Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті



жүктеу 10.12 Kb.

бет1/19
Дата13.02.2017
өлшемі10.12 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-44
Б 78
Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі 
Ақпарат жəне мұрағат комитеті 
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша шығарылды
Бөкей Оралхан.
Б 78 ШЫҒАРМАЛАРЫ.  Əңгімелер. / Оралхан  Бөкей.  –  Алматы: «Ел-
шежіре», – 2013. 
 
Т. 4. – 384 б. 
ISBN 978-601-7317-50-8
Көптомдықтың бұл томына жазушының өткен ғасырдың 60–70-жыл-
да ры  жазылған  алғашқы  əңгімелері  мен 80-жылдары  дү ние ге  келген 
«Ауыл хикаялары» атты əңгімелер топтамасы енген. Мұн да ғы əр бір əң гі-
ме кезінде оқырманын да, əдеби ортаны да тіл көр кем ді гі мен сүй сінт кен, 
ой тереңдігімен тəнті еткен.
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-44
ISBN 978-601-7317-46-1  
© «Ел-шежіре» ҚҚ., 2013
ISBN 978-601-7317-50-8 © 
Иса
қанова Ғ., 2013

Бірінші бөлім
y
АУЫЛ 
ХИКАЯЛАРЫ

4
БАСТАУ
Ойлап отырсам, күні бүгінге дейін, демек, ат жалын тар-
тып мініп, қолыма қалам, қағаз алып, жазу өнерін қу ған нан 
бермен, елден ұзап шыққан жиырма жылдың ішінде ке зек-
ті еңбек демалысымды бірде-бір рет бөтен жұрт, өзге жерде 
өткізбеген  екенмін-ау.  Кейде  «биыл  көдедей  көп  демалыс 
үйлеріне  барайыншы-ақ»  деп  қамданамын,  амал  не,  жеме-
жемге келгенде, «қайдасың, ауылым» деп аңырата тартамын-
ай,  туған  жер,  өскен  елге.  Бұл  не?  Ала  бөтен  махаббат  па, 
жоқ болмаса қолдан жем жеген құстың алысқа ұш пай ты ны 
сынды  үйкүшіктік  пе,  ол  жағын  əлі  күнге  жігін  аша  тү сін-
ген емеспін, əйтеуір, қолым босаса болды, аңсарым ауыл ға 
ауады да тұрады. Содан соң жан жарым Айманды ертемін де 
ауылға тартамын.
Мен  ауылға  барған  сайын,  сол  бір...  беттері  күнге  то-
тық қан,  тіпті  қалай  болса  солай  киіне  салатын  шаруа  бақ-
қан жерлестерімді көремін. Қол беріп амандасамыз. Бая ғы-
ны  еске  аламыз.  Той-томалағы  болғандарға  құтты  болсын, 
ал өлім-жітімі барларға көңіл айтамын. Қаладан көлеңкеде 
өс кен шөптей сарғыш тартып оралатын мен, өз замандаста-
рымнан əлдеқайда жас кеспіріме қарап, ақ саусақ, қара таяқ 
пошымымнан ұяламын да. Ұялғаныма көрінсін, кейінгі жыл-
дары əкем нің ескі-құсқы киімдерін киіп алып, «қарапайым» 

кө рін ген сіп те жүрмін. Сонда ауылдастарымның тайға таң-
ба  бас қан дай  артықшылығын  да  сезінуші  едім.  Олардың 
өңі  қар тай ға ны мен,  мінез-құлқы  сол  қалпында  қалғанына 
қай ран қалатынмын. Ал біз ше, заманның ағысы, уа қыт тың 
ығы на  қарай  əманда  өзгеріп  отыратын  «модалы»  мінез  та-
уып алған жоқпыз ба осы?.. Қайдан білейін... Ендеше, өзім-
нің анық білетінім, өмір бақида өз болмысын сақтап қалатын 
ауылдастарым жайлы əңгімемді бастайыншы.

6
АПАМНЫҢ АСТАУЫ
Ол  кезде  мен  бала  едім,  Апам  жастау  еді.  Əке-шешеміз 
қиыр жайлап, шет қонып мал соңында жүретін де, айында-
жылында ғана болмаса, бет-жүзін үнемі көре бермейтінбіз. 
Соғыстан кейінгі жылдарда есін жиып, езілген еңсесі кө те-
рі ле бастаған елдің берекелі де бейбіт тірлігі жар жа ға сын-
да отырған жалғыз үй – əрине, бізге де ортақ. Қос бөл ме лі 
ша тыр лан ба ған тоқал ағаш тамның маңайы қысы-жазы жы-
быр ла ған,  айғайлап-шулаған  балалардың  базарына  айнала-
тын. Біздің үйден тас лақтырым жерден арқырап ағып жатар 
ағыны  қатты  Бұқтырма – жаз  шыға  суға  шо мыл ған,  қыс  та 
сырғанақ тепкен баланың жер-көкті шарқ ұрып шарласа таба 
алмас  қызыққа  толы  мекені  еді.  Тоң  боп  қат қан  пимасын, 
сүңгілесе су болған көйлек-дамбалын біздің үйге ке ліп кеп-
ті ре тін. Сонда Апам менің ғана емес, мұқым ауыл ба ла ла ры-
ның абзал анасы сықылданатын. 
Он бес жасыма дейін Апамның қойнына жаттым; он бес 
жасыма дейін əкенің, шешенің кім екенін білмей, сол айна-
лайын  Апамның  тəрбиесінде  өстім;  он  бес  жасыма  дейін 
Апам ның етегіне жабысып, соңынан қалмай бүлкектеп құ-
лын дай еріп ер жеттім. Сол кісімен жүрсем, мал сойған үй дің 
құлағы, тəттісі мен дəмдісі менің аузыма тиетін. Мен ол кез-
де Апамның өмір тарихын, тіпті кім екенін білмей, алаң сыз 
шуақты күндерге марқайып маңар едім. Бүгінде көз алдым-
да: арық ашаң кемпір, тарамысты мықты саусақтар, ерні мен 
иегін  күйік  шалып  тыртықтанған  əдемі  ажар,  ки ме ше гі нен 

7
дудырап шығыңқырап жүретін ақ шалмаған қара бұйра шаш 
қана...  менің  көз  алдымда:  қандауырын  қайрап,  ба сы ның 
қаны тасыған еркек-ұрғашының кеудесіне мініп, арам қа нын 
ағы  зып тұрған; немесе тері илеп, көн тігіп отырған; жүн тү-
тіп, арқан ескен, жіп иіріп, алаша тоқып, оюлап сырмақ ті гіп 
отырған  Апам;  ертеректе  қазақ  əйелі  не  істеу  керек  болса, 
түгел  қолынан  келетін  Апам;  қазақ  əйелінің  ғана  емес,  ер-
азамат атқарар істі қара нардай қасқая көтерер Апам. 
Жаз шыға, бəріміз (əпкелерімді айтамын) Апам есіп бер-
ген  жіпті  алып,  тоғайға  отынға  аттанатынбыз.  Бір-бір  арқа 
отын көтеріп ең алда Апам, содан кейін құндыздай шулаған 
біз дер, күліп-ойнап келе жатар едік. Ол шақта қыстық шөпті 
де ала жаздай арқалап тасып, қораны маяға толтырып қоя-
тын быз. Қысқы соғым мен ұн ғана əке-шешеміздің мойнын-
да. Огород, шұрқыраған қаз-тауық, екі сиыр мен ұсақ малы-
мыз бар, ол кісілерге зиянымызды көп тигізбейтін едік. Шы-
нымды айтсам, бізді, тіпті бізді ғана емес, ертеректе əке міз-
ді,  оның  іні-қарындастарын  асыраған – Апамның  теректен 
ойып жасаған келісі мен ескі астауы еді. Осы келі мен астау 
тіпті əкемнен де үлкен, Апам Алтайдың арғы беті – төр кі ні-
нен ала келген аса қымбат заттары болатын. Апамның біздің 
атамыз Дос марқұмға ұзатылуы да қызық. Кейде, əсіресе, қа-
зір гі дей қараша туа, темір пешке отты маздатып жағып тас-
тап, пеш тің жыртығынан саулаған жарық түсіп, ала кө лең ке-
лен ген қоңыр үйде отырып Апамның əңгімесін тың дай тын-
быз. Тегінде, ол кісі əңгімеге сараң, көп сөйлемейтін, тек өз 
ісімен ғана жүретін, қақ-соғы жоқ, инабатты, жуас адам еді. 
Дүниеде  өсек-аяң,  қулық-сұмдықты  білмейтін,  не  болмаса 
тірі пенденің бетіне «əй, сен сондайсың» деп қарамаған не-
месе тірі пендеге тілі тимеген, жарықтық ораза-намазы бұ-

8
зыл ма ған, таза да тəкаппар əйел еді. Бала кезімізде байыбы-
на барып бағамдадық па, бізді қойып бүкіл ауыл-аймақ, тіпті 
қа зақ елі ең соңғы қасиетті əйел, тұрмыстық-салттық өмір-
дің эти ка лық, этнографиялық, тіпті археологиялық бай лы ғы-
нан айырылғанын білді ме? Қазір ойлаймын, егер қа зақ тың 
əйелдері атқарар бүкіл ісмерліктің қолөнер институтын не-
месе фабрикасын ашып, менің апамды бастық сайласа, тұ тас 
бір он саусағы өнер ұрпақ дайындап шығарар еді. Иə, ол кісі 
тірі  кезінде  ешкім  елеп-ескермеген,  алтын  қолды  құ ді рет ті 
əйел  еді.  Қазақта  осыншалық  мықты,  осыншалық  ақыл ды 
ұлы əйелдер болғаны қандай жақсы. Бірақ біздер, жиырма-
сыншы ғасырдың азаматтары, көп ретте осындай асылымыз-
ды байқамай айналып өтер едік. Айырылып қалған соң ғана 
айы  өтіп,  сан  соға  өкінер  едік.  Өзгені  қойып,  мықтымсып 
жүр ген мына менің өзім сол Апамнан тірі кезінде неге ғана 
бəр-бəрін: киіз басып, үй тігуді, арқан есуді, тері илеп, өң-
деп киім тігуді, алаша тоқып, өрнектеп сырмақ тігуді, саба, 
сүй рет пе,  торсық  істеуді  тəптіштеп  жазып  алмадым.  Енді, 
міне...  қолымызды  мезгілінен  кеш  сермеп  отырғанымыз. 
Енді, міне, бұзауы өлген сиырдай тұлыпқа мөңіреп, жыртық 
астаудан Апамның алақанын, Апамның қауыздаған талқан-
тарысын  іздеп  тамсанып  отырғанымыз.  Білем,  жер-көкті 
шар ла ған Қорқыт та ажалдан қашып құтыла алмаған; білем, 
мың жа са ған Лұқпан Хакім де өлмеудің, өлтірмеудің амалын 
таба алмаған; адамзат – өлу үшін туарын... бəр-бəрін бі лем. 
Құдай-ау, мəңгілік тіршіліктің жоғын сезе тұрып, Апам сын-
ды  адамдарды  жер  басып  жүрген  кезінде  неге  ар дақ та ма-
дық,  неге  бағаламадық?  Хан  көтеріп,  пір  тұтудың  орнына, 
шікірейіп  жүріп,  өлтіріп  алдық;  егер  олар  ортамызда  жүр-
ген  шағында  ардақтап,  əр  сөз,  əр  ісін  жоқ  дегенде  үй  ре-

9
ніп үлгерсек – өлмегені ғой, өлтірмегеніміз ғой, ал біз тірі 
кезінде-ақ өлтіріп аламыз... Қазір Апам жоқ! Қара жер қой-
ны на алған. Былтыр мен кигізген атлас көйлекті ала кеткен 
жоқ, арулаған адамдар киіп жүр. Сексен жыл жолдас бол ған 
жыртық астау да қаңсып қалды, əне... қаңсып итаяқ болып 
қал ды, əне... Апам ала кеткен жоқ. 
Иə, сонымен қараша туа от маздатып, қарағайдың шə йі-
рін жалмаң-жалмаң шайнап, екі бүйірі, жон арқасы нарттай 
қызарып  кеткен  темір  пешке  шырт-шырт  түкіріп,  шыжыл-
датып отырған тамам баланың ортасында қарқарадай қас қа-
йып  отырар  Апам  менің  қап-қара  болып  тілім-тілімі  шыға 
жа рыл ған аяғыма қаймақ жағатын. Қаймақ тиіп удай ашы-
ған да, шыбын жаным шырқыраушы еді. Қаздың балапанын-
дай  алқақотан  жайғасқан  немерелерін  айналып-толғанған 
əжем нің тек қарашада, қылаулап алғашқы қар жауғанда ғана 
айтар əңгімесі ағып-тегіл. Оның ақылы жүздеген ұстаз, мың 
сан мектептен артық, тəрбие деген ұғымның асқаралы тап-
тырмас  үлгісі  екенін  қайдан  білейік.  Дүние  жүзінде  Апам-
ның қой ны нан аңқып шығар əжелік иістен жағымды не бар 
екен  жалғанда.  Бұл  жалғанда  картопты  тіліп-тіліп  жіберіп, 
қы за ра бөрткен темір пешке қарып жегеннен дəмді не бар-
ау.  Бұл  жалғанда  қас  қарая  малды  жайғап  келіп,  Апамның 
айналасында тырайып жатып əңгімесін тыңдағаннан қым бат 
сəттер табыла ма, қайта айналып келер ме? 
Апам – Алтайдың арғы бетіндегі Керей елінің қызы. Əке-
сі аса бай болған, текті тұқымның тұяғы. Апам еркелеп өс-
кен жалғыз қызы, он беске толған соң, іргелес байдың ұлы-
на жасауын беріп сыңсыта ұзатқан екен. Өз заманының аса 
көрікті қызы, əрі он саусағы өнер Апам босаға көрген бі рер 
жылында-ақ  маңғаз,  инабатты,  пысық  келін  атанады.  Со-

10
дан,  бір  күні  екі  кештің  арасында,  басқа  ауылдан  сый  қо-
нақ тар  келіп,  тай  сойып,  тайқазан  ет  асып  жатқан  шақта, 
жер ошақтағы отты үрлей берем дегенде, Апамның шылау-
ышына шала тиіп, лап етіп жанады. Тыртыстыра тар киген, 
екі  жақтауы  зерленген  кимешек-шылауыш  шешілмей,  бет-
аузы  түгел  күйіп  қалған  екен.  Күйеуі  де  ізгілікті  жақсы  жі-
гіт  болған.  Алты  ай  емдетіп,  шыбын  жанын  аман  алып  қа-
лып ты.  Келіншегім  жарымжан  болып  қалды  деп  кезептен-
бей, тату-тəтті өмір сүріпті. Алайда, бір жылдан соң өзі дү-
ние ден  қайтып,  жесір  қалған  Апам  төркініне  оралған.  Осы 
шақ та Алтайдың теріскей бетіндегі Əбдікерім болыстың биі 
атанған жақ жоқ шешен жігіт – біздің атамыз Достың қа ты-
ны өліп, қыз таңдап бұлаңдап, қыр қыдырып, жер сыдырып 
жүр ген. Əрі сері, əрі атақты, салт басты, сабау қамшылы жі-
гіт ке  тиеміз  деп  бүкіл  Қаратай  елі  қыздары  қырылып  қала 
жаздапты. Бірақ біздің атамыз бірде-біреуін менсінбеген. Сол 
мен сін бе ген қалпы, «Ауылдағының аузы сасық» де ген де йін, 
Алтайдан асып арғы беттегі Керейден жар таң дай ды. Күйеуі 
өліп, бет-аузын күйік шалған Апамды көріп, аты ның артына 
мінгестіріп бір-ақ түнде алып қашып кеткен. «Дос ке лін шек 
əкеле жатыр, қырмызыдай құлпырған бізді кө зі не ілмеп еді, 
Керейден алған қызы ай мен күндей сұлу шы ғар, кө ре лік», – 
деп алдынан шықса, ерні салпиған, тыртық бі реу екен, тамам 
қыз бетін шымшып күліпті. Сонда атамыз айтыпты: 
«Ей,  Қаратайдың  қатын-қыздары,  неменеге  жетісіп  кү-
ле сің дер, менің келіншегім «Еліңнің қыздары мынау ма?» – 
деп сендерге ернін шығарып отыр» – деп, сөз тауып кеткен 
екен мар құм. 
Темір  пеште  маздай  жанған  отқа  талтая  қыздырынып, 
ала көлеңке ағаш үйде Апамның тізесіне басымызды қо йып, 

11
мұр ны мыз  пысылдап  ұйықтап  қалушы  едік.  Қашан  өзі міз 
оян ған ша,  тырп  етпей  ұйқымызды  күзетіп  отыра  берер  еді 
жа рық тық. 
Апамның  қайсыбір  мықтылығын  айтып  тауысайын.  Де-
генмен, бір-екеуін сіздерге əңгімелеп бермекпін. 
Əкем  Ынтымақ  колхозының  сиыр  фермасында  бастық 
болатын. Ауылдан он шақырым Қаражер деп аталатын фер-
мада тұрады. Шешем сиыр сауады. Бұл – қыс мекендері, ал 
жаз  шыға  жайлауға  көшіп  кететін.  Жаздың  жаймашуақ  бір 
кү нін де үйге сиыршы шал – Жүніс келеді. Тауға көшкенде, 
аяғы құрттап, жүре алмай қалған қара бас қойды қозысымен 
жұрт қа қалдырып кетіпті, бір лажын тауып соны жеткізіп ал-
сын, содан соң Қаражерге егілген картошканың арам шө бін 
жұ лып,  суарып,  қопсытып  түптесін  деген  хабар  айтыпты. 
Таң ер тең Апам екеуміз жаяу жолға шықтық. Күн ала бұлт-
ты бол ған мен, қапырық ыстық еді. Біз Қаражердегі шілікке 
сал  ған  картошка  алқабына  жеткенде,  күн  түске  айналған. 
Ба ға на ғы  шайдай  ашық  аспанды  қара  құрым  бұлт  торлап, 
əп-сəт те күннің көзі көрінбей қалды. Мен шөбін отап, Апам 
түп теп, лезде бітіріп тастадық. Біздің осы жұмысты аяқ та уы-
мыз ды кү тіп тұрғандай, əлгінде ғана тас төбеге ілінген қара 
бұлт тан ба уыр сақ тай-бауырсақтай бұршақ төпелей жөнелді. 
Апам ұс та ра мен күні кеше ғана жалтыратып алып тастаған 
та қыр басымды ұрғылағанда, тулаққа тиген сабаудай тар сыл-
дақ үн шығады. Апам желеткесін шешіп басыма жапты. Ала 
жаздай сиыр фермасының күзетіне қалатын Қашыбай деген 
шал отыратын қыстаққа қарай безектеп келеміз. Жалғыз үйлі 
шалдың өмір тарихы жеке бір кітаптың жүгі. Жарты ға сыр 
то ғыз жолдың торабында жылжымай мекен етіп келе жат қан 
ақ са қал дың бар ермегі – ары өткен, бері өткен жүр гін ші нің 

12
пикет жайы болу, үйіне түнетіп, жол нұсқау болатын. Апам 
екеу міз  осы  үйдің  табалдырығынан  аттай  бергенде,  əзір де 
ғана төбеден төпелеп тұрған бұршақ сап болды да, шы ғыс қа 
қа рай қара құрым көшіп бара жатқан. 
Қашыбай төр алдында дамбалшаң, ерігіңкіреп, бəй бі ше сі 
Мəмəтəйді түрткілеп ойнап отыр екен. Біз кіргенде, кə дім-
гі дей қутыңдап, қуанып қалды. Зерігеді білем, жетпіске жа-
қын дап қалса да дені сау, қапшағай шапшаң, саңқылдап сөй-
лей тін қағілез адам екен. 
– Кеспіріңнен айналдым, кеспіріңнен, – деді Апама. – Су-
дан шыққан су тышқан секілдісің ғой, төрлет, төрлет. Са қа-
лы тұштаңдап, өзі төмен ысырыла берді. 
– Мені қойшы, сен екеуміз тоқпақтаса да өлеміз бе? Ба-
лам тоңып кетті, – деді Апам менің басыма жапқан же лет ке-
сі нің суын сығып. 
– Ұлыңды мен ақ киізге орап тастайын. Шешесінің құр-
са ғын да  жатқандай  рақаттанып  бусансын, – деп  Қа шы бай 
отырған орнынан қарғып тұрып, ірге тұста керіскедей жина-
лып тұрған жүктен аппақ киізді суырып алды: – Кел, балам, 
орап тастайын, шеш үстіңдегі қомшаңды. 
Мені  тыр  жалаңаш  шешіндіріп,  киізге  тұмшалап  бө леп 
тастады.  Əрі-бері  мұрныма  қой  жүнінің  шуашы  келіп  мау-
жырап, көзім бақырайып жаттым да, бойым жылынған соң, 
ұйық тап кетіппін. 
Оянғанымда, апамдар шай ішіп отыр екен.
Қашыбай бізге ат-арбасын бермеді. Тақыс шал: «то ғай да 
жиып  қойған  отыным  бар  еді,  соған  асығып  барам»  деген 
соң, Апам шындап ренжіді білем, кішкентай қозыны ма ған 
кө терт ті де, өзі тобан аяқ болып баса алмай жатқан зің гіт тей 
сау лық ты  арқасына  бір-ақ  салды.  Алдыңғы  екі  си ра ғы нан 

13
ұстап жас балаша арқалап алды да: – Кеттік, ұлым, – деді 
маған. Мен ол кісінің артынан қозымды құшақтап бүл кек-
бүлкек  еріп  келемін.  Он  шақырым  қашықтықтағы  ауыл ға 
апам  бес-алты-ақ  рет  дем  алып  жетіп-ақ  келді.  Сонда  ме-
нің көз алдымда қалғаны: Апамның көкжайсаң шалғынды 
қақ  жарып,  менің  алдымда  батар  күнді  бетке  алып  қасқая 
тартып бара жатқаны; қасқая тартып бара жатып, арқа сын-
да ғы саулықты былқ еткізіп тастай беріп, тоғай ішіндегі Қа-
ра су ға барып дəрет алғаны, содан соң батар күнге бет беріп 
намаз оқығаны, намаз оқып көкшалғынға бір жығылып, бір 
тұ рып, қып-қызыл күн нұрымен шағылысқан қайран Апам 
осы  қалпында  қара  жерге – туған  жерге  табынғандай  еді; 
ене сі не  тартқан  қара  бас  қозыны  құшақтап  отырып  мен, 
апам ның  дүние  жүзіндегі  ең  күшті  адам  екеніне  күмəнім 
қалмаған. 
Біз  үйге  жеткенде  (жолда  ешкілерді  айдай  келдік),  екі 
сиыр ды бұзауы еміп тұр екен, ал ағаш үйдің есігі шал қа сы-
нан ашық, маса буып толып алған, əпкелерім тұлыпқа ора-
нып  ұйықтап  жатыр.  Апам  оларға  ұрысқан  да,  тіпті  ұй қы-
сын бұзып оятқан да жоқ. Бүкіл шаруаны өзі тындырып, тек 
кешкі асқа ғана шақырды. 
Апам менің... 
Жаз  өтіп,  қылышын  сүйретіп  қыс  келді.  Орман-тоғай, 
тау-тас  аппақ.  Алтай  өңірінің  əрі  жүдеу,  əрі  көңілді  шағы 
туды. Апам етегін дөңгеленте белін қынап тігіп берген, қа-
ра ғай дың қабығына бояған қызыл тонымды, тері қол ға бым-
ды,  елтірі  тұмағымды,  табандатқан  ақ  пимамды  киіп,  қол 
шанамды  (оны  да  қайыңнан  иіп  шабақ  салып,  апам  іс теп 
берген) сүйреп ойнауға шығамын. Сонда Шəгіштайдың өзім 
се кіл ді  бар  баласы  маған  қызыға  да  қызғана  қа рай ты нын 

14
сезетінмін. Жағымсып менімен дос болуға, менімен ой нау ға 
құштар екендерін біліп танауымды шүйіремін. 
Кеше əкем келіп кеткен. Астында биік, таудай ақ боз аты 
бар. 
–  Жеңеше, – деді  Апама  (неге  жеңеше  дейтінін  біл мей-
тін мін, өйткені шешем де солай атайтын) – ертең таң ер тең 
сиыршы шал Жүністі жіберем, соғымды сойып береді. 
Осыдан бір апта бұрын сол Жүніс шал ту сиыр жетелеп 
келіп, «қыстай  осыны  жеп  шығасыңдар»  деп  еді,  енді  сол 
сиыр ды сойып, мүшелеп бермек. 
Жүніс  келеді  деген  күні  Апам  су  жылытып,  пышағын, 
сиыр ды жығатын арқанды даярлап көп тосты. Келмеді. Шы-
дамы əбден таусылған соң: 
– Жүр, ұлым, өзіміз-ақ сойып аламыз, – деп қоңыр сиыр-
ды бас жібінен жетелеп қорадан шығарды. Бұдан соң тұм-
сы ғы на шалып, мүйізінен діңгекке тас қылып байлады; қыл 
арқанмен сиырдың аяғын іліп-іліп алды да, діңгекке бір рет 
орап, бар күшімен тартып қалғанда, еңгезердей қоңыр сиыр 
гүрс етіп құлап түсті. Апам діңгектен шандып алған ар қан ды 
сусыта тартып тұяғын серпуге келтірмей буып-ақ тас та ға ны. 
Сиыр шоршып болмаған соң, құйымшағынан жабысып едім, 
сонандай жерге ыршыта лақтырып жіберді. 
– Жолама, мертіктіреді! – деді апам. Ал өзі сон ша лық ты 
көз ілеспес шапшаң қимылмен сиырдың төрт аяғын қа зық-
бау лап  байлап  жүр.  Содан  кейін  тұмсықтан  оралған  жіп ті 
соза тартып, сиырдың тамағын керіп тастады да, жез мо йын 
мү йіз сап пышақты маған ұстатты. Шошып кеттім. 
– Қорықпа, ұлым, – деді Апам. – Əйел адам мал бауызда-
майды. Сен – азаматсың! Кəне, мықтап ұста. 
Қолым  дір-дір  етеді.  Апам  менің  кіп-кішкене  жұ ды ры-
ғым ның сыртынан өзі қарулы тарамыстанған сау сақ та ры мен 

15
қапсыра ұстады да, бұлқынуға дəрмені келмей тең киіп пы-
сыл да ған сиырдың тамағынан орып-орып жіберді. Қып-қы-
зыл қан атқылады-ай. 
– Енді былай тұр, бір жеріңе қан тиеді, – деді де, мүйіз 
сап пышақты жалаңдатып қоңыр сиырдың быт-шытын шы-
ғар ды. Əп-сəтте терісін сыпырып, бұзып мүшеледі; тұз дап, 
салмаға жайып тастап, астына түтін салды. 
Мен өкпе-бауырдан қуырдақ қуырып əлекпін. Содан бар 
шаруаны бітіріп, сиырдың терісіне тұз сеуіп жайып, қар бе-
ті не тамған қан-жынды тазалап, шайға отырғанда, са бақ тан 
жү гі ріп əпкелерім, фермадан тепеңдеп Жүніс шал келді. Со-
ғым  сойып  беруге  əкем  жіберген  сиыршы  буы  бұрқыраған 
ыс тық қуырдаққа кекіре тойып алды да, аманында ауылына 
қайтты. 
Апам менің... 
Үлкен  əпкем  Шолпан  қоңыр  сиырды  соғымға  сойған 
жылы қыста күйеуге қашып кетті. Қашып кеткенде де бас-
қа ға  емес,  жуықта  əскерден  оралып,  ауылда  шофер  болып 
жүр ген баяғы бекетші шал Қашыбайдың көп ұлының бірі – 
ба ды рақ көз, төртпақ Əутəліп алып қашып кетіпті. Əкем мен 
шешем алғашында оң жақтағы тұла бойы тұңғыш қы зы нан 
айырылып  қалғанына  намыстанып  қатты  ашу лан ған мен, 
артынан  «кетер  қыз  кетті»  деп,  жасау-жабдығына  кі ріс кен. 
Əри не, жасау дегенде сырмақ, алаша, көрпе-жастық се кіл ді 
үй жи һа зы ның ол-пұлы ол кезде тек қана қолдан то қы лып, 
ті гі ле ті ні  белгілі.  Апам  Шолпанның  мұқым  тең-тең  жасау-
ын бір айдың ішінде дайын етті де, шанаға тиеп, маған ат-
тың делбесін ұстатып, құдаларға аттанды. Шырмауық салып 
балмен  ашытқан  сары  сыраға  қызара  бөртіп  алған  құ да-
мыз – Қашыбай  шал  ат  байлары  мықты,  тəуір  жердің  қы-

16
зын келін қылып түсіргеніне қатты риза болды. Өткен жылы 
жазда  ақсақ  қойды  апама  жаяу  арқалатып  жібергеніне,  ат-
арбасын бекер бермегеніне өкінді. Өзі қутыңдап, қарқ-қарқ 
күліп қояды. Апама торқадан көйлек кигізіп, менің қо лы ма 
он  сом  ақша  (қазірше  бір  сом)  ұстатты.  Мен  мəз  болдым. 
Өзім-өз  болып  қолыма  ақша  тигені  сол  еді,  ыш қы рым да-
ғы асық салатын қалтаға жымқырып жүгіртіп жібердім де, 
үйге  Апамды  тастап  жаяу  қашып  кеттім.  Апам  кештетіп 
өзі  келді.  Сол  күні  түнде  мен  Апамнан  мүлде  бөлініп  шы-
ғып, қойнына жатпай, шалбарымды жамбасыма басып, жеке 
ұйық та дым. Ондағы жымсыма ойым – Апам құдалар берген 
он сом ақшаны сұрап алып қояды деген қауіп. Сонда ма ған 
«Əпкеңді үйге қайтарамыз, он сом ақшаны бер» десе, азар 
да  безер  қарсы  болар  едім-ау;  сонда  мен  əпкемді  он  сом ға 
сатып жібергендей едім. Апам лəм деген жоқ. Қойныма жат 
деп айтпады да, он сом ақшаны тақуалап сұрамады да. Сол 
күннен  бастап  қулық  сауып  ер  жеткенімді  білдім.  Сол  он 
сом ақша Апам екеуміздің арамызды аша түскендей болды. 
Мен бөлек жатып жүрдім. Бір ай жамбасыма басып сақ та ған 
қағаз ақша сары тап болып тозуға айналғанда, жо ғал тып-ақ 
алғаным. Əрине, Апамнан көрдім. Не деген бе кер шіл дік, не 
деген пендешілік десеңізші. 
Апам менің... 
Ержеттік. 
Білім алып, қызмет-атақ қудық. 
Ауылдан ұзап, Апамнан алыстап астанаға аттандым. 
Апам Жеңісхан деген ұлының қолында тұрып жатты. 
Анда-санда ауылға барғанымда, өз үйіме түсіп, Апам өзі 
келіп  амандаспаса,  шіреніп  жатып  алатын  едім.  Мен  сон-
да ауылға келіп-кетіп жүріп, əкемдердің аузынан Апам ның 

17
тіпті де менің əжем емес, шалы Дос марқұм болғаннан ке-
йін ғана, біздің үйімізде бірге тұрғанын, əкеме шеше орны-
на шеше болып кеткен жеңгесі екенін білдім. Ал Доспенен 
менің əкемнің əкесі Исақан бірге туысады екен. Мен сонда 
апамның  соншалықты  алыс,  тым-тым  алыс  екеніне  кө зім 
жеткенімен, иланбай, жүрегім бəрібір баяғы кезді, Апам ның 
жылы қойны, аялы алақанын аңсаймын. 
Өткен жазда Апам түсіме кірді. Сексен жыл жолдас бол-
ған жарық астауына арпа салып, қауызынан тазартып, жел-
піп отыр екен, маған айтады екен деймін: «Құдалар берген 
он сомды үйде шай жоқ болып қалған соң, мен алған едім». 
Ертеңінде  мазам  болмай  көңілсіз  ояндым  да,  əйеліме: 
«Дем алыс қа  шығайық,  ауылға  барайық.  Апам  түсіме  кіріп 
жүр, сен таза матадан көйлек сатып əкел», – деп едім. 
Неге екенін білмеймін, жүрегім толқып, соншалықты бір 
белгісіз күш ауылға асықтырды, неге екенін білмеймін, үйге 
келген соң да баяғыдай аяғымның басын қайқайтып жатып 
алмай,  тағат  таппай  Апамның  үйіне  қарай  құстай  ұш тым. 
Есік  алдында  немерелерін  ойнатып  отыр  екен,  менің  екі 
бетімнен  кезек  сүйіп: «Апаңды  ұмытайын  дедің-ау,  құ лы-
ным, мұрныңнан сығып алған бала едің», – деп, көзіне жас 
алды. Шай жасала бергенде, таудан отын алып ұлы Же ңіс хан 
келді. 
– Апаң бұрынғыдай емес, қартайды, екі тізем бастырмай-
ды, əйтпесе сарайым сау, тісім бүтін. 
Менің  есіме  Апамның  бес  уақ  дəрет  алып,  намаз  оқы-
ған сайын тісін тұзбен ысатыны, тіпті осы кісінің сексеннен 
асқан жасқа дейін бір жерім ауырды, не шаршадым, жа лық-
тым деп қабақ шытпағаны түсті. Рас, шын айтамын, Апам-
ның  тісі  əлі  де  маржандай  екен.  Рас,  шын  айтамын,  Апам 

18
бұл дүниеде жалғыз рет дəрігерге, болмаса бақсы-балгерге 
қа рал май, сау-саламат өте шықты. 
Тамақ жасалып, бата берді, əрі ұзақ оқыды. Батасы қан дай 
мағыналы, мақамды. Мен Апамды дəл бүгін бөлекше танып, 
көп-көп қадір-қасиетін қайта сезгендей болдым. Ымырт үйі-
рі ле, үйден шықтық. Жеңісхан айтты: «Шербекті (араны) əлі 
күнге дейін Апам қайрайды. Мен егесем, отын кескенде не 
секіріп жүрмейді, не өтпейді. Көзі əлі де жақсы кө  ре ді. Кеше 
ғана  оюлап  ызып  сырмақ  бітірді,  түске  дейін  киіз  басты. 
Қызық, əйтеуір. Тыныш отырмайды, ертең де күн бар-ау де-
мей, бұзаудың мойын жібін есіп, ноқта істейді. Қолы босай 
қалса, ауырып қалатын секілді. Жеңгең иек сүйеп жаман үй-
ре ніп кете ме деп қорқамын, қанжығаға байлап жү ре міз бе, 
жаман айтпай жақсы жоқ, бір күні қисайып қалса...». 
–  Апам  мықты  ғой, – дедім  мен  жамандыққа  қимай. – 
Апам жүз жасайды. 
Ертеңінде...  ертеңінде  таңғы  сағат  сегізде  Жеңісханның 
үл кен қызы жылап жүгіріп келді. 
– Апам ауырып жатыр! 
Біз алғашында сеніңкіремедік, тек шешем ғана: 
«Жеңешемнен айырылып қалмайық, кісі ша қыр та тын дай 
қатты ауырған емес еді», – деп тұра жүгірді. Бəріміз шұ бап 
жеттік.  Апам  өзінің  ағаш  төсегінде  кеудесі  сырылдап  құр-
құр  етіп,  теріс  қарап,  бүк  түсіп  жатыр  екен.  Көзін  алайта 
ашады  да,  қайта  жұмады.  Тіл-аузы  байланған,  кел ген дер ді 
танымады білем. Əкем екеуміз басын көтеріп сусын іш кі зіп 
едік,  езуінен  қайта  ақты.  Балалар  ұлар-шу,  бəріміз  жылап 
жүрміз. 
–  Жеңеше, – деді  шешем  тарамыстанған  арық  қолынан 
ұс тап. – Елу  жыл  бірге  өмір  сүріп  едік,  жамандығым,  ағат 

19
кеткен  жерім  болса,  кеш.  Кеш,  жеңеше,  кеш,  ораза-намазы 
бұ зыл ма ған  асылым, – деп  көзіне  жас  алып,  қолынан  сүй-
ді. Əлгіден бері кісі танымай, кеудесі сырылдап, іргеге қа рап 
жатқан Апам күшпен аунап, шалқалады да, иегін қақ ты. Сон-
соң əрең: «К-е-с-ті-м», – деді де көзін қайта жұм ды. Дə рі гер 
шақыртайық деп едік, басын шайқады. Содан соң өзі ымдап 
дə рет алмаққа ниет қылған соң, біз шыға тұрдық. Біз қай та 
кіргенде, Апам төсекті жерге салдырып шалқасынан жат қан 
екен. Кірме деген үлкендер сөзін тыңдамай, жанына ті зер леп 
отыра кеттім де құдіретті саусақтарын ұстадым. Суып бара-
ды екен, суып... Апам күбірлеп: «Илайлолла, илайлолла», – 
деп, иман айтты. Апам өз иманын өзі оқыды. Апам өз жана-
засын  өзі  шығарып  жатқанын  сездім.  Ендігі  сəтте  шешем: 
«Апаңнан айырылдық», – деп, бісміллə деген күйі əлемдегі 
ең ұлы аналардың бірі – Апамның бетін жапты. 
Үйдің іші ұлар-шу, қым-қуыт. 
Апам менің... Өлдің, ауырмай-сырқамай, бір тісің ше ті не-
мей, «алла белім» демей, сексен тоғыз жасыңда өз има ның-
ды өзің айтып өлдің. 
Апамды арулап, сырмаққа орап, зузаға салып көтере жө-
нел ген де, үйдің бұрыш-бұрышында «апам-ау, апам» деп зар 
еңіреп немерелері қалды. Маған зузаның ең бір маңдай басы 
тиіп  еді,  ағаш  сырғауыл  иығыма  батып,  жанымды  шы ғар-
са  да  шыдадым.  Мен  шыдайды  деп  жорамалдады  ма,  əлде 
əдіс те ніп  келе  ме,  арттағы  азаматтар  бекер  ұстасқаны  бол-
маса, көп күш жұмсамай, бос келе жатқанын сездім. Өл ген 
адамның сүйегі ауыр болады деген рас екен. Шүй ке дей ғана 
кемпірді  сойталдай-сойталдай  он  жігіт  мық шың дап  əрең 
көтеріп  келе  жаттық.  Апамды  үйінен,  қара  орманынан  ел-
жұртты  шулатып  ала  қашқан  шеру  жаңадан  қа зыл ған  жас 

қа бір дің басына келіп тоқтап, сүйек салынған зузаны жерге 
тү  сір ген  соң,  біздерге  бір-бір  сомнан  ақша  таратты.  Ме нің 
де ұйып қалған алақаныма жұмарланған бір теңгені ұс та та 
сал ған да,  жүрегім  дір  ете  түсті  де,  көзімнен  жас  ыршыды. 
Ме нің  есіме  сонау  балалықтың  алаңсыз  жылдарында  «ақ-
шам ды алып қояды» деп, Апамның қойнына жатпай, бө лек 
кеткенім түсіп еді. Енді, міне, мойныма қарыз болмасын де-
гендей, сол бір қайнатым шай алған бір сомды өзіме қай та-
рып тұрғандай сезіндім. Өз-өзімді тоқтата алмай жыладым, 
қара жер томпайғанша жыладым. 
Ертеңінде  ескі  қораның  бұрышында  төңкерулі  жатқан 
Апам ның астауын алып, Алматыға қайттым. 
Апам менің... Сенен не қалды? Жарық астау ма? Иə, адам 
өмірі де сол жарық астау секілді қаңсып қалады екен-ау...

21


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал