Жылдың қазан айынан шығады



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата12.02.2017
өлшемі12,25 Mb.
#3967
  1   2   3   4   5   6

Қ. И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ  ГАЗЕТІ

ГАЗЕТА  КАЗАХСКОГО НАЦИОНАЛЬНОГО ТЕХНИЧЕСКОГО  УНИВЕРСИТЕТА им. К. И. САТПАЕВА



2000  жылдың 

қазан айынан шығады

№07 (132)

қазан,

2013 жыл


РУХАНИЯТ. АДАМГЕРШІЛІК. САМҒАУ.       РЕАЛЬНОСТЬ. АНАЛИЗ. СТРАТЕГИЯ.

Университетімізде  жылдағы  дәстүр 

бойынша  Білім  күніне  арналған  сал-

танатты  мереке  болып  өтті.  Еліміздің 

Әнұранымен  шымылдығын  ашқан 

салтанатты 

мерекенің 

басында 


университетіміздің  ректоры,  акаде-

мик  Жексенбек  Әділов  сөз  сөйлеп, 

жиналғандарды  білім  күнімен  құттық-

тап,  университет  табалдырығын  алғаш 

рет аттап отырған бірінші курс студент-

теріне  сәтті  қадам  тіледі.  Сондай-ақ 

ректор Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан 

–  2050»  Стратегиясында  білім  беру 

саласындағы  басымдықтардың  бірі  ре-

тінде  инженерлік  білім  беруді  және 

заманауи  техникалық  мамандықтар 

жүйесін дамытуды атап өткенін айтты. 

Сонымен  қатар,  биылғы  оқу  жылында 

университетімізге  2500-ге  жуық  сту-

дент  оқуға  түскенін,  оның  2000-нан 

астамы  мемлекеттік  грант  иегерлері 

екенін айтқан ректор 80 жылдық тари-

хы бар ҚазҰТУ-да білім алып, осы қара 

шаңырақтан  түлеп  ұшқан  түлектердің 

Отанымыздың  түкпір-түкпірінде  жемі-

сті  еңбек  етіп  жатқанын  мақтанышпен 

жеткізді.                                                        

Мереке барысында Қаратай Тұрысов 

атындағы  Геология  және  мұнай-газ  ісі 

институтының  директоры  Ерік  Бесім-

баев  және  Әшір  Бүркітбаев  атындағы 

Өнеркәсіптік инженерия институтының 

директоры  Әуезхан  Тұрдалиев,  гео-

логия-минералогия 

ғылымдарының 

док-торы,  профессор  Нәсіпқали  Сей-

ітов,  Мемлекеттік  сыйлықтың  иеге-

рі,  профессор  Махаббат  Түсіпбеков 

мырзалар  құттықтау  сөз  сөйледі. 

Техникалық  жоғары  оқу  орындары 

арасында  көшбасшы  болып  отырған 

ҚазҰТУ-дай білім ордасын таңдап, сту-

дент атанып отырған жастарды бірінші 

күннен бастап бойларына сапалы білім 

жинауға  шақырды.  Биыл  университет 

табалдырығын  аттаған  бірінші  курс 

студенттері  атынан  «Алтын  белгі»  ие-

гері  Абай  Әбішев  сөз  сөйлеп,  өздеріне 

артып  отырған  сенімді  ақтап,  универ-

ситет  тәртібі  мен  ережелерін  сақтап, 

жастық  жігерлерін  білім  шыңынан 

көрінуге жұмсайтындықтарын жеткізді. 

Сонымен  қатар,  салтанатты  мерекеде 

университет мақтанышы, 2-курс магис-

транты Қосқанат Көпжасарұлы да бірін-

ші курс студенттеріне ақ жол тілеп,  ән 

шырқады. 

Биылғы  оқу  жылында  республика 

бойынша  техникалық  мамандықтарға 

12341  білім  гранты  берілді.  Соның 

2000-нан астамын ҚазҰТУ-дың иеленіп 

отырғаны үлкен мақтаныш. Алматыдай 

әсем  қалаға  арман  қуып,  ҚазҰТУ-дай 

көшбасшы оқу орнын таңдап, білім ізде-

ген  студент  жастарға  жарқын  болашақ 

тілейміз! 

Эльмира ОРАЛБАЕВА

ЌазЎТУ-даєы БІЛІМ КЇНІ



ҚазҰТУ-да  мұнай-газ  саласы 

қызметкерлерінің  кәсіби  мереке-

сіне  арналған  салтанатты  жиын 

болып өтті.

Алғашқы 

сөз 

алған 

ҚазҰТУ  ректоры,  акаде-

мик    Жексенбек  Мәкейұлы 

Әділов 

жиналғандарды 

Мұнайшылар  күнімен  құт-

тықтап,  мұнай  саласының 

өткені  мен  бүгініне  кеңінен 

тоқталды.  «Университетте  

мұнай-газ  саласына  маман-

дарды  даярлау  1942-жылы 

Қазақ тау-кен институтының  

мұнай  факультетінде  қолға 

алынып, 1960-жылдары  нақтылы 

дамуын  «геология  және  мұнай 

мен газ орындарын барлау» және 

«мұнай  және  газ  орындарын 

өңдеу»  мамандықтары  бойынша  

қабылдаудан бастады. Осы уақыт 

ішінде  университетіміздің мұнай-

газ  мамандығын  9000-нан  астам 

түлек   бітіріп   шықты. Олардың 

арасында    республикамызда 

жоғары  дәрежелі   қызмет атқарып,  

Қазақстан  Республикасының  да-

муына қомақты үлес қосқан  аза-

маттар  санатына  Л.Қ.Қиынов, 

Н.Ө.Балғынбаев,  Б.Д.Елеманов, 

К.О.Исказиев,  М.И.Құрбанбаев, 

О.С.Герштанский,  А.Р.Өтесінов, 

А.Н.Нысанғалиев  және  тағы 

басқаларды  атауға  болады.  Жы-

лына  университетімізден  500-ден 

аса  маман  даярланып  шығуда»  - 

деді ректор өз сөзінде.

Бұдан  кейін  құттықтау  сөз 

алған 

Қазақстан 



Республи-

касы  Мұнай  және  газ  минис-

трлігі 

атынан 


«ҚазМұнайГаз» 

Ұлттық  компаниясының  Ғылыми-

техникалық     кеңесінің    атқарушы 

хатшысы,    химия    ғылымдарының 

докторы, 

профессор 

Раушан 

Сармұрзина      ҚазҰТУ       ректоры 



Ж.М.Әділовты  Қазақстан  Респуб-

ликасы  Мұнай-газ  министрлігінің 

«Мұнай-газ  саласын  дамытуға 

қосқан  үлесі  үшін»  медалімен  ма-

раппаттады.  Сондай-ақ,  Қазақстан 

Республикасы  Мұнай  және  газ  ми-

нистрлігі атынан институтымыздың 

бір 


топ 

оқытушы-ғалымдары 

Құрмет  грамотасымен  мараппат-

талды.  Олардың  қатарында  химия 

ғылымдарының докторы Г.И.Бойко, 

кафедра  меңгерушісі  Т.А.Еңсебаев, 

техника  ғылымдарының  докторы 

Б.Т.Ратов  т.б  техника  ғылымына 

еңбегі сіңген азаматтар бар. Сонымен 

қатар, ҚазҰТУ ректоры бүгінгі мере-

кемен қатар келіп отырған мұнай-газ 

саласына  маман  кадрлар  даярлауда  

көптеген  жылдар  жемісті  еңбек  ет-

кен бірқатар ұстаздарды 75 жылдық 

мерейтойларымен құттықтап, оларға 

ұзақ ғұмыр, бақытқа толы өмір тіле-

ді. Иықтарына шапан жапты. 

Бұл салтанатты шарада «Мұнай-

газ саласына маман даярлауда қосқан 

үлесі  үшін»  университеттің  Құрмет 

грамотасымен бір топ оқытушылар,  

оқудағы үздік жетістіктері үшін ма-

гистранттар мен студенттер де  ма-

раппатталды.

Салтаннатты  іс-шара  шағын  ме-

рекелік концертке ұласты.



Жұлдыз БАҒАШАРОВА

МЎНАЙШЫЛАР 

МЕРЕКЕСІ

“Халықтың  кемеліне  келіп, 

өркендеп өсуі үшін ең алдымен  білім 

қажет”.            Шоқан УӘЛИХАНОВ 

Жас  мұраты,білім  тәлім  тала-

бы...

Өнер оқу – жастың қару-жарағы   

                                       І.ЖАНСҮГІРОВ

Өнер - қанат, білім - санат

 Халық даналығы

«Мектепте  оқу  керек,  ал  мек-

тептен  шыққаннан  кейін  одан  да 

көбірек оқу керек» 

Д.И.ПИСАРЕВ 

Ақыл,  ой,  білім  –  әр  адамның 

сәулеті

Халық даналығы

ҚАНАТТЫ СӨЗДЕР


«РАС» 

«РАС» газеті оќырмандарынан ќ

газеті оќырмандарынан ќызыќты хаттар кїтеді

ызыќты хаттар кїтеді

ызыќты хаттар кїтеді

2

Университетіміздегі  №3  жатақхананың  Акт  зал-



ында  унииверситет  ректоры,  академик  Жексенбек 

Әділовтің  белсенді  студент-

термен, 

магистранттармен 

бейресми  кездесуі  болып  өтті. 

Тәрбие  жұмысы  жөніндегі  про-

ректор  Гүлнәр  Сәрсенбекова,  жастар 

ұйымдарымен  жұмыс  жөніндегі  бөлім 

бастығы  Арайлым  Өмірбекова,  сондай-

ақ,  университетіміздің  он  екі  ең  бел-

сенді  студенттері  мен  магистранттары 

қатысқан бұл кездесу сұхбат түрінде өтті. 

Кездесуде белсенді студенттер мен маги-

странттар  ректормен  берекелі дастархан 

басында  бас  қосып,  еркін  әңгімелесті. 

Ойында  жүрген  түрлі  сұрақтарына  жа-

уап  алып,  ұсыныстарын  ортаға  салды. 

Биыл белсенді студенттердің қатарына 1-

курс студенті, «Алтын белгі» иегері Абай 

Әбішев қосылып отыр. Ректорға қойылған 

сұрақтардың  басым  бөлігі  білім,  ғылым 

және әлеуметтік жағдай төңірегінде бол-

ды. 

Студенттер  биылғы  оқу  жылының 



ерте  басталғанына  байланысты,  қысқы 

демалысқа  ерте  шығып,  үйлеріне,  ата-аналарының 

жанына  ерте  барып,  жаңа  жылды  өз  үйінде  қарсы 

алатындықтарына ризашылықтарын білдіріп, ректорға 

осындай  мүмкіндік  жасағаны  үшін  алғыстарын  айт-

ты.  ҚазҰТУ-дың  студент-жастары  «Жатақхана  –  өз 

үйің»  деген  сөзді  қаперінде  ұстап,  өзара  татулықпен, 

ынтымақпен  өмір  кешуде.  Би-ыл  студенттер  саны 

былтырғымен  салыстырғанда  көбейіп  отыр.  Бұл 

–  қуанышты  жағдай.  Алайда,  жатақханада  орын 

санының  жетіспеушілігі  байқалуда.  Осыған  байланы-

сты  студенттер  «жатақханаға  5-ші  қабат  салуға  бола 

ма?»  деген  сұрақтар  қойды.  Пәндік  олимпиадаларға 

университет  тарапынан  қолдау  көрсетілсе  деген  де 

ұсыныстар  айтылды.  Сонымен  қатар  студенттер  уни-

верситет  жанынан  өзара  ренжісіп  қалған  жандарды 

табыстыруға  көмектесетін  «Татуласу»,    сол  сияқты 

ғашық  жандардың  өзара  сырласатын  арнайы  орын 

бөлінген «Махаббат» атты «Достар аллеясы» жобасын 

жасау секілді қызықты да тартымды ұсыныстарын да 

жеткізді. 

Ректор  өз  сөзінде  жатақхана  мәселесінің  шешімін 

табатынын  жеткізіп,  студенттердің  басқа  да  ұсыныс-

тілектеріне  қолдау  білдірді.  «Осындай  дәрежеге 

қалай  жеттіңіз,  биік  белестерді  бағындыру  үшін 

біздерге  қандай  ақыл-кеңес  берер  едіңіз?»,  «Сіз  де 

жатақханада тұрған екенсіз. Жатақханада қандай тағам 

әзірлейтін  едіңіздер,  сүйікті 

тағамыңыз  қандай?»,  «Қандай 

армандарыңыз  бар?»  деген 

сұрақтарға  ректор жастық кезін 

есіне  алып,  қызығы  мен  шыжығы  мол  сту-

денттік  жылдарына  шегініс  жасап,  бар  ын-

тасымен  ақтарыла  жауап  берді.  «Бір  пайыз 

талант, тоқсан тоғыз пайыз еңбек» демекші, 

жетістікке жету үшін талмай еңбектеніп, бі-

лім  жинау  керек  екенін  ректор  баса  айтты. 

Сондай-ақ,  болашақта  университетте  да-

ярланып  жатқан  техникалық  мамандардың 

еліміздің  игіліне  жұмыс  істеп,  егемен  елдің 

абыройын көтеруін, оқу орнының қарыштап 

дами беруін көргісі келетінін жеткізді. Сту-

денттік кезде әзірлеп үйренген палау тағамын 

бүгінгі  күнге  шейін  8-наурыз  қарсаңында 

дайындауды 

әдетке 


айналдырғанын  

қызықтыра  әңгімеледі.  Университетіміздегі 

«Техноспорт» велоклубының құрылғанына 1 

жыл  ғана  өтсе  де  ондағы  студенттер  жақсы 

нәтижелерге  жетіп,  үздіктер  қатарынан 

көрінуде.  Осы  велоклубтың  жұмысына  рек-

тор табыс тілеп, сыйға қысқа толқынды электр пешін 

тарту етті. Сондай-ақ, Ж.Мәкейұлы Алматы қаласының 

брендіне  айналған  қып-қызыл  апорт  алмаларын  сту-

денттерге сыйлады. Кездесуді Жоғары технологиялар 

және  тұрақты  даму  институтының  3-курс  студенті, 

«Үздіктер»  отрядының,  «Техноспорт»  велоклубының 

жетекшісі Ұлан Тоқтарқұл жүргізді.  

                                                                                       

                    Эльмира ОРАЛБАЕВА      

  Университет тынысы

Университет тынысы

                  

РЕКТОРМЕН  БОЛЄАН ЖЫЛЫ ЖЇЗДЕСУ

Жас  ұрпақты  еңбекқорлыққа,  

туған  елін  сүюге  тәрбиелеуде  сту-

денттер құрылыс жасағының маңызы 

зор.  Студенттік  құрылыс  жасағы 

-  бұл  адамның,  жеке    тұлғаның  мі-

незі,  қоршаған  ортасына  деген 

ықыласы  сыналатын    еңбек  майда-

ны.  Өткен  ғасырларда  студенттік 

өмірді  құрылыс  жасағынсыз  еле-

стету  мүмкін  болмаған.  70-ші  жыл-

дары  Болгарияда,  Польшада,  Гер-

манияда,  Венгрияда  жұмыс  істеген 

алғашқы  интернационалдық  сту-

денттер  құрылыс  жасағы  құрылды.  

Студенттік  құрылыс  жасағының 

биылғы  жылғы  еңбек  майданын 

көрген сарбазы ретінде мұны сенім-

ділікпен, мақтанышпен айта аламын. 

СҚЖ  -  болашақта  мемлекетіміздің 

тізгінін  ұстайтын  нағыз  ұлтжанды, 

қиындықтарға төтеп бере алатын па-

триот тұлғалар даярлайтын ошақ. 

Өмір  баспалдақтарында  жан-

жақты 

тәрбиеленген 



бүгінгі 

жас  ұрпақ  –  ел  ертеңі.    Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  эко-

номикалық,  әлеуметтік  және  сая-

си  жедел  жаңару  жолында»  атты  

Қазақстан  халқына  Жолдауында 

айтылған  міндетті  және  Алматы 

қаласы  әкімдігінің  «Алматы  қаласы 

студенттік  құрылыс  жасақтарының 

штабы  туралы»  қаулысын  орын-

дау  мақсатымен  университетімізде 

биыл Студенттік құрылыс жасақтары 

құрылған болатын.     

Үстіміздегі  жылдың  жаз  мезгі-

лінде олар университет ғимараттары 

мен 


жатақханаларын 

жөндеу 


жұмыстарына  белсене  атсалысты. 

Студенттер  құрылыс  жасағында 

биыл университет  институттарынан 

іріктеліп алынған 16 студент жұмыс 

істеді.  Олар:  Бақберген  Жолдыбаев, 

Ернар Әлібеков, Нұрсұлтан Арабаев, 

Наурыз  Садық,  Бексұлтан  Сейдалы, 

Айдын Қыдырбай, Мағжан Өмірбаев, 

Гүлнұр Байгелдина, Азиз Мүтәліпов, 

Біржан  Талжанов,  Ұлпан  Бөрібаева, 

Ұлжан Серкебаева, Әділбек Құмбаев, 

Ақтөре  Бекмырза,  Лаура  Аярова, 

Нұрмаханбет Исахан. 

Олардың  әрбірі  университет 

ғимараттарының  және  жатақхана 

бөлмелерінің   эстетикалық көрінісін 

әсемдеуге  маңызды үлес қосты. Бір 

айға  созылған  жұмыс  бірінші  шіл-

деден басталған еді. Жасақтағы сту-

денттер таңғы 9-дан қара кешке дей-

ін  тынымсыз  еңбек  етіп,  аянбай  тер 

төкті. Нәтижелі еңбек қазір өз жемісін 

беріп  отыр.  Университет  әкімшілігі 

де  жасаққа  бар  мүмкіндігін  салып 

жағдай  жасады.  Оларға  жалақы 

төленеді  және    жатақханада  тегін 

тұрады.  Бұл  –  университеттің  сту-

денттерге  деген  үлкен  қамқорлығы. 

Университеттегі 

департамент 

қызметкерлерімен  бірігіп  жұмыс 

атқарған  жасақтағы  студенттер  «біз 

университетке  не  береміз?»  деген 

ұранмен   ҚазҰТУ аумағын тазарту, 

абаттандыру  жұмыстарын  атқарды. 

Жұмысқа білек сыбана кіріскен сту-

денттер  мұнда  тәжірибе  жинақтап, 

университетімізде  жұмыс  істей-

тін  құрылысшыларға  көмектесті.  

Құрылыс  заттарының  атын  ғана 

емес, оның қалай жасалатынына дей-

ін үйренді.



Ұлпан БӨРІБАЕВА, 

Тау-кен металлур-

гия институтының 

4-курс студенті 

СТУДЕНТТЕР ЌЎРЫЛЫС 

ЖАСАЄЫНЫЅ КҐМЕГІ


ЌЫЗЫЌТЫ ҐТКЕН КЕЗДЕСУ

ЌЫЗЫЌТЫ ҐТКЕН КЕЗДЕСУ

3

Алғашқы,  алдыңғы,  бірінші,  бастапқы  тырнақ 



алды  деген  сөздер  тіркесіп,  ондаған  синонимдер 

тобы Тұңғыш деген бір сөзді анықтайды.

“Алдыңғы  арба  қайда  барса,  соңғы  арба  сон-

да  барады”  деп    айтқандай,  не  нәрсенің  де  өмірге 

алғаш қадам басуы оның өсіп-өркендеуі мен дамып 

жетілуіне  негіз  болады.    Университетіміздің      80 

жылдығы қарсаңында  айтулы оқу ордасының  ру-

хани дамуындағы елеулі оқиғалар мен  соған ықпал 

еткен  айтулы  тұлғалар  өмірінің  өнегелі  тұстарын 

оқырманға    ықшамдап  беріп  отыруды  жөн  деп 

таптық. 

Тұңғыштар  деп  аталатын    бұл  шағын  мақалада 

Қаныш Сәтбаевтың есімін алып отырған инженерлік 

тұңғыш жоғары оқу ордасының рухани өміріне ұлы 

ғалымның о бастан-ақ қозғау салғанын аңғарамыз.  

Ал, бұл университеттің негізі 1933 жылы Семейдің 

геологиялық барлау институтынан бастау алатынын 

біреу білсе, біреу біле бермейді. 

 1934 жылы Алматыдағы Қазақ Тау-кен-меттал-

лургия    институты  ашылып,  санаулы  стундетпен  

аз  ғана оқытушы сабаққа қызу кірісіп кетті. Қазақ 

жерінде  ашылған  тұңғыш  инженерлік  оқу  орнына 

құтты болсын айтып, ақыл-кеңес беріп кетуге және 

зертханаға  қажетті  құралдар  мен    заттарды  табуға 

көмек  қолын  созу  үшін  инженер-геолог  Қаныш 

Сәтбаев  келді.  Институттың  тұңғыш  директоры 

Әшір  Бүркітбаев  Қаныш  ағаны  құшақ  жая  қарсы 

алды.  Директордың  аядай    бөлмесінде    үш-төрт 

кісі  ұзақ  шүйіркелесіп,  институттың  басты-басты 

мәселелерін талқылады.  Оларды қалай шешу жол-

дарын  қарастырды.  Студенттердің  өндірістік  прак-

тикасын  Қаныш  аға  өз  мойнына  алды.  Зертханаға 

қажетті  құралдарды  да  тауып  беретін  болды.  Бір 

уақ бағана  кірген кезден-ақ көзіне оттай басылған 

төрде  ілулі  тұрған  директордың  қара  домбырасын 

Қаныш Имантайұлы еппен қолына алды. 1931-1932 

жылдардағы  халықты  қынадай  қырған  аштықтан 

кейін  ел  ішінде  домбыра,  қобыз,  басқа  да  музыка 

аспаптары  үні  жоғалып  кеткен  кез.  Бірақ  қасиетті 

Қаратаудың ұланы Әшір киелі домбыраны қастерлеп 

төріне іліп қойғанына Қаныш ағасы іштей риза бо-

лып отыр еді. Домбыраны қолына алған ол Әшірге 

қарады.

–Әкеңіздің аты Жанәлі екен. Ал Бүркітбай атаңыз 



болар.  Мен  сіздерге  “Бүркітбай”  деген  халық  әнін 

орындап  берейін  деп  домбыраны  қағып-қағып  жі-

берді.  Тар бөлменің ішін домбыраның сазды үніне 

қосылған қоңыр дауыс алып кетті. Отырғандар сіл-

тідей тынды. Мынандай қиын да күрделі әнді емін-

еркін  орындап  шыққан    Қаныш  аға  домбыраны 

қайтадан орнына апарып іліп қойды.  

–Рахмет аға, қысқа да болса мынау бір керемет 

отырыс  болды,  халқымыздың  әнімен  жанымыз-

ды бір жадыратып тастадыңыз, – деп Әшір Қаныш 

ағаны қолынан қысты. 

Бәлкім  осы  ән  университет  қабырғасында 

шырқалған тұңғыш ән шығар.  Солай болуы әбден 

мүмкін.    Осыдан  кейін  домбыра  туралы,  одан 

халықтың  рухани  өмірі,  жастар  тәрбиесі  жайлы 

әңгіме  қозғалды. 

Ұлт 

мәдениетін 



көтеру    үшін  дом-

бырашылар 

ан-

самблін 


құру 

қажеттілігі 

ай-

тылды.  Осы  оқу 



орнының  тұңғыш 

басшысы 


Әшір 

Б ү р к і т б а е в т ы ң 

ұйымдастырып, 

ұйытқы 


болуы-

мен  тұңғыш  дом-

бырашылар 

ан-


самбілі  құрылды.  

Тұңғыш  ашылған  

инженерлік оқу орнының алғашқы бірінші басшы-

сы  мен  тұңғыш  инженер-геолог  осылай  кездесіп, 

ұлы  ғалымның  ақыл-кеңесімен  қазақтан  шыққан 

тұңғыш ансамбль өмірге келді.  Бүгінгі таңда қазақ 

мәдениетін  дамытуға  ерекше  үлес  қосқан  ұстаз-

ғалымдар  Ағжан  Машанов,  Өмірхан  Байқоңыров, 

Мейрам  Құрманғалиевтер    осы  қара  шаңырақтың 

тұңғыш  студенттері  әрі  тұңғыш  түлектері  болды. 

Сол кездегі Тау-кен метталургия  институты, кешегі  

“Политех”,  бүгінгі  Қ.И.Сәтбаев  атындағы  ҚазҰТУ 

рухани өмірінің негізі осылай бастау алған еді. 

Аспандияр ӘДЕНҰЛЫ

ТЎЅЄЫШТАР

ҚазҰТУ  түлектерінің  кездесуі  Қазақсатандағы 

металлтану  мектебінің  негізін  қалаған  ұлы  ғалым 

Қаныш  Имантайұлы  Сәтбаевтың  ескерткішіне  гүл 

шоғын  қоюмен    басталған  бола-

тын.

Құрылысшы  түлектер  осы-



дан  40  жыл  бұрын  инженерлік-

құрылыс  мамандығы  бойынша 

университетті 

«Өнеркәсіптік 

және  азаматтық  құрылыс»  және 

«Жылу−газбен  қаматамасыз  ету 

және  желдету»  мамандықтарында 

оқып диплом алған еді. 

Университетіміздің Акт залын-

дағы  жүздесу  салтанатты  жиыны 

осы  уақыт  аралығында  өмірден 

өткен  ұстаздар  мен  шәкірттерді 

еске алудан басталды.  

«Сіздерді  Қ.И.Сәтбаев  атын-

дағы  Қазақ  Ұлттық  техникалық 

университетін  бітіріп,  халық 

шаруашылығының түрлі саласын-

да  қызмет  атқарғандарыңызға  40 

жыл  толуымен  құттықтаймын», 

-  деп  бастады    кездесудің  ашылу    жиынын-

да  университетіміздің  оқу-әдістемелік  және 

халықаралық байланыс жұмыстары жөніндегі 

проректоры 

Сәрсенбек 

Сейітбекұлы 

Жүсіпбеков:  «Сіздер    кең  байтақ  еліміздің 

түкпір-түкпірінде 

көптеген 

ғимараттар 

мен  құрылыстар    тұрғызып,  Отанымыздың 

гүлденуіне зор үлес қосып келесіздер. ҚазҰТУ 

түлектерінің  ішінен  ірі-ірі  ұжымдарды 

басқарған басшылар, әкімдер, халық қалаулы-

сы  болған  депутаттар,  сондай-ақ  құрылыс 

саласының  қарыштап  дамуына  тың  жаңалық-

тар әкелген ғалымдар да шықты. Университе-

тімізді 1968–1973 жылдары құрылыс инжене-

рі  мамандығы  бойынша    Отанымызға    еңбегі 

сіңген, осы  саланың таңдаулы атақтарын алған 

мамандар  да  жетерлік.  Сіздердің  қажырлы 

еңбектеріңіздің арқасында республикамыздың 

көптеген қалалары, ауылдары, өндіріс орында-

ры көркейді».

Бүгінгі  күні  бұрынғы  институт,  қазіргі  уни-

верситет  атанған  осы  оқу  орнынан  түлеп  ұшқан 

түлектердің  ішінен  2–ғылым  докторы:  Б.Құмар, 

К.Төлебаев,  2  ғылым  кандидаттары:  А.Кравченко, 

Р.Қашкенбаева, «Құрмет» орденімен марапатталған 

4 адам: С.Аманжолов, К.Омарбаев, Қ.Тұяқбаев, ҚР-

ның  Құрметті  құрылысшылары:  Ә.Жарқынбаев, 

Б.Төртқарин,  Е.Шоранов,  В.Глазунов,  К.Төлебаев, 

М.Серғазин, ҚР Мемлекеттік сыйлығының бір иеге-

рі К.Төлебаев және тағы басқа да танымал азаматтар 

бар. 


Өздерін  оқытқан  ұстаздар:  Серғазы  Оспа-

нов,  Тілес  Ақбердин,  Мағзұм 

Алдоңғаров,  Сырым  Бөкейханов, 

Рахымжан  Қабашев,  Мырзағали 

Сабалақов,  Сапар  Мусин,  Шара 

Мұхамедшакірова және Тәуке Ал-

тынбеков  арнайы  шақырылып,  өз 

шәкірттеріне  деген  жылы  лебіз-

дерін,  атқарған  еңбектеріне  үлкен 

алғыстарын білдірді.

Салтанатты  жиыннан  кейін 

1973  жылғы  түлектер  ҚазҰТУ-

дың  тарихи  және  геологиялық 

мұражайларын, 

Ғылыми-техни-

калық  кітапхананы  аралап,  оның 

жұмысымен  танысты. 

- Қырық жыл аз уақыт емес. Сон-

да да кешегі студенттік шақты сол 

қалпында есімізге түсірген көңілді 

де тарихи кездесу болды бұл, – деп 

еске  алды  сонау  Ұлыбританияның 

Лондон  қаласынан  келген  Роза 

Қашкенбаева, Израильдің Тел-Авив қаласынан кел-

ген Александр Глозман және Сочи қаласынан кел-

ген Игорь Аганесов. 

Кездесуге  жиналған  түлектер  түс  ауа  Ал-

маты облысының Қарғалы ауылындағы «Жаңа 

Алмаш ауылы» атты мейрамханада бас қосты. 

40  жылдық  кездесу  тойына  жиналған  90-

ға  жуық  құрылысшы  түлектерге  «ҚазҰТУ-

дың  құрылысшы  түлектеріне  40  жыл  (1968 

−1973жж.)» атты естелік  кітабы табыс етілді. 

Бұл  кітаптың  авторлары  да  осы  түлектердің 

өздері. Кешті  инженерлік-құрылыс факульте-

тін бітірген С.Аманжолов, Б.Құмар және В.Гла-

зунов жүргізді. 

Түлектердің  40  жылдық  кездесуі  еліміздің 

түкпір-түкпірінен  жиналып  бас  қосқан 

құрылысшы мамандардың қызықты сәттерімен 

есте қалды.   



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет