ШАРБОЛАТ
– Шал-ау, неғып отырсың, мертіктірді ғой ана баланы...
– Тыныш отыршы-əй, қайдағыны айтпай, əдісін алай-
ын дегені де. Əйтпесе, не көрініпті Жəкенге... Анау да өзі
қарайлас сияқты білем...
Үшкемпір қарт қомдана беріп, телевизорға бір табан
жақындай түсті. Өз-өзінен күбір етіп: «Иə, сəт құлыным.
Нар тəуекел...».
Көгілдір экранға ентелей қалған үй іші демдерін ішінен
алып, алқалы топ ортасында өтіп жатқан арпалыстың əр
көрінісін қалт жібермей қарап отыр. Бір сəт бөлме ішіндегі
сілтідей тұнған тыныштықты қуаттағандай телевизор ко-
ментаторы да үнсіз қалған.
...Шиыршық атқап шымыр білектер шартпа-шұрт айқаса
қалысымен Жақсылық кəнігі əдісіне салуға ыңғайлана
берді. Түрік балуаны қолын сəл босатуы мұң екен, ол көз
ілеспес жылдамдықпен Борды белінен қапсыра құшақтай
292
алды. Сөйтті де, қарсыласын шыр айналдыра беріп төрт
тағанға түсірді.
–
Ой, бəрекелді! Менің ботам сөйтсе керек-ті! Қарт
жан-жағына желпіне қарады. Осы сəт Күнтөре шешей де
көзəйнегін түзей беріп жанарына үйірілген қуаныш жасын
отағасына білдіртпей сүртіп алғанды.
Іле коментатордың: «Сонымен, қымбатты телекөрер-
мендер. Москва Олимпиадасының боз кілемінде талай-
ды тамсандырған Жақсылық Үшкемпіровтің кезекті
жеңісінің куəсі болдыңыздар. Осындағы өтіп жатқан əлем
чемпионатының ақтың сынында түрік балуаны Борды 8:0
есебімен ұтқан Жақсылық енді бірнеше минуттан кейін
алтыннан алқа тақпақ» деген хабары үй ішінің көл-көсір
қуанышымен шалқыған шаттығына ұласқан.
–Ура! Ура!.. Папам жеңді, Жандос, көрдің бе, əне!
Апыл-тапыл басқан қос құлыншақ жүгіріп келіп қарт
құшағына қойып кеткен. Кішкене Елдостың жүрекжарды
даусын отырғандардың сезім пернелерін шертіп өткені де
рас болатын.
«О, құлынымның қос қанаты»... қарияның салалы саусақ-
тары немерелерінің кекілін сипай берді. Со бір сəт сонау
жылдар тасасында жылыстап қалған көне суреттер Үшекең
қарт көз алдынан кинолентасындағыдай сырғып өткен.
...Мамыр айының мамыржай күндерінің бірі еді. Көрші
ауылдағы Мараттың əйелі ұл туып, төңіректің бəрі тайлы-
таяғымен шілдеханаға жиналды. Əкесінің қой дегеніне бол-
май Жақсылық та ере келген.
Ойын-сауықты бабына келтіре басқарып жүрген Тоқаш:
–Ау, халайық ендігі кезекті күш өнеріне берсек қайтеді.
Тамаша той сəні бала күресі емес пе?
Жұрттың бəрі Тоқташтың осы ұсынысын күтіп
отырғандай кеу-кеулеп əкетті.
– Міне, қызық енді басталады!
– Ал, балалар, белбеулеріңді тағыңдар.
– Сапарғали осы жолы бəрін де қирата соғатын шығар.
– Əшейін де қарап қалмас.
293
Той думаншылары ауыл сыртындағы дөңеске көтерілді
де алқа-қотан отыра қалысты.
Күреске сайланып келген балалар ортаға бірінен кейін
бірі шығып жатыр. Қарақан деген бала шыдатар емес.
Үйіріп соғып, алып ұрады. Қарақанның мына қимылынан
жасқаншақтаған өзгелер тоқырасып қалған.
– Ау, бұл не тұрыс...
– Қарақан шықсын тағы...
– Қарақан шығарын шығар-ау, онымен белдесуге кісі та-
была қояр ма екен, сірə?
– Сапарғали тұрған жоқ па?
– Əй, қайдам, сонікі құр дене ме деп қалдым.
– Мен шығам!
Жұрт назары бірден ортаға адымдай басып шыққан
тəмпіш қараға ауды. Төреші талапкердің қалқасын көріп
қорашсынды білем, бір сəт желкесін қасып, төңірегін тінте
қараған.
–Бастайық! – деді тəмпіш қара.
Ұлының мына қылығы Үшкемпірді таңғалдырған.
Қапелімде суырылып ортаға шыға келген Жақсылықты
шақырып алайын деп бір оқталғанымен, əліптің артын
баққан. Бір жерін мертіктіріп алмаса жарар деген ой да
сызықтап өтті.
...Белдесу басталып кетті. Жақсылық Қарақанға шал-
дырмай жүр. Бір кезде жамбасқа алам деп үйіре берген-
де Қарақан өзінің қалай əдіс алдырып алғанын байқамай
қалды. Тəмпіш қара іштен шалып үлгерген. Қарақан
серең етіп құлағанда Жақсылық көз ілеспес қимылмен
қарсыласының жауырынын жерге тигізді.
– Ой, пəлі əдісқойын қарашы-ей, өзінің!
– «Күш атасын танымас» деген осы да!
– Жо-жоқ, Қарақан мүлт кетті.
– Сізде айтады екенсіз, мəселе əдісте ғой.
– Тəмпіш қарам ерледі, болайын деп-ақ тұр екен.
Төреші жігіт Жақсылықтың қолын көтерді.
...Ойлап қараса ұлы сол бір жылдары-ақ күрес өнерінің
294
табалдырығынан аттаған екен-ау. Үшкемпір қарт ұлының
үлкен спорттағы өмірбаянының осылайша басталғанына
сүйініш білдірді.
***
1975 жылдың шілдесі. КСРО Халықтарының VI
спартакиадасының программасы бойынша классикалық
күрестеті Алматыда өткен жарыс Үшекең қарттың күні
кешегідей əлі есінде.
Астанадағы Спорт сарайында өткен бұл жарыстың
əрбір сəтін семьясымен қалт жібермей қарап отырды. Қарт
ұлының осы бір дүбірлі де аса жауапты спорт мерекесіне
тыңғылықты əзірмен келгендігін білетін-ді. Жарыстың
алғашқы күні Жақсылық еліміздің чемпионы əзірбайжан
палуаны Құрбановпен шықты. Қос қарсылас боз кілем
үстінде бар өнерін салған. Жақсылық үшін тек қана жеңіс
керек. Өйткені Ригада өткен біріншілікте Құрбановқа кез-
десу тізгінін беріп қойып, қол созым жердегі алтын медаль-
дан қағылған болатын. Міне, енді сол жеңілістің есесін
қайтарудың сəті түсті. Құрбановтың тактикасының бүге-
шігесіне дейін біліп алған Жақсылық алғашқы минуттардан-
ақ ұпай санын молайта берді. Ал соңғы үш минуттықта
əзірбайжан палуаны өзінің жер иіскей құлағанын аңғармай
қалды. Сол сəтті Жақсылық ұтымды пайдаланды. Таза
жеңіс!
Сол күнгі қарқын қарқынға, жеңіс жеңіске ұласты. Ал
спартакиаданың ақтық сынында Жақсылық КСРО құрама
командасының белді мүшелерінің бірі Нецветаевпен
кездесті. Боз кілем үстінде өткен тоғыз минуттық атой арпа-
лыста қазақстандық палуанның мерейі үстем болды. Ол ре-
спублика командасының А.Назаренко, В.Рязанцев, А.Быков
секілді жігіттермен бірге жеңіс тұғырына көтеріліп, алтын-
нан алқа тақты.
***
Жанкүйерлердің жарғақ құлағын жастыққа тигізбей
есіл-дертін алған Олимпиада күндерінің ақтық сынының
өтер сəті де жетті-ау. Бұл күндер Вадим Александрович
295
Псарев мазасыз күй кешкен. Қалай болар, екен, ə? Кон-
стантин Александр да осал емес-ау. Былтырғы Прьевидзе-
де өткен əлем біріншілігінде қарсыластарының бəрін жер
соқтырып, жолындағысын жайпап, жеңіс тұғырына жеке-
дара көтерілген де осы Александр ғой. Оның Шумаковпен,
Базинмен кездесулеріндегі айла-тəсілді шеберлігін айтып
жеткізудің өзі қиын.
Иə, қай бапкер өз шəкіртінің жарыс сөресін сəтті
бастағанын қаламайды дейсіз. Сондықтан да Вадим
Александровичтің толқуы да орынды еді. Дегенмен,
Жақсылықтың Алматыдағы Прьевидзедегі біріншілік-
тердегі көрсеткен ширақ қимылдары, мінез жомарттықтары
есіне оралғанда жаттықтырушы бір сəтке болса да көңілін
тоқ санайтыны да жасырын емес.
Жақсылық соңғы жылдары шын мəніндегі спорттық
бабына енді. Соның бір дəлелі Ульяновскіде өткен
біріншіліктің бас бəйгесін жеңіп алып, Олимпиада жолда-
масына ие болуы.
...Бозкілем үстіндегі белдесу ширыға түсті. Төрешінің
ысқырығы естілісімен-ақ жойқын шабуылға көшкен ру-
мын палуаны өзінің кəнігі əдісіне салуға ыңғайланып-
ақ бақты. Екеуі де əбден сүлесоқ болған. Қарсыласының
əдісіне қанық Жақсылық та бой алдырмай жүр. Бір сəт
шалқалай кеудесінен асыра лақтыруға ыңғайлана берген-
де Жақсылық Александрға қарсы əдіс қолданып үлгерді.
Қас пен көздің арасында румын палуаны төрт тағанға
түсті. Есеп 6:1! Сол сəт төреші ысқырығы шыр етіп белде-
су аяқталғандығы туралы белгі берілген. Олимпиадалық
ойындарда Поляк палуаны Роман Керпачты, венгрлік
Вренц Шерстреді таза ұтқан Жақсылық ақтық сын-
да болгарлық Павел Кристовпен кездесті. Жақсылыққа
дейінгі қарсыластарының бəрінен мерейі үстем болып
келген Кристов та осал емес еді. Ол осының алдында ғана
Фин палуаны Рейс Хакарантанмен өткен тартысты белде-
суде қарсыласын 25:0 есебімен ұтып, талайларды таңдай
қақтырған.
296
...Шиыршық атқан бұлшық еттер ойнақшып, қорғасынша
қабыса қалады да, енді бір сəт жойқын күш жебегендей
білемдене шыға келеді. Самайынан жылғалап келіп көзіне
құйылған ащы тер осынау арпалыстың əр секундының
салмағын үстемелегендей. Кристовтың қарулы саусақтары
ұстаған жерінен айырылар емес, бірін-бірі аңдысқан екі
палуанның əр қимылын қадағалап отырған жанкүйерлердің
«Жақсылық! Жақсылық!» деуі мұң екен, намысқа тырысты
білем, болгар палуаны бұған қарай айбат шеге атыла бер-
ген. Жақсылықтың да күткені осы еді. Қарсыласының осал
буынын дөп басқан ол қас-қағымда Кристовты төрт тағанға
түсірді. Көзді ашып-жұмғанша болған жоқ, жауырыны жер
иіскеп үлгерген болгар палуанына бармағын шайнай бер-
геннен басқа амал қалмаған. Бұл 1980 жылдың 23-шілдесі
еді.
Ал арада аз-кем уақыт өтпей-ақ Олимпиаданың баспасөз
орталығынан ағылған информация ағындары классикалық
күрестің бас бəйгесін жеңіп алған Жақсылық Үшкемпіровті
əлем жанкүйерлеріне таныстырып жатты.
– Сол күнгі тебіреністі толғанысты тілмен айтып жеткізу
қиын, – дейді Жақсылық. – Оның бəрі, əрине, үлкен еңбектің
тынымсыз ізденістің ізгі мақсатқа тас түйін жұмыла білудің
басты қорытындысы деп білемін.
Иə, тынымсыз ізденіс шеберлікті шыңдай түсу
Жақсылықтың үлкен спорттағы тамаша көрсеткіштерінің
алтын арқауы.
Жақсылық бұл күндері спорттағы тамаша табыстарының
сырларын жас буынна да жалықпай үйретуде. Ол
Астанадағы «Қайрат» ерікті спорт қоғамына қарасты бала-
лар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы.
***
– Жақа, еліміздің тəуелсіздік алғанына жетінші жылға
аяқ басты. Қазақ спорты тарихында да осынау жылдардың
өзіндік бет-бедері бар ғой, ə? – дейміз Жақсылыққа сыр тар-
тып.
297
– Əрине. Бірақ бүгінгі табыс ертеңге меже болмауы керек.
– Осы ойыңды тарқата түссең.
– Айта берсек, əңгіме көп. Ал ең бастысы, ақиқатына
келсек біз өз мүмкіндігімізді толық пайдалана алмай отыр-
мыз. Көпшілік жерде тоқмейілсу, мардымсу басым. Еліміз
егеменді ел болды, тəуелсіз болды деп бөркімізді аспанға
лақтыруды сəнге айналдырдық. Осынымыздың өзі ұзаққа
созылыңқырап кеткен жоқ па, ə?
– Оныңыз рас, енді...
– Мен бір-ақ нəрсені айтайын. Қазақ спортының жұлдызы
жоғары болуы, əрине, жеке тұлғаларға, таланттарға байла-
нысты екендігіне ешкімнің шүбəсі жоқ. Дегенмен де, сол
таланттардың көзін ашатын, оның тұсауын кесетін жергілікті
жерлердегі бұқаралық спорт ұйымдары ғой. Мен мəселен, осы
қалпымда Олимпиада чемпионы болып аспаннан аяғым сал-
бырап түсе қалған жоқ. Кезінде мен де, ауылдың қаратабан
баласы спорт секцияларына қатысып, аудандық, облыстық
біріншіліктерде күш сынастым. Демек, менің чемпиондық
жолымда бұқаралық бастауыш спорт ұйымдарының алар
орны зор болды десем асыра айтпас едім.
Жақсылық осылайша толғанады. Оның пікірінің құйттай
да қоспасы жоқ. Рас, соңғы жылдары нарықтық экономика
қиыншылығы, қымбатшылық деген сылтаумен жергілікті
дене тəрбиесі мен спорт ісіне деген көзқарасты салқындатып
алғанымыз рас. Бір жылдары үлкен спортқа жолдама берген
стадиондар мен жаттығу алаңдары бүгіндері есік-терезесі
қаңырап, жоғарыдан келген өкілдердің анда-санда ат ізін
салатын меңіреу ғимаратына айналған.
Жергілікті жерлерде спорт десе ішкен асын жерге
қоятын азаматтар жоқ емес, бар. Солардың энтузиазмін
қолдап, жарқын іске жалын тұтатсақ бұдан ортақ ісіміз
ілгерілемесе кейіндемесі мəлім.
–Бір күйінетінің аудан əкімдерімен əңгімелесе қалсаңыз
спорт ойындарын кейбір мерейтойларда өтіп жататын көңіл
көтерерлік жарыстармен сабақтастырады, – дейді Жақаң
сөзін сабақтап.
298
– Ұлттық спорт ойындарын дамыту, денсаулық мере-
кесіне айналдыру ол да жақсы нəрсе, əрине. Бірақ бұқаралық
спорттың бүкіл даму деңгейін осы мəселемен ғана өлшеп-
пішу жеткіліксіз.
Қазақ спортының қияға құлаш ұруына иненің жасуын-
дай болса да үлес қосып отырған Жақсылық Үшкемпіров
сынды азаматтың, ой-жосығы, міне осындай.
1997 ж.
АҚҚУ СЕНІМ
...Ұзын сəскеде ауыл сыртындағы қара жолдан автоклуб
шаң берді де, артынша-ақ кеңсенің жанына кеп тоқтай
қалды. Арада аз-кем уақыт өткенде дүкеннің алдындағы
хабарландыру тақтасына қуанышты хабар ілінді.
Iле «Алматыдан артистер келіпті. Бүгін клубта концерт
болады екен» деген хабар оймақтай ауылды бір серпілтіп
тастаған. Сол күні «Қырықжылдықтың» үлкені де, кішісі
де қас қараюын асыға күткен-ді. Ай дөңгелеп, қыр үстіне
қонақтаған сəттен жатаған клубқа жұрт тайлы-таяғымен
жан-жақтан ағылды-ай кеп.
Ойын-сауық түн ортасына дейін созылды. Бір сəт
күнделікті күйбең мен сан-сапалақ шаруаны ұмыттырып,
ауыл адамдарын əн əуезі баураған. Бірде Қайраттың май-
да қоңыр даусы түнгі аспанды тебірентіп, толқытса, енді
бірде Қапаштың мың сан құбылған күміс үні еріксіз «Па,
шіркін» дегізген. Əн күйге, жыр биге ұласты. Осынау əсем
əлемді аңсай күтіп, өнерпаздармен сағыныса қауышқан
көрермендер қайта-қайта дүрліктіре қол соғып, əншілерді
сахнадан жіберер емес.
Бір кезде алқалы ортаға тұлымы желпілдеген
шынашақтай қыз шыға келді.
–Оу, мынау Мұхамедиярдың қызы ғой.
–Ой, пəлі, өнерпаздар өз арамызда да бар екен.
299
–Бəрінен де бұрын жүрексінбей «Гүлдермен» өнер
жарыстыруға шыққанын айтсаңшы.
– Мақпал ғой бұл, Мақпал.
Сөйткенше болған жоқ, əлгі кішкене əншінің балғын үні
клуб ішін кернеп ала жөнелді.
...Ауылымнан аттанарда,
Алтын аймақ əн салады.
Жол тынымсыз тартқан алға,
Жүрегімді нұр шалады...
Əн аяқталғанда, жұрт тағы да кеу-кеулеп, дүркірете қол
соқты.
– Мың жаса, айналайын!
– Талабың таудай болсын!
– Əн иірімін түсініп айтуын қарашы, тамаша!
Осы сəт əлгінде ғана өздері де көрермендер құрметіне
кенелген «Гүлдердің» өрімдей қыз-жігіттері байыз таппай
сахнаға жүгірісе шыққан. Енді бірде құшағы қызғалдақтарға
толы қаршадай əнші өнерпаздардың қолында қалықтап
бара жатты...
– Бұл осыдан он бес шақты жыл бұрын болған еді, – дейді
республикалық «Гүлдер» жастар эстрадалық ансамблінің
қаз тұрып, қадам басуына қамқор болғандардың бірі Кенже-
бек Тұяқаев. – Ал қазір ойлап қарасақ, бəрі де күні кешегідей
сияқты. Сондағы кішкене əнші Қарағанды облысындағы
Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектептің
екінші класс оқушысы Мақпал Жүнісова еді. Ол «Гүлдер»
ансамблінің жаңадан ғана құрылған кезі болатын. Алғашқы
қадамынан-ақ көрермендерге өнер гүлін шашуды мұрат ет-
кен жас коллектив пен балғын өнерпаздың творчестволық
байланысы, осы тұста-ақ орнаған екен-ау.
Кейін Мақпал ансамбліміздің негізгі əншілерінің бірі
атанғаны баршаға мəлім. Өрімтал жастың үлкен өнер са-
парына бекем бел бууына себептің бірі осы кездесу болса,
оның ел назарына ілігіп, қанатының қатая түсуіне өнер десе
300
ішкен асын жерге қояр ағалар қамқорлығының да елеулі
əсері болмай қалған жоқ.
...Тоғыз құрсақ көтерген Үміт осы «Қырықжылдықтағы»
іргелі, сыйлы семья ұйтқыларының бірі. Жастайынан əн-күй
десе елеңдеп тұратын ол бұл төңіректегі ойын-сауықтың
сəні де өзі еді. «Қарлығашты», «Дайдидауды» нақышына
келтіре айтқанда, өзгелер былай тұрмақ, өзінің Елемесі мен
Құралайы, Мақпалы мен Маралы, Бағдаты мен Бекзаты,
тіпті кішкене Анар, Арайлары да аналарының осы тамаша
қабілетіне таңғалып, өздері де əн айтуға талап қылатын.
Кешкісін шаруаны жайғап, қазан көтеріп болысымен
қолына ұршығын алып, əн əлеміне берілетін əдеті бар-ды
Үміттің. Сондай бір сəттері айналасына шүпірлесе отыра
қалысатын балалары да əсем əн əлдиіне бөленетін. Ана-
сы əнді аяқтай бергенде, іле Мақпал шырқай жөнелетін.
Алғашында қызының мына қасиетіне онша мəн бере
қоймаған Үміт, келе- келе Мақпалдың үнінде өзіндік
ерекшелік барын сезе бастаған. Бірақ, бұл жөнінде тіс жа-
рып ешкімге лəм-мим демеді. Қызының балапан талабына
іштей сүйсінетін.
Осындай бір сезім құшағында жүргенде, отағасы
Мұхамедияр:
– Үміт, ə, Үміт, Мақпалды Қарағандыдан оқытсақ қай-
теді... Сен болсаң, мына тіршіліктің шылауында оратылып,
бойыңдағы талантыңды тұншықтырдың. Мақпалжанның
жүрегінде əнге деген ықылас, інкəрлік бар, байқайсың ба?!
Мен сол жағын ойлаймын да. Онда көзі ашық, көңілі сергек
музыка мұғалімдері бар ғой, – деген.
Көп ұзамай Мақпал жаңа оқу жылында сабақты
Қарағандыдағы №2 қазақ орта мектебінде жалғастырды.
Қай мектепте болмасын даталы күндер қарсаңында үнемі
класаралық жарыстар өткізу, өнер сайысын ұйымдастыру
дəстүрге айналған. Сондай бір өнер сайысының мəресіне
бесінші класс оқушысы Мақпал Жүнісова да жолдама
301
алған еді. Сөйтіп, таланты жас мектеп көркемөнерпаздары
құрамында, тіпті сонау Севастополь, Симферополь, Ялта
қалаларына дейін барып, «Ақбұлақ», «Ауылым-əнім»,
«Қарағанды» əндерін нақышына келтіре орындап жүрді.
Үміт қалаға əр келген сайын қызының тырнақалды табы-
старына шексіз қуанып, өз-өзінен шүкіршілік етіп жүретін.
Оның бұл қуанышын «Мақпал Қазақ телевизиясынан əн
айтады екен» деген хабар үстемелей түскен.
Бұл хабардың «Қырықжылдыққа» дүмп-дүмп жетуі
журналист Сұлтанғали Қаратаевтың Қарағандыға келуімен
тікелей байланысты еді. Қашанда жаңалыққа жаны құмар
журналист ағайынның елгезектігі, жақсылық атаулы-
ны қалт жібермейтін қасиеті небір сəтті туындылардың
дүниеге келуіне, халық таланттарының көзін ашуға себеп-
кер болған ғой.
Қазақ радиосының арнайы тапсырмасымен творчес-
тволық командировкада жүрген ол, ойға алған шаруа-
сы ыңғайланып қалған соң қаладағы № 2 қаззақ орта
мектебіне соғады. Ондағы ойы – мектеп өмірінде жылт ет-
кен жаңалық болса пленкаға түсіріп алу, жас тимуршылар
мен қызылізшілердің ізденісіне зер салу еді.
Алғаш танысқан бетте-ақ мектеп директоры:
– Иə, радиоданмын дейсіз ғой, ə? Келген жұмысыңыздың
ойлағандай болуына көмектесеміз, əрине. Сонымен қоса
бізде де бір тілек бар еді. Егер де айып етпесеңіз, – деген.
– Жо-ға, о не нəрсе екен, біз айыпқа бұйыратындай.
Əуелі көрелік те, не шаруа екен ол.
– Айтсақ, мынадай шаруа. Осында бесінші класта Мақпал
Жүнісова дейтін кішкене əнші қызымыз бар. Соның даусын
пленкаға жазып көрсеңіз. Тым жақсы-ақ айтады əнді.
Директордың өтінішін білдіруі-ақ мұң екен, Сұлтанғали
бəзбіреулер құсап сөзін салмақтап тұрып алмады. Үзіліс
арасында Мақпалдың əнін тыңдап көріп, кішкене əнші
бойындағы талантты бағалай білу керектігін ұқты. Журна-
302
лист уақыт ұттырып тұрмады, іле облыстық телевизияның
мамандарымен
хабарласты
да,
кішкене
əншінің
орындаушылық шеберлігіне назар аударуларын өтінді.
Арада көп уақыт өткен жоқ, бесінші класс оқушысы
балғын əнші Мақпал Жүнісованы облыстық телевизияға
жазу жөніндегі қарбалас басталып кетті. Сұлтанғали кейін
сол пленкаларды Алматыға сұратып алды да, өз репортеріне
жазылған бірнеше əнді сұрыптап, балғын əнші туралы ар-
найы хабар дайындады.
Журналист мұнымен де шектеліп қалмады. Мақпалдың
талантын ұштай түсу үшін оны Алматыға алдыру керек
деп ұйғарды. Осы мақсатпен алты ай бойына республи-
ка Оқу министрлігінің, басқа да жауапты мекемелердің
есігін тоздырды. Балғын əншінің үнін естіп, көңілдері
құлаған соң олар да иліге бастады. Не керек, əйтеуір, Ал-
маты – Қарағанды арасындағы бір жылғы сабылыстан соң
Мақпал Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық мектепке
ауыстырылды-ау.
Жаңа білім ордасындағы талап та, талғам да жоғары.
Ал, ұдайы соның биігінен көріну өнерге құлаш ұрған
шəкірттердің алымына, алғырлығына сын. Үздіксіз үйрену,
шеберлікті шыңдай түсу жас талаптың жолбасшысы
болмақ.
Алматы қашанда əн құшағында. Əсем астананың сəні
де əнінде ғой. Қашан көрсең қыз қылығындай құбылмалы
көркімен көз сүйсіндірерлік Алматының бар болмысы, сым-
баты, салтанаты əн жолдарында өріліп тұр емес пе. Астана
осынысымен қымбат, осынысымен сыйлы жас дəуренге.
...Керімсал көктем еді. Алматы алуан реңге малынып,
құлпыра түскен. Төңірек тамаша күй кешіп, қаланың жа-
сыл желегі жас ғұмырдың жүрекжарды сырларын бөлісіп
жатқандай. Оның да ақиқаттығына шек жоқ. Өйткені
Қазақстанның түкпір-түкпірінен астанаға – ат сабыл-
тып жеткен өрімдей өнерпаздар. «Жігер» фестивалінің
303
бас бəйгесін сарапқа салмақ. Күміс жалды керуенге үдере
ілескен əр талапкерде бір арман – жұлдызды шақпен
қауышу.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығар осынау өнер сай-
ысына республикалық «Гүлдер» ансамбліне қабылдануға
талапкер бір топ жас та қатысып, бағын сынаған. Алматы
облысы, Нарынқол ауданынан келген Қанат Құдайбергенов,
қызылордалық Бақтияр Тайлақбаев, алматылық Майра
Нұркеновалармен қоса, Мақпал Жүнісова да «Жігердің»
əділқазылар алқасы алдында өнер көрсетті.
Осынау дүбірлі өнер бəсекесіне бір үміт, бір күдік
жетегінде келген өрімдей қыз-жігіттер алғашқы күннен-
ақ əсем əн мен күміс күйді шалқытты. Ақиқатына келсек,
«Жігер» біле білген жанға екі жақты сын. Өйткені жас
орындаушы дүйім елдің алдында қара қылды қақ жарған
əділқазылар ойынан шыға алдым ба деп бір толғанса,
қалың өнер сүйер қауым жас өнерпаз үміт биігінен көріне
алар ма екен деп тағы тебіренеді. Бұл – өнер табиғатының
заңдылығы, өнер – өмір мəні деп соққан жүрек осылайша
лүпілдейді.
Мақпал алқалы топ алдына сайыстың екінші күні
шықты. Қолында үкілі домбыра, талдырмаш қыз сахнаға
шығуы мұң екен аумағы ат шаптырым консерваторияның
концерт залы гу-гулесіп ала жөнелді. Көрермендердің
мұншалықты ықыласының да сыры бар-ды. Арагідік теле-
визордан көрініп, дəстүрлі юбилейлік мерекелерде əн салып
жүретін жас əнші тамаша орындаушылық шеберлігімен
жұрттың назарына іліге бастаған. Ана бір жолы «Тама-
ша» ойын-сауық кешінің концерттік программасына да
қатысып, дүйім елді бір разы еткен.
Домбыраның құлақ күйі бабында екен. Салалы
саусақтар сымдай тартылған қос ішекті шертіп-шертіп
қалғанда, зал іші сап тыйылып, іңкəр көңіл əн əуезіне
құлақ қойған.
304
Жазғы бір саумал самалдан аймалай түскен əн-құдірет
бірде алпыс екі тамырыңды байлап-матап, енді бірде сырлы
əлемге жетелей жөнелгендей. Бір ғажабы əуен мен əн сөзі
өзара құйылысып, тыңдаушы жүрегін жаулап алып, тəтті
қиял құшағына бөктіргендей.
Бірауыз сөз қасіретті тыяды,
Бірауыз сөз айықпас дерт жияды.
Бірауыз сөз əлемге əйгі еткізсе,
Бірауыз сөз жаман атқа қияды.
Бірауыз сөз таң шолпанын əперер,
Бірауыз сөз анаңдай боп мəпелер.
Бірауыз сөз ұл туды деп қуантса,
Бірауыз сөз əке өлімін əкелер.
Мақпал əн жолдарын қайталаған сайын тоғыз пернеден
төгілген домбыра үні де бебеу қағып өмір пəлсапасының
өзіндік заңдылығын тыңдаушының құлағына құйып
жатқандай. Жұртшылық əн аяқталмаса екен деп іштей
тілек білдіреді.
Əннің соңғы қайырмасына келгенде, Мақпал екінші ты-
нысы ашылғандай, өлең жолдарының əр сөзін нақыштай
түсті. Тоғыз пернеде тынымсыз ойнаған нəзік саусақтар бір
сəт əр нүктеден сыр іздегендей саябыр тауып, əуен əлемін
өрнектей берген...
Бірауыз сөз жан тетігін табады,
Бірауыз сөз мың əуреге салады.
Қимас жандар көз жұмарда қоштасып,
Бір-ақ ауыз сөз айтысып қалады.
Əн аяқталысымен зал іші тағы да гу-гулесіп, енді жас
орындаушыға деген ризашылығын жасыра алмай, сатырла-
та қол шапалақтай жөнелген.
– Өте тамаша!
– Тағы! Тағы!
– Жүлде Мақпалға!
305
Ілкі сəтте құшағы гүлге толы жас қыз тағы бір əн айтай-
ын дегендей ишарат білдірген. Мұнан соң «Сыңар аққу»,
«Қымбат өмір» орындалды. Сөйтіп, əн əнге ұласты. Ең ба-
стысы, жас əнші Мақпал Жүнісова өз аудиториясын тапты,
«Жігер» сынды дүбірлі өнер сайысының лауреаты атанды.
– «Қазір эстраданы қандай сапалық деңгейге көтеруіміз
керек, оның əншісінің бойында нендей қасиеттер болуға
тиіс?» деген сұрақ жиі қойылып жүр, – дейді Мақпал əңгіме
республика эстрадасының бүгінгі ахуалына ойысқанда. –
Өте орынды əрі дер уақытында қойылып отырған мəселе.
Кезінде екі-үш гитара, бір дабыл қосылған шағын əншілер
тобын да эстрада деп атап жүрдік. Олардың орындауында
көбіне-көп еліктеушіліктен туған əндер болатын. Сөйтіп,
жер-жерде осы бір жүрекке жақын, ұшқыр өнердің қадір-
қасиетін кетіре бастадық. Бұл – шын, ақиқат нəрселер.
Бүгінгі таңда да сол еліктеушіліктен арылып болдық деп
ойламаймын. Демек, кемшіліктің түп-төркіні тереңде
жатқан секілді. Мұның бəрі, былайша айтқанда, музыкалық
мəдениеттің жетіспей жататындығынан-ау деген ой келеді.
Сахна – қастерлі де касиетті əлем. Өйткені өмірін өнер
өлкесімен сабақтастырған жанның қуанышы мен қайғысы,
сүйініші мен салтанаты сол сахна-əлемде өтеді. Оған аса
ілтипатпен қарау, айрықша сезіммен бару қажеттігіне қай-
қайсымыз болсақ та түсініп жүрсек деймін. Сондықтан бо-
луы керек, сахна тым еркешоралықты, тым бейбастақтықты
көтермейді. Реті келсін-келмесін сахнада микрофонға жа-
бысып алып билей жөнелгісі кеп тұратын əріптестеріңе
еріксіз қынжыласың.
Жас əншінің бұл ойы өзі мүше «Гүлдер» жастар
эстрадалық ансамблінің қазіргі қадамынан, əріптестерінің
аяқ алысынан арна тартып отырғандығы сөзсіз. Бір
қуанарлық жайт – еліміздің қоғамдық өміріне жаңа серпін,
күш-қуат əкелген қайта құру, бетбұрыс стратегиясының
лебі бұл коллективті де өзіндік лебімен ширатып
отырғандығы.
306
Қазір бұрынғыдай емес, коллективте сын мен өзара
сынға мейлінше сергек қарау ахуалы қалыптасқан.
Соның нəтижесінде гастрольдік программалар жаңа, тың
нөмірлермен байытылды. Жас əншілердің ізденісінің,
олардың творчестволық мүмкіндігінің ашыла түсуіне
тиісті жағдайлар жасалып жатыр.
Коллективке жастар легінің келуі туралы да Мақпал
ерекше бір сүйінішпен əңгіме сабақтады. Оның
сөзінен «Гүлдерде» көптеген жақсы дəстүрлердің
қалыптасқандығын сезінесіз. Ел арасына жиі шығып,
халық таланттарын тани білу, оларды мүмкіндігінше өз
қатарларына тартып тəрбиелеу өнер коллективіндегі арна-
лы жұмыстың бір қыры екен.
Бұл – ансамбльді соны ізденістерге, жаңа белестер-
ге жетелейтін қадам. Өйткені коллективке қосылған
əрбір жаңа есімге көпшіліктің көп үміт арта қарайтыны
шындық. Осы қадам өнердегі дəстүр сабақтастығымен
үйлесім тауып келе жатқандығы тағы да қуанышты. Оның
жарқын мысалдары көп-ақ. Айталық, осыдан он шақты
жылдар шамасында ансамбль табалдырығын бір үміт,
бір күдік сезімімен аттаған Қ.Құлышева, Қ.Байбосынов,
Н.Есқалиева, С.Жұмағалиевтер бүгінде түрлі халықаралық,
Бүкілодақтық өнер сайыстарының жүлдегерлері. Оларды
өкшелеп келе жатқан Мақпалдың Қанат Құдайбергенов,
Бақтияр Тайлақбаев жəне Майра Нүркенова секілді та-
лантты əріптестері өздерінің орындаушылық мəнерімен
жұртшылықты қуантып отыр.
Талабы да, талғамы да жоғары бүгінгі өнер сүйер
қауымның көкейіндегісін дөп басу, діттеген жерден шығу
оңай шаруа емес, əрине. Мұндай жауапкершілік жүгі
коллективтің үздіксіз творчестволық ізденісте болуын та-
лап етеді. Сондықтан да өздерінің бүкіл тыныс-тіршілігіне
осы тұрғыдан қарайтын «Гүлдердің» əр мүшесінің реперту-
ары мейлінше табиғи, көрермендеріне етене жақын.
307
Шынын айту керек, халық əндерінің бояуы қаныға түсуі,
жаңа туындылардың өмірлі болуы көп ретте орындаушыға
байланысты. Орындаушылық шеберлікті жетілдіре түсу
өзара сын пікірге құлақ асып, кемшілікті болдырмаудың
жолдарын қарастыру өнер коллективіндегі тəрбиелік мəні
зор жұмыстың бір саласы. Мұнсыз ілгерілеу болмайтыны
тағы ақиқат. Сондықтан, «Гүлдердегі» репертуар таңдау
жеке əншілердің ғана ісі емес, бүкіл коллектив мүдделі
істің алтын арқауы. Жылына 200-ге тарта концерт қойып,
халқымыздың құрметіне бөленіп отырған дарынды коллек-
тив жас өрендерді де өрге жетелеп келе жатыр.
– Əр жылдың өзіндік ерекшелігі, айтулы мерекелері
болатыны мəлім. Іргелі өнер коллективтері ел өміріндегі
елеулі оқиғаларға лайықты үлес қосып отыруы заңды.
«Гүлдердің» «Атамекен» деп атаған бірегей концерттік про-
граммасы кең-байтақ республикамыздың əлеуметтік жəне
мəдени түлеуін, замандастарымыздың жарқын істерін паш
еткен еді. Көрермен қауымның лайықты бағасына ие болған
бұл программа ұдайы жетілдіріліп келеді. «Атамекен» екі
бөлімнен тұрады. Ол Рамазан Елебаевтың «Жас қазақ»
əнімен ашылып, «Тойға шашу» жəне «Қазақстан – гүлстан»
композицияларына ұласады.
Жастар коллективі Бүкілодақтың Лениншіл Коммунистік
Жастар Одағының 70 жылдығына да тамаша концерттік
программа əзірлеуде. «Жастықтың жанартаулары» деп ата-
латын жаңа, күрделі программа жас қайрат өмірінің кеше-
ден келешекке ұласқан алтын көпірін əн өзегіне айналдыр-
ды.
Өнер жолы – күрделі, соқтықпалы-соқпақты жол.
Сондықтан да осынау күрделі концерттік программаны
əзірлеу оңайға түспегенін Мақпал да, оның əріптестері
де жақсы біледі. Тыңғылықты дайындықсыз сахнаға
шығудың қияметі қаншалықты қиын екенін өзінің азды-
көпті тəжірибесінен байқап жүр. Өнер заңы солай. Əне бір
308
жолы эстрада əншілерінің Юрмалада өткен Бүкілодақтық
байқауының финалында сондай бір сəтсіздікпен бетпе-
бет келген. Нəтижесінде орындағаы əннен өзі де, өзге
көрермендер де рухани лəззат ала алмады.
Міне, осының бəрі өнер керуенінде үлкен сабақ.
Сондықтан да Мақпал репертуарындағы əр əннің өмір жо-
лын, жүрек лүпілін сезінуге тырысады.
...Талмаусыраған түс əлеті болатын. Төңіректегі ты-
нымсыз тірлік бір сəт сап тыйылып, дала қосы мүлгіген
тыныштыққа бөгіп қалған. Алқаптың апшысын қуырған
аңызақ та енді ғана сабасына түскендей аптабын кілт
қайырып, саумал самал есе берген. Күніне мың құбылған
табиғат-ананың мына мінезі жас өнерпаздың да жүрек
қылын шертіп өткендей. Күні бойы жол соқты болып,
шаршағаны лезде ұмытылып, бойына əлдебір ерекше қуат
бітті. Өзінің əкесі мен анасындай адамдардың астықты
алқаптың əр қиянынан ағылғаны, мына дарқан даланың та-
маша сұлулығы əншінің көгершін көңілін қалықтатып ала
жөнелгендей...
Іркілмеді, тосылмады, əн əуелеп жер-жаһанды шарлап
бара жатқандай.
Ғашық болған, асық болған арман құсым, сен
Іңкəрімдей,
сұңқарымдай самғар құсым, сен.
Жаным, маған өмірімдей бол,
Айнымайтын сенімімдей бол.
Акқу көлі – арман көліндей,
Мөлдіреген көңілдей.
Жүзелік өмірге
Аппақ аққу сенімдей.
Дала қосы тамаша əуенге малынып тұрды. Осынау
сұлу шақтан сыр тартқандардың əншіге айтар алғыс
сезімінде шек жоқ-ты. Бір ақиқат – əншінің əр сапарынан
соң Алматыға сəлем хат ағылар еді... Ол қалың өнер сүйер
309
кауымның Бүкілодақтық, республикалық конкурстардың
лауреаты, Қазақстан комсомолы XVI съезінің делегаты
Мақпал Жүнісованың өнер жолын өрнектей түсер, қадамына
гүл сыйлар, сəт-сапар тілер аққу-сенім хаттар.
Құлақ түріңіз: Аққу қанатында əн қалықтап барады.
1988 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |