20
қажет екендігін анықтаған жағдайларды қоспағанда, баланың өзінің ата-анасымен өздерінің
тілегіне қарсы айырылыспауын қамтамасыз етеді. Мұндай анықтама сол немесе өзге бір
нақты жағдайда, мысалы, ата-анасы балаға мейірімсіздік танытқан немесе оған қамқорлық
жасамаған, не болмаса ата-анасы бөлек тұрып жатқан және баланың тұрып жатқан жеріне
қатысты шешім қабылдау қажет болғанда керек болуы мүмкін.
2.
Осы баптың 1-тармағына сәйкес кез келген іс қарау барысында мүдделі
тараптардың бәріне іс қарауға қатысу мүмкіндігі және өз көзқарастарын білдіруге
мүмкіндік беріледі.
3.
Қатысушы мемлекеттер ата-анасының біреуімен немесе екеуінен де
айырылысқан баланың құқығын құрметтейді, тұрақты негізде оның ата-анасының
екеуімен де жеке қарым-қатынастарын және тікелей байланыстарын, бұл баланың ең бір
қажетті мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, қолдайды.
4.
Бұлай айыру қатысушы мемлекет қабылдаған қандай да бір шешімнен
туындайтын жағдайларда, мысалы, қамауға алынған, түрмеге жабылған, жер аударылған,
депортацияланған немесе ата-анасының біреуінің не болмаса екеуінің де не баланың қайтыс
болған кезінде (бұған осы адамның мемлекет қарауында болған кезіндегі кез келген
себептен болған өлімді қоса алғанда) болғанда, мұндай қатысушы мемлекет ата-анаға,
балаға немесе, егер қажет болса, отбасының басқа да мүшесіне олардың өтініші бойынша
отбасы мүшесінің/мүшелерінің қай жерде жүргеніне қатысты қажетті ақпаратты, егер
мұнда ақпарат беру баланың әл-ауқатына нұқсан келтірмейтін болса, беретін болады.
Қатысушы мемлекеттер бұдан әрі осындай өтініштің өзі тиісті тұлға/тұлғаларға қатысты
жағымсыз салдарларға әкеп соқпауын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: