Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата13.02.2017
өлшемі2,78 Mb.
#3994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

ҚҰМАР ҚОЛ БҰЛҒАПТЫ
Біз  оны  «күжілдек»  дейтінбіз.  Ербала  деген  аңшы  шал-
дың жалғыз ұлы еді. Төртпақ, қап-қара шойыннан құя сал-
ған дай, даусы жуан, аңқау да аңқылдақ адам еді. Қы рық тан 
жаңа асқанмен, қара танитын ғана қауқары бар, іл дал да мен 
өмір сүрген өте қарапайым, ел аузына күлкі боп іліккен, өте 
қызық  жан-тын.  Совхоз  қайда  жұмсаса  сонда  балаша  еріп, 
ерінбей  жүре  беретін.  Бірақ  өліп  бара  жатса  да  асы ғу ды 
білмейтін, колхоздың қара өгізіндей əрі жайбасар, əрі жуас. 
«Жуас түйе жүндеуге жақсы» деп, ауыл азаматы бас қо сып 
отыра  қалса,  əңгімелерінің  желісі  Құмарға  ауысып,  түрт кі-
леп  қажайтын,  қалжыңдап,  қаңқу  сөзбен  есін  шығарар  еді. 
Аю секілді алая қарап, қорбаңдап орнынан тұрып кететін не-
месе: «Ей, – деп күж ете түсетін, – ей, тəлкек қылмаңдар, мо-
йын да рың ды бұрап аламын». Бірақ күні бүгінге дейін ол кісі 
еш кім нің мойнын үзген жоқ, зəуде төбелесе қалса, баж-бұж 
етіп, мұрны қанап, таяқ жеп шыға келетін. 
Құмекеңнің  ішіп  алғанда  айтар  жалғыз  əні  бар.  Оны 
жұрт тың  бəрі  жатқа  біледі.  Не  той-томалақта,  не  болмаса 
жападан-жалғыз  өзі  жаман  торысына  мініп  бүлкек-бүлкек 
же ліп  келе  жатып,  айызы  қана  шырқайтын-ай.  Мəңгі  тау-
сылмас ұшы-қиыры жоқ төл əніне əлəулайлап кеп басатын-
ай. Сонда Құмекеңнің əлемде жоқ теңдессіз əні мынау еді: 
«Албания,  шалбария,  албания,  шалбария»,  міне,  осы  сөзді 
со зақ та тып жалықпай қайталай беретін, қайталай беретін. 

93
Əкесі Ербаланың аруағынан ұяла ма, ептеп аңшылық құ-
ра ты ны  жəне  бар.  Онда  да  қолында  мылтығы  жоқ,  əке ден 
қал ған ескі елік қақпан мен қоянға құратын сымтемір тұ зақ 
қана. Жаман торысына бір жамбастай мініп қиқайып алады 
да, «албания, шалбариясын» мұрнынан ғана ыңылдап, тау ға 
қа рай  беттеп  бара  жатар  еді.  Кейде  көңіл  деген  көк  дө нен 
ғой, қоқырақтап шапқысы келетін. Амал не, жаман торысы 
алдан гөрі артқа жақсы жүрер еді. Құмекең таудағы əлі қыс-
тақ қа тасылмай, қар басып тұрған маяның түбіне асық пай-
саспай  қақпанын  құратын.  Жаңа  ғана  жүгіріп  өткен  сонар 
бетіндегі қоян ізін аңдып, баспалап барып қалыңдау тал не 
бұ та ның арасындағы ұрымтал тұсқа тұзағын байлайтын. Бұ-
дан соң аспай-саспай қалтасындағы дорба толы махоркасын 
алып бас киімінің маңдайшасына жүгіртіп жіберген га зет тің 
ше ті нен жыртып темекісін салып, тілімен жалап же лім деп, 
сұлулап  орайтын.  Енді  сіреңкесін  іздей  бастайды.  Қар ма-
нып қарамаған қалтасы қалмайды, əрең дегенде жан қал та-
сы ның түбі тесіліп, жыртығынан түсіп, астарды қуалап кет-
кен  шақпақты  тауып,  міндетті  түрде  салдырлатып  шай қай, 
қанша  ши  қалды  дегендей  байқап  барып,  сорайған  пеш тің 
мойнындай ұзын шылымын тұтатар еді. Саспай, байыппен 
құшырлана соратын, содан соң бірден қолқасын қапқан ащы 
түтіннен булығып жөтелетін, ұзақ жөтелетін күркілдеп. Көк 
түтін ыстаған көзін сығырайта сонау, етекте жым-жырт қар 
басып,  томаға-тұйық  жатқан  ауылға  ойлана  телміреді-ай. 
Сонау  етекте  асықтай  шашылып  жатқан  ауылда  Құ ме кең-
нің де қос бөлмелі ағаш үйі бар. Көріне ме, көзіме түсе ме 
дегендей, тесіліп көп қарайды. Аппақ қар жанарын жеп, жа-
саурата берген соң, былш еткізіп бір түкіреді де, атына қай-
та  мінеді.  Құмекеңнің  сондай,  аңнан  қайтқан  сəтсіздеу  бір 

94
сəтінде  тауға  отынға  бара  жатқан  əкем  екеуміз  ұшы рас қан 
едік. Қанжығасы тағы да бос екен. Əкеме сəлем берді. Күж 
ете қалған даусынан, жастау мал еді, менің астымдағы шаб-
дар ат жалт етіп үркіп, жығып кете жаздағаны. 
– Иə, Құмар, қақпаныңа ештеңе ілікпеген бе? – деді əкем. 
Ол қыржың ете қалды да, жаман торысын бауырлап тартып 
өтті  қамшысымен.  Ат  мизеген  жоқ,  құйрығын  бір  бұл ғап 
«қи рат тың»  дегендей  тезек  тастады.  Мен  жаман  то ры ның 
осыншалық көн тулақ көнбістігіне еріксіз күлдім. 
–  Ей,  а-ға-а, – деді  Құмар  созып, – атаңның  аузын  ұра-
йын... сіздің емес, əрине... Атасының аузын ұрайын, Балта-
бай молда Суықсайдағы маяның түбіне құрған қақ па ным ды 
да, қақпаным қапқан елігімді де шанасына тиеп алып ке тіп ті. 
Соның ізін шалып келемін. Сіздің алдыңыздан шық қан жоқ 
па? 
–  Жоқ,  көзіме  түспеді.  Қақпаныңды  алған  дəл  Балтабай 
екенін қайдан білдің? – деді əкем жымиып. 
– Ой, а-ғ-а, сіз де баланың сөзін айтасыз. Балтабай молда 
осыдан бір апта бұрын шеге сұрап маған келген. Сонда өзі 
айтып отырған: «Шеге жетпей қалып, биенің артқы оң аяғы 
та ға лан бай қалды», – деп. Міне, байқайсыз ба, мына жолда 
бір тағаның ізі жоқ емес пе, ей, а-ғ-а... 
– Рас, – деді əкем тапқырлығына еріксіз сүйсініп, бір аяғы 
тағаланбаған аттың ізі. 
– Ат емес, бие деңіз. 
– Рас, биенің ізі. 
– Аттыкі ме, биенікі ме, ізіне қарап ажырату қиын ғой, – 
дедім мен қарап тұрмай. 
–  Ал  мен, – деді  Құмар  күмілжіп, – төрт  түліктің  қиын 
иіс кеп айыра аламын еркек-ұрғашысын. 

95
– Рас, – деді біздің шал, – рас, айыра алады. 
Біз екі жаққа бөлініп аттандық. 
Ертеңінде есік алдындағы түнде жауған қарды күреп жүр 
едім,  жаман  торысына  жайдақ  мініп,  тепеңдеп  жалаң  бас 
Құмар  келді.  Суық  күнде  өртеніп  жүргендей  басының  буы 
бұрқ-бұрқ етеді. Аттың үстінде тұрып айғай салды: 
– Ей, пысық бала, əкең тұрды ма? 
– Тұрған, шай ішіп отыр. 
– Мен келіп тұр де. 
Үйге кіріп шалды шақырып шықтым. 
– Неғып ертелетіп жүрсің? – деді əкем. – Үйге түсіп шай 
ішпейсің бе? 
–  Уақытым  жоқ,  а-ға-а,  асығыспын.  Балтабайды  қа тыр-
дым. Кеше айтпап па едім, қақпанды сол алыпты.
– Қалай қатырдың?
– Ой, а-ға-а, кеше өзіңізбен қоштасқан бетте, салып ұрып 
үйіне жетіп барсам, керіскедей қылып менің елігімді со йып 
жатыр. «Қайтар  өзіме», – дедім. «Алтайдағы  бар  елік ке  ен 
салып қойып па едің, сенікі емес», – деп міз бақпады. Со-
дан  боқтастық.  Сақалы  бар  молда  екен  дегенім  жоқ,  əке-
бабасынан  түсіп,  түгін  қоймай  жездей  қақтадым. «Елік тің 
əкесін ұрайын, алсаң ала бер, бəрібір менің ішіме аң ның еті 
жақпаушы еді, тым болмағанда қақпанымды қайтар», – деп 
тебініп едім, батырға да жан керек, бере салды. Қан жы ға ға 
мықтап  байладым  да, «жеті  атаңның  аузын...»  деп  сыдыр-
тып едім, ол да жеңілмейтін без бүйрек ит екен, «жет піс жеті 
əкеңнің...» деп... түп-тұқиян ата-бабамды түгел санап шық-
ты.  Үндегенім  жоқ.  Шыдамдымын  ғой.  Үйге  кел дім.  Əри-
не, жетпіс жеті əке болмайтын шығар деп ойладым. Содан 
Сай лыш  келініңіздің  жариттаған  картошкасын  жеп,  тым-

96
тырыс  жатып  қалдым.  Таңертең  ояна  келсем,  күн  əлі  ерте 
екен. Бірақ айнала жарық, қар жауып қалыпты. Оны өзіңіз 
де кө ріп тұрсыз... Иə, сонымен, көпке дейін суықтан қор ға-
нып тұрмай, көзім бақырайып жатып алдым. Сиырға шөпті 
Сайлыш салды. Сонда барып есіме түсті. Кеше кешке ғой, 
Балтабай молда жетпіс жеті əкемді қосақтап материстса етті, 
ал мен болсам жеңілген иттей құйрығымды қысып үн де мей 
үйге  қайтыппын...  Əкемнің  де  ашуы  артынан  түсуші  еді, 
жылы төсектен атып тұрдым да, атыма жайдақ міне салып, 
Бал та бай дың үйіне тура шаптым. Дəл есік көзіне ат ойнатып 
ай ғай  салдым: «Ей,  Балтабай,  шық  үйден,  жан  керек  бол-
са», – дедім. Балтабай штаншаң, бір қолымен ышқырын, бір 
қо лы мен жүрегін ұстап:
«Не  болды,  не  болды», – деп  атып  шықты. «Ей,  Балта-
бай, – дедім, – сексен сегіз əкеңнің аузын...» – деп сарт де гіз-
дім де, атымның басын шапшаң бұрып, құйын-перен шап қы-
лап, мі не ки, тұп-тура сізге келдім... Айтыңызшы, шын тө ре-
лі гі ңіз ді айтыңызшы, а-ға-а, артылттым емес пе?! Балтабай 
боқтаған  жетпіс  жеті  əкеден  тура  он  бір  əкені  артылттым 
емес  пе,  а-ға-а,  айтыңызшы,  а-ға-а,  артылттым  ғой,  иə,  қа-
тыр дым ғой, иə... Рас па, а-ға-а!
– Рас, – деді біздің шал, – артылттың, артылттың!
–  Біліп  едім  артылтқанымды,  ризамын  сізге, – деп  ас-
тын да ғы  «арғымағын»  борбайлап-борбайлап  шоқырақтай 
жө нел ді. Əкем үйден жеңіл шығып еді, əбден жаурап қалса 
керек, бүрсең қағып қайта кіріп кетті. Мен Құмардың со ңы-
нан  ұзақ  қарап  тұрып,  оның  сөз  жоқ,  дəл  қазір  «Албания, 
шалбария» деп əн салып бара жатқанына күмəнім қалмаған.
Сол  Құмекең  ана  бір  жылы  судың  арғы  жа ға ла уын да ғы 
Қарадаладағы қырманға күзетші болып орналасыпты. Көк-

97
тем гі  егін  егер  мезгіл,  механизаторлар  күні  бойы  алқапта 
жер жыртып, дəн сеуіп жүреді де, күн еңкейе, тракторларын 
қаң та рып  тастап,  машинаға  мініп  ауылға  қайтатын  еді.  Ал 
Құ ме кең күзетте қалады. Содан ертеңінде жігіттер трак тор-
ға май құяйын десе, ыдысы бос жатыр. Ішіндегі автол жоқ, 
тегі, Құмекең ұйықтап қалғанда, ары-бері өткен жүр гін ш і лер 
құйып əкетсе керек. Механизаторлар жан-жағынан ай ғай лап 
жан  алқымынан  алған  соң,  сасқалақтаған  Құмар: «Уа,  аза-
маттар, – деп оң қолын көтеріпті. – Сабыр, сабыр сақ таң дар. 
Автолды қасқыр ішіп кеткен. Ал, қылатыныңды қы лып ал». 
Өзі жаман торысына мініп, енді қайтып көрмегенім қыр-
ман болсын деп, ауылға желе жөнеліпті. 
Сол  Құмар  биыл  Қарадаладағы  қырманның  кү зет ші лі-
гі не тағы барған. Бұл жолы автол аман, қасқыр да, адам да 
іше  қойған  жоқ.  Соңғы  кезде  Құмекең  күдерін  мүлдем  үз-
ген дей аң қарағанды да қойған, себебі – баяғыдай еш кі мен 
бірге өріп жүретін елік жоқ бүгінде. Соңғы кезде ол «алба-
ния,  шалбария»  деп  шет-шегі  таусылмас  əнін  де  айт қа нын 
қо йып, бір түрлі бұйығы, өз-өзінен қорынып, жуас тартыпты 
деп естігенмін. Тек Құмар туралы күлкілі, өтірік-шыны ара-
лас əңгімелер ғана ауыл арасында қаңқулап жүрер еді. 
Екі кештің арасында Бұқтырманың арғы жағындағы кү-
зет тен кір-қоңымды жуғызып, моншаға түсіп қайтайын деп 
үйі не  келе  жатқанда,  өткелді  таба  алмай,  суға  кетіп  өліпті. 
Оның  суға  кетіп  өлгенін  алғашында  ешкім  біле  алмапты-
мыс, тіпті ауыл адамдары сенбеген бе, өйткені оларға Құмар 
«албания,  шалбариясын»  айтып,  орталарында  мəңгі  бақи 
жүре беретіндей сезінген. Баз біреулер айтыпты: «Құмар тіп-
ті де өлген жоқ, төменгі жақта немере інісі бар екен, соған 
ке тіп ті».  Енді  біреулер  естіпті: «Құмар  арғы  беттегі  орыс 

ауылы Черновада ішіп-ішіп мас болып жүр», – деп. Тағы бі-
реу лер көріпті: «Егер Құмар тірі жүрсе, су-су болып жаман 
торысы ат қораға келер ме еді? Өзеннің ормасына түсіп кет-
кен Құмар айғайлап үш рет қол бұлғапты. Əлдекімді да уыс-
тап шақырыпты». 
Құмар кімді шақырғанын, қолын неге бұлғағанын еш кім 
білмейді.  Əлде  ел-жұртымен  қоштасқаны  шығар,  əлде  ел-
жұртын «əйтеуір, түбі баратын жерің мен кеткен жақ» деп, 
соңынан шақырды ма екен. Қалай болғанда да ол «мені құт-
қа ра гөр, халқым», –   деп қол бұлғамағаны рас-ты. 
Осындай сəуегейлікпен бір апта уақыт өтеді. Сайлыш же-
ңе ше міз суды жағалап, бар баласын ертіп «Алпамсадай ары-
сым  едің»  деп,  боздап  жүрген  көрінеді.  Ал  Құмекең  жым-
жырт... 
Ауыл азаматтары айтады: «Ой, ол итті судан емес, қыр-
дан іздеу керек. Көресің əлі «албания, шалбариясын» айтып 
келе жатады». 
Дегенмен, деп ойлаймын мен: Құмар суға кетерде, қо лын 
неге бұлғады екен?!.

99
МАҢДАЙДАН БАҒЫҢ ШАЙҚАЛСА
Мен ол кісіні баяғыдан білетінмін... бірақ білмейді екен-
мін.  Жас  кезінде,  əсіресе,  əскери  міндетін  өтеп,  буыны 
бекіп, бұғанасы қатып келген кезде, екі иығына екі кісі мін-
ген дей,  көрікті  де  сымбатты,  аса  қайратты  жігіт  еді.  Тұла 
бойы  тұнып  тұрған  күш  секілденетін.  Тілерсегін  тіліп  жі-
бер сең  де  жығылмайтын,  ал  алда-жалда  жығыла  қалса, 
қай тып  тұрмайтын,  өйткені  ол  үшін  жамбасы  жерге  тию – 
өлім мен тең екенін ауыл азаматтары ауыздарының суы құ-
рып,  таңдана,  тамсана  айтатын.  Мерекелі  күндерде  өтетін 
ойын-тойда  екі  мықынын  таянып,  бас  балуанға  түсетін  де 
осы – Шаған еді. Ауылдың тамам бозбалалары «Шағандай 
бол сақ,  əттең,  қырқай  шалып  алып  ұрсақ»  деген  тілекпен 
ержетті.  Ондай  жымысқы  арман  мені  де  түрткілеп,  ертелі-
кеш  мазалай  беретін.  Қабағы  түксиген,  қол-аяғын  шойын-
нан  құйғандай,  бұлшық  еттері  білеу-білеу  қимылдап  қалса 
өз-өзінен  ойнап,  мұқым  денесі  денсаулықтың  əнін  шырқап 
сөй леп қоя беретін атан азаматтың басына қонған бағы он-ақ 
жыл ға жетті. Содан соң... содан соң өздеріңіз де білесіздер 
ғой...  ішу  басталды.  Əсіресе,  жеті  баланың  əкесі  болғанда, 
бақ шіркіннің шайқалуы, əй, пенденің пешенесіне бермесін, 
қиын-ау,  қиын...  Ал  енді  осы  бақтың  шайқалу  кебін  кім 
біледі? Себебі не? Сіздерді білмеймін, өзім бұл сұраққа жа-
уап бере алмас едім. Кінəні жалғыз-ақ нəрсеге жабамыз, ол – 
арақ. Арақ ішкеннің барлығы жынды болып кетпегенін тағы 
да көріп жүрміз. 
Й
Й

100
Шаған мас болғанда, аузынан тастамайтын жалғыз əні бар 
еді. Ұмытпасам, былай-ау деймін: «Жігітіңде мін жоқ, қал та-
сын да дым жоқ, ішейін деп ішпеймін, жетпеген соң ішемін». 
Аяқ жағын: «Ақшасы көп адамның маскүнем болғанын көр-
ге нім  жоқ,  əкең...» – деп  аяқтайтын  да,  өз  шық-шытын  өзі 
бал ға дай  жұдырығымен  қойып  қалып,  тісін  шақыр-шұқыр 
қай рай тын. Əлдекімге кіжінетін, əлдекімді (бəлкім, өзін) ба-
ла ғат тай тын. 
Кейінгі жылдары атымыз бəйгеден келіп, атақ қуған соң, 
ауылға сирек қатынайтын болдық қой. Шаған өмірінің соң-
ғы жылдарынан хабарсыз болғанмын. Тек, еститінмін, əне йі 
себептермен екі рет отырып келіпті (əрине, түрмеге). Адам 
өлтірмеген, ұрлыққа түспеген, ешкімнің ала жібін ат та ма ған. 
Сонда қалай дейсіздер ғой?.. Палуан ағамыз бұл күн де рі тат 
басып,  тозыңқырап  қалған  намысын  қорғаймын  деп  жү ріп 
қор болған да. Рухын жоғалтқан адам – ол да бір түбі ші рі-
ген ағаш, жел тұрса құлап қалады. Елге соңғы барғанда ес-
ті дім – Шағанды  саусақпен  түртіп  қалсаң,  мұрттай  ұшады 
екен.  Қарап  отырып  қапаланасың.  Жастық  шағымның  қол 
жетпес  арманы,  шыға  алмас  шыңы,  жыға  алмас  бəйтерегі 
бол ған,  қайран  азаматты  мүсіркеуім  емес,  жо-жоқ,  айна-
лайын ауылда «əттең, сол кісідей болсам» деп, ерлік тұтып, 
елік тей тін азаматтың азайғаны жаныңды жаралайтын. 
Сонымен  Шаған – Шаған  болғалы,  тура  елу  рет  жұмыс 
ауыс тыр ған. Совхоздан қуылған күні, жол жөндеу жұ мы сы-
на, бұ дан қуса – балташы болып, əркімнің үйін салады. 
Қысқасы, істемеген ісі, ішпеген ішімдігі қалмаған. Қан-
дай  азып-тозып,  жүдеп-жадап  жүрсін,  алған  бетінен  қайт-
пай тын  турашылдығы  мен  əділдігін,  əсіресе,  менің  анам 
сүй сі не айтушы еді. Ол бізге көрші тұратын. Сондықтан да 

101
жиі келетін. Ертеңгілік басы зеңгіп, көзі қызарып, «похмель» 
іздеген шақта, шешеме: 
– Əй, тəте, – дейтін. Шешем əдетінше: 
– Оу, құлыным, – дейтін. 
– Он сом ақша беріңіз, – дейтін. 
– Ала ғой, жарығым, – дейтін. 
– Сіз мені білесіз бе? – дейтін. 
– Жөргегіңнен білемін ғой, қарғам, – дейтін. 
– Тəте, мені сізден басқа ешкім түсінбейді. Даже, əйелім 
де. Күні ертең жолстройға жұмысқа кірем. Азамат емеспін 
бе, он сом деген не, суырып алмаймын ба... Əкең,.. жал ғыз 
жаным аман болса... 
– Суырып аласың, жарығым, азаматсың ғой, – дейтін ше-
шем. 
Шаған сөзінде тұратын, айтқан уақытында жерден шұ қы-
са да, он сом қарызын тауып əкеп беретін еді. Осы жі гіт тің 
тиын-сиынын  құртып  жүрген  тіпті  де  арақ  емес  екенін  ке-
йін білдім. Жиырма бес жыл бұрын алған жалғыз орындық 
қара мотоциклі бар еді. Міне, содан бері үстінен түспей мі-
ніп  келеді.  Мінгенде  де  қызық:  күн  шықпай,  тыр қыл да тып 
от алдырады, қаздия отырып ауылды шыр айналып шы ға ды, 
бұдан соң Қара жер деп аталар ауылдан он ша қы рым қа шық-
тық та ғы молаларға тартады. Қайтып келіп, қо ра сы на қа мап 
тастайды.  Ол  осы  айнымас  та,  жаңылмас  əдетін  кешке,  ел 
орын ға отыра тағы қайталайды. Ширек ғасырдан бергі қа ре-
ке ті осы. Ал, Қара жердегі қорымда марқұм əкесі мен ше ше-
сі жатыр қара топырақты қымтана түсіп. Екі күннің бі рін де 
почтада  тұрады.  Тапқан-таянғанын  мотоцикліне  тетік  алу-
ға жолдайды да... Егер жиырма бес жылдан бергі қосымша 
бөл шек алуға, яғни астындағы қара «тайын» жөндеуге жұм-

102
сал ған ақшасын жинап-терсе, ендігі «Москвич» сатып алу ға 
жетер еді деседі құрдастары. 
Сол  Шағанды  бес  жылдан  соң  бүгін  көріп  тұрмын.  Өс-
ке мен нің аэропортында теңселіп ары-бері жүр екен. Қай ран 
қалдым. Аппақ сазандай, толған. Үнемі шүңірейіп, арақ құй-
шы деп тіленіп тұратын көзі от шашады. Ине-жіптен жаңа 
шыққан қоңыр костюм. Аяғында биік өкше, қайқы тұм сық 
сабо-кебіс.  Жасыл  көйлек,  мойнына  жылтырауық  ал қы зыл 
галстук байлаған. Келбетті де келісті, жауырыны қақ пақ тай 
жігіт ағасы жымия күліп, салмақтай басып, сабырмен сə лем 
берді. 
– Иə, Ораш, хал қалай, бауырым? – деп, күректей ала қа-
нын ұсынды. Бірақ қанша қарулы болса да, менің біз ди ген 
ақ саусақтарымды мытып, қысқан жоқ. Осы шақта қа ла да ғы 
қа лам дас та рым ның əліне қарамай қолымды мыж ғы лай ты ны 
есіме оралды. 
– Аманшылық, аға. Өзіңіздің ден-саулығыңыз? 
– Құдай маған жалғыз-ақ нəрсе берген. Ол – денсаулық, – 
деді мені бастап сыртқа беттей беріп. Қалтасынан «Космос» 
сигаретін алып, түбінен қағып бірін маған ұсынды. Тұтатты. 
– Биыл біздің жақ тамылжып-ақ тұр екен. Елден кеткен 
екі  жылда  осыншалық  сағынамын  деп  ойлаған  жоқ  едім. 
Бə рін бүлдіріп жүрген мен екенмін-ау... Тіпті жайнап, жаса-
рып қалғандай... Естіген шығарсың, айтқан шығар... Жаман 
ағаң тағы да екі жылын өтеп қайтқан беті. Осы жолы на қақ 
кеттім, арақ ішесің деп, туған əйелім ми ли ция ның машина-
сына салып жіберді. Албасты, мен бір жаңа ішіп жүр ген дей 
(Əйе лі не деген өшпес өкпесі байқалады). Азамат емес пін бе, 
бір күнгідей болған жоқ, өтеп шықтық. Тіпті осы жа рық тық-
қа үйреніп, бауыр басып та қалыппын. Балаларым мен қара 

103
мотоциклім болмаса, ауылға оралып, көзге күйік, кө рін ген ге 
түрткі болып нем бар. 
Ол осы бір əңгімесін салқын сағыныш, өкпелі мұңмен айт-
ты. Бірақ оның талайына жазылған тағдырына араласып, на-
ласына ортақтасатын хал өзімде де тапшылау еді. Тай қы лау 
біткен маңдайдағы аталарымыз айта беретін «жазуды» өші-
ріп тастап, қалауымызша қайта жазып алуға дəрмен шіркін 
жете бермейтін. Мен Шағанның қолдан жонып жасағандай 
батыр  тұлғалы  мүсініне  қарап  тұрып,  ептеп  əжім  əдіптей 
бас та ған жанарынан жанып барып сөнген оттың қоламтасын 
көр дім. Бірі ұшып, енді бірі қонып жатқан самолеттердің құ-
лақ етті жер гүрілі мезі қылды ма, ол темекісін сөн дір мес тен 
шертіп жіберіп, анадай жердегі дүңгіршекке дəл түсірді: 
– Жүр, ішке кірелік, – деді шұғыл бұрылып. 
Аэропорт іші қапырық. Құжынаған халық. Осы құ жы на-
ған халықтың ішінен бір таныс бейне көзіме оттай басылды. 
Ол – Шағанның жұбайы Жазира еді. Жанымда тұрған Ша-
ған ды шынтағыммен түртіп: 
– Жеңгеміз осында екен ғой, – дедім. 
– Қайдағы жеңешең? 
– Сіздің үйдегі. 
– Ол не іздеп жүр, – деп мен нұсқаған жаққа жалт қа ра-
ды.  Осы  шақта  ерлі-зайыптылардың  көздері  түйісіп  қал ды 
білем, екеуі де сілейіп тұрып қалған. Бұдан соң Шаған: – Ал-
бастыны көргім келмейді, – деп теріс айналып, тысқа шыға 
жөнелді. Мен барып амандастым. 
– Бір айдан бері облыстық ауруханада жаттым, – деді Жа-
зира. – Тамағымда бір бітеу жара бар еді ғой... соны кес ті ріп 
тастадым. Өзің ауылға кетіп барасың ба? 
– Иə, үйге барып қайтайын деп... 

104
– Əке-шешең жүрегі жарыла қуанатын болды-ау. 
Диктор  біздің  ауданға  ұшатын  самолетке  отыру  бас-
тал ға нын  хабарлады.  Адамдардың  мінезі  қызық  қой,  бізді 
тас тап  самолет  өзі  ұшып  кететіндей  немесе  орын  жетпей 
қалатындай  таласа-тармаса  ұмтылдық,  жапа-тармағай  са-
лон ға  кірдік.  Бұндай  да  кездейсоқтық  болады  екен-ау,  Ша-
ған мен Жазираның орны қатар болып шықты. Жеті ба ла ның 
əке-шешесі бір-біріне алая қарады да, состиып тұрып қал ды. 
Дəтім шыдамады, мен жеңгетаймен ауысып отырдым. 
Самолет  жерден  көтерілгенде,  дөңгелек  терезеден  анау, 
біз биіктеген сайын, бірте-бірте кішірейіп, үстін көк мұ нар 
қымтай бастаған қыраттар мен тоғайға, құмырсқаша жы быр-
ла ған үйлер мен машиналарға көз алмай қараған Ша ған: – 
Тым  болмағанда  ұшқыш  болуым  керек  еді, – деп  күр сін ді. 
Мен де мойнымды создым. Əсіресе, Ертіс өзені шы ғыс тың 
кү міс белбеуіндей ирелеңдеп, əдемі көрінеді екен. 
– Ұшқанға не жетсін, бауырым, – деді əлі де үмітсіз, бі-
рақ үзілмес арманынан арылмаған қалпы. – Оныншы класты 
бітіргенімде, сөз жоқ, ұшқыш болар едім... Айтпақшы... сен 
жазушы  екенсің  ғой... – деді  менің  тіземнен  салып  қа лып. 
Бұл  сөзді  ол  бұған  дейін  тірі  жанның  ойына  келмеген  ұлы 
жа ңа лық ашқандай, ғажап таңданыспен айтты. 
– Иə, аға... ептеп қағаз бүлдіретінім бар... 
– Мен сені əлі оқып жүр екен десем... Апыр-ай, жиырма 
жыл көрші тұрып білмеппін-ау... 
– Сонда қалай... Жиырма жылдан бері бітпейтін оқу бар 
деп ойладыңыз ба? 
–  Рас-ау,  осыған  ми  жетпеген  соң...  Арақтан  айық ты ру 
ор нын да ғы  жұмысшылар  бір  кітапты  қолдан-қолға  жү гір-
тіп оқи ды келіп... Əке-ау, бұл кімнің кітабы деп көз қырын 

105
салсам – сенің фамилияң. Міне, қызық. «Мұны жазған – ме-
нің көршім, бауырым, бəріміз бір Қаратайдан тарағамыз», – 
деп, қанша өңештесем де, бірін сендіре алмадым. «Мүмкін 
емес, – дейді. – Сенің бауырың жазушы болса – сен мұнда 
отырмас  едің».  Бір  биеден  ала  да  туарын,  құла  да  туарын 
қай дан білсін лəуқилар... 
Біз  аудан  орталығына  аман-есен  жетіп,  енді  одан  ары 
ауыл ға  аттану  үшін  автобусқа  міндік.  Ерлі-зайыпты  екеуі 
əлі  лəм  дескен  жоқ,  танымайтын  адамдай  автобусқа  отыр-
ды. Мен қайран қалдым – жиырма жыл бірге тұрып, бір ге 
жатып, жеті баланы бірге бағып өсірген жарлардың жа ны-
ның бе рік ті гі не қайран қалдым. Бітімдестірудің, дəнекер сөз 
айтып, пə туа ға келтірудің реті жоқ, тіпті қолымнан келмес 
те  еді.  Сонда  бұлар  қайда  барады?  Бір  ауылға,  бір  ша ңы-
рақ қа... Ары қа рай ойлауға ақылым жетпеді... қорқынышты 
сы қыл дан ды. 
Дəл  солай  болды.  Автобустан  түскен  соң,  үшеуміз  іл ге-
рін ді-кейін бір бағытта аяңдап келеміз. Үйлерімізге жа қын-
да ған сайын, бойымызды өзіміз де білмейтін үрей биледі ме, 
əлде баяғыда байқаусыз өшіріп алған ошақ отын жаға ал ма-
дық па, əйтеуір, басымыз салбырап, қазадан қайт қан дай дел-
сал хал кештік. Менікі не жорық? Бəлкім, ерлі-за йып ты лар 
үшін  ұялғаным  шығар...  Не  дегенмен  көрші  тұ ра мыз  ғой. 
Ал, «көрші  ақысы – құдай  қақысы» – дейтін  аталарымыз. 
Мүмкін,  бұл  сөзді  үшеуміздің  де  жетінші  атамыз  Қа ра тай 
жарықтық айтқан шығар. 
Мен: «Ал,  сау  болыңдар», – деп  өз  үйім – өлең  тө се гі-
ме  бұрылдым.  Ол  екеуі  біздің  бақшаның  ішімен  өтер  қара 
шаңырақтарына тартты. Бірінің соңында бірі... Енді не болар 
екен. Күндіз үндемес, ал түнде ше?.. 

106
Əрине,  мені  мəре-сəре  қарсы  алды.  Əкем  сабырлы  қал-
пын да  маңдайымнан  иіскеді.  Шешем  сабырсыз  мінезімен 
бас  салып,  бет-аузымның  сау-тамтығын  қалдырмай  шө піл-
де те сүйді. 
– Менімен бірге Шаған мен Жазира да келді, – дегенімде, 
мені тастай салып, бүкіл үй-ішіміз терезеден қараған еді. 
Екеуі де есен-сау оралған көршілеріміз үш күн бойы түң-
лі гі  жабылғандай  жым-жырт  жатып  алды.  Тіпті  от  жа ғып, 
шай  қайнатып  ішпеген  секілді,  түтіндері  шықпады.  Са бақ-
тан  қайтқан  немесе  есік  алдында  ойнап  жүрген  балалары 
болмаса,  өздері  төбелерін  де  көрсетпеген.  Осынау  үнсіздік 
ше шем нің қабырғасына қатты батты білем: 
– Қалай дегенмен соттала берген соң қаны бұзылып, əйе-
лін бауыздап тастамасын, – деді үлкен уайыммен.
– Шағанның ондай иттігі жоқ. Тек жолы болмаған жігіт, – 
деп басу айтты əкем. 
– Маңдайдан бақыт шайқалса, көрер күнің осы, – деді ше-
шем. – Жас кезінде қандай азамат еді... иə... бақытың шай-
қал ма сын де... 
Үшінші күні Шағанның өзі келді. Əдетінше əп-əдемі бо-
лып  киінген:  шеберханадан  жаңа  ғана  шыққан  зат  се кіл ді 
мұн таз дай-ау,  мұнтаздай.  Сақал-мұртын  қырып,  əтір  жақса 
керек, иісі мұрныңды жарады. Көтеріліп бара жат қан күннің 
нұ ры на шағылыса жалт-жұлт сəуле шашып ой на ған кав каз-
дық тар əуес келетін жылтырауық галстугі көз қа рық ты ра ды. 
Əкеммен  қол  беріп  амандасты.  Ал  анам  болса  сүй сі не,  əрі 
таң да на қарап қалған. 
– Аман оралдың ба, жарығым. Қашан келдің? – деп біле 
тұра сұрады. 
– Үшінші күн болды... Өліп қалсақ та сезбейсіздер-ау, апа. 

107
– Үйбай-ау, қарғам Шаған-ау, түтіндерің бықсымаған соң, 
балалар су-суанын ішіп өздері отыр екен дедік... Жазира да 
келді ме? 
–  Келді, – деді  Шаған  қабағын  түйіп. – Бізді  осылай 
тоң-теріс күйде бір үйге қамап қоясыздар ма? Кінə – менен 
емес, Жазирадан. Қаймана қазақ қай заманда құдай қос қан 
қосағын ұстап беріп еді, айдатып-байлатып жіберіп еді. Ал-
басты...  түк  болмағандай  түнде...  арсалаңдап  жетіп  ке ліп ті 
қа сы ма... «Кет! – дедім. – Күнəға  қалма...  Татуласу  ша йын 
іш к ен жоқпыз, ұят болады», – дедім. Мотоцикліме мен жоқ-
та запчасть келген екен, соны тығып тастапты. Та уып бе ре-
йін деп жалынса да, теріс қарап жатып алдым... Ал, аға, апа, 
жүріңіздер,  татуласу  шайын  ішіп,  баталарыңызды  бе рі ңіз-
дер. Бостан-босқа азаптана бермейік. 
– Жөн сөз, – деді əкем. – Шикі өкпе, ши борбай ба ла ла-
рың ның көз жасына қалмаңдар. 
–  Балаларды  өкімет  далаға  тастамас.  Көңіліміз  көбең 
тартпасын деңіз. 
Əке-шешем жəне Шаған үшеуі бітім шайына кетті. Мені 
ерткен жоқ. 
Сүт пісірім уақыт өткен соң, əке-шешем қайтып оралды – 
тым тез оралды. Екеуі де тас-талқан ашулы. 
– Ой, ол адам болмайды! – деді əкем. – Екі жыл араға са-
лып барып қайта ішіп кету деген – не сұмдық. 
– Жазираға ерегескені шығар, – деді кемпірі ара түсіп. – 
Келгеннен бері, екі ұртына су толтырып алғандай, жақ аш-
папты. Біздің көзімізше торсаңдамай-ақ қойса еді. 
–  Жоқ-ау,  тіпті,  өз  əйеліне  өзі  «аяғыма  жығылсын»  деп 
кергігені несі. Ол неге аяғына жығылады-ей. Ішсе де – мас, 
ішпесе  де – мас,  бала-шағасының  шырқын  бұзып,  басына 

108
əң гір таяқ ойнатқаны үшін бе? Шаған жоқта қандай əп-əде-
мі өмір сүрді. Үсті-бастарын, қора-қопсысын бүтіндеп алды. 
– Байсыз қатындар құтырған заман болды ғой, – деді ше-
шем Шағанды əлі де жамандыққа қимай. 
– Бітім шайы жүзеге аспаған екен, – дедім мен. 
–  Ой,  бітім  шайының  ішін  ұрайын, – деп  əкем  ашу лан-
ған да ғы əдеті бойынша астыңғы ернін жымқыра тістеп сарт-
сұрт шыға жөнелді. 
Өр жақтан естілген айқай-шу мені еріксіз елеңдетіп, есік 
алдына шығарды. Шаған жəне менің жездем, көрші жігіт Қа-
лан үшеуі булары бұрқырап, құшақтаса əндетіп жүр. Қой ны-
қоныштары толған арақ. Бұдан ары отыра берсе, іс на сыр ға 
шабатынын сезсе керек, үлкен əпкеміз Шолпан мен Қа лан-
ның келіншегі қайтып келе жатыр екен. 
–  Шағанның  өңі  қандай  жақсы, – дейді  əпкем. – Аппақ 
болып семірген. 
–  Ақшасын  айтсаңшы – ақшасын.  Бір  сағаттың  ішінде 
жүз сомдықтың бірнешеуін суырып, араққа жіберді ғой. Жа-
зира  да  жылаңқы,  күйеуі  əкелген  табысты  бізге  көр сет пей 
ты ғып ала қойды. Ей, Шолпан, – деді содан соң. – Ертеден 
қара кешке шейін совхоздың жұмысында салпақтап жүр ген 
біздің күйеулеріміз ғой, айдың аяғында «бересі болып қал-
дық»  деп,  балаға  беретін  бес-он  тиынға  жармасады.  Бала 
тап па саң, аштан өлтірер ме еді... Одан да Шаған секілді екі 
жыл ға  жіберіп  алсақ,  өздерінің  де  қабырғасына  шыр  бітіп, 
табысты оралар еді! 
– Сен де қайдағыны айтасың. Обал емес пе, – деді əпкем. 
Ал  Шаған  болса  өзінің  ұмытыңқырап  қалған  образына 
қай та кіріп, екі жылдан бері бұл маңайда қасаңданып қал ған 
тыныштықтың пердесін дар-дар айырады. 

109
Ертең қалаға қайтамын деп отырған күнгі кеште, ымырт-
шылап Шаған келді. Үсті-басы алба-жұлба. Жүзі отқа кү йіп 
шыққандай күлгін тартқан. Арақ сіңіп кеткен өне бо йы нан 
ешкімге  керексіздікті  сездірер  иіс  шығады.  Кісінің  ай нал-
дыр ған он-ақ күнде осыншалық азып-тозарын бұдан бұ рын 
не ғып аңғармағанмын. Адамның адамдықтан кетуіне, иə, не 
бары бір ғана апта уақыт кетеді екен. Ол мені жеңімнен тар-
тып жетелеп шықты да: 
– Сен мен туралы неге жазбайсың? – деп төбеден түс кен-
дей сауал қойды. – Жаман ағаңнан артық кейіпкер табамын 
деп жүрсің бе?.. Жо-жоқ, бауырым, менің өмірім Ал тай дың 
жыныс орманы секілді, ішіне кірсең адасасың... Оны жасау, 
мен болу ешкімнің қолынан келмейді... 
– Ешкімнің өмірін ешкім қайталай алмайды ғой, аға... 
–  Сен  бұлтарма...  жаз...  ақшасын  дауламаймын.  Ерік сіз 
кү ліп жібердім. Шамданып қалды. 
– Күлесің, ə... ішпей, дұрыс жолдан таймай, бір ізбен кі-
ріп, бір ізбен шығатын тəртіпті де тəрбиелі сенің қай же рің 
ар тық  айтшы  маған.  Менен  бұрын  сен  өлесің...  Кез де се міз 
əлі сол... жақта... 
– Артықпын деп тұрмын дедім бе сізге, – іс насырға шаба 
бастады. 
– Ендеше, кекіреймей мені кітапқа жаз. 
Құтыла  алмасымды  білдім.  Білегімнен  тас  қылып  ұс тап 
алған. Айрылар емес. Айлаға көше бастадым. 
– Ой, ағасы-ай, мен сіз туралы əлдеқашан жазып жүр мін. 
Бірақ... 
– Не бірақ? 
– Аяқтай алмай жүрмін. 
– Неге. 

– Өзіңіз де білетін шығарсыз. Сіз секілді адамдарды, əсі-
ре се,  сотталғандарды  жазу  оңай-оспақ  емес.  Өте  қиын  та-
қы рып. Ондай адамдар өмір жолын дұрыс бастағанмен, дұ-
рыс аяқтай алмайды. Қателікті көп жібереді. Ал шы ғар ма да 
сол  қалпында  көшіре  салмайды.  Əлгі  сіз  сияқты  азаматтар 
кі тап тың соңында міндетті түрде түзелуі керек. Əйтпесе бас-
пай ды... Ал енді мен өзіңіз жөнінде жазып жатқан дү нием ді, 
амал жоқ, бітіре алмадым. 
– Неге? 
– Негесі сол – сіз түзелген жоқсыз. Қайтадан ішіп кет ті-
ңіз. Қалайша өтірік жазамын? 
– Оның жөн екен-ей, – деді бойын тіктеп. – Ойлану керек 
екен. 
– Ойланыңыз. – Ол жас балаша иланды. 
Тəлтіректемей  де,  сүрінбей  де  қара  жерді  дүрс-дүрс  ба-
сып, өз үйіне беттеді. 
Мен Алматыға ұштым. Бір айдан соң ауылдан хат алдым. 
Шаған  ішкенін  қойыпты.  Совхозда  балташы  болып  жұ мыс 
істеп  жүр  екен... «Ораш  келсе,  қонаққа  шақырам,  азамат 
емеспін бе?» – деп, бір тоқтысын семіртіп жатқан көрінеді. 
Ал  мен  де  ағайынның  алдында  өтірікші  болмайын  деп, 
осы əңгімені жаздым. 

111

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет