Әдебиеттер тізімі
1. Асимов М.А., Нурмагамбетова С.А., Игнатьев Ю.В. Коммуникативные навыки: Оқулық.-Алматы.-
2008.- 212 б.
2.Қазақстан Республикасы білім саласының 2011-2020 ж.ж. арналған мемлекеттік даму бағдарламасы.
//www.edu.gov.kz .
3.Герасименко С.Л. Совершенствование коммуникативной культуры студентов в условиях
медицинского вуза. //Электронды педагогикалық журнал. - 2007. - №1
4. Дернер К. Хороший врач. Учебник основной позиции врача. //Неміс тілінен аударылған.
И.Я.Сапожниковой, Э.Л.Гушанского. - М.: Алтейя, 2006 – 544б.
5. Клиническая психология. ЖОО-ға арналған оқулық. 4-ші басылым. //Б.Д.Карвасарский
редакциясымен. – СПб, «Питер», 2010. - 864 б.
6. Местергази Г. М. Врач и больной, или по-новому о старом: учебное пособие. // 2-ші басылым. — М.:
БИНОМ. Лаборатория знаний, 2009. - 112 б
ӘӨЖ: 378.121
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ МАМАНДЫҚТАРЫНДА БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ
ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ҮЛГІСІ
Оңалбек Жарылқасын Керімбекұлы
Академиялық инновациялық институт
П.ғ.д., профессор
Мұхамеджанов Бақытжан Қалжанұлы
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ
П.ғ.д., профессор
Данияров Талғат Әбубәкірұлы
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ доценті, п.ғ.к.
В статье рассматриваются примеры конкурентоспособной компетентности «специалистов в
области физической культуры и спорта». Каждый структурный компонент профессиональной
компетентности делится на три части: функционально-когнитивная (знания, деловитость и навыки);
психолого-личностная (профессиональные мотивы, рефлексные умения, коммуникабельность);
функционально-практичная (опыт общения, дисциплины и выполнения заданных функций). Формируется
в цикле общепрофессиональных, экономико-административных (экономическая теория, экономика и
менеджмент физической кульутры и спорта, организация спортивно-массовой работы, содержание и
виды физкульутрно-спортивной деятельности) и специальных дисциплин. Система обучения и
воспитания в вузах создается с учетом этих движущих сил, формируется образовательная среда,
направленная на формирование конкурентоспособности и освоению студентами опыта
КЛЮЧЕВЫЕ СЛОВА: физическая культура, спорт, конкурентоспособность, конкуренция,
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г.
40
компонент, способность, знание, трудоспособность, привычка.
This article deals with examples of competitive competence "specialists in the field of physical culture and
sport". Each structural component of professional competence is divided into three parts: functional-and-
cognitive (knowledge, efficiency and skills); psychological-and-personal (professional motives, reflex abilities,
skill to communicate); functional-and-practical (experience to communicate, disciplines and performance of the
set functions). It is formed in a cycle of all-professional, economical-and-administrative (the economic theory,
economy and management of physical culture and sports, the organization of sports-and-mass work, the contents
and types of physical-sports activity) and special disciplines. The training and education system in higher
education institutions is created taking into account these driving forces, it is formed the educational environment
directed on formation of competitiveness and development by students of experience of creative professional
activity and the structural professional relations.
KEY WORDS: physical culture, sport, competitiveness, competence, component, ability, knowledge, work
capacity, habit.
«Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз
үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын
болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық
сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса
маңызды», - деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына
арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы – Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Жолдауында [1].
Осы тұрғыдан келгенде, бүгінгі таңдағы елімізде жүріп жатқан экономикалық-әлеуметтік дамулар
келешек ұрпаққа білім берудің мақсаттары мен мазмұнын түбірімен жан-жақты қайта ойластырылып,
жаңа сапаға жету міндеттерін көздейді. Сондықтан білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны
қалыптастыруға, оқу үрдісіне тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани, дене
мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталуы тиіс. Міне
осы орайда, дене мәдениеті және спорт мамандарының бәсекеге қабілетті құзырлылық үлгісінде, біз
құзырлылықтың жеке топтары бойынша құзырлықтықты қалыптастыру ретіндегі мүмкін болатын
шеңбері аясында, оқу жоспарының негізгі пәндерін және әрбір топтарының ішкі жеке көрсеткіштерінің
қалыптасуы мен жетілдіруін анықтадық. Ал, бәсекеге қабілеттілік параметрлері үлгінің мазмұнын
таңдауына, бәсекеге қабілеттілік өлшемдерін дайындауға және нақты мамандардың бәсекеге қабілетті
деңгейінің бағасының нормативтеріне қызмет етеді.
Кәсіби-қызметтік құзырлылыққа экономикалық және ұйымдастыру-басқару, жалпы кәсіби және
арнайы құзырлылықты меңгеру мен арнайы блоктар жатады.
Көрінетін орны:
- дене мәдениеті және спорт мамандарының педагогикалық, басқару, рекреациялық қызметтерді тиімді
жүзеге асырғанда;
- кәсібилікті дамытуды жоспарлау қабілеттілігі ретінде;
- кәсіби қызметті (педагогикалық технология, қабылданған басқару шешімдерінің технологиясы,
спорттық-көріністік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу технологиясы, дене мәдениеті және спортты
бос уақытты тиімді пайдалану түрі ретінде насихаттап тарату жолдары және т.б.) жүзеге асыру әдістерін,
тәсілдерін, амалдарын, жолдарын, технологияларын жүзеге асыруды меңгеру ретінде;
- дене мәдениеті және спорт саласында психологиялық-педагогикалық және басқару проблемаларын
шешу қабілетінде.
Жалпы кәсіби, экономикалық-басқару (экономикалық теория, дене мәдениеті мен спорттың
экономикасы мен менеджменті, спорттық-көпшілік жұмыстары ұйымдастыру, дене мәдениеті-спорттық
қызмет мазмұны мен түрлері) және арнайы пәндер циклінде қалыптасады.
Бәсекеге қабілетті параметрлері:
- техника-технологиялық: жалпы және арнайы психологиялық-педагогикалық және экономикалық-
басқару білімі, іскерлігі мен дағдыларлың көлемі мен сапасы;
- құрылымдық: дене мәдениеті және спорт аясындағы педагогикалық және ұйымдастыру-басқару
жұмыстарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік тұғызатын тұлғалық сапасы;
өнегелік: кәсіби қызмет пен кәсіби қарым-қатынастың мәдениеті; сыртқы келбеті;
экологиялық: кәсіби қызметтің экологиялық қауіпсіздігі.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г.
41
Арнайы құзырлылықтың жоғары деңгейдегі дамуынан адамдағы кәсіби қызмет еңбегінің
қалыптасқанын айтуға болады. Одан сапалы сипатты, жоғары кәсіби классификацияны, шығармашылық
кәсіби дағдылар мен іскерліктің әртүрлілігі мен тиімділігін, кәсіби міндеттерді шешудің қазіргі заман
әдістерін меңгеру қызметтің жоғары деңгейдегі тұрақты өнімділігіне себепші болатынын көруге болады.
Құзырлылық топтарының нормативтік параметрлерінен кәсіби-тұлғалық үшін де, кәсіби-қызметтік
үшін де қай маманның шындыққа жақын екені тұралы айтуға болады. Экономикалық және әлеуметтік-
ұйымдастырушылар мамандардың бәсекеге қабілеттіліктің қозғаушы күштерін сыртынан біршама
анықтайды, сондықтан біздің зерттеуіміздің тұжырымдамасында біз бұған тоқтамаймыз.
Кәсіби құзырлылықтың психологиялық-бағдарлық құрылымына да қызығушылық пайда болып тұр.
Құрылымдық кәсіби құзырлылықты анықтауды психологиялық жолдармен зерттеу Е.В.Бондарева келесі
компоненттерді анықтады [2]:
- қызметтік: ЖОО-да алған білімінің жүйесін көрсетеді: гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми,
жалпы кәсіби, арнайы және мамандану пәндері; маманның есепке алынған шығармашылық қызметі
дағдысының тереңдігі, көлемі, ойлану стилі, өнегелілік нормасы әлеуметтік қызметі.
- мотивациялық: кәсіби қызметтегі дәлелді – себептер, мақсаттар, мұқтаждық, маңыздылығы жоғары
құндылықтарды құру жатады;
- рефлекстік; өзінің қызметіндегі нәтижесінен өзін бақылаудағы, өзін талдаудағы, болжалдаудағы
дағдыларының кешені жатады.
- қатынастық; тұлғалар арасындағы қарым-қатынасты орналастыру, ойды тұжырымдап айту,
ақпаратты анық, айқын жеткізу, кәсіби өзара келіскен әрекеттерді жүзеге асыру қабілеттері жатады.
Бұл құрылымды пайдалану мамандардың құзырлылығына бәсекеге қабілеттілік параметрлерін тығыз
байланыстыруға мүмкіндік береді және кәсіби құзырлылық деңгейі бағасының өлшемдерін нақты
анықтайды.
Зерттеліп дайындалған үлгіні ұсынудан бұрын, дене мәдениеті және спорт мамандарының қызметінде,
педагогикалық сияқты экономикалық- басқару компоненттері іс жүзінде теңдей мөлшерде ұсынылғанын
естеріңізге саламыз. Демек, үлгінің мазмұнын дәлелдеу осы фактілер есепке ала отырып жүзеге
асырылуы керек. Бұл жағдайларда кәсіби құзырлылықтың әрбір компоненті педагогикалық және
экономикалық-басқару блоктарын қосып алады (1 кесте).
Дене мәдениеті және спорт маманының бәсекеге қабілетті
құзырлылық үлгісі
№1 кесте.
Кәсіби
құзырлылықтың
құрылымдық
компоненті
Кәсіби-тұлғалық; педагогикалық
және экономикалық басқару
Кәсіби-қызметтік;
педагогикалық-
экономикалық басқару
Құрылымдық
компоненттің
сипаттамасы
Ұжымдық кәсіби қызметтің, кәсіби
және адамдардың өзара қатынасының
амалдарын меңгеру;
- жалпы азаматтық сапаларды
қалыптастыру; жеке басының тәртібі
мен
қызметін
өзі
басқару
тәжірибесінің болуы, өздігінен дамуға
талпылысы, тұлғаның акмеологиялық
бағыты;
- орындай алу, жеке тұлғалықты
дамыту,
шығармашылық
мүмкіндіктер, кәсіби дамуға дайындық
әдістәсілдерін қолдана білу;
- әлеуметтік және кәсіби танымдық
міндеттерді
инновациялық
және
шығармашылық
деңгейінде
шешу
қабілеті
- кәсіби қызметті жоғарғы
деңгейде
меңгеру,
өзінің
кәсіби
дамуын
жоспарлау
қабілеті;
- ұжымдық кәсіби қызметті
ұйымдастыру
қабілеті,
әріптестерінің, оқушылардың
және
тұтынушылардың
жұмысын жоспарлау және оны
басқару;
- шығармашылық кәсіби
деңгейде
жалпы
кәсіби
міндеттерді
шешу
(дене
мәдениеті және спорт аясында)
қабілеті;
-
педагогикалық
және
экономикалық
басқару
қызметінің
алгоритімін
меңгеру,
өз
қызметінің
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г.
42
нәтижелілігіне
жаңалықтың,
инновацияның
элементтерін
ендіре білу қабілеті, нақты
бағдарланған
ғылыми
зерттеулерді жүргізу, кәсіби
қызметті
өңдеу
және
жоспарлау қабілеті
Кәсіби
құзырлылықтың
блок
бойынша
қабілеттілік
көрсеткіші
Функционалды-когнитивтік;
әлеуметтік-психологиялық,
жалпы-
гуманитарлық
және
мәдениеттану
бойынша
білімі,
іскерлігі
мен
дағдыларының көлемі мен сапасы;
коммуникативтік білім, іскерлігі мен
дағдылары;
Тұлғалық-психологиялық;
отансүйгіштік,
азаматтық
көз-
қарасының
деңгейі;
әлеуметтік
белсенділігі; жалпы азаматтық және
кәсіби мәдениеті; өзінің еңбегіне деген
әлеуметтік
жауапкершілік;
коммуникабельділік пен толеранттік:
Функционалды-практикалық;
құрылымдық әлеуметтік бағыты мен
қарым-қатынас
тәжірибесі:
азамат
ретінде қоғамда жеке өзінің орындай
алу тәжірибесі;
мәдениетке
сәйкес
келетін
тәртіптің, жүріс-тұрыс пен қарым-
қатынас, тәртіптің, бағыттың, жүріс-
тұрыстың экологиялық қаусіздігі
Функционалды-
когнитивтік;
жалпы
кәсіби
және арнайы білім, іскерлік
пен дағдылар рефлексі;
Тұлғалық-психологиялық;
тұлғаның
акмеологиялық
бағыты, кәсіби дәлелдер мен
танымдық
қажеттілік,
креативтік,
кәсіби
сана,
болжай алу қабілеті, кәсіби
ұйымшылдық.
Функционалды-
практикалық;
кәсіби
шығармашылықты ойлай білу
және қызметтік тәжірибесі,
кәсіби
қарым-қатынастың
құрылымдық
тәжірибесі;
кәсіби мәдени қарым-қатынас
және қызмет, кәсіби қызметтің
экологиялық қауіпсіздігі
Пайда болу
-
тиімді
жоспар
мен
өзара
әлеуметтік іс-әрекеттерді жүзеге асыру
(өзара
қарым-қатынастың
кәсіби
бағыт-тылығы);
- педагогикалық және басқару
міндеттерін
шығармашылық
түрде
шешу, өзінің қызметінің нәтижесіне
жауаптылығын сезіну;
- дене мәдениеті және спорт
саласындағы
әлеуметтік-
экономикалық мәселеге байланысты
туындаған
сұрақтарды
шешудегі
бағыттылық пен қабілеттілік;
- өзінің жеке кәсіби білімін,
іскерлігі ен дағдысын шығармашылық
түрде байыту;
- жеке құзырлығы деңгейіне тең
баға;
-
кәсібиліктің
үнемі
дамуына
ұмтылу;
- ғылыми-танымдық және басқа да
шығармашылық
кәсіби
қызметті
жүзеге асыру
- дене мәдениеті және спорт
маманының
педагогикалық,
басқару,
қалпына
келтіру,
қызметтерін тиімді орындау;
- өзінің кәсіби дамуын
жоспарлау;
- кәсіби қызметті жүзеге
асыру әдістерін, тәсілдерін,
технологияларын
тиімді
пайдалану
(педагогикалық
технология,
басқару
шешімдерін
қабылдау
технологиясы;
көрермендер
келіп
көретін
спорттық
шараларды ұйымдастыру және
өткізу
технологиясы,
дене
мәдениеті мен спортты бос
уақытты тиімді пайдалану түрі
ретінде насихаттау жолдары
және т.б.);
- дене мәдениеті және спорт
аясында
психологиялық,
педагогикалық және басқару
мәселелерін тиімді шешу
Қалыптасу
Қоғамдық
қызмет,
құзырлылық
Педагогикалық
және
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г.
43
факторлары
амалдарын пайдалана отырып, оқу
үдерісін ұйымдастыру, студенттердің
азаматтық тәрбиесін жүзеге асыру
(өнегелілік, әсіресе патриоттық тәрбие,
азаматтық
көзқарасты
тәрбиелеу,
студенттердің
академиялық
құзырлылығын қалыптастыру
өндірістік
практика,
құзырлылық
амалдарын
оқатып,
үйретуге
ендіру,
студенттердің ғылыми-зерттеу
жұмысын ұйымдастыру
Оқу
жоспарындағы
пәндер
Гуманитарлық
және
әлеуметтік
пәндер (шетел тілі, тарих, құқықтану,
социология, мәдениеттану және т.б.),
жаратылыстану-ғылыми
және
математикалық (информатика, қазіргі
заман жаратылыстану концепциясы
және т.б.)
Жалпы
кәсіби
пәндер
(психология, педагогика, дене
тәрбиесінің
ілімі
мен
әдістемесі,
анатомия,
физиология және т.б.), эконо-
микалық
басқару
(экономикалық теория, дене
мәдениеті
мен
спорттың
экономикасы
мен
менеджменті,
бұқаралық-
спорттық
жұмыстарды
ұйымдастыру, дене мәдениеті-
спорттық қызметтің мазмұны
мен түрлері, басқа дайындық
және
мамандану
пәндері
(спорттық жаттығу, спорттық
педагогикалық жетілдіру және
т.б. технологиясы)
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіби құзырлылықтың әрбір құрылымдық компонентін үш
бөлікке бөлеміз: қызметтік-когнитивтік (білім, іскерлік және дағдылар); психологиялық-тұлғалық (кәсіби
дәлелдер, ревлекстік қабілеттер, қарым-қатынас қабілеті); қызметтік-практикалық (қызметтік, тәртіптік
және қатынас тәжірибесі).
Осы қозғаушы күштерді есепке ала отырып ЖОО-да оқу мен тәрбиенің жүйесін құру қажет.
Студенттердің шығармашылық кәсіби қызмет тәжірибесі мен құрылымдық кәсіби қатынас тәжірибесін
меңгеруге, міндетті дамушы тиімділігі пен мүмкіндігін қарастыратын, бәсекеге қабілеттілікті
қалыптастыратын білім беру ортасын құру керек.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
«Қазақстан-2050» стратегиясы - Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. 14 желтоқсан. Елорда.
Астана, 2012.
2. Бондарева Е.В. // Компетентность в структуре модели качества подготовки специалистов. Высшее
образование сегодня. Москва, 2004 С. 206
ӘӨЖ-370.7122
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН АЛҒАНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ САПАЛЫҚ
ҚАСИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ БІРДЕН-БІР ЖОЛЫ
Л.Қ.Рысбекова
аға оқытушы
А.Қ.Рысбекова
п.ғ.к., аға оқытушы
RESUME
In article the priorities of a creative educational activities at elementary school, according to world science and
progress the questions of training and youth education are considered. Society needs the educated, highly cultured
and creative person. Such personality is brought up by school. For this purpose at elementary classes it is
necessary to choose skillfully pedagogical conditions and to use effective ways of development of creative
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г.
44
abilities of pupils.
.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются приоритеты творческой учебной деятельности в начальной школе, вопросы
обучения и воспитания молодежи в соответствии с мировой наукой и прогрессом. Такую личность
воспитывает школа. Для этого в начальных классах нужно умело выбрать педагогические условия и
использовать эффективные пути развития творческих способностей учащихся.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы -
Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында «....Қазіргі әлемде жай ғана жаппай
сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және
ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ
балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу
қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды. «Қазақстан-2050» Жаңа
бағытын ескере отырып, Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы
инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді
тапсырамын», - деп атап көрсетті [1].
Шығармашылық - бұл бала бойындағы дарындылығын дамыту. Оны тәрбиелеу - бүгінгі таңдағы
көкейкесті мәселелердің бірі. Осы белсенділігін, қабілетін арттыру арқылы баланың шығармашылық
қабілетін дамыту қажет.
“Шығармашылық” - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс
жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.
Адам бойындағы кабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып,
өзін-өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Адам әрқашан
өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жойып жіберуге де қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға
ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап - тілегін қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды
өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең негізгі мақсаты болып табылады.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат - саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ
ұрпақ - келешек қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-
ғылыми әрісі озық азамат етіп тәрбиелеу - біздің де қоғамның алдындағы борышымыз.
Жас ұрпақты еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, оларға меңгерілетін әр тарапты қарапайым
іскерлік дағдыларын ұлттық мазмұнда, өз Халқының тұрмыс-салт ерекшелігіне орай дамыту қазіргі дәуір
қажеттігінен туындап отырғаны мәлім. Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі ретінде бала бойында
ұлттық тәрбиеге негізделген еңбек дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығы арта түсуде.
Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты
нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып,
ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл
адамдар қолынан ғана келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға
өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз
білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын бастауыш мектептің алар орны
ерекше.Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден: кез-келген
бала адамзат баласның осы кезге дейінгі жинақтаған тәжірибесін меңгеруге арналған оқу әрекеті,
екіншіден- кез- келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін
дамытады.
Негізгі мектептің бүгінгі білім берудегі мақсаты — оқушыда өз жеке білім траекториясын таңдау
қабілеттілігін қалыптастыруға жағдай жасау. Яғни, педагогикалық әрекет оқушылардың өз бетінше
жұмыс жасауына әкеп тірейтін әрекетіне бағытталу қажет. Шығармашылық әрекет — оқушының өз жеке
шығармашылық бағытын таңдау кажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған
жауапкершілігін қамтитын әрекет. Мұндай әрекет оқушының жеке білім траекториясын қалыптастыруға
бағытталған. Осы тұрғыдан ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда
ескерген жөн.
Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір
көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дуние туралы түсініктерін
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г.
45
кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы. Осы талап
тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа
технологияны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше [2].
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы балалардың кішкентай кезінен бастап дүниеге өзіндік
кезқарасының қалыптасуына жол ашу. Бала қиялын дамыту барысында оларды бақылауға, зерттеуге,
ойлауға, өзінің болашағын болжауға және идеялармен еркін әрекет жасауға үйренеді. Балаларға өздерін
тапқырлыққа, білгірлікке, максатқа талпынуға және қиялдауға итермелейтін ойындар мен тапсырмалар
өте ұнайды.
Бастауыш сынып балаларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар шындық өмірді қиялдағымен
біріктіре отырып, өзі ойлап тапқан дүниеде өмір сүруі мүмкін. Олар ағаштардың немесе хайуанаттардың
сөйлесетініне сенеді. Бұл жастағы балалар естіген ертегі-әңгімелер желісімен өзі де оларды құрастыра
алады. Сондықтан мұғалім ертегі не әңгімені бастап беріп, оны аяқтауға оқушыға тапсыратын болса,
балалар оны аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады.
Бастауыш сынып оқушысының жазған шығармашылық жұмысы тек өзіне ғана жаңалық болып
табылатын, суьективті жаңалық. Оқушыларды оқыту барысында белсенділік қабілетін қалыптастыру
және дамыту мәселесі. шығармашылық процестің қаңдай кезеңдерден тұратындығы, яғни неден
басталып, немен аяқталатындығын білуді талап етті. Бастауыш сынып оқушыларына тән шығармашылық
процестің кезеңдерін шартты түрде төмендегідей топтастырдық:
1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.
2. Шығармашылық белгісіздік, екіұштылық.
3. Шешімнің жарық көруі.
4. Шығармашылық акт.
5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Оқу - танымдық шығармашылықтың әр кезеңінде бала бойыңда әр түрлі сапалық қасиеттер
қалыптасып жатады. Мысалы: алғашқы кезеңде жаңалықты сезіну, қайшылықтарға деген күдік,
шығармашылық елес орын алады. Белгісіздік кезеңіңдегі “бас қатырулар” табандылық, танымдылық,
белсенділік қалыптастырса, еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл күйге бөлеп, жаңа істерге
жігерлендіреді [3,4].
Мұның барлығы бастауыш сынып оқушыларында болуға тиісті қасиеттер болып табылады. Әрине,
шығармашылық жұмыстың түріне, мақсатына қарай бұл кезендер астасып, қабысып жатуы әбден мүмкін.
Олар да қалыптасып, әрі қарай дамып отыратын сапалар да бірі анық көрініп, бірі керісінше, уақытша
көмескіленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанымен, тұтас алғанда әр баланың бойындағы табиғи, қайталанбас
ерекшеліктермен біріккен кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таң ғажайып
үлгісін құрайды
Қазіргі бастауыш мектептерде шығармашылық әрекеттен, оқу әрекеті басым жүреді.Сабақта
оқушылар үнемі бір типтес жаттығулар орындаумен айналысады. Мұндай жаттығулар бір ғана шешім
іздеу баланы өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады. Біздің ойымызша қазіргі қоғам талабына сай, оның
дамуына орай, бастауыш сынып оқушыларына кез-келген шығармашылық тапсырмаларды шешуді
табысты меңгере алады.
Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның
рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлау білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен катар адамның кәсіби
біліктілігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.
Міне осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен
істей алатын жеке адам қажет. Ондай адамды мектеп дайындайды. Ол үшін бастауыш сыныпта жеке пән
оқыту арқылы оқушының шығармашылық қабілеттерін арттырудың педагогикалық шарттарын таңдап
алу қажет. Сонымен қатар оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын тиімді
ұйымдастыра білген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |