Шынында да, америкалықтардікіндей «менде бәрі о'кей: отба-
сым, пәтерім, жалақым және т.б.» дегенді айналасындағыларға паш
етіп, жасанды «пиар» үшін жымию орыс мәдениетінде «неменесіне
ыржияды?» деген жағымсыз реакцияны тудырады. Сондықтан бұл
елде Карнеги секілді «пиар» классиктерінің америкалык, әдістері,
үсыныстары жүрмейді.
Америкалык, жымию әзіл-оспақтың нысанына айналды.
«Естідіңдер ме? Америкалықтар жымиғанда езулері кеңдеу
болу үшін отыз үшінші тіс салғызып жатыр екен».
Америкалықтар туралы «статистикадан»: 77%-ы объективке ба-
рынша күлімсіремесе, фотоаппарат істемей қалады екен. (КоМок №
12. 25 наурыз, 2003).
Америка президенттерінің портреттері мен фотосуреттерінен
жымию саяси қайраткердің табыстары мен жетістіктерінің символы
саналатын міндетті атрибут екенін көруге болады. Бұл шамамен XX ға-
сырдың орта шенінде пайда болған. Ресми фотосуреттерде Рузвельт-
тен (отыз екінші президент, 1933-1945) Клинтонға (цырык, екінші пре
зидент, 1993 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі) дейінгі президенттердің
бәрі жымиып түскен. Алдыңғы Вашингтоннан Гуверге дейінгі 31 пре
зидент орыстың саяси қайраткерлері секілді ұстамды, түнерген кейіп-
те. Тек Томас Джеферсонның (үшінші президент, 1801-1809) жүзінен
ғана болар-болмас жылылықты байқауға болады.
Қазіргі кезде іскерлік және басқа да байланыстардың жанда-
нуына байланысты жымию мәселесі күрделене түсті. Бұл жайын-
да А.В. Павловская былай деп жазады: «Орыстардың қоғамдық
орындарда, көшеде өзін устау үлгісі ерекше түсіндіруді қажет етеді.
Олардың өздеріне үйреншікті дағдыға сай тым түнеріп жүретіні жиі
айтылады. Оған себеп - орыстардың мінезіндегі ерекшелік емес,
іс-әрекетіндегі ерекшелік. Ресейде танымайтын, бөгде адамдарға
күлімсіремейді. Олай істеген жағдайда бул аңымақтык, болып
көрінуі мүмкін, тіпті танымайтын адамға жымию кей жағдайда,
мысалы, қараңғы кіреберісте өмірге қауіп төндіруі ыңтимал. Орыс
тілінде «Смех без причины - признак дурачины» /Себепсіз күлу -
ақымақтықтың белгісі/ деген сөз бар. Ресейде алғаш рет Макдо
нальдс ашылғанда, орыс қызметкерлерді клиенттерге жаппай жы
миып қызмет көрсетуге үйретеді. Бұл іс біраз қиындықтуғызып, жас
қызметкерлер «адамдар бізді есі ауысқан деп ойлайтын шығар»
деп наразылық білдіреді. Орыстардың көшеде өздерін салмақты,
ұстамды ұстауы түнергендікті білдірмейді, бұл - тек жаңын, таңдау-
лы адамдарыңа ғана күлімсіреу керек деген дәстүр ғана».61
Бүл дәстүр тамырын тереңнен алады. Жымию, күлу - тек к,уа-
нышты, жанның рақаттанған сәттерін көрсететін әрекеттер. Басқа
жағдайларда бұл-текақымақтық. Ежелгі Русь даналығы былай дейді:
Достарыңызбен бөлісу: