Бузаубакова к. Д., Бупетаева с. Ж


-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын



Pdf көрінісі
бет31/100
Дата14.09.2022
өлшемі3 Mb.
#39055
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   100
Байланысты:
Эл.портф. Бузаубакова Бупетаева ПОСЛ ВАР 1 курс 2018-2019

30-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын 
ұйымдар 
1. Балалар үйлеріне туғаннан бастап үш жасқа дейінгі жетім балалар және ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. Балаларды Балалар үйінде 
уақытша күтіп-бағу үшін арнаулы бөлімше ашылады. 
Мамандандырылған Балалар үйлеріне туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі, 
психикасының және дене бітімінің дамуында кемістігі бар балалар қабылданады. 
Арнаулы білім беру ұйымдарында он бір жастан бастап он сегіз жасқа дейінгі жетім 
балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. 
Жалпы үлгідегі жалпы білім беретін мектеп-интернатқа жетім балалар, ата-анасының 
қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ күн көрісі төмен және көп балалы 
отбасылардың алты жастан бастап он сегіз жасқа дейінгі, осы үлгідегі ұйымдарда күтіп-
бағылуға қайшы келетін медициналық көрсеткіштері жоқ балалар қабылданады. 
Интернаттық ұйымдар кәмелетке толмағандарға тұратын орын бере отырып, тәрбиелеуге, 
білім беруге және күтіп-бағуға мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз етеді. 
Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат-үйлерге төрт жастан бастап он сегіз жасқа 
дейінгі, күтіп-бағуды, медициналық, тұрмыстық қызмет көрсетуді және әлеуметтік-еңбекке 
бейімделуді қажет ететін балалар қабылданады. 
2. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарына он сегіз жасқа дейінгі жетім балалар және 
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. Балаларды отбасы үлгісіндегі 
балалар ауылдарына қабылдаудың және оларды күтіп-бағу жағдайының тәртібі отбасы 
үлгісіндегі балалар ауылы және Жасөспірімдер үйлері туралы Қазақстан Республикасының 
Заңдарымен айқындалады (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз Р011613). 
Балалар ауылы (балалар үйі) әкімшілігінің шешімі негізінде балалар үйлері мен 
балалар ауылының жиырма үш жасқа дейінгі түлектері, он алты жастан бастап балалар 
ауылы мен балалар үйлерінен көшірілген тәрбиеленушілер Жасөспірімдер үйлерінде 
әлеуметтік бейімделуден өтуі мүмкін. 


42 
Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарына 
қадағалаусыз және қараусыз қалған үш жастан бастап он сегіз жасқа дейінгі балалар 
олардың ата-аналарын немесе басқа заңды өкілдерін анықтау үшін қабылданады. 
3. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға 
балаларды қабылдау және оларды күтіп-бағу талаптары, осы Заңмен белгіленбеген 
бөлігінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган бекіткен осы 
ұйымдар туралы ережемен айқындалады (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет