Коммуникация



Pdf көрінісі
бет149/188
Дата14.09.2022
өлшемі11,31 Mb.
#39018
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   188
ideology - sometimes derog. a set of ide­
as, esp. one on which a political or economic 
system is based: Marxist ideology | the free 
market ideology of the extreme right (LDCE).
Ideology. Science of ideas; visionary 
speculation; manner of thinking characteristic 
of a class or individual, ideas at the basis of 
some economic or political theory or system, 
as Fascist, Nazi, ~ (COD).
Ideology мен идеологияның екеуіне де берілген анықтамада 
идеялар мен сенімдердің жиынтығы, жүйесі делінген. Ары қарай 
анықтамалар әртүрлі боп кетеді. Ағылшын тіліндегі анықтамалар- 
дың барлығында идеялардың жиынтығы экономикалық, саяси тео- 
риялардың, жүйелердің негізінде жатқандығына баса назар ауда- 
рылған. Кейде идеялар жиынтығы партияға, халыққа, елге, топқа, 
тіпті бір адамға тән болатыны айтылған (a person, an individual).
Орыс тіліндегі анықтамаларда еміс-еміс болса да өз мүдделерін 
идеология арқылы жеткізетін «әлеуметтік топтар» туралы айтылады, 
алайда идеологияға негізделетін, идеология арқылы өз қызметін 
анықтайтын саяси жүйе туралы да, экономикалық жүйе туралы да 
сөз қозғалмайды. Оның орнына осы жүйенің қоғамдык, сананың 
әртүрлі формаларында бейнеленуіне баса назар аударылады.
Ideology сөзінің кейбір жағымсыз реңктеріне тоқтала кеткен 
жөн: оны LDCE «sometimes derog.» (яғни derogatory 'кемсітетін') 
деп арнайы белгілеп көрсеткен. COD тек жағымсыз фашистік, ұлт- 
шылдық идеологияны мысалға алған. Ағылшын тілінде де, ділінде 
де марксистік идеология аса жағымды болып саналмайды. Орыс 
тіліндегі идеология сөзі - барынша бейтарап, жағымсыз стильдік 
коннотациялары жок, қоғамдық-саяси термин.
Мәдениет пен идеология ұғымдарының арақатынасы жоғары- 
дағы анықтамалардан біршама түсінікті болған сияқты. Идеоло­
гия - авторлық құбылыс, оның авторлары, сондай-ак, «туған күні» 
болады. Идеологияның осы соңғы аспектісі «Шетел сөздерінің 
қазіргі сөздігінде» (СИ) берілген анықтамада жақсы айқындалған. 
Мәдениетті ұзақ уацыт бойында этнос, халық қалыптастырады, сон- 
дықтан ол идеологияға қарағанда жасампаз әрі турақты.
С.С. Аверинцев 1999 жылы 16 сәуірде Мәскеу мемлекеттік лингвис- 
тикалықуниверситетінде жасаған баяндамасында мәдениетпен идео- 
логияның арақатынасы жайында мынадай мысал келтіреді: «Ежелгі 
Рим Грекияны жаулап алып, оған өз идеологиясын таңды, алайда 
римдіктер өз мәдениетінен анағұрлым күшті грек мәдениетіне бас иді. 
Бодандалған Грекия жабайы жеңімпазды өз тұтқынына айналдырды». 
Бұл мысалда Аверинцев «бір мәдениетті екінші бір мәдениеттен жак,-
239


сы деуге болмайды, алайда прагматикалық турғыдан күшті, бәсекеге 
қабілетті деуге болады» - деп, ойын өрнектеп жеткізіп түр.
Мәдениет пен идеология арасындағы айырмашылықты анық 
көрсететін тағы бір мысал ретінде заманауи Ресей тәжірибесін 
алуға болады. Көз алдымызда идеология (онымен бірге идеоло- 
гиялық ғылымдар да) бір-ақ күннің ішінде түбегейлі өзгеріп шыға 
келді. Социализм идеологиясының (идеологиялық ғылымдардың 
да) орнына, ideology сөзінің анықтамасында айтылғандай, капи- 
талистік идеология келіп, саяси, экономикалық жүйенің негізіне 
айналды.
Орыс мәдениетіне келер болсақ, белгілі бір күштердің (жаппай 
батыстану және т.б.) елеулі ықпал еткеніне қарамастан, оны бірден 
түбегейлі өзгеріп кетті дей алмаймыз. Құдайға шүкір, орыс мәдени- 
еті де, орыстың улттық мінезі де баяғыша қалды. Ол барынша баяу 
дамып, құлықсыз өзгеруде.
Діл ұғымы «ойлау жүйесі, әлемді тану, әлемді қабылдау, психо- 
логиядан» (СИ) тұрады. Басқаша айтқанда, діл - жеке адамның, 
сондай-ақ тутас қоғамның ойлау әрі рухани реңі.
Менталитет - ойлай алу қабілеті, ақыл-есінің дурыс болуы; ин- 
Mentality 
-
The being mental 
ОГ 
in 
ОГ
теллентуалдық мүмкіндіктер деңгейі; (кең мағынада алғанда) 
Of the mind; (degree of) intellectual power; 
оилау жүиесі, көңіл күи, мінез. 
(loosely) mind, disposition, character (COD).
Идеология мен діл мәдениетпен біртутас дүниенің қурамдас 
бөлігі секілді араңатынаста болады, яғни мәдениет сөзі, этнография- 
лык кең мағынада алғанда (қолыңыздағы кітапта дәл осы анықтама 
қолданылады), идеология мен ділден құралады. Тіл мен идеология 
өзара тығыз байланыста: идеология тілге біршама ықпал етеді, сон- 
дай-ақтілдің де идеологияға ықпалы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет