1-жүргізуші: Ұжымдық жұмыс: Ойлануға арналған «Сыр сандық» ойынының
шартын таныстырамын. Мен сұрақтарды оқимын. Әр сұраққа 2-3 оқушы жауап беруі керек.
Барлығы 15 сұрақ.
Ойынның шарты: Бір-бірімізді жақын тану үшін барлығына «сыр сандықты»
ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «сыр сандықтағы» аяқталмаған сөйлемді өз сөзімен
аяқтайды.
1. Ең үлкен қорқыныш – бұл...
2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
3. Мен ренжимін, егер...
4. Мен ұмытпаймын, егер...
5. Маған көңілсіз, егер...
6. Егер маған дауыс көтерсе, мен...
7. Мен қарсыласқанда...
8. Егер мен сенімсіз болсам, онда...
9. Егер, мен шаршасам...
– Сөйлемді аяқтағанда, қандай сезімде болдыңдар? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш,
сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік
болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз.
1-жүргізуші: Ашылған бұлттың соңынан әсем кемпірқосақ пайда болады.
Кемпірқосақ жеті түстен тұрады.
Осы түстердің әрқайсысында жақсы ақыл кеңес бар екен.
1. Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастап, бос өткізбе
2. Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және
ізгілікпен ойлай жүр
3.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуанттым,жұбатқаныңды, қайырым
жасағаныңды есіңе түсір.
4.Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
5.Ата-анаңның мейірім шуағын сезініп , қадірлей біл..
6.Тыныштық сақтай білуге үйрен,Нәзік үнмен биязы , мәдениетті сөйлеуге үйрен
7. «Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі» деген
мақалды түсініп жадыңа ұста.
2-жүргізуші: Өзін-өзі тану – өмірді тану, өзін-өзі тани білген әрбір адам, өзінің
бойындағы кемшіліктерді мойындап, түзеуге асығады. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сіздерге
ұнады ма? Алған әсерлеріңіз қандай?
1-жүргізуші: Қорытынды Сөз соңында айтарымыз,ең бастысы өзіңе деген махаббатты менмендікпен
шатастырып алуға болмайды. Барлық іс-әрекет тіршілікпен негізделсе,демек адам өзін адам
ретінде сезіну үшін де өзіне деген сый құрметі мен махаббаты болуы керек.Қатысып ой
бөліскендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.