Жылдың қазан айынан шығады



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата12.02.2017
өлшемі12,25 Mb.
#3967
1   2   3   4   5   6

Айгүл МОЛДАҒАНАПОВА,

ассистент,

Гүлнұр ҚҰРМАНОВА,

инженер

ЌазЎТУ-дыѕ ЌЎРЫЛЫСШЫ ТЇЛЕКТЕРІНЕ – 40 ЖЫЛ 



ҚазҰТУ-дың 80 жылдығы қарсаңында                 

«Сен де бір кірпіш дїниеге, кетігін тап та бар ќалан». Абай

«Сен де бір кірпіш дїниеге, кетігін тап та бар ќалан». Абай

4

Қазақстан  Жазушы-

лар  одағының  мүшесі, 

оншақты жыр жинақтың 

авторы,    белгілі      ақын 

Мінуар  ӘКІМХАНОВ-

тың Отансүйгіштік  та-

қырыбына жазған өлеңін 

беріп отырмыз. 

ҚАЗАҚПЫЗ ТҮЗЕП АЛҒАН БІЗ БАҒЫТЫН

Тәуелсіз қазақ елін жұрт таныды,

Жеріме бақыт, байлық, құт дарыды.

Арқасы азаттықтың байтақ далам,

Атомның сынағынан құтқарылды.

Біз көрдік еркіндіктің шаттық күнін,

Енді оның тауыса алам ба, айтып құнын.

Қазақтың қасиетті аты қазір,

Әлемнің аралап жүр бар түкпірін.

Қонған соң қолымызға құт пен ырыс,

Кеңейді кешегідей тіптен тыныс.

Тәуелсіз жиырма жылда ғасырға тең,

Егемен елімдегі біткен жұмыс.

Түсетін жастар өсті ұшқынды іліп,

Ертеңге қарауға олар құштар күліп.

Қазақтың тыныштықпен тындырғанын,

Дос түгіл, отыр бүгін дұшпан біліп.

Игі істер бір-бірімен кіл ұштасып.

Келеміз алға адымдап, дұрыс басып.

Жатқанын жалпақ әлем білді бүгін,

Жерінде қазағымның ырыс тасып.

Елбасы айта алған соң байламды сөз,

Қайсыбір қарау пенде тайсалды тез.

Халық деп бағалап жүр ізгі жандар,

Қазақты кең пейілді, қайсар мінез.

Құл болып құламадық құзға бүтін,

Опырдық ортасынан мұз қамытын.

Бір шылбыр, екі тізгін қолға тиіп,

Қазақпыз түзеп алған біз бағытын.

Талай ұлт тапқан достық жарасымын,

Байырғы байтақ елдің баласымын.

Тарықпай тамыр жайсын ұрпағым деп,

Отаным арнап отыр бар асылын!

Қорқыт Ата VII ғ. Сыр бойында өмір сүрген, әрі 

кемеңгер  ойшыл,  әрі  ақын,  сазгер  болған.  Тарихта 

үлкен із қалдырған қайраткер. Өзінің философиялық 

толғамдарында  өмір  және  өлім  туралы  мәңгілік 

мәселелерді    көтереді.  Философиялық  тұрғыда 

өлместік  проблемасын  қиялмен  іздестіреді.  Аңыз 

бойынша ол Желмаяға мініп, өлімнен қашпақ болып, 

әлемнің төрт бұрышын кезеді. Бірақ, қайда барса да ал-

дынан қазылып жатқан «көр» (қабыр) кездеседі. «Кімге 

қазып  жатырсыңдар?» 

деген  сауалға:  «Бұл 

Қорқыттың көрі» деген 

жауап алады. Содан ол 

таңданып,  ойға  қалып, 

мәселенің 

жауабын 

табиғаттан сұрамақ бо-

лады. Оған жануарлар, 

құстар,  сылдырлаған 

шөптер, 

сарқырап 

аққан  сулар,  гуілде-

ген  жел:  «Дүниеде 

өлмейтін ешнәрсе жоқ. 

Бәріміз  де  мәңгілік 

емеспіз»  деп  жауап 

қайтарады. 

Бұл  жауаптардан  ойға  қалған  Қорқыт  Ата,  өзіне 

«енді  не  істеймін?»  деп  сұрау  қойып,  оған  жауап-

ты  былай  табады:  «Дүниеде  мәңгі  өмір  сүру  үшін, 

өлместік  іс  қалдыру  керек».  Содан  ол  қобызбен 

күйлер шығарып, сонымен қатар батырлық, аңшылық, 

адамгершілік  туралы  дастандар  тудырып,  оны  өзі 

орындап, қоғамдық рухани қозғалыс ендіреді, есімін 

мәңгілікке қалдырады. Сөйтіп, Қорқыт Ата өмір мен 

өлім мәселесін көтеріп, ХХ ғасыр басында Еуропада 

дүниеге  келген  экзистенциаллизм  философиясына 

одан мыңдаған жыл бұрын бастау жасаған деуге бола-

ды. Сол мәселені алғаш көтерген. 

Қорқыт Ата гүз (оғыз) тайпасынан шыққандықтан, 

оның  ұрпақтарына  қазақтармен  қатар,  түрікмендер, 

түркілер,  азербайжандықтар  да  жатады.  Сондықтан 

ол бәрімізге бірдей ортақ баба, тарихи тұлға. Бұл да 

тегін  емес,  көшпелілердің  басқа  этностарға  тигізген 

нақты әсері. 

Қорқыт  Ата  дүние  салған  соң,  оның  ізбасарлары 

барлық  шығармаларын  жинақтап  «Қорқыт  Ата  кіта-

бы»  деп  жарыққа  шығарған.  Қорқыт  Атаның  туып, 

өскен  жері  шамасы  Қызылорда  облысы,  Қармақшы 

ауданына  жататын  Жанкент  қаласы  болса  керек.  Ол 

қазіргі  тарихи  төмпешік,  кезінде  Оғыздар  орталығы 

болған. 

Қорқыт  Ата  кітабы  қолжазбасы  Римдегі  Ватикан 

мұражайынан табылып, одан түріктер, олардан біз ба-

сып шығардық. 

Қорқыт  Ата  туындысы  әлемде  көп  таралған 

шығарма. Әбілқасым Фирдоуси өзінің «Шахнамасын-

да» оның кейбір жыр-әңгімелері мен шығармашылық 

әдісін қолданған делінеді. 

Сонымен,  қорытынды  ретінде  айта  кететін  бір 

мәселе  ол  мынау:  Қорқыт  Ата  шынымен  өлімнен 

қашты  ма?  Сірә, 

мәселе  олай  болма-

са  керек.  Бірінші-

ден, Қорқыт Ата VII 

ғасырда  өмір  сүрді 

дедік. Ол кезде  VII 

ғасырда дүниеге кел-

ген ислам діні Орта 

Азияға тарап жеткен 

болатын.  Сыр  бойы 

да  солай  болған-

ды.  Ал,  Қорқыт 

Ата  мұсылман  ді-

нін 


қабылдаған 

болса  керек.  Ал, 

исламда адамға жан 

беретін де, оны алатын да Аллаһ. Олай болса, Қорқыт 

Ата  оған  қарсы  келмесе  керек.  Екіншіден,  Қорқыт 

Атаны  мазалаған  өлместік  емес,  әлемде  мәңгілік  ірі 

іс қалдыру. Бұл үлкен философиялық проблема. Егер 

ХІХ  ғасырда  өмір  сүрген  Абай  жәйбарақаттықтан 

еңбек етуге шақырған болса, оның бастауын Қорқыт 

Атадан іздеуіміз керек демекпін. «Өлді деуге бола ма, 

ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» де-

ген Абай пікірі Қорқыт Ата ізденіс ойларымен үндес. 

Олай  болса,  Қорқыт  Атаны  аңыз  бойынша  емес, 

философиялық  талдау  тұрғысынан  қарастыруымыз 

керек. Өйткені ол өлімнен қашқан жоқ, мәңгілікті із-

деді. Мақсат – өмірге келген соң тек ішіп-жеп уақыт 

өткізу  емес,  қоғамда  пайдалы  із  қалдыру.  Мәңгілік 

деген  осы.  Бұл  үлкен  тәрбиелік  мәні  бар  мәселе. 

Сондықтан да Қызылорда мемлекеттік университетіне 

Қорқыт Ата есімі берілген. 2012 жылы ол университет 

өзінің 75 жылдығын тойлады. Бұл университеттен он 

мыңдаған  мамандар  білім  алып,  еңбекке  араласып, 

мәңгілікті жалғастыруда. 

Досмұхамед КІШІБЕКОВ,

ҚР ҰҒА-ның академигі         

  Таным

             

ЌОРЌЫТ АТА – МƏЅГІЛІКТІ  ІЗДЕУШІ

At contemporary conditions Universities are the scien-

ce  and education  centers. In these aspects it’s very actual 

and have to be  possibility of the creatively collaboration 

between  teacher and student.   Students  can take part in 

working out  scientific investigations under the leadership 

of scientists in the different fields of sciences.

There are different forms of participation  of students 

for work out investigations such as fulfill projects on profi-

le  of chairs accordance with the scientific programs of the 

university, participation in experimental works and studyi-

ng physical-chemical basis of the technological processes, 

it may be participation in olympiad contest in the different 

branches of sciences  -  mathematic, physic, chemistry, ec-

ology, technology  etc.

The  global  ecological  problems  require  work  over  of 

planetary politics for crossing to other systems of value of 

humanity. This is task of such scientific and educational 

sphere of action of man as engineering ecology, ecology 

and  sustainable  (stable)  development,  and  this  problem 

don’t solution by neither existences science. It’s necessa-

ry forming of creative educational space, because are very 

actually questions connected with creative methods of tea-

ching, giving knowledge’s to new generation and problems 

of development in conditions of united culture in the planet 

scale, when technological activity estimated not from point 

of view of receiving blessing but from point of view cons-

equences for future generations. 

Chair is making an important contribution to learning 

and teaching in fields of ecological and biotechnology ed-

ucation, forming the ecological mind of graduates and it’s 

ability  solution  questions  of  rational  and  complex  using 

natural and technogenic raw, safety of nature, lowering of 

negative influence technology upon environment  in acco-

rdance with program of training for bachelor. For example 

there are shown different programs (Syllabuses) connected 

with profile of chair.

Discipline  “Ecology  and  sustainable  development”  is 

the discipline for specialization on “Applied Ecology” in 

accordance  with  the  work  teaching  plane  (syllabus)  and 

also some disciplines in specialization “Biotechnology”. 

The aim of studying discipline- is receiving theoretical 

knowledge’s and experiences for analyzing of ecological 

conditions of the environment[1].

The program includes lectures and practice studies.

The main tasks of general ecology and biotechnology 

are studying of the environmental problems. Their causes 

and sustainability, reliable means and facilities to provide 

for the ecological safety during of function of natural –in-

dustrial complex and close connected with scientific prog-

rams. Investigations permit obtain experience of analysis 

the natural capital, natural resources  and natural services, 

moreover receive the scientific results for diploma, course 

project, for writing articles, easy etc.

Student obtains knowledge  to:

- calculate of danger of pollution atmosphere by emis-

sion on the enterprise, about danger speed of wind for di-

spersion of pollutants, category of dangerous of enterprise 

(CDE),  determine  degree  of  mixing  and  diluting  sewage 

in body of water near of site, degree of purify of sewage, 

modeling different chemical –technological processes; an-

alysis and estimate sanitary –safe zone; work out natural 

safe decisions.

After studying students will have to know: about of ec-

ological  and biological problems and specific character of 

different branches of industry and ways of its decision and 

they have to know: organization of rational use nature on 

the  enterprise;  create  of    the  technological  and  technical 

methods of lowering of pollution environment by emission 

and sewage;  means of purity and technology of utilization 

the industrial emissions in environments;  have to exploit 

apparatus and equipment for lowering of emissions and sh-

edding sewage in to environment. 

Our  chair  connected  with  different  foreign  scientists 

and universities such as: University of Nebraska (Lincoln, 

USA), Humboldt  University (Berlin, Germany), Jerusalem 

University (Tel-Aviv, Israel) etc. The periodic publication 

of Nebraska University in it’s “Newsletter” had given in-

formation about representatives of KazNTU: “Visiting sc-

holars from Kazakhstan, Gr.Bakhytzhan Anapiyayev and 

Dr. Konirsha Iskakova arrived in mid-June… They will be 

working with Dr. Ismael  Dweikat and Dr. Steve Baenzig-

er to conduct research on wheat using DNA-based marker 

breeding to estimate the genetic diversity I their local cu-

ltivars… They are both looking forward to completion of 

their experiments”.

So after studying  the  theoretical methods of investig-

ation in different fields of scientific work and of decision 

physic-chemical questions students will have deep knowl-

edge of instrumental methods of investigations,  means of 

synthesis and crystallization substances,  ways of calculati-

on emission harmful substances into environment.

Kinds of the current control are testing work, paper (ea-

ssy), colloquim, work out laboratory works, written articles  

etc. Date of giving results of the current control determin-

ed in accordance with the calendar graph of the research 

work. 

So creative teaching by the method of collaboration of 



tutor and student is very useful  and perspective.

Raissa KAZOVA

                        Dr. chem.sci., professor of Chair of

                                                       Applied ecology

COLLABORATION BETWEEN TUTOR AND STUDENT ON THE BASIS OF THE SCIENTIFIC INVESTIGATIONS



«Ґнер сыйлаєан  ґрге шыєады, дəстїрін сыйлаєан тґрге шыєады»

«Ґнер сыйлаєан  ґрге шыєады, дəстїрін сыйлаєан тґрге шыєады»

5

Халқымыздың рухани қазынасы - ән  мен  күй  бүгінгі 



таңда  жас  ұрпаққа  тәрбие  берудің  ұтымды  да  әсерлі 

жолы. Бізге мұра болып жеткен бұл қазыналарымыздың 

ұрпақ тәрбиесінде маңызы өте зор екендігін ұлы  жазу-

шы  Ғ.Мүсірепов:  «Халқымыз  бар  тарихын  көше  жүріп 

өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай,  жұртында 

қалдырмай,  шапқыншылыққа  шалдырмай,  барлық 

жинаған сөз байлығын, күй мен жырын ұрпақтан-ұрпаққа 

жеткізді», - деп айтып кеткен.

Тәрбиенің  ең  басты  салаларының  бірі  –  музыка. 

Әуеннің  адам  жанына  әсері  жөнінде  ұлы  ойшыл  Ари-

стотель  былай  деген:  «Ырғақ  пен  әуенде  әрқашан 

өмір  шындығы  болады.  Онда  адамдардың  қаһары  мен 

көркемділігі,  ерлігі  мен  байсалдылығы  және  оларға 

тән  барлық  қайшылықтар,  сонымен  бірге  адамдардың 

мінез-құлықтары  да  бейнеленеді.  Мұны  біз  әдетте  өз 

тәжірибемізден  де  байқай  аламыз.  Біз  ырғақ  пен  әуенді 

тыңдағанымызда көңіл күйіміз өзгеріп сала береді». Адам 

сезімі тым ұшқыр,  шегі жоқ. Сол ұшқыр сезімді бейнелеп 

жеткізуге тек әуеннің ғана құдіреті жете алады. Ән – сезім 

тілі. «Оқыған сайын оқудың керектігін сезінесің», - деген-

дей,  әсем  әуеннің  тұнығына  бойлаған  сайын  оның  сан 

салалы, тіпті ғажайып сырлы құдіретін сезіне бастайсың. 

Музыка тек адам жанына ғана әсер беріп қоймай, тіршілік 

әлемнің барлығына да әсер ететіні белгілі. 

Әуен - өнер, көркем ойлаудың бір көрінісі.  Ән – өнер 

әлеміндегі  күрделі  құбылыстардың    бірі  болып  табыла-

ды.  Тіршілік әлемінде ең жоғары ақыл иесі – адам жа-

нына  әуеннің  беретін  әсерінде  шек  болмауы  керек.  Ән  

–  адамзаттың  рухани  азығы,  жан  серігі  және  тілмен  ай-

тып  жеткізе  алмайтын  ұшқыр  қиялы,  нәзік  сезімі.  Ұлы 

Абай:  «Туғанда  дүние  есігін  ашады  өлең,  өлеңмен  жер 

қойнына кірер денең,» - деп, әннің адам өмірінде алатын 

орнын  мейлінше  дәл  сипаттаған.  Ал,  Шәкәрім  атамыз: 

«Ән  мен  күйдің  тілі  –  күн,  ұқпасаң  оны  –  саған  мін»,  - 

деп жазған. Біз шыр етіп жерге түсіп, өмір есігін ашқан 

кезден бастап, бесік жырын тыңдап,  әлди әуендерді естіп 

өсеміз.  Содан  адам  өміріндегі  қуанышы  да,  жұбанышы 

да,  қайғы-қасіреті,  бәрі-бәрі  де,  өлеңмен  өрнектеліп, 

әсем-әуендермен  әрленіп  отырады.  Сол    сияқты  әуен 

адамның өмірге деген құштарлығын оятып, тәтті бір күйге 

бөлейтін  аса  бір  сиқыр  күшке  ие,  өнер  саласының  бірі 

болып  саналады.  Кез  келген    халықтың  ғасырлар  бойы 

жасаған  мәдениеті  болады.  Оның  бірі  тарих  болса,  енді 

бір арнасы –  әдебиеті мен өнері.  Мұның ішінде  халық 

өмірінің айнасы, тұрмыс-салтының айқын айғағы болған 

әуені  ерекше, ырғағы бөлек, тұла бойы тарихқа тұнған 

өміршең халық әндерінің алатын орны тіптен бөлек. Сол 

себепті де ән – халық мұрасы.

Халқымыз  небір  қасіретке  толы  қилы  замандарды 

басынан  өткізді.  Сол  замандардың    қайғы-қасіреті  ел 

жүрегінде  күй  болып  күмбірлеп,  ән  болып  айтылып, 

халық  жанында  мәңгі  сақталып  қалды.  Сол  аласапыран 

өмірдің  бір  көрінісі  болатын.  Жерінің  шетіне  жау  тиіп, 

елінен айырылып, туып өскен мекенінен амалсыз қоныс 

аударуға мәжбүр болғанда шыққан сағынышты әннің бірі 

«Ағажай Алтайдай жер қайда». 

          Елім көшіп, қаңырап жерім қалды,

          Асқар асу шұрайлы белім қалды.

          Омырауын қарт ана жаспен жуып

          Қарай-қарай мекенге көзім талды.

          Өр Алтайдан дүркіреп ел көшті ғой,

          Ақ даланың тұсынан оқ есті ғой.

          Қара арғымақ сүрініп қу томарға,

      Қара нардың бұйдасын жау кесті ғой,-  деп айты-

латын осындай өміршең халық әндері қашанда сарқылмас 

қазынамыз,  таусылмас  тарихымыз.  Сол  сияқты  халық 

әндерін  естігенде  немесе  айтқанда  тек  жай  ғана  көңіл 

көтеру  деп  түсініп  қабылдауға  болмайды.  Себебі  әннің 

толып  жатқан  өзге  қасиеттері  де  бар.  Ән  –  адамның  

көңіл-күйі,  тебіренісі  мен  толғанысы,  табиғат  суретте-

месі мен өмір айнасы. Олай болса, бізге әсер еткен өмір 

құбылыстарының  барлығы  дерлік  ән  арқауына  айналып 

отырған.  Халық  әндері  халық  тұрмысы  және  өмірімен 

біте  қайнасқандықтан,  ол  ешқашан  өлмейді.  Ары  қарай 

ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ғасырдан-ғасырға жете бер-

мек.


Ән  өзінің  көркемдігімен  балалар  жанын  баурап, 

олардың  ақыл-ой,  сана-сезімінің  кеңейіп,  жақсы  мі-

нез-құлықтарының  біртіндеп  қалыптасуына  әсерін  ти-

гізеді,  дүниетанымын  қалыптастырады.  Оның  мәні  – 

адамның аңсаған  арманы, қуанышы мен күйінішін, өмір 

құбылыстарын саналуан сиқырлы иірімдер арқылы санаңа 

жеткізіп, жүрегіңе құйып беретіндігінде болса, ал маңызы 

– сиқырлы да сүйкімді ырғақтарымен, тебіреністі тербе-

лістерімен адамды дүние сырын түсінуге, сұлулықты се-

зінуге жетелейді.

Халық  әндері  тарихи  және  қалыптасқан  көркем 

дәстүрлердің  негізінде  бір  ұрпақтан  екінші  ұрпаққа 

жалғаса  отырып,  біздің  дәуірімізге  жетті.  Осы  халық 

әндерінде біздің ұлтымыздың рухы, өткен өмір жолы, туған 

тарихы  жатыр.  Өнердің  ең  жоғарғы  түрі  –  халық  өнері, 

оған мыңдаған жылдар бойы мұқалмай, сыны қашпай, қаз 

қалпында келе жатқан халықтың асыл мұрасы. 

Ән  сезімнің  кейбір  кезеңдерін  сыртқа  шығару  да 

адамның  табиғи  құралының  бірі.  Халық  әндерінің  тар-

тымды келетіні – жүрегіне қона қалатыны, олардың басты 

өнер қуу мақсатында шықпай, табиғилық жағының басым 

болуында. 

Үніңнен айналайын халық әні,

Тыңдаудан өзіңді кім жалығады?

Жиын мен мерекеде шырқалмасаң,

Қамығып, халқың сені сағынады.

Арқалап ғасырлар асып жеттің ғажап,

Тарихын халқымыздың көрген азап.

Таңғажайып үніңнен нәр алғанда,

Табынар құдіретіңе исі қазақ. 

Расында, қазақ халқы өнерді сыйлай, қадірлей білген. 

«Жігітке өнер де өнер, өлең де – өнер»,  «Ақылың бол-

са, жыр тыңда», «Өнер сыйлаған өрге шығады, дәстүрін 

сыйлаған төрге шығады» деген мақалдар бекерге айтылма

ған.                                                      

Бекболат ОМАРОВ,                                 

ҚазҰТУ

ХАЛЫЌ  ƏНДЕРІНІЅ  

ЌЎДЫРЕТІ

  Ән – жан азығы

                  

Бұрынғыдай  емес,  қазір  ел  құлағын  құлақдар  ететін 

түрлі ақпарат көздері көп. Телеарналар, түрлі мерзімдік ба-

сылымдар  арқылы,  ғаламторда  күнделікті  жаңаланып  от-

ыратын жаңалық-ақпарат хабарлар бар дегендей, әйтеуір, 

елімізде, шетелдерде болып жатқан 

түрлі  оқиғалардан  хабардар  ететін 

ақпараттар ағыны жетіп артылады.

Бұрындары  қылмыс  әлемі  біз-

дерде  онша  ашық  айтыла  бермей-

тін-ді.  Оның  өзіндік  себептері  де 

бар  еді.  Өйткені,  КСРО  және  оның 

құрамындағы, социализм дәуіріндегі 

өзіндік  бағыты  мен  ұстанымы  бар, 

капитализмнен  мейлінше  өзгеше 

әрі  артықшылығы  мол  ел  ретінде 

өмір  сүрдік,  солайша  жетпіс  жыл-

дан астам дәуір кештік. “Екі ел – екі 

өмір”  деп,  социализмнің  капита-

лизмнен  артықшылығын  ісімізбен 

дәлелдеп  бақтық.  “Капитализм  де-

генді  қойшы,  қылмыс  атаулының 

бәрі  сонда.  Жұмыссыздық  солар-

да.  Ұрлық-қарлық  сонда.  Адам 

өлтіру,  адамның  арын  аяқасты  ету, 

нашақорлар да сонда” деп, өзіміздегі 

қылмыс атаулыны жасырып бақтық. 

Жария  етпеуге  тырыстық.  Өйткені  түрлі  қылмыстық 

істердің біздерде де бар екенін айтсақ, ол дегеніңіз елдің, 

социализмнің беделіне нұқсан келтіреді деп уағыз айтыл-

ды.  “Идеология  тұтқасын”  ұстағандардың  бұл  ұстанымы 

сол  кезде  дұрыс  болды  ма,  әлде  бұрыс  па,  ол  жағына 

талдау  жасап  жатпай-ақ  қояйық.  Әйтеуір,  өмір  болған 

соң, қылмыстың небір түрі біздің социализм дәуірінде де 

болғаны  рас.  Оны  ешкім  жоққа  шығара  алмайды.  Дегбір 

қашыратын  деректер  сол  дәуірде  де  болды,  бет-бейнесі 

ақыры ашылмай қоймады. Түрлі қылмыс біздерде де бар 

және ол бүгінде де аз емес.

Жариялылықтың  бір  жақсы  жері  –  айтылған,  естіген 

ақпараттан  әйтеуір  бір  қорытынды  жасайтының.  “Олай 

етпей,  былай  етейін”  дегендей.  Сақтанасың.  Сақ  жүруге, 

абайсызда от баспауға тырысасың.

Жариялылықтың жақсы тұстарымен қатар, пайдасынан 

зияны көбірек тиетін жақтары да жоқ емес секілді. Айталық, 

қылмыстың қалай және қандай жолмен жасалынғаны, тіп-

ті  адам  өлтірудің,  оларды  қинап-зорлаудың,  қылмысқа 

итермелеудің  түрлі  айла-тәсілдері  бүге-шегесіне  дейін 

тәптіштеп айтылып, ақпараттар негізінде көпшілікке жеткі-

зілгенде, оны теледидардан естіп, көрген жасөспірімдердің 

сол  тәсіл,  айла-шарғыларды  пайдалану  арқылы,  мәселен, 

адам  өлтіру  қылмысына  бармайтынына  кепілдік  бере  ал-

маймыз. Айталық, түн ішінде үйіне баса-көктеп кіріп, ақша, 

алтын,  қымбат  бұйымдарын  бопсалау  кезінде  жазықсыз 

жанның қол-аяғын матап тастап, қарнына тоқтағы ыстық 

үтікті ойбайлатып басу дегеніңіз көп ешкімнің ойына келе 

де  қоймайтын  жантүршігерлік  жағдай  ғой.  Сол  сияқты 

Сайын мен Сейфуллин көшелерінің бойын жағалай тұрып, 

түнделетіп  тәнін  сатқан  қыз-келіншектер  туралы  ол  тұс 

жария  етілген  ақпараттар  болмаса,  кейбірінің  білмеуі  де 

мүмкін.  Оқып,  білім  алудың,  адал  еңбекпен  пұл  табудың 

орнына,  арсыздық  осындай  жолға  түскен  арулар  аз  ба?! 

Жо-жоқ, мен ақпарат берген  көздерді, теледидарлар мен 

басылымдарды  кінәлаудан,  жазғырудан  аулақпын.  Десе 

де  ой  түйетін,  әсіресе,  қыз-ұл  өсіріп  отырған  ата-аналар 

үшін тәрбие мәселесінде жасөспірімнің жүріс-

тұрысын үнемі қадағалап, жетегінде ұстаудың 

бір пайдасы болар деген мақсатпен “Қиын қыз” 

тақырыбын қозғауды жөн санап отырмын.

Иә, бір кездері “қиын бала” деген сөз тіркесі 

жиі айтылатын-ды. Ол, әсіресе, тәрбиеге көнуі 

қиын  жасөспірімдерге,  мектеп  жасындағы 

балаларға  қатысты  айтылатын.  “Қиын  қыз” 

– сол “қиын баланың” ішіне кіретін тақырып. 

Бәрін  де  “қиын  бала”  деп  айтатындықтан, 

оны  біртұтас  күйінде  қабылдағандарыңызды 

қалар  едім.  Десе  де,  әңгіме  арқауы  қыздарға 

қатысты  өрбімек.  Таяуда  Ресейдің  НТВ  теле-

арнасынан  “Нагуляла  на  миллион”  деген 

тақырыппен  арнайы  хабар  жүргізілді.  2013 

жылдың  08  сәуіріндегі  хабар  қайталап  беріл-

ген  екен.  “Қыдыруы  –  миллион  қарыз”  деп 

аударғанымыз да дұрыс шығар. Баяғы біреудің 

тағдырын  жиналып  алып  эфир  алдында  жан-жақты 

талқыға салған, дау-дамайға толы мұндай хабарлар Ресей 

телеарналарына  тән  нәрсе  десек  те,  үйде  отырып  неке-

сіз  бала  тапқан  жасөспірім,  мектеп  жасындағы  қыздарды 

біздің елде де жоқ дей алмаймыз. Хабардың басты айыпкер 

кейіпкері  –  Курск  облысының  тұрғыны  Маргарита  Кала-

чева туралы еді. Мектепте жүргенде-ақ түрлі кештер мен 

дискотекаларды  жағалайтын,  сабақ  оқуды  ойламайтын, 

“подругаларының”  үйіне  түнеуге  түнделетіп  жиі  қалып 

та қоятын Маргарита ақыры он жеті жасында шоқ басып 

тынады.  Біреуден  аяғы  ауыр  болып,  қыз  бала  табады. 

Онысы сабақ болар ма, қыдыруын жалғастырады. Қызын 

шешесі  мен  өгей  әкесіне  тастап,  тентіреуін  тоқтатпайды. 

Ақыры не керек,  азаматтық некемен бірінен кейін бірі екі 

күйеуге  шығып  үлгеріп,  екеуінен  тағы  да  екі  балалы  бо-

лады.  Соңғысына  да  тұрақтамайды.  Алғашқыда  қыздың 

әдемілігі мен сұлулығына қызыққан күйеулері сырын біл-

ген соң, одан теріс айналады. Осы тұрғыдағы оқиға желі-

сі тыңдармандар мен  көрермендерді жеңіл жүрісті қызды 

ақыры жексұрын етіп көрсетеді.

Ата-анасының айтқан ақылына түк құлақ аспаған қыз 

түрлі  серуен-сергелдеңмен  жүріп,  ізін  жасырып,  үйінен 

безеді.


Осы арада есейген, тастап кеткен, сегіз жыл көрмеген, 

сегізінші  сыныпта  оқитын  қызы  Лариса  Васильевна  Со-

коловамен  Маргарита  осы  хабар  үстінде  және  өзінің  де 

анасының  қатысуымен  қауышады.  Лариса  болса  көзінен 

дамылсыз мөлтілдеп аққан жасын сүрте, жүзін жасыра ана-

сына  –  Маргаритаға  жалтақ-жалтақ  ұрлана  қарап  қояды. 

Қызы  да  өзінен  аумайды  екен,  тіпті  аузынан  түскендей. 

Әрі  шешесі  сияқты  бұл  да  тым  әдемі.  Ал,  Маргаритада 

баяғы әдемілік қайда? Хабарды жүргізуші тележурналист 

Маргаританың әдемі кейіптегі бұрынғы суретін экраннан 

әлсін-әлсін көрсеткені болмаса, қазіргі отырған Маргари-

таны сол деуің қиын. Жасы отызға жетпей жүзін әжім шар-

лай  бастаған  және  сұлулықтың  сұрқы  кеткен.  Үш  бірдей 

баласын тастап, қашқында жүрген қазіргі кейпінен әбден 

өмірден қажып,  шаршағандықтың нышанын аңғарасың.

–Қызыңызды тәрбиеге неге көндіре алмадыңыз?

Хабарға  қатысушылардың  бірі  бұған  арнайы 

шақырылған, қапалы күйде отырған Маргаританың анасы-

на сұрақ қойды.

–Ақыл  айтпады,  тәрбиелемеді  дейсіздер  ме?!  Айттық 

та, ұрыстық та. Ешқайсысына көнбеді бұ қыз. Тіпті, далаға 

шықпасын деп, есікті сыртынан жауып, құлыптап та кеткен 

кездеріміз болды. Бәрібір есебін тауып кетіп жүрді. Үйге 

қонбаған  кездері  болды.  Әрине,  іздейміз.  “Дос,  жолдас 

қызымның  үйіндемін,  сонда  түнедім”  дейді.  Бірде  далаға 

шығуға  ұялсын  деп,  шашын  түгел  сыпырып,  тып-тықыр 

етіп алдырып та тастадық. Ол да әсер етпеді бұған...

–Қателігімді  енді  түсіндім.  Қара  бастым.  Кешірші, 

мама!... – дейді даусы шығар шықпас жүзі сынық  Марга-

рита анасын құшақтай.

Ана  байғұс  қайтсын,  осылай  болсыншы  демеген 

шығар.


Тастап  кеткен  тұңғышы,  сегіз  жыл  көрмеген  есейген 

қызы  Ларисаға  да  жалынышты,  мүсәпір  кейіпте  қарап 

отырған  Маргарита  “махаббат  қызығымен”,  жастық 

жалынның буымен жүрген кезде үш баланың анасы екенін, 

аналық парызын осылайша жеңіл жүріспен естен шығарған. 

Сөйтіп сегіз жылдағы балаларына берешегі, төлейтін али-

менті жинала келіп 1 млн. рубль болған. Мұны Маргарита 

“Білмедім” деп жылап отыр. Оны тиісті құзырлы органдар 

іздеп тапқан. Жұмыс істемеген соң, оның төлейтін ақшасы 

да жоқ қазір.

Қарамай  кеткен  тасжүрек  анасына  деген  Ларисаның 

балалық сезімінің жіби қоюы да оңай емес-ау енді. Сәби 

күйінен  бауырына    басқан  әжесін  жанына  жақын  тұтып, 

құшағында отыр.

Маргаританың анасының екінші күйеуі, яғни, өгей әкесі 

бұл  хабарға  келе  алмады.  Ауруханада  жатыр  екен.  Қан 

қысымы 180-ге көтерілген. Бейнетаспа арқылы оның ауру-

ханада жатқан жерінен жазып алынған пікірі де тыңдалды. 

“Маргаританы  өгей  қызым  деп  ешқашан  сыртқа  тепкем 

жоқ.  Қайта  оны  бауырыма  жақын  тартып,  өз  қызымдай 

жақсы  көрдім.  Ешқандай  тәрбие-ақылымызға  көнбеген 

Маргаританың  мынадай  халде  жүруі  жанымды  ауырта-

ды. Әлі де ақылға келіп, балаларына бас-көз болар деген 

үміттемін”,– деді ол көзіне жас алып.

Бұл  бір  ғана  мысал.  Ал,  Маргаритадай  мәнсіз  өмір 

кешкен,  бір  күндік  қызығын  және  қарабасын  ойлаған, 

албырттықпен шоқ басқан қыздар мына біздің өмірімізде 

де кездеспейді емес, кездеседі. Шоқ басқанша боқ басқаның 

дұрыс-ау. Шоқтан күйген із қалады. Жүрегің  жараланады, 

өзгенің өзегін өртейсің. Ал, жаралы жүректің жыртығы мен 

тыртығын жамау еш мүмкін емес! Тәрбиеге көнбей жүрген 

“қиын қыздар” осыны ұқса деймін. Жамандық тілемейтін 

ата-анасының тілін алса деймін.      



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет