін оқу керек, есеп шығару керек, жат-
тау бар. Папам-ақ сатып алып береді, – деді
де өздері әңгімелерін жалғастырды. Менде
үн жоқ. Жүрегім ауырды. Өз басым теле-
фон деген дүниені мектеп бітіретін жылы
ұстағанмын. Сабаққа 100 теңге апарсақ,
соған мәз болатынбыз. Оның өзін күзді күні
жиын-терінге шығып табатынбыз. Күніне
мың теңге алсақ, соның он пайызын ғана біз
алып, қалғанын анамызға беретінбіз. Бірақ,
сол күндерім мен үшін ерекше бір бақытқа,
қуанышқа толы болатын. Бүгінде соның
талай өшпес естелігі есімде. Ой елегінен
балалық күнімді өткізіп отырғанымда
балалардың көліктен түскенін, өзімнің
аялдамаға келгенімді байқамай қалыппын.
Кейінгі уақытта газет-журналды оқи
қалсақ, теледидарға көз салсақ, радиоға
құлақ түрсек барлық ақпарат құралының ай-
тары, жазары бір ғана мәселе – балалардың
тәрбиесі, техниканың дамығаны, өскелең
ұрпақтың улануы. Ол үшін болаттай берік
қамал тұрғызып, жас буынды "сырқаттан"
аман алып қалудың жолын қарастыру ке-
рек. Жоқ, қарастыру емес, соған әрекет
жасауымыз қажет. Шараны қазірден бастап
қолданбасақ, асқынған дерттің емі табыл-
майды. Расымен де солай. Тіпті, қарапайым
мысалмен де келтіре кетсек болады. Бүгінде
он бет кітап оқитын бала жоқтың қасы. Ол
мектептегі ұстаздарға, үйдегі ата-анаға
тікелей қатысты. Егер, мұғалім тапсырма
беріп, соны талап етсе, оқушы тарапынан ол
міндетті түрде орындалады. Ата-ана бала-
сын бір сағатқа кітап оқуға отырғызса, "көк
жәшікке" үңілдірмесе, ол да іске асатын еді.
Өкінішке қарай, бізде бәрі керісінше. Әке-
шеше жұмыстан шаршап келгенде мазасын
алмас үшін телефон, планшет, ноутбук тағы
да басқасын дайындап, алдарына қоя сала-
ды. Оны күнделікті өмірден де байқаймыз.
Бірақ, соған түбегейлі мән бермейтініміз –
біздің үлкен қателігіміз.
Өзіміз
барлық
жағдайды жасап беріп
отырған соң, оңаша
қалған бала бөлмеде
отырып ғаламтордан
не көргісі келсе соны
көреді. Оған әй дейтін
әже, қой дейтін қожа
жоқ. Ол 24 сағаттың
жоқ дегенде 10
немесе
одан
да көп уақытын
ғ а л а м т о р д а
өткізеді.
Соны-
мен қоса, қазір
күн сайын түрлі
әлеуметтік желілер
пайда болып жа-
тыр.
Бірі
сәнін
жойса, екіншісі бой
түзеп, менмұндалап
тұрады. Көреді, дәмін
татады,
уланады.
Бүгінгі бала кітап бетін
емес, смартфонның,
соңғы үлгідегі компью-
тер бетін сипайды да
отырады. Ол тұрмақ,
б
і
р
жасқа толмаған сіңлім
үйге барсам менің планшетіме жабысып,
алақанымен
суреттерді
жыбырлатып
көргенді ұнатады. Алып қойсаң жылайды.
Көрсе, соны алғанша тынбайды. Бұл не
деген сұмдық? Сонда қазіргінің балалары
оқып туыла ма? Мен соны түсіне алмай
әлек боламын. Санамдағы сансыз сұрақ
бір-бірімен қырық пышақ болып жатқан
уақытта екінші автобусым да келіп үлгеріпті.
Жүргіншілердің тапырлап жүгіргендерінен
ойымды жиып алдым. Асығып-үсігіп көлікке
отырдым. Алды жағымда екі оқушы әңгіме
айтып тұр. Әңгімелері құлаққа жағымды
естілді. Бар зейінімді соларға аудардым.
Біреуі 4-сынып, екіншісі 3-сынып оқушылары
деп шамаладым көз мөлшермен. Бала бо-
лып қарқылдап күлмеді, алыспады. Са-
бырлы. Тәрбиелі. Сөздері асқақ. Арман-
дары биік жас ұрпақтың сөздері жүрегіме
жылы тиіп, бірінші әңгіменің арнасын шай-
ып кетті. Шынымен қуандым. Сабақтары,
болашақтары туралы әңгіме айтты. Мен
қызығып, солармен іштей тілдесіп, әр
сөздерін кұптап келемін. Кенеттен құйын
жел соғып осы өскіндерді құртпаса екен деп
тіледім шын жүректен.
–
Сендер
ағылшын
тілін
оқып
жатырсыңдар ма?
– Иә, оқып жатырмыз. Маған қызық.
Күнде сол пән болса деймін. Бірақ, аптасы-
на бір-ақ күн болады. Апайымыз да жақсы.
Алфавитін үйрендім, санауды да білемін.
Санап берейін бе?
– Қажет емес. Ұят болады. Бұл қоғамдық
көлік. Біз жалғыз емеспіз. Кейін санайсың.
– Жарайды. Сен орысша сөйлей аласың
ба?, – деп бойы тапалдауы сұрақты
төтесінен қойды. Аздап қысылған ұзын
тұрасы:
– Енді үйреніп жүрмін, – деді де: "Ана тілің
арың бұл, Ұятың боп тұр бетке. Өзге тілдің
бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!", – деп сөзін
аяқтады да, басын көтеріп, "Көрдің бе, мен
қалай айттым!" дегендей маңғаздана тұра
қалды.
– Мәәә, сен жаттап алыпсың ғой. Маған
да үйретші, – деп қолқа салды кішкентай
тәмпіш мұрынды сары бала.
– Үйретемін. Жазып беремін бүгін. Сосын
ертеңгісін жаттап кел. Жолда сұраймын.
Көңілім енді орнына түсті. Міне, Тәуелсіз
қазақ елінің ұрпақтары осындай болуы ке-
рек деп марқайып қалдым. Көлік тоқтады.
Балалар жүгіріп-жүгіріп түсіп қалды. Мен
терезеден далаға қарадым. Ризамын.
Қатты қуанғаным соншалық түсетін аялда-
мадан асып кетіппін. Жұмысқа біраз жер
жаяу келдім. Жұмыстан кешігіп бара жат-
сам да асықпадым. Жаңағы екі баланың
әңгімесіне қуанып көтеріңкі көңіл күймен
жұмысқа кірістім. Бірақ, санасы енді улана
бастаған алдыңғы екі жеткіншектің әңгімесі
санамның бұрышында әлі күнге дейін сұрақ
белгісіндей ілініп тұр...
ЕРКЕЖАН.
ӨМІРДІҢ ӨЗІНЕН
Санамдағы
Жетісу
университеті
ТҰРМЫС ТЫНЫСЫ
бейсенбі, 3 қыркүйек,
2015 жыл
8
ОЙМАҚТАЙ ОЙ
МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ
МӨЛТЕК СЫР
Ж
аңа оқу жылы да
басталды. Әлі де
болса ата-аналар
балаларына мектеп құрал-
жабдықтарын сатып алып
әлек. Ендігі жерде баршасын
мектеп оқулығымен қамту
мәселесі алаңдатады. Білім
басқармасындағылар алаңдауға
еш негіз жоқтығын айтуда.
Пайымдауларынша биылғы оқу
жылында республика бойынша
кітап жеткілікті.
Б
із қазақпыз. Не деген мақтанышты
сөз. Осылай көкірек қағамыз. Алды-
мен ойланайық, лайықпыз ба осы сөзге?
Айдың күннің аманында, бейбітшілік заманында,
қазағымның қоғамында пайда болып, күн өте етегін
кеңге жайған бір қасірет бар. Шыр етіп өмірге
келгеніңнен, айтқаныңды екі етпей тұмсықтыға
шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай өсірген
қариялар қасіреті көбеюде.
Бүгінде кітап дүкендерінде
қалыпты жағдай. Әлбетте бұл
уақытта оларға бас сұғу мұң
болатұғын. Қазір мектептер қай
сынып, қай бағдарламамен, қай
басылымның қай оқулығымен
оқитынын белгілеп жатыр. Ата-
аналар
алаңдаулы.
Себебі
жылдағы жағдай, оқулықтар
бағасының қымбаттығы шым-
байларына батып-ақ келеді. Ең
болмағанда, мектептен 70-80 пай-
ызы берілсе, жетіспегенін сатып
алар едік деп отыр. Таяуда өткен
тамыз кеңесінде жергілікті білім
басқармасындағылар кітап са-
тып алудың қажеті жоқ деп кесіп
айтқанмен ата-аналар «баяғы
жартас, бір жартастың» кейпін
кешпесек екен дейді. Сондай-
ақ, айтуларынша биыл оқулық
жөнсіз жаңаланбайды. ҚР Білім
министрлігі шешіміне сәйкес, жы-
лына 2 ғана сыныптың кітаптары
жаңғыртылып отырады. Мәселен,
былтыр 3-10 сыныптар жаңа
оқулықтарға көшкен. Биыл 4-11
сыныптар қолданатын оқулықтар
ғана
жаңаланды.
Алматы
облысының білім басқармасы
жылдағы жағдай қайталанбауы
үшін биыл ерте қамданды. Сәуір
айында бюджеттен 2 млрд.
теңгеден астам қаржы бөлініп,
500 мыңға жуық оқулыққа тапсы-
рыс берілген екен. Қазір мектеп-
тер баспаханалардан қабылдап
алып, үлестіріп те аяқтап қалды.
Себебі
жауапты
науқанды
үлкен міндет деп қабылдаған
кітапханашылар биыл тамыздың
басынан оқушыларға тарата
бастаған. Әлбетте бірінші кезекте
аз қамтылған және көп балалы от-
басылар тұр.
Жауаптылардың
айтуынша,
кітаптар жетіспеушілігіне – оқулық
күтімі де әсер етеді. Мерзімінен
бұрын
ескірген,
жыртылған,
жоғалған кітаптардың орнын тол-
тыру қиындау. Сондықтан өзінен
кейінгі оқитын кіші буын өкілдері
де тапшылық көрмесін десе,
әр шәкірт оқулықты жоғалтпай
әрі ұқыпты ұстағандары абзал.
Осыны сезінуде ата-ананың да
ықпалы зор екендігін ұмытпайық.
Себебі кітапты тауып беру және
сақталуын қадағалауды оқытатын
мекеменің
міндеті
санайтын
сыңаржақ пікірден арылатын
уақыт жетті.
Онсыз да таралымы аз,
мазмұны төмен деп кінә тағылудан
арылмай келе жатқан оқулықтың
бүгінде түптелу сапасының да сын
көтермейтіндігін ескеріп, мейлінше
мейіріммен
қарап,
қолдау
танытсақ артық болмас.
Достарыңызбен бөлісу: