№17 (110) 3 қыркүйек,
2015 жыл
Б
үгінгі күннің талабы – білім
беруде бірізділік, яғни жоғары
оқу орнынан түрлі мамандық
иесі болып шыққан жастар үш
тілді еркін меңгеруі керек. Бұл рет-
те аймақтық білім ордаларының
да қосатын өзіндік үлесі бар. Осы
бағытта, 100 нақты қадамға сәйкес
атқарылып жатқан жұмыс жөнінде
І.Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік университетінің ректо-
ры, заң ғылымдарының докторы, ҚР
ҰҒА корреспондент-мүшесі Әбдіманап
Бектұрғановты әңгімеге тарттық.
БІЛІМ КӨКЖИЕГІНЕ
АШЫЛҒАН ЖОЛ
НЕМЕСЕ БІЛІКТІ МАМАН БІЛІМДІ СТУДЕНТТЕН ШЫҒАДЫ
– Әбдіманап Елікбайұлы, ел экономика-
сын дамытып, өр ке ниетті елдер қатарынан
орын алу үшін елімізде жүр гізіліп жатқан
саясатқа сай сіз басқарып отырған уни-
верситетте білікті кадр әзірлеу барысында
қандай жұмыстар атқарылуда?
– Елбасы ұсынған бес инс титуционалдық
реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты
қадамда әлемдік экономикалық дағ дарысқа
төтеп беру жолдары қарастырылып қана
қоймай, өсу, өркендеу, дамыған 30 елдің
қатарына ену мәселесі айтылғаны мәлім.
77-ші қадамда білікті кадр әзірлеу, озық
тәжірибені тарату туралы ұсынылған ұтқыр
ой осыған дейін елімізде жүргізіліп жатқан
жүйелі жұмыспен өзіндік үйлесім тапқан.
Айталық, Ал маты облысы және Қазақстан
Республикасының білім, экономика, құқық,
мәдениет,
өнер
са ла ларының
дамуы
үшін сұранысқа ие Болон декларациясы
қағидаларына сәйкес жаңа көзқарастағы
кәсіби мамандарды даярлайтын Жетісу
мемлекеттік университетінде заман ағымына
сай, жаңа мамандықтар ашылуда. Бүгінгі
таңда білім ордасында 40 мамандық бойынша
бакалавриат, 19 мамандық бойынша магистра-
тура, 6 мамандық бойынша PhD докторантура
бар. Биылғы оқу жылы қарсаңында магистра-
турада «экология», ал PhD докторантурада
«математика», «бастапқы оқытудың педагоги-
касы мен әдісте месі» мамандықтары жаңадан
ашылып, білімгерлер қабылданды. Сондай-ақ,
ішкі және сыртқы ака де миялық ұтқырлықты
ке ңейту мақсатында студенттер, магистрант-
тар, оқытушылар мүм кіндігінше шетелдерде
білім алуға, тәжірибе алмасуға жіберілуде.
Алыс-жақын ше телдердегі жетекші, әрі та-
нымал білім беру орталықтарымен әріптестік
ынтымақтастық ны ғаюда. Университетіміз
көпса лалы
жоғары
оқу
орындары
бойынша республикамызда 8-ші орында
тұр. Халықаралық аккредиттеуден өткен
Қазақстандағы жоғары оқу орындарының
бірі. 2011 жылы Германиядағы AQUIN
халықаралық аккредиттеу агенттігінен 6
оқу бағдарламасын өткізген болсақ, бүгінгі
таңда бакалавриат пен магистратураның 56
мамандығын мамандандырылған аккредит-
теуден өткізіп отырмыз. Соның нәтижесінде
түлектеріміз қазіргі күні төрткүл дүниенің
түкпір-түкпіріндегі іргелі оқу орындарын-
да білімдерін жалғастыруда және танымал
компанияларда жұмыс істеуде. 100 нақты
қадамда Президент индустриализациялау
және республикамыздың экономикалық өсі-
мін сақтауда атқарылуға тиісті жоспарды
да көрсеткен болатын. Осы бағытта біздің
университетте де бірқатар істер қолға алын-
ды. Ғылыми-техникалық ізденістің жетістігін
тәжірибеге енгізу мақсатында жеміс-жидек
өнімдерін өңдейтін көпсалалы кешеннің
құрылысын бастадық. Алматы облысының
бизнес саласы жоспарымен бірлесіп түрлі
өндіріс жобаларын жасап жатырмыз. Атап
айтқанда, энергетика және машина жасау
бағытында Талдықорғандағы «Метакон»,
«Интеграл» зауыттарымен, Үштөбедегі «Каз-
силикон» комбинатымен, «Қайнар-АКБ» акку-
мулятор зауытымен тығыз байланыстамыз.
Сонымен қатар, Қаныш Сәтбаев атындағы
ұлттық техникалық университетімен, «Алматы
аймақтық технопарк» ЖШС, «Алтай» Шығыс
қазақ стандық аймақтық техно паркімен және
«Алатау ПИТ» инновациялық технологиялар
паркімен бірлескен жобалар қолға алынуда.
Болашақта энергетика және шикізатты өндіруге
арналған
ғылыми-тәжірибелік
жұмыстар
жүргізетін интеллектуалдық орталық ашуды
көздеп отырмыз. Мұның бәрі ел экономика-
сын дамытып, өркениетті елдер қатарынан
орын алу үшін атқарып жатқан игі істеріміздің
бір парасы. Жал пы, жоғарыда айтқан 77-
ші қадамдағы білікті кадрларды әзірлеуге
бағытталған жоспарға сәйкес бірқатар
жұмысты жүзеге асыруға тиіспіз деп ойлаймын.
Елбасының «100 нақты қадамда бұрын-соңды
айтылмаған, жасал маған, халықтың, биліктің
психологиясын өзгертейік деп отырмыз», – де-
ген сөзінде терең ой жатыр. Бұл бүкіл халық
болып жұмылып көтеретін жүк және білім мен
біліктілікті, шығармашылықты қажет ететін
қадам.
–
Ұлттық
бағдарламаның
78-ші
қадамында
айтылғандай
Назарбаев
Университеті жоғары оқу орнының қандай
тәжірибесін енгіздіңіздер?
– Назарбаев Университеті ХХІ ға сырдағы
қазақстандық жоғары мектептің үлгісі болып
отыр ғандығын мақтан тұтамыз. Бүгінгі таңда
еліміздегі өзге университеттер Назарба-
ев Университеті тәжірибесіне бейімделуде.
Еліміздегі көш басшы университеттің тәжіри-
бесін зерделеу, оқып-үйрену мақсатында
біздің оқытушылар, профессорлық құрам ал-
дымен сол университетте болып үш айлық
курсты оқыды. Бүгінгі күнге дейін 15 қызметкер
олардың ішінде проректорлар, декандар,
бөлім бастықтары, оқыту шы профессорлар
тәжірибе алмасып, біліктіліктерін көтеріп кел-
д і. Енді алған тәжірибелерін әріп-
тестерімен бөлісіп, оқу үрдісіне енгізіп
жатыр. Оқытудың жаңа үлгісін игеріп,
ғылым мен инновацияны дамыту,
зерттеулерді
коммерцияландыру,
оқу-үрдісін жаңаша ұйымдастыру, да-
рынды жастарды тарту сынды істерді
қолға алып, курстар өткізудеміз.
Қандай тәжірибе енгізудесіздер
дегенге
нақтырақ
тоқталсам,
еліміздегі жоғары оқу орындарын-
да Назарбаев Университетінің үлгісі
ретінде ұжымдық басқару формасы
Қамқоршыл кеңесі тәжірибеге еніп
жетілдірілу үстінде. Басқарудың
осы түрі бізде де қолданысқа ену-
де. Оқу орнының ғылыми кеңесі
шешімімен Қамқоршылар кеңесі
құрылды. Кеңес университеттің оқу
үдерісіне, студенттерді тәрбиелеу,
материалдық-техникалық
базаны
жақсартуға, қызмет түрін қар жылық
жағынан демеуге және аймақтық
басқару органдарымен, кәсіпорындар
мен мекемелер, ұйымдармен тиімді
байланыс орнатуға ықпал етуде.
Бұған қоса аталған кеңес универ-
ситетке қаржылық көмек көрсету сынды
мәселелерді қарастырып, бюд жеттен тыс
қаржы көзін тауып, оны университеттің даму-
ына жұмсауға күш салады. Сонымен қатар,
Назарбаев Университетінің кадрлық саясат
жөніндегі тәжірибесін де өз қызметімізге енгізіп,
кадрлық саясаттағы құзырлылығымызды
арттырып отырмыз. Мәселен, лауазымдық
қызметтерді бөлу, штаттық кестені құру, кад-
рларды жұмысқа қабылдау, академиялық
ұтқырлық бойынша танымал ғалымдарды
шақыру сынды іс-әрекеттерге байланысты
өзіміз шешім қабылдай аламыз. Тағы бір айта
кететін маңызды тәжірибенің бірі – ғылымды
коммерцизациялау. Бұл үрдіс отандық
ғылымды дамытудағы маңызды қадамдардың
бірі болғандықтан осы бағытта ауқымды ша-
раларды қолға алдық. Нақты нәтижеге жету
үшін университеттегі ғылыми зертханалар
мен орталықтарды бір жерге шоғырландырып
ғылыми кластер құрдық. Кластердің құрамына
«Жастардың
аймақтық
инновациялық
орталығы», «Ілияс тану», «Өлкетану жә не
ғылым философиясы», «Адам психофизи-
ологиясы», «Аймақтық экологиялық зерт-
теу», «Геофизикалық ортаның биофизикалық
мониторингі», «Математика және жаңа техно-
логия» тағы басқа зертханалар мен орталықтар
енді. Бұл күнде осы орталық қызметкерлері
мен студенттердің ғылыми ізденістері жемісін
беріп отыр. Ғылыми тұрғыда дәлелденген,
өндіріске ендіруге негізі бар зерттеулерге по-
тент алудамыз. Соның бірі - жоғарыда ай-
тып өткен жеміс-жидек өнімдерін өңдейтін
көпсалалы кешен. Алматы облысы аграрлық
аймақ болғандықтан, біз ойлап тапқан
кешеннің еңбек өнімділігін арттыруға, отан дық
өнім шығаруға тигізер пайдасы мол болмақ.
Сондай-ақ, ғылыми кластерде балама энергия
көздерін табу, адамның психофизиологиялық
жағдайын зерттеу, математика, экология сала-
сы бойынша ізденістер, тә жірибелер жасалуда.
Ғылыми жұмыстардың нәтижелері ше телдік
ғылыми журналдарда, импакфакторлы басы-
лымдарда жарық көруде. Ғылыми жобалары-
мызды іске асырып, өндірісте қолдану үшін ірі-ірі
кәсіпорындармен келісім жасап, меморандумға
қол қойыстық. Осылайша рет-ретімен универси-
тетте ғылымды коммерцизациялау ісі өріс алып
келеді. Әрине, біз мұнымен шектелмейміз, әлі де
Назарбаев Университетінен үйренер тәжірибеміз
өте көп.
–Білім беру саласын оң тайландыруға орай
шет тіл дерде оқыту мәселесі туралы не айта-
сыз?
–Жоғарыда айтқанымдай, 100 нақты
қадамның ішінде отандық білім беру жүйесінің
атқаратын міндеттері де айдан анық көрсетілген.
Сол контексте, әсіресе, тілдің үштұғырлығына
басымдық берілген. Бүгінгідей жаңа тарихи
кезеңде халықтың көптілді білуі әр салада бәсе-
келестікті арттыра түседі. Халық сау атты бол-
са, ұрпағымыз емін-еркін үш тілде, тіпті, одан
да көп тілде сөйлеп жатса – мемлекетіміздің
танымалдығы, әлемдік аренадағы беделі өсе
түсетіні анық. Сондықтан да, үштілділік ұғымы
біздің ұлттық идеологиямыздың бір бөлшегі
болып отыр. Ұлт жоспарында Елбасы мектеп-
термен жоғары оқу орындарының ағылшын
тілінде оқытуға көшуін кезең-кезеңімен жүзеге
асыру қажеттігін айтады. Бұл өз кезегінде біздер
даярлаған кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін
және білім беру құрылымының экспорттық
әлеуетін арттырады. Жаңа бағдарламада көр-
се тілген қадамдардың бірқатары І.Жансүгіров
атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің
қызметінде іске асып жатыр. Нақты дерек
келтірер болсам, көптілді білім беру жүйесі бой-
ынша «ақпараттық жүйелер», «педагогика және
психология» мамандықтары оқытылуда. Аталған
білім бағдарламалары қазақ, орыс, ағылшын
тілінде жүргізіледі. Мұның сыртында үштілділік
идеясы аясында шетелдік әріптес жоғары оқу
орындарымен бірлескен оқу бағдарламасын
құрдық. Қазіргі таңда осы бағдарламамен мате-
матика, биология, тарих пәндерінен білім беру
жүзеге асып жатыр. Тіл меңгеру мәселесін ше-
шуде сыртқы академиялық ұтқырлықтың да рөлі
зор болып отыр. Жыл са йын біздің университет-
тен жетекші шетел дік оқу орындарында 40-тан
астам студенттер білім алып келеді. Айталық,
Варшава университетінде, Грецияның Афи-
на технологиялық білім беру университетінде,
Чехияның агротехникалық университетінде,
Рига техникалық университетінде, Польшаның
Лодзь университетінде, АҚШ-тың Айда-
хо университетінде, тағы басқаларында
білім алуда. Шетелдік жоғары оқу ор-
нына ағылшын тілін жетік меңгергендер
ғана бара алатынын ескерсек, жыл өткен
сайын шетелге барып оқысам деген талап-
пен тіл үйренуге ден қойған жастардың қатары
өсіп отыр. Осылайша тілді мәжбүрлеп емес,
қажеттілік тудыру арқылы үйретуге шақырудың
мәні зор деп ойлаймын. Ал магистратурада
оқитын магистранттар міндетті түрде ғылыми
тағылымдамадан Еуропа мен Азияның беделді
оқу мекемелерінен өтіп, тәжірибе жинап, тіл
ұстартып келеді. Әр оқу жылында шетелдік
профессорларды дәріс оқуға шақырамыз.
Атақты ғалымдарды университетке тарту-
шақырту арқылы білім сапасын арттырсақ,
екінші жағынан тіл үйрену, шет тілінде оқыту
мәселесін де шешіп отырамыз. Көптілділікке
қатысты мәселені шешуде тағы бір қолға алған
жол – жаңа кадрларды қызметке қабылдағанда
оның үштілді білуін талап ету. Ал универси-
тетте бұрыннан қызметте жүрген кадрларға,
оқытушы-профессорлық құрамға тіл үйренуі
үшін жағдайлар жасап, ағылшын, неміс, корей,
қытай, тағы басқа да тілдерді үйренуге арналған
орталықтар ашып, кабинеттер жабдықтап
қойдық. Мемлекет басшысы: «Қазақ стан халқы
бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары
білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі
– мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас
тілі және ағылшын тілі жаһандық экономикаға
ойдағыдай кірігу тілі», – деген болатын. Бұған
дәлел, күні кеше ғана еліміз дүниежүзілік сау-
да ұйымына енді. Осы ұйымға ену арқылы біз
экономикамызды көтеретініміз даусыз. Осы
ұйымда сауда-саттық жасау үшін де шет тілін
білу маңызды. Сондықтан, көптілді білім беру —
көпқырлы мәселе. Оның әр міндетін әр қырынан
қарастыру – біздің университет ұжымының ал-
дында тұрған басты міндеттердің бірі деп айтар
едім.
Әңгімелескен Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен
Қазақстан». 27-тамыз, 2015 жыл.
Жетісу
университеті
ҚОҒАМ
бейсенбі, 3 қыркүйек,
2015 жыл
2
ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ
Ауылда
жаңа
мектеп
ашылды
Білім ордасын ашу салтанатты рәсіміне
Алматы облысының әкімі Амандық Бата-
лов пен Талдықорған қаласының әкімі
Ермек Алпысов қатысты.
«Сіздерді жаңа оқу жылының басталу-
ымен және жаңа мектептің ашылуымен
шын жүректен құттықтаймын. Бүгінде
жаңа оқу жылының басталуына қарай
облыста 15 жаңа мектеп ашылып жатыр.
Тағы төртеуі ағымдағы жылдың соңына
дейін пайдалануға беріледі. Аймақта
үш ауысыммен оқытатын және апат-
ты мектептер мәселесі кезең-кезеңмен
шешілуде», - деп атап өтті аймақ басшы-
сы.
Аумағы бойынша облыс орталығына
қарайтын Еркін ауылындағы мектептің
құрылысы жергілікті тұрғындардың қала
басшысымен кездесуінде қолқа салуы-
нан соң басталды. Ауыл ақсақалдарының
сөзі жерде қалмай, 2014 жылдың науры-
зында жобаны іске асыру басталды.
Талдықорған қаласындағы Еркін
ауылының тұрғындары Білім
күнін ерекше қуанышпен қарсы
алды. Ауыл тарихында алғаш
рет 100 балаға арналған шағын
орталығы бар 300 орындық жаңа
мектеп ашылды.
ОБЛЫСТА
БӘРЕКЕЛДІ
АУДАНДА
«Эйр Астана» ұшақтары Талдықорғанға қонатын болады
Балаларға қамқорлық - игі іс
Ресупубликалық "Мектепке жол" акциясы жалғасуда. Осы ретте, Ақсу ауданы
Жансүгір ауылының кәсіпкерлері 80-ге жуық оқушыны жаңа оқу жылына дайындады. Балаларға оқу
киімі мен оқу құралдары берілді.
"Мектепке жол" акциясы биыл Ақсу ауданында 7-ші рет ұйымдастырылып отыр. Осы жылы мектепке 215
оқушыны дайындау жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін олардың дені керек-жарақпен қамтылды. Мамандардың айту-
ынша, әлеуметтік себерптерге байланысты оқуға бара алмай қалатын оқушыларға қол ұшын беретін азаматар саны
жыл сайын ұлғайып келеді.
- "Мектепке жол" акциясы жыл сайынғы дәстүр бойынша, Сәтбаев орта мектебінде өтіп жатыр. Жалпы ауданымыз
бойынша, 6600 оқушы бар. Оның 745-і аз қамтылған отбасыдан шыққан. Алдағы уақытта да бұл шара жалғасады,-деді
Ақсу аудандық білім бөлімінің басшысы Асхат Досмұхаметов.
Бүгінгі таңда Жансүгір ауылында 3 мектеп, 1700 оқушы бар. Олардың 95-і көпбалалы және аз қамтылған отба-
сынан шыққан. Аталмыш акция аясында аудан басшылыры және кәсіпкерлер көмегімен 1 млн 250 мың теңге
жиналып, 76-ы оқушыға материалдық көмек көрсетілді.
Қазақ ұланы ғарышқа аттанды
2015 ЖЫЛҒЫ 2 ҚЫРКҮЙЕКТЕ АСТАНА УАҚЫТЫ БОЙЫНША САҒАТ 10.37 МИ-
НУТТА БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНАН «СОЮЗ-ТМА-18М» ҒАРЫШТЫҚ КЕМЕСІ ҰШТЫ.
Сонымен, халықаралық ғарыш стансасына кезекті экспедиция ұшырылды. Экипаж құрамында кеме командирі
ресейлік ғарышкер Сергей Волков, бортинженерлер - Данияның алғашқы астронавты Андреас Могенсен мен Қазақстан
Республикасының ғарышкер-сынақшысы Айдын Айымбетов бар.
Ұшырылым штаттық режімде өтпек. Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылымды қамтамасыз ету қызметі, ұшырылғаннан
кейін 10-шы минутта ғарыш кемесі зымыран тасығыштан бөлініп, «Союз ТМА-18М» жер төңірегіндегі орбитаға шығады.
ХҒС-мен «Союз ТМА-18М» кемесі ұшырылғаннан кейін екі тәуліктен кейін түйіседі деп жоспарланған.
Айдын Айымбетов ХҒС бортына Қазақстан Республикасының Туын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «ЭКСПО-2017»
халықаралық көрмесінің туларын алып ұшты.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері аталмыш білім ордасының түлегі, жетісулық
қазақтан шыққан үшінші ғарышкер Айдын Айымбетовке сәт-сапар тілеу үшін бас қосып, тікелей ұшу сәтін тама-
шалап, қолдау акциясын ұйымдастырды. Шара барысында патриоттық сезімде жыр жолдарымен жылы
лебіздер білдірді.
Қыркүйектің ортасынан бастап «Эйр Астана» ұшақтары Алматы облысының
орталығына қонатын болады. Бұл ақпаратты бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары
Бахтияр Өнербаев растады. Аймақ басшысы орынбасарының атап өтуінше, Талдықорған әуежайының ұшу-
қону жолағы жаңартылды. Жолақ 500 метрге ұзартылып, енді 3 шақырымды құрайды, ені 16 метрге ұзарған.
«Жолаушылар мінген бірінші ұшақ Талдықорған әуежайында 4 қыркүйекте қонуы тиіс. Бірақ қазір бұл мерзімді 10
күн кейінге шегерді. Airbus-тардың қонуын 14 қыркүйекте күтеміз. Ұшу ақысы 18 мың теңгенің көлемінде болады», -
деп түйіндеді облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Алтайұлы.
Еске сала кетейік, Талдықорған әуе кеңістігіндегі реформалар Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың
бастамасымен басталған. Бұдан басқа, «Жетісуавиа» әуе компаниясының «Талдықорған-Үшарал» бағытындағы
әуе рейсінің ашылуы күтілуде. Аймақ билігі Алакөл көлінің жағалауында демалғысы келген туристер үшін көліктік
инфрақұрылымды осылайша жақсартқысы келеді.
ҚАЗАҚПАРАТ.
Білім күні - шуақты мереке
1-қыркүйек - Білім күні. Бүгін көңілдерде
шырақ жанып, жүректерге тіл бітетін күн.
Бүгін білім аулаларында қоңырауларға үн
бітетін күн.
Жыл артынан дөңгелеп жыл келеді,
Әрбір жылдың өзгеше дүрбелеңі.
Биыл балам мектепке қадам басты,
Былтыр ат қып шыбықты жүрген еді,-
деп ақындар жырлағандай бүгін мек-
теп табалдырығын талай бүлдіршін ат-
тайды. Жанарлары бал-бұл жанған, бір
қолында гүл, екінші қолы анасының, не
әкесінің уысында кең дүниеге таңырқай
қарап, жатырқай қадам басып келе
жатқан балақайларды көргенде еріксіз
толқисың. Уақыт деген сынаптай зыр етіп
өте шығады ғой. Он бір жылдан соң бұл
бүлдіршіндер жоғары оқу орнының есігін
ашып, білім теңізіне желқайықтай қояды да
кетеді. «Теңіздің дәмі – тамшыдан» деген-
дей білімнің қайнарынан қанып ішіп, білім
теңізінің тұңғиығынан маржан тереді. Әне,
қараңыздаршы, І.Жансүгіров атындағы
Жетісу мемлекеттік университетінің ау-
Құрылыстың
бас
мердігері-«АСК
Ауыл Құрылыс» ЖШС. Мектептің
үш қабатты ғимаратында замана-
уи
мультимедиялық,
лингафондық
және еңбек, химия, физика пәндеріне
арналған кабинеттер қарастырылған.
Оқытушылар
құрамында
жоғары
білікті педагогтар, көптеген қалалық
және
облыстық
олимпиадалардың
жеңімпаздары бар. Салтанатты шараның
қатысушылары оған көз жеткізді.
Аймақ басшысы химия және физика
сабақтарында болып, оқушылардың за-
манауи оқу жабдықтарымен тәжірибелік
жаттығулар, химия реакциялары және
физика заңдары бойынша эксперимент-
тер өткізгенін көрді.
Ұл балалар мен қыздарға арналған
еңбек кабинеттеріне ерекше көңіл
бөлінді. Мұнда балалар қолөнер және
заманауи жабдықтармен кесте тігу
шеберлігін танытты. Медиа кластардың
соңғы үлгісімен жасақталған линга-
фон кабинеттерінде ауыл мектебінің
оқушылары ағылшын тілін меңгереді.
Түрлі мерекелерді өткізу үшін мек-
тепте 100 адамға арналған мәжіліс
залы қарастырылған. Бірінші сынып
оқушыларының облыс әкімінің қолынан
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Менің Отаным - Қазақстан» («Моя
Родина - Казахстан») кітабын сыйға
алғанын айтып кеткеніміз жөн.
Өз тілшіміз.
ласында Білім күніне арналған салтанат
өтуде. Жазғы демалыстан көңілді оралған
білімгерлер бір-біріне деген сағыныштарын
жасыра алмай құшақ жая қарсы алуда.
Ұстаздардың да жүзінде қуаныштың
табы айқын сезіледі. Әсіресе, ата- анала-
рымен бірге келген 1-курс студенттерінің
мақтаныш сезімі ерекше. Мерекелік
жиынға келушілердің саны
толастар емес. Міне, мереке
де басталып кетті. Еліміздің
Туы
көтеріліп,
Әнұраны
шырқалды.
Алаңды шаттық кернеген,
Білінбес кейіс бірінде.
Арманға құлаш сермеген,
Ұландар құштар білімге,-
деген әдемі жыр жолда-
рын оқи отырып жүргізушілер
алғашқы сөзді І.Жансүгіров
атындағы Жетісу мемлкеттік
университетінің
ректо-
ры, ҚР Ұлттық Ғылым
А к а д е м и я с ы н ы ң
корреспондент-мүшесі,
заң
ғылымдарының
докторы,
профессор
Әбдіманап Елікбайұлы Бектұрғановқа
ұсынды.
– Ең алдымен барлығыңызды бүгінгі
Білім күні мерекесімен құттықтаймын.
Елбасымыз бүгінгі таңда жаңа
экономикалық-стратегиялық
жоспар-
ларды жүзеге асыру, елімізді әлемдегі
дамыған 30 елдің қатарына қосу
бағытында жастарға үлкен үміт артып
отырғаны баршаңызға аян. Болашақ -
жастардікі, Мәңгілік елдің иелері де -
жастар. Университет ауласына биыл
қадам басқан 1-курс студенттерін шын
жүректен құттықтаймын. Біздің білім орда-
сында Сіздердің оқып білім алуларыңыз
үшін
жан-жақты
жағдай
жасалған.
Университетімізде бакалавриат пен маги-
стратура бойынша көптеген мамандықтар
халықаралық аккредиттеуден өткізілген.
Осыған
байланысты
білімгерлеріміз
аккадемиялық ұтқырлық бойынша ше-
телдерге барып оқу мүмкіндігіне ие.
Инновациялық-технологиялық даму сала-
сына орай қажетті құрал-жабдықтармен
қамтамасыз етілген. Жатақхана, кітапхана,
спорт залдары, түрлі бағыттағы үйірмелер
жұмыс істейді. Терең ізденіп, толық оқып,
білімнің көкжиегінде жұлдыздай жарқырай
берулеріңізге тілектеспін,- деп ыстық
ықыласын білдірген Әбдіманап Елікбайұлы
жиын барысында Білім кілтін салтанатты
түрде тапсырды. Жүректері алып ұшқан, топ
ішінен жарып шыққан 1-курс білімгерлері
Арнай Байжұрынов, Сымбат Сапарова,
Аяжан Серіковалар оны дәстүрлі түрде
қабылдап алды. Оларға білім ордасының
проректорлары, факультет декандары т.б
таныстырылды.
ЖМУ «Нұр Отан» бастауыш партия
ұйымының төрағасы Амангелді Кате-
нов, заң факультетінің 3-курс білімгері,
президенттік стипендия иегері, «Жас Отан»
жастар қанатының белсенді мүшесі Мар-
жан Толқынова сөз сөйлеп, білімгерлерге
сәттілік тіледі. Жиын ән-биге жалғасты.