Сабақтың тақырыбы:«Экологиялық тәрбие. Тұжырымдамалар. Экологиялық тәрбие әдістері.Кәсіби мамандандыружолдары
ІІ- иерархиялық деңгей
І- иерархиялық деңгей
ІІІ- иерархиялы
Пән аралық байланыс
Педагогика- экологиялық
компоненттер
Бақылау сұрақ
Педагогика
Білім
Экологиялық т
Экологиялық сана дегеніміз?
Экологиялық м
Тәрбие жұмысының әдістемесі
және технологиясы
Этнопедагогика
Кәсіптік педагогика
Экология және экологиялық
тәрбие жайлы ұғым. Экологиялық
тұжырымдамалар.
Экологиялық
тәрбиенің
міндеттері,
мазмұны
және
ұйымдастыру түрлері.
Экологиялық қауіптен қорғану
жолдары(әдіс-тәсілдер).
Болашақ мамандарға кәсіби
бағдар беру.
Қазақстандық эколог
ғалымдардың тұжырымдамалары.
Табиғат-ғылыми профиль
(экология) сабақ-диспут дайындау.
1.Этноэкология дегенге
2.Экологияға байланысты салт
дәстүрлер, ырымдар.
3.Экологиялық
мақал-мәтелдер.
Экологиялық т
Экологиялық профильді білім беру
дегенге қалай т
Табиғи-ғылыми профильде экологиялы
білім беру дегеніміз?
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г.
53
Педагогикалық көзқарас тұрғысынан қарағандағы пән аралық байланыстардың информациялығы, көп
параметрлік мағынасы және функциялық байланыстардың қалыптасу ерекшеліктері.
Берілген
сұрақтардың
құрамының
мазмұндық
түсініктілігі,
көлемі,
толықтығымен,
қарапайымдылығымен, әрі жан- жақты дүниетанымын, табиғат, әлеуметтік орта, ғылым негіздері арқылы
ғылыми тұрғыдан құрастыру. Сол сияқты сұрақтың мазмұны студенттердің қабылдау мүмкіншілігінің
дәрежесіне сай бола отырып, ғылым -техника дамуын қамтуы қажет.
Жауаптың саналылығы, тереңдігі, жан - жақтылығы арқылы студенттердің жеке басының
ерекшеліктерін яғни экологиялық сауаттылығын кең аша отырып, оның құрамын күнделікті өмірмен,
ғылымның жетістіктерімен, практикамен, табиғи құбылыстармен әлеуметтік байланыста қалыптастыру.
Тиімді қолданылған иерархиялық белгілер экологиялық мағлұматтар мен педагогикалық тәрбие мен
білімін жан - жақты қарап, кеңінен ашу мүмкіншілігін туғызды. Сонымен қатар сабақ беру тәсілінің
негізгі элементтері ретінде ұсынылды. Жоғарыда келтірілген нәтижелерге сүйене отырып, «Экологиялық
білім негіздерін педагогика пәніне енгізу әдісі» педагогикалық жүйенің құрылымы жалпы жүйелеу
түрінде енгізілді (1сурет). Бұл подсистема үлкен және күрделі «Экология - педагогика» негізінде
экологиялық білім арқылы дүниетанымын кеңейту.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Қожаева С.Қ. Тәрбие кеңістігінде ізгілік қасиеттерінің теориялық - әдістемелік негіздері.
Монография, ЕНУ баспасы. 2013.Б.-332
2.Қожаева С.Қ. Экологиялық білім негіздерін Педагогика пәніне енгізу жүйесі.Еуразия ұлттық
университетінің хабаршысы. 2011.
N3. -41-45 бет.
ТҰЛҒААРАЛЫҚ
ӨЗАРА
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА
ҚАЖЕТТІЛІК
-
ТҰЛҒА
БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ.
Бапаева М.Қ. пс.ғ.к., доцент
Қалдыбекова Э. Қазмемқызпу магистранты
Резюме
В статье дан анализ познавательным и эмоциональным потребностям в общении, которое является
источником активности личности и сложной структурной интеграцией в потребности взаимоличностного
общения.
Resume
The article analyzes cognitive and emotional needs in communication, which is the source of the individual's
activity and complex structural integration in requirements of interpersonal communication.
Кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Адам
қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына
машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатынас ақпарат
алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Өмірдегі сан алуан тыныс-
тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе-жүз не жанама (хат жүзінде, радио, теледидар арқылы),не
біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі.Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы
тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы
адам белгілі мазмұнға ие болады. Тұлғааралық қатынас дегеніміз – қарапайым да күрделі мәселе.Осындай
қарым-қатынастың мән-мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топтық ұйымдардың
тіршілігінен жақсы байқалып отырады /1/.
Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдетте олардың бірін-бірі қабылдай алуы,
түсінуі және бағалануына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің образы жөнінде
топшалаған ой-пікірі. Екінші адамның тұлғалық образын оның сырт пішіні мен психологиясын және
әрекет – қылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне әр адамның
қажетсінуінен, қылық мотивтерінен, мінез бітістерінен, әртүрлі өмірлік жағдайлардағы көңіл-күй
толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді /2/.
Бөгде адамның бейнесін қалыптастыру арқылы біз оған болған қатынасымыздың сипатын
айқындаймыз, оның даралық ерекшеліктерін тануға мүмкіндік аламыз. Осының нәтижесінде екі адам
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г.
54
ортасында толық өзара түсінік, жайлы да берік аралық қатынастар орнығады / 3 /.
Адамның өзін-өзі тануы төңірегіндегілердің қабылдауы мен бағасына тығыз байланысты, кеңірек
айтар болсақ, барша адамдардың өзара түсінісуіне тәуелді. Күнделікті тұрмыстық қатынастар, тілдесу
негізінде адамның психологиялық бейнесін түзету үшін келесі тәсілдер қолданылады: бітіс тану, алғашқы
әсерлену,жаңалықты әсерлену, ықтималды болжай әсерлену, асыра сілтей әсірелену, жеке адамның
бітістерді біріктіре әсереленуі / 4 /.
Топтағы “моральдық психологиялық ахуал”дейтін ұғымның да мәні зор. Бұл топ, ұжым мүшелерінің
өзара қарым - қатынасындағы ортақ тәртіп пен жауапкершілік, яғни жетекшімен оның
қарамағындағылардың бірін- бірі түсінісе алуы, топтың үйреншікті жұмыс стилі, онда ортақ пікірдің
орнауы, т.б. топтың көтеріңкі көңіл күйі ұжымдық міндеттің нәтижелі орындалуына қолайлы әсер
етеді.Психологиялық ахуал бұл жемісті бірлескен іс-әрекетке және жеке тұлғаның топ ішінде жан-жақты
дамуына жақсы жағдай жасайтын немесе кедергі келтіретін психологиялық жағдайлардың жиынтығы
ретінде пайда болатын тұлғааралық қатынастардың сапалы жағы. Көп жағдайларда адамдар өз
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірін-бірі керек етеді, бірақ көзқарас, ниеттеріндегі болмашы
айырмашылықтардан өзара қатынастарын қалыпқа түсіре алмайды. Мұндай психологиялық үйлесім таба
алмаған жандар арасында біршама ұнамды қызметтік қатынас болмағанымен, уақыт өтуімен бірте-бірте
өрім түскен арақатынастағы жеке психологиялық үйлеспеушілік олардың ресми байланыстарының
кедергісіне айналады /5/.
Адамдар арасындағы қатынастар сол қатынастардың нақты адам өміріндегі маңызына қарай да
бағаланады. Қарым- қатынас адам үшін неғұрлым маңызды болса, оның басталуында соғұрлым
дәлсіздіктер жіберілуі мүмкін. Өзінің төңірегіндегілермен байланысына аса үлкен мән берген адамдар,
арақатынастырының ұнамды тараптарын асыра мақтауға бейім келеді. Керісінше, біреумен ұнамсыз
қатынаста болса, адам ондайда қарсыласын жамандауға ниеттенеді де тұрады.Әрқилы адамдардың өзара
қатынастарын тануда көптеген жеке дара ерекшеліктері бар. Кейбір ой сезімі толысқан, парасатты
адамдар өзара қатынастарды жан-жақты пайымдау мен дұрыс қабылдауға қабілетті, екінші біреулердің
жалпы ой пікір айтуға тіпті өрісі жетпейді, ал үшіншілер төңірегіндегілердің өзіне деген бағасын бірде
дұрыс түсінсе, бірде оған сана-сезімі жетпей қалады.
Қарым-қатынас – адам қатынасының күрделі түрі. Адамдардың қарым-қатынас түрлерін терең білуі –
олардың әртүрлі нәтижелі қызметінің қажетті шарты. Кең мағынада қарым-қатынас дегеніміз адамның
жеке және әлеуметтік өмірінің міндетті шарты болып табылады. Адамдардың бірлескен іс-әрекет ету
процесінде адамның белгілі мінез-құлық үлгісі мен түрі қалыптасады. Бірте-бірте олар тұлғаның
құрылымымен астасып кетеді. Қарым-қатынас процесі барысында адам өзінің ішкі «Менін», сонымен
қатар әлемнің бейнесін санасында қалыптастырады.
Мұндағы негізгісі ұжым мүшелерін байланыстыратын әртүрлі қарым- қатынастар ішінен ерекше екі
маңызды қатынас жүйесін нақты бөліп көрсетуге болады:іскерлік–қатынас, ол адамдар арасында нақты
қоғамдық функцияларды тасымалдаушы ретінде пайда болады; және жеке–қатынас ол бірлескен іс-
әрекеттегі ұнату және ұнатпау, өзіне тарту және тартпау тағы басқа негізінде қаланады. Бұл өзарақатынас
жүйесі әртүрлі өзара тәуелділік және өзара ықпал етумен тығыз байланыста болады, бірақ мұны ұқсас деп
қарауға болмайды. Ұжым мүшелері арасындағы жеке қатынас аз зерттеліп келсе де соңғы жылдары оған
қызығушылық күшейе түсуде. Бұл мәселені психолог, педагог, әлеуметттанушылар зерттеу үстінде.
Адамның эмоциялық көңіл-күйі неден құралады, және оның жай-күйі кең мағынада қалай болуы
мүмкін? Шамасы, ол ұжымда өмір сүретін адамдардың қарым-қатынас жүйесіндегі жеке жай-күйінен
орын алатын сияқты. Мұндағы жүйе әрбір адам үшін қанша әрекет немесе қызмет түрі болса соған
байланысты жүзеге асады /6/. Әрбір бірлескен іс-әрекет түрінің барысында өзіндік қатынас жүйесі орын
алады.Қарым-қатынас – бұл әлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген рухани
және материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең жоғарғы қажеттіліктердің бірі
болып табылады.
Қарым-қатынас ұжымдағы бірлескен іс-әрекетте интеллектуалды- адамгершілік шарттарының
құрылуына жетекші механизмі болып табылады, ол, танымдық процесс бола тұра, индивидуалды, сол
сияқты интеллектуалды және адамгершілік құндылықтарды алмастыруды қамтамасыз етеді. Сонымен
қатар трансформацияға мүмкіндік туғызады және ұжымға кіретін барлық құныдылықтарды
интеграциялайды. Қарым-қатынас нормативті процесс бола тұра, ұжымда оның тіршілігінің этикалық
жақтарын анықтайтын өлшемдердің жүйесін өңдеуге ықпал етеді. Ал аффективті процесс бола тұра, ол
ұжым қатынасының сипатына ықпал ететін эмоциялық жағдайында анықтайды. Нәтижесінде ұжым өрісі
онда қабылданған құндылықтар мен заңдылықтарға байланысты тұлғаға әр түрлі ықпал етуі мүмкін /7/.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г.
55
Қарым-қатынастағы кез келген қажеттілік тұлға белсенділігінің қайнар көзі болып табылады. Қарым-
қатынастағы қажеттілік – күрделі құрылымдық жиын болып табылады. Бізді оның екі құрылымы
қызықтырды: эмоциялық байланыстағы қажеттілік және танымдық қажеттілік.
Тұлғалық белсенділік адамдардың басқалармен қарым-қатынас процесінде айқын көрінеді.Сондықтан
қарым-қатынас іс-әрекеттік тұрғысынан, С.М. Жақыпов көрсеткендей, бұл - бірлескен іс-әрекетке деген
қажеттіліктен туындайтын және ақпарат алмасуды, өзара әрекеттің, басқа адамды қабылдау мен түсінудің
ортақ стратегиясын өндіруді қамтитын, адамдар арасында байланыс орнату мен дамытудың күрделі, көп
жақты процесі болса, кез келген қарым-қатынас бірлескен іс-әрекетке қатысушылардың өзара әрекеттесу,
ынтымақтастық формасы.
Профессор С.М. Жақыпов оқыту-тәрбие процесінің тиімділігі мәселесін нақтылау үшін негізгі
деңгейде қарастыра отырып, оның психологиялық мазмұнын ашып көрсетті. Ол психологиялық көзқарас
тұрғысынан кез келген педагогикалық жағдайды, ең алдымен, тұлғалардың өзара әрекеттестігі, ал содан
соң белгілі әлеуметтік рөлдердің иелері ретінде мұғалім мен оқушы, оқытушы мен білімгердің және т.б.
өзара әрекеттестік ретінде қарастырады. С.М. Жақыповтың бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекет
және белсенді оқыту әдістері туралы пікіріне сүйене отырып, топтық пікірталас, рөлдік ойындар,
әлеуметтік психологиялық тренинг, іскерлік ойындар, мәселелі жағдайлар туғызу арқылы шешу тұлғалық
белсенділікті дамытуға мүмкіндік береді.
Танымдық белсенділік - тұлғаның шығармашылық қабілетінің шығармашылық бұл – жаңа
үлгідегі құндылықтар жасайтын адам іс-әрекеті. Ал шығармашылық іс-әрекет тұрғысынан, адамның өзін-
өзі көрсетуге, өзін-өзі өзектендіру қабілетімен сипатталады. Білімгерлер шығармашылық мүмкіндіктерін
дамыту арқылы «Мен» ресурстарындағы қақтығысты жеңе алады, ашық өзіндік сынға ықпал етеді,
тәуекелшілдікті, жауапкершілікті меңгереді. Тұлғаның дамуы мен қалыптасу оның іс-әрекеті мен
еңбегінен, оқу әрекетіндегі ой болжамынан, сөйлеген сөзі меншікті дара өзгешелігін көрсету
белсенділігімен сипатталады[8].
Қарым-қатынас адамдардың тұлғааралық байланыстары мен өзара әрекеттерін тікелей қалыптастыру
процестерінде нақты қоғамдық қатынастар жүйесімен анықталады. Олай болса, Б.Г. Ананьев атап
көрсеткендей, коммуникацияның белгілі бір, тарихи қалыптасқан және әлеуметтік қажетті түрлеріне
қашанда өзара сәйкес келеді және қоғамдық мінез-құлық өлшемдерімен реттеледі /9/
Тұлғалардың бірлескен іс-әрекетінде эмоциялық байланыс пен танымдық қажеттіліктің саны және
олардың даму дәрежесіне байланысты әлеуметтік талаптарды ерекшелейтін белгілгі құрылымы бар: а)
танымдық (когнитивті) талаптар, б) аффективті талаптар (обьектіні эмоциялық бағалауы, оған симпатия
немесе антипатия сезімінің білдіру), в) мінез-құлықтық (когнитивті) талабы (мінез-құлқы бойынша
қатынасы).
Сондықтан қарым-қатынас – бұл өзара әрекеттестік жасаушылардың бір-біріне бірлескен іс-
әрекетке және оның нәтижелеріне, өзіне деген арақатынастарының күрделі түйісуі және түсіну объективті
бағалау қабілетінің айқын көрсеткіші болады /10,11/.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Василюк Ф.Е.Психология переживания. М.:МГУ, 1984. 198 с.
2.
Әбеуова И.Ә. Әлеуметтік психология . -Алматы, 2001, -58 б
3.
Андреева Г.М.Психология социалъного познания, М., 2000.
4.
Немов Р.С. Психология: В 3 кн.М., 1995. Кн. 3.
5.
Шибутани Т. Социалъная психология. Ростов-на Дону,1998.
6.
Коломинский Я.Л. Осознание человеком своих личных взаимоотношений с другими членами
группы // Вопросы психологии. -1967- №3. - С. 111-115.
7.
Мудрик А.В. Общение как фактор воспитания школьников. - М.: Педагогика, 1984. - 112 с
8.
Тұрдалиева Ш.Т., Ә.Махадиева. Тұлғаның танымдық белсенділігін дамыту психологиялық мәселе
ретінде. ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы. № 1. (32). 2010.
9.
Ананьев Б.Г. Человек как предмет воспитания. – Л., 1968.
10. Anderson, J. (1988). Communication competency in the small group. In R. Cathcart & L. Samovar
(Eds.), Small group communication, A reader. Dubuque, IA: Wm. Brown.
11. Reis, H. T. (1998). Gender differences in intimacy and related behaviors: Context and process. In D. J.
Canary & K. Dindia (Eds.), Sex differences and similarities in communication: Critical essays and empirical
investigations of sex and gender in interaction (pp. 203-232). Mahwah, NJ: Erlbaum.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г.
56
БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САПАСЫН
САРАЛАУ
П.ғ.к. Исабаева Д.Н.,
магистрант Құрманбаева Ж.
Абай атындағы ҚазҰПУ
Резюме
В статье рассматривается основныеметоды оценки качества электронных ресурсов, применяемых в
образовании. А также требования к организации комплексной экспертизы, включающие экспертизу
технико-технологических, психолого-педагогических и дизайн-эргономических аспектов создания и
использования образовательных электронных изданий и ресурсов.
Summary
In article it is considered the main methods of an assessment of quality of the electronic resources applied in
education. And also requirements to the organization of the complex examination, including examination of
technical and technological, psikhologo-pedagogical and design ergonomic aspects of creation and use of
educational electronic editions and resources.
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар күн сайын білім берудің барлық саласына
тереңірек енуде. Бұған күнделікті ақпараттық қоғаммен және сәйкесінше мамандарды дайындаудың
қажеттілігімен байланысты сыртқы факторлар, сонымен қатар оқу мекемелерінде қазіргі компьютерлік
техника мен программалық қамтамасыз етудің кең таралуымен, мемлекеттік және мемлекетаралық білім
беруді ақпараттандыру бағдарламаларының қабылдануымен, ақпараттандыру тәжірибесін қажет ететін
педагогтар санының артуымен байланысты ішкі факторлар әсер етуде. Бірқатар жағдайда электрондық
ресурстарды қолдану мектеп мұғалімдерінің еңбек ынтасын арттыруға жағымды әсер етумен қатар,
мектеп оқушыларының оқу тиімділігіне арттыруға да ықпалын тигізуде. Мұндай мүмкіндікке жетуде кез
келген мұғалім электрондық ресурстардың сапасын бағалау қажеттігімен жиі кездеседі. Бұл мәселе
Е.С.Полат, А.В.Поликахин, А.Ю.Савин, И.В.Роберт, Е.Ы.Бидайбеков, В.В.Гриншкун еңбектерінде
ішінара қарастырылады.
Жалпы орта білім жүйесінде қолданылатын электрондық ресурстардың сапасын бағалаудың басты
әдістерінің бірі саралау және сараптама болып табылады.
Электрондық білім беру басылымдарын және ресурстарды оқу процесіне іс жүзінде пайдалану арқылы
оларға саралау жүргізу қажет. Осылайша, конференцияларда, семинарларда, көрмелерде, презентация
және басқа да қоғамдық іс-шараларда оқуды ақпараттандыру құралдарымен әзірленген басты сапалық
сипаттамаларын талқылау және көрсету керек. Кешендік саралау нәтижесінде түзету жүйесі
қалыптасады. Оны әзірленген электрондық ресурстар құралдарын жетілдіру барысында есепке алу қажет.
Электрондық білім беру басылымдарын және ресурстарды саралау үшін оқу процесіне
оқушылардың эксперименьталдық тобын енгіземіз. Топ ішінде әртүрлі үлгерімдегі білім алушылар болуы
қажет (үздіктер, «жақсы» және «үздік» бағаға үлгеретіндер, «жақсы» және «қанағаттанарлық» бағаға
үлгеретіндер).
Электрондық білім беру басылымдары мен ресурстардың ерекшелігіне қарай саралауды дәл бағалау
үшін бірнеше эксперименьталдық топтарды пайдалануға болады.
Электрондық ресурстарды оқу процесіне пайдаланбастан бұрын оқушыларды алдын ала дайындау
қажет, яғни, оларды оқу пәнінің тақырыбымен таныстыру. Мұнда сабақ беру үшін басылым және ресурс
қолданылады. Келесі, тарататын материалдармен таныстыра отырып, қажетті нұсқаманы өткізу керек.
Одан әрі, электрондық білім беру басылымдарын немесе ресурстарды пайдалана отырып, оқу сабағы
өткізіледі. Бұл жерде, ЭББ немесе ресурс қатаң түрде әдістемелік нұсқаулықтар мен ұсыныстарға сай
келеді және электрондық ресурстар құралдарының нақты түрі сүйемелденеді.
Оқушылардың басылыммен немесе ресурспен жұмыс жасауы кезінде оқу материалын игеру қадамы
және тиімділігі бақыланады, білім алушылардың сұрақтары, жұмыс кемшіліктері, оқу жүйесінің басқа
ақпараттандыру құралдарымен өзара әсерлесу мәселелері тіркеліп отырады. Сабақ аяқталғаннан кейін
жауаптар, ақпараттық құралдардың оң және теріс сипаттамалары ұжымдық талқылау барысында
анықталады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г.
57
Ережеге сай, саралауыш сабақтар оқытушылардың, әзірлеушілердің, сарапшылардың және оқу
жүйесінің осы дәрежедегі ақпараттандыру құралдарын өңдеумен айналысатын мамандардың қатысуымен
өткізіледі. Саралаудың соңғы сатысында сарапшылар білім алушылардың барлық сұрақтары мен
шағымдарына талдау жасау қажет. Яғни, бұл құбылыстар олардың электрондық білім беру басылыммен
немесе ресурстармен жұмыс істеу кезінде туындаған.
Саралау қадамын талдау нәтижелері және нақты оқу процесі кезіндегі ақпараттандыру құралдарының
айқындалған ерекше жұмыс жасауы кәсіпорын-әзірлеуіштер мамандарына жіберіледі. Олар, өз кезегінде,
электрондық басылымдарды немесе ресурстарды жетілдіру мақсатымен тиісті шараларды қолданады.
Электрондық білім беру басылымдарының және ресурстардың сапасын бағалайтын жүйенің негізі
болып сараптама технологиясы қарастырылады. Тәуелсіз құзыреттілік сараптаманы жүргізу мақсаты
ретінде білім беру жүйесінің ақпараттық құралдарының сапалық көрсеткіштері алдын ала анықталған
халықаралық, мемлекеттік және салалық стандарттардың, нормативті-техникалық құжаттардың және т.б.
талаптарына сай болуын орнату болып есептеледі. Сонымен қатар, көрсетілген ЭББ қолдану негізінде оқу
процесінің сапалылығын және тиімділігін қамтамасыз ету.
Барлық электрондық білім беретін басылымдар мен ресурстар үшін арналған сапаны сараптайтын
әмбебап бірыңғай жүйе келесі негізгі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
жұмысты ұйымдастыру жүйелік түрде іске асуы қажет;
сарапшы ретінде әртүрлі саланың мамандары тартылуы тиіс, себебі, бұл жағдай ЭББ жан-жақты
сараптамалауға мүмкіндік береді;
жоғары білікті сарапшылардың (өз саласының жетекші мамандары) еңбегі мен тәжірибесін тек
ғаламдық шешімдерді қабылдауға ғана пайдалану қажет;
электрондық білім беретін басылымдарды және ресурстарды сараптамалау бойынша жұмыстар негізгі
және дайындаушы деп екі топқа бөлінуі тиіс; дайындаушылық жұмыстарды ең төменгі білікті мамандар
жүзеге асыра алады;
сараптамадан өткен ЭЭБ мүмкіндігінше өзгертіліп және жетілдірілгендіктен оқу жүйесінде пайдалану
үрдісі кезінде сапаны сараптамалық бағалау рәсімі толық көлемде мерзімдік қайталанып тұруы қажет.
Кешендік сараптаманы ұйымдастыруға қойылатын талаптар дегеніміз электрондық білім беретін
басылымдарды және ресурстарды құру және қолдану бойынша техника-технологиялық, психологиялық-
педагогикалық және дизайн-эргономикалық аспектілерді сараптамалау әдісі.
Техника-технологиялық сараптама жүргізу барысында анықталады:
Құралдардың талап етілетін орталарда, желілік режімде, басқа басылымдар және ресурстармен
үйлескенде қалыпты жұмыс жасай алу мүмкіндігі;
Заманауи мультимедиа құралдарын және байланыс технологияларын пайдаланудың түзетпелері;
Жұмыс жасау қабілетінің тұрақтылығы, сенімділігі, гетерогенділік, ақауларға беріктігі;
Тіркелмеген құбылыстардан қорғау сапасы және оның бар болуы;
инсталляция және деинсталляцияның қарапайымдылығы, сенімділігі және толықтығы;
талап етілетін жадының көлемі;
техникалық кешеннің, ілеспе құралдың жеткіліктілігі (қажетті жүйелік программалардың, қаріптердің
және басқалардың бар болуы);
инсталлятордың жұмысының жылы шырайлығы (егер инсталлятордың болуы қарастырылған болса);
барлық мәлімденген функциялардың және ЭББ мүмкіндіктерінің жұмыс істеу қабілеттілігі;
диагностикалау, алдын ала ескерту, жүйенің қабілеттілігі қайта қалпына келтірілгеннен кейін жұмыс
жасауды жалғастыру бөлімшелерінің бар болуы;
ЭББ бір мезетте басқа құралдармен қызмет жасауының түзетпелері;
Тұтынушылардың сұраныстарына үн қату жылдамдығы[1, 2].
Психологиялық-педагогикалық сараптама жүргізу барысында ЭББ-ды және оның құрауыштарын
электрондық білім беретін басылымның немесе ресурстың типі бойынша, білім беру деңгейі бойынша,
оқыту процесінің типі және түрі бойынша бағыттау іске асырылады. Сонымен қатар, ақпараттандыру
құралдарының мазмұнын және баяндалуын бағалау, дидактикалық, әдістемелік және психологиялық
талаптарға сай келуі, арнайы әзірленген педагогикалық әдістемені пайдалану және әдістемелік қолдау
көрсету жүзеге асырылады.
Тексеру кезінде анықталады:
ЭББ-ның қолданылу мақсаты және саласы;
Әдістемелік оқыту жүйесінің аясында жобаланған ЭББ пайдаланудағы педагогикалық мақсаттылық;
Әдістемелік дәрежесі;
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г.
58
Білім беру жүйесінің балама ақпараттандыру құралдарына сәйкес келу деңгейі [3].
Сонымен бірге, сараптама жасау кезінде мамандар электрондық білім беретін басылымдардың немесе
ресурстардың дидактикалық және әдістемелік талаптарға сай болу деңгейін бағалау қажет:
ғылымилығы,
қолжетімділігі,
проблемалы,
айқындығы,
білім алудың саналылығы,
қызметтің өзінділігі және белсенділігі, білім берудің жүйелілігі және тізбектілігі,
білімді меңгеру төзімділігі,
білім беретін, дамытушы және тәрбиелеуші функциялардың бірлестігі,
бейімділігі,
интерактивтілігі,
оқу ақпаратын компьютерлік визуалдау мүмкіншілігін іске асыру,
білім алушының зияткерлік әлеуетін дамыту,
оқу материалын түсіндірудегі жүйелілік және құрылымдық-функционалдық байланыстылығы,
оқытудың дидактикалық циклінің толықтығы (түгелдігі) және үздіксіздігі,
нақты оқу пәнінің өзіндік бейнелілігін және ерекшеліктерін есепке алу,
сәйкесті ғылымның ерекшелігін есепке алу,
оқу пәнінің ғылыми ұғымдарының жүйесін бейнелеу;
бақыланатын жаттығу әрекеттерін жасауға мүмкіндік беру.
Психологиялық-педагогикалық сараптама жүргізу кезінде электрондық білім беретін басылымдар мен
ресурстардың негізгі қасиеттерінің ашылу деңгейі мен толықтылығы бағаланады. Олар педогогикалық
тиімділікке қолжетуге, оқу жүйесінің нәтижелелігін арттыруға, қарастырылатын электрондық білім
беретін басылымдар мен ресурстардың құрауыштары психологиялық принциптер мен талаптарға (білім
алушылардың жас мөлшеріне және қызығушылықтарына, оқу жүйесіне дамытушы құрауыштарды
пайдалану, танымдық белсенділікті жеделдету тәсілдері) сай келуін бағалау, оқыту жүйесінің өзгермелі
принциптеріне сай келуін бағалауға мүмкіндік жасайды.
Дизайн-эргономикалық сараптаманы орындау кезінде электрондық білім беретін басылымдар және
ресурстардың интерфейстік құрауыштарының сапасын бағалау жүргізіледі. Және олардың бірыңғай
эргономикалық, эститикалық және денсаулықты қорғау талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Тексеру барысында анықталады:
электрондық білім беретін басылымдар немесе ресурстардың уақытша жұмыс жасау режімдері, оның
құрауыштарының денсаулықты қорғау талаптарына сай келуі;
монитор бетінде ақпаратты визуалдауға қолданылатын тәсілдің сипаттамасы, түс сипаттамалары,
ақпаратты кеңістікке орналастыру сипаттамалары, визуалдауға қолданылатын тәсілдің ақпараттандыру
құралдарының осы сатыдағы жалпыға ортақ тәсілінің сай келу деңгейі;
монитор бетінде әріптік-сандық символдарды және белгілерді ұйымдастыру сипаттамалары;
диалог ұйымдастыру сипаттамалары (білім алушы үшін қолжетімділігі, әсер етуге жауап беру уақыты
немесе басқару әрекеттері, нұсқалар саны және «мәзір» типті сұрақтардың жауаптары шындыққа сай
келуі, нұсқаулықтың немесе сыбыр сөздің бар болуы);
дыбыстық сүймелдеудің сипаттамалары (дыбыстық ақпаратты қабылдау ыңғайлығы, дыбыстық
сипаттамаларды баптаудың жайлылығы, ластану деңгейі және дыбыстық сүйемелдеу қарқынының
тиімділігі);
оқу жүйесін ақпараттандыру құралдарының құрауыштарының эстетикалық деңгейі [4, 5].
Сонымен бірге, дизайн-эргономикалық сараптама процесі кезінде мамандар электрондық білім беретін
басылымдар мен ресурстардың келесі негізгі параметрлерін бағалау қажет:
пернетақтаны, «тышқан» манипуляторды, микрофонды, сканерді, баспаға шығару құрылғысын және
басқа құрылғыларды пайдалану жайлылығы, мақсаты және түзетпелер;
видео үзінділердің, анимациялардың, статистикалық графикалық және фото бейнелердің, қаріптік
және салынған мәтіннің бар болуы және сапасы;
интерфейстің достық қатынасы (пернетақтаны, сыбыр сөздерді, жазбалар, анықтама жүйелерін және
т.б. пайдалану жайлылығы);
мағыналық қателерге бірізді, бірақ құрамдық-тәуелділік түзету әсерлерінің бар болуы;
ЭББ мазмұндық толықтығы бойынша бағыттау принциптерінің жайлылығы және тұрақтылығы;
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г.
59
имитациялық моделдеудің мүмкіндігі және сапасы;
іздеу және анықтамалық жүйешелердің жұмысының бар болуы, тиімділігі және бірізділігі.
Қорыта келе, кез келген мұғалім электрондық ресурстарды қолдану және дайындау барысында, оның
технологиялық
сараптамасынамән
беріп,
психологиялық-педагогикалық,
дизайн-эргономикалық
сараптама негізін саралай білуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |